Конкурс жариялайды: «Қалалық мәслихат аппараты»



жүктеу 113.42 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі113.42 Kb.
«Қызылорда қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 16, анықтама үшін телефоны: 8(7242) 27-42-67, 27-46-03, электронды пошта kalalik- maslihat@mail.ru, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мәслихат пен оның аппаратының қызметінде заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.

Ұйымдастыру бөлімшесінің жұмысына басшылық жасау және оның жұмысының жүргізілуін қамтамасыз ету.

Сессия төрағасы мен мәслихат хатшысының қарауындағы құжаттарды (ақпарат, анықтама, хабарлама, өкімдердің жобалары, сессияның жүргізілу тәртібі және т.б.) дайындауды ұйымдастыру, мәслихат жұмысы жайлы есептер, анықтамалар дайындауды қамтамасыз ету.

Қалалық мәслихат хатшысы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне сараптама жасап, жобасын әзірлеп, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарын хаттамалау.

Бөлімнің өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары мен Қаулыларын, басқа да актілерін, облыстық және қалалық мәслихаттар шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді аппараттағы басты нұсқаулық актілерін орындауды қамтамасыз ету, нормативтік-кұқықтық актілердің, өкімдердің жобасын дайындауды жүзеге асыру.

Депутаттардың сауалдар беру жөніндегі құжаттарын әзірлеуді және оларды сессиялардың қарауына енгізуді қамтамасыз ету, қабылданған шешімдердің орындалу барысы жайлы мерзімді уақытта хабарлап отыруды жүзеге асыру.

Депутаттардың өз өкілеттерін жүзеге асыруына тиісті әдістемелік көмектер беруді жүзеге асыру.

Депутаттардың азаматтарды қабылдауын, сайлаушылармен кездесу өткізуін, есеп беруін ұйымдастыру.

Еңбек шарттарын жасауын қадағалау.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты үйлестіру.

Алғыс хаттар, құттықтаулар және сараптамалық анықтамалар әзірлеу.

Заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Білім (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика) мамандығы бойынша жоғары білімі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5,


C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  5) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Компьютерде жұмыс жасай білуі, мемлекеттік тілді меңгеруі қошталады.



2. «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің басшысы (Е-3 санаты,
1
бірлік).

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай


102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің жұмысына басшылық жасайды және оның жұмысының жүргізілуін қамтамасыз ету.

Қалалық мәслихат шешімдері мен мәслихат хатшысы өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне сараптама жасап, жобасын әзірлеп, жүзеге асырылуын қамтамасыз етілуін бақылау.

Мәслихат сессиясында қабылданған шешімдердің Әділет департаментіне тіркеуден өтуін жүзеге асыру.

Сессия және тұрақты комиссиялар отырыстарын хаттамалануын қадағалау.

Сессия шешімдерінің мониторингін жүргізілуін бақылау.

Мемлекеттік тіркеуден өткізіліген шешімдердің мониторингін жүргізілуін бақылау.

Еңбек шарттарын жасалуын қадағалау.

Депутаттардың азаматтарды қабылдауын, сайлаушылармен кездесу өткізуін, есеп беруін ұйымдастыру.

Заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру



Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

Құқық (құқықтану) мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5,


C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  5) ғылыми дәрежесінің болуы.

2. Компьютерде жұмыс жасай білуі, мемлекеттік тілді меңгеруі қошталады.



Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымының мамандандыруына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

ЖАЛПЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі №16 үй ғимараттың 1 қабатында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қалалық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі №16 үй, 1 қабат мекен-жайында өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламары: B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4,
C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын
(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тесттер.

 Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан


(120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт


100 минутты құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,
C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт


75 минутты құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


«Қызылорда қалалық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесі



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет