Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

Loading...


Дата15.03.2017
өлшемі109.82 Kb.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*
      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;   

   5) ғылыми дәрежесінің болуы.*



C-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


     жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
      2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;  

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3


154 072

208 206

С-4


138 249

186 552

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі 10, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 70-99-35 электронды мекен-жайы: e.gafiyatulina@kgd.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:


  1. Комитет қызметін үйлестіру басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік);

Функционалдық міндеттері:

Басқарманың ақпараттық-талдау және консультативтік қызметтерін ұйымдастыруға жалпы басшылықты жүзеге асыру. Комитет Басшысының апараттық мәжілістерін және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға, талдамалық, анықтамалық және ақпараттық материалдардың қамтамасыз етілуін бақылауды. Комитет Басшысының атына түсетін және Комитет Басшысының қолы қойылып шығатын құжаттардың, материалдардың және құжаттарда жазылғандардың нақтылығын, өзектілігін және толықтығын қадағалануына бақылауды, Комитет Басшысының тапсырмаларының мерзімінде орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Комитет Басшысының жұмыс кестесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша басқарманың жұмысына жалпы бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың өкілеттігі шегінде Комитеттің қызметінің тиімділігін жоғарылату және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және құрылымдық бөлімшелерге консультативтік көмек көрсету.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық, гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Шетел тілдерін білгені жөн. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамаларын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.




  1. Заң басқармасының бас сарапшы, С-4 санаты (1 бірлік уақытша бос 10.12.2018);

Функционалдық міндеттері:

Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты құқық қолдану практикасын жинау және талдау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын орталық аппарат бөлімшелеріне мен аумақтық органдарына түсіндіру; өзге мемлекеттік органдардың және ұйымдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуіне қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осы қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік кірістер органдарының талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Кеден одағының Кеден кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін, «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және Қазақстан Республикасының өзге заңдарын, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, стратегияларды, халықаралық құжаттарды білу. Басқа да міндетті білімдер.


  1. Салық салу әдіснама департаментінің Резидент еместерге салық салу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:

Халықаралық салық салу мәселелері бойынша салық заңнамасы мен қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды жетілдіруге ұсыныстар дайындау; халықаралық салық салу мәселелері бойынша салықтық әкімшілендіруді жетілдіру; халықаралық салық салу мен халықаралық шарттарды әкімшілендіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасу бойынша келіссөздерге қатысу; салық салудан жалтарған сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын резидент еместер мен резиденттерді анықтау; халықаралық шарттар жобаларына салықтық сараптама жасау; халықаралық салық салу мәселелерімен байланысты өзге де мәселелерді қарастыру; шет тілдерді білу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болғаны жөн. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық заңнамасын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні.

2016 жылдың маусым айының 2 -нен бастап 8-і қоса алғанда 5 жұмыс күні ішінде.
Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын e.gafiyatulina@kgd.gov.kz (Эльмира Гафиятулина) электрондық мекенжайы бойынша ұсына алады.

Іріктеуге қатысу үшін:

а) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

б) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

Конкурс комиссиясының қарауына азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына (e.gafiyatulina@kgd.gov.kz) электронды түрде тапсырады (олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді, оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының олардын қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетте, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі 10 мекен жайы бойынша, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 70-99-35 кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.



Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттік органның басшысының (жауапты хатшысының) келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________


(мемлекеттік орган)  

Өтініш


      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.



   
Каталог: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...