Конкурс «Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру



жүктеу 99.32 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі99.32 Kb.
Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс «Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
E-R-4, E-G-3, санаттары үшін: жоғары білімі, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

E-R-4


73288

99106

E-G-3


69956

94108

** Ескерту: E-R-4, E-G-3 санаттары мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде бас маманы лауазымдар төменгі болады.

«Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 141000 Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка а., Ленин көш. 71, 16 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(71834)9-21-45, факс: 8(71834)9-21-45, электрондық адрес: ok.aur@pavlodar.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік төменгі мемлекеттік лауазымдарына жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды:

1. «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеумметік бағдарламалар бөлімі» ММ ММ бас маманы ЕR-** санатты (5-01-6)

Функционалдық міндеттері: Жұмыспен қамту белсенді нысанын ұйымдастыру мүмкіндігін байқайды. Кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын ұйымдастыруға шарт жасау, тиісті аналитикалық анықтама және ақпарат жасау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі

2. «Успен ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы E-R -4** санаты, № 8-01-3

Функционалдық міндеттері: - аудандық білім бөлімінің ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды анықтау және есепке қою, олардың қозғалысы мәселелері бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарының жұмысын жүзеге асыру;

- даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру;

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты үйлестіру;

- құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу немесе әзірлеу; білім бөлімінің және оның қарауындағы мекемелердің мемлекеттік сатып алу жөніндегі құжаттаманы дайындауға қатысу; соттарда барлық мәселелері бойынша білім бөлімінің және білім беру мекемелерінің мүддесін қорғау.

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім мен тәрбие алуына жүйелі түрде бақылау жүргізу.

- қамқоршылық және қорғаншылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру.

- халық сотымен, аудандық ішкі істер бөлімімен қарым-қатынас жасау.

- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.

- мүгедектерді, мүмкіндіктері шектеулі балаларды айқындау.

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.



Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі.

3. «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Е-G-3** санаты (1-01-3).

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-насихаттау тобымен жұмыс. Ауылдық округ аймағындағы комиссиялармен және қоғамдық қалыптасулармен жұмысты ұйымдастыру. Ауылдық округ тұрғындары арасында мәдени-сауық және спорт шараларын ұйымдастыру мен өткізу. Мерзімдік басылымдарға жазылу бағдарламасы, жастар жұмысы, сайлау мәселелері бойынша заңнамаларға сәйкес жұмыс ұйымдастыру. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы мемлекеттік мекемелермен жұмыс.. Халық санағы, тұрғындық қор, мал, ауыл шаруашылығы техникаларын, шаруашылық кітаптарын, есепке алу мен есептілік бойынша шараларды қамтамасыз ету. Ауылшаруашылық бөліміне 24-нысан бойынша есептер тапсырып отыру. Статистикалық есептерді тапсыру. Ауылдық округтің әлеуметтік төлқұжатын, халық саны мен оның ұлттық құрамы мониторингісін жүргізу. Жер қатынастары, ауданның ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдерімен жұмыс жүргізу. Ауылдық округ әкімінің өзге де тапсырмаларын мекеменің тиімді жұмыс үшін округ заңнамаларына сәйкес орындау.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі

4. «Надаров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бас маманы Е-G-3** санаттағы (1-01-3)

Функционалдық міндеттері: Округ әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, аудан әкімдігінің қаулыларын және аудан әкімі шешімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» № 221-ІІІ Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау бойынша іс жүргізу, жұмысты ұйымдастыру. АИС, АРМ, ЕУОЛ жүргізу. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14.07. «Нотариат туралы» Заңының 35 бабы бөлігінің орындалуына нотариалдық іс қимыл. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 179 бабын орындауында азаматтардың азаматтық ахуал актілерін тіркеуге құжаттарды қабылдау. Ауылдық округ аумағында құрылған қоғамдық құрылымдар, комиссиялар, кеңестер жұмысына көмек көрсету.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі

5. «Таволжан ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы Е-G-3** санаты, ( 1-01-4)

Функционалдық міндеттері: Әскери есеп. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар жөніндегі есеп. Заңды және жеке тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру жөнінде ісқағаздарын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру АИС АРМ ЕУОЛ жүргізу. Тұрғындардың аз қамтылған және тұрғындардың қауқарсыз санаттарын тексеру жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру және бақылау

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі рұқсат етіледі

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарды “Успен ауданы әкімінің аппараты” ММ-нің персоналды басқару қызметіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса лады.

Тиісті мемлекеттік органның басшымен (жауапты хатшымен), тұлғаның келесімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибиесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар еткен күннен бастан үш жұмыс күн ішінде «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ-де мекен-жайында өтеді.



Конкурс комиссиясы Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет