Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

Loading...


жүктеу 58.59 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі58.59 Kb.
түріКонкурс


25.10.2016 ЕСЭДО ГО (версия 7.19.2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 санаты үшін: жоғары білімі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар» № 12 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

D-О-3


109932,35

148242,11

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

«Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 231-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-59-95 электрондық пошта: ibraevag.debp@pavlodar.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Әдіснама және бюджеттік саясат бөлімінің басшысы (бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 2017 жылғы 5 тамызға дейін), санаты D-О-3 (лауазым индексі № 7-1).

Жалпы басшылықты жүзеге асыру және бөлімде Басқарма басшысының және оның орынбасарларының бюджеттік жоспарлау, бюджет заңнамасын қолдану мәселелері бойынша тапсырмаларын уақтылы және толық орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлім мамандарын тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы ұсыныс енгізу; Басқарманың салалық бөлімдері ұсынған есептер негізінде үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті, қалалар мен аудандар бюджеттерінің болжамды параметрлерін жиынтық жоспарлау, облыс бюджет саясатының негізгі бағыттарын дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; бөлімнің құзыреті шегінде бөлімнің облыс әкімдігінің қаулы, облыстық мәслихат сессиясының шешім жобаларын, түсіндірме жазбахатттар, анықтамалар, баяндамалар дайындау барысындағы жұмысын ұйымдастыру.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі жоғары - әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Аталған санаттың қызметі бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер. Келесі құзыреттіліктің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, стратегиялық ойлау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4,B-4,C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынаннемесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емеслауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындауы үшін қажетті міндетті білімдерінің болуы талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) бекітілген нысандағы өтініш;

2) «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ кадр қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған жағдайда, құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында оның мәжілісіне байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Үміткерлерді әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi 111800, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсрепов көшесі 14, анықтама телефоны 8-714-44-79-0-62, электрондық пошта


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...