Конхашова Ұ. М



жүктеу 35.42 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі35.42 Kb.
Конхашова Ұ.М.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлкеттік университеті
Тұлғаның әлеуметтену процесін психологиялық-педагогикалық талдау

Қоғамның дамуының түрлі кезеңдерінде тұлғаның әлеуметтену процесіне көптеген ғалымдар психологиялық-педагогикалық талдау жасады. Олардың ішінде атап айтсақ З.Фрейд, Ж.Пиаже, Б.Ананьев, Б.П.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, К.А.Альбуханова-Снавская, И.С.Кон, Д.И.Фельдштейн, Н.В.Дельин, М.П.Дубинина, А.Ф.Помес. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен.

Психологиялық сөздікте ұғымға мынадай анықтама беріледі: «Әлеуметтену – бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің әлеуметтік тәжірибені қайта жасау мен меңгерудің қорытындысында бағдарлармен байланысты, яғни субъектінің өзі индивидуалды іс-әрекетте, коммуникация факторында өзі жүзеге асырады» [1].

Әлеуметтенуді З.Фрейд тұлғаның үш құрастырушы элементтің нәтижесінде болады деп есептейді. Бұл процесте З.Фрейд төрт сатыны бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктерімен байланысты: оральды, анальды, фамиалық және жыныстық кемелденген фаза [2].

Француз психологы Ж.Пиаже тұлғаның дамудағы түрлі сатыдағы идеяларды сақтай отырып, индивидтің танымдық құрылымының дамуына акцент жасап, олардың тәжірибеге және әлеуметтік әсерлерге байланысты құрылымын талдады [3].

Көптеген психологтар мен социологтар әлеуметтену процесі адамның өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Ал бұл дегеніміз адам өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі және осының негізінде оның психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда «психиканың даму» және «әлеуметтену» түсініктері ұқсас емес.

Әлеуметтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы. Психикалық дамудың әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұлға дамуы тек әлеуметтенуге ғана тән емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі процестің көмегімен жасалынады:


  • Әлеуметтену

  • Тұлғаның өзінің дамуы.

«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы тенденциялар мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» ұғымдарын, ал адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған сәйкес «әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.

Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық. Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді:

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-таптық, топтық, әлеуметтік-демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары т.б. жатады.

Әлеуметтік құрылым - бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.

Қоғамдық сана - бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет.

Әлеуметтік топ - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі.

Әлеуметтік құндылық - бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

Әлеуметтік нормалар (ережелер) - қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.

Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері);

Әлеуметтік рөл - яғни атқарылатын қызмет;

Әлеуметтік статус - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.

Бала дамуын әлеуметтендіруде мектепке дейінгі ұйым маңызды орын алады. Мектепке дейінгі бала өзін әлі де мақсатты түрде тәрбиелей алмайды, бірақ өзіне назар аударуы, біртіндеп өзін-өзі тануы және өз мүмкіндіктеріне, денесінің өсуі мен денсаулығына мұқият қарауға үйренеді. Өзін-өзі танып-білгеннен кейін басқа адамдарды көруге, олардың сезімдерін, қайғырғанын, жасаған әрекетін, ойын танып түсінуге талпынады.



Осыған байланысты, мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық әлеуметтенуін толыққанды қамтамасыз ету үшін отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымының арасында ынтымақтастық болса жетістікке қол жеткізеріміз анық.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Фрейд, Зигмунд. Основные психологические теории в психоанализе

/ пер. М. В. Вульф, А. А. Спектор. — М.: АСТ, 2006. — 400 с.

  1. Пиаже Ж. Психология интеллекта. — Питер, 2004. — С. 23-24

  2. Зинченко В. Большой психологический словарь.- АСТ-Москва; Прайм-Еврознак, 2008


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет