Конференция бағыттары: Түркістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны

Loading...


жүктеу 28.39 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі28.39 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТҮРКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2017 жылғы наурыз айының 20 жұлдызы күні Түркістан қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы болуына орай, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркістан және Түркология» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Оған Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінен арнайы баяндамашылар мен қонақтар қатысады деп жоспарланып отыр.
Конференция бағыттары:


  1. Түркістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны.

  2. Қ.А.Ясауидің түркілік ислам идеологиясын қалыптастырудағы рөлі.

  3. Тарихи жазба деректер мен көне жәдігерлерді зерттеудің маңыздылығы.

  4. Б.Кенжебайұлы және түркітанудың өзекті мәселелері.



Конференция бағдарламасы төмендегідей 4 секция бойынша жұмыс істейді:

  1. Тарих, этнография, археология

  2. Дінтану, философия, мәдениеттану

  3. Тіл білімі және деректану.

  4. Әдебиет, фольклор.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, түрік, орыс, ағылшын және туыстас түркі тілдері.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру алқасына 2017 жылдың 15 ақпанына дейін хабарласып (қосымша мәлімет үшін), өтініш (үлгісі көрсетілген), баяндама тақырыбы мен қысқаша мазмұны (тезис) жіберуі тиіс, 2017 жылдың 1 наурызына дейін баяндаманың толық нұсқасы көрсетілген электронды поштаға жіберілуі тиіс.

Конференция тақырыбына сай келмейтін мақалалар қабылданбайды, пікір білдірілмейді. Жинақталған мақалаларды сараптау және шақыру конференцияны ұйымдастыру алқасының құзіретіне жатады.

Конференция материалдарын алдын-ала ғылыми жинақ түрінде шығару жоспарланып отыр.

Мақаланың рәсімделуі:

1. Текст компьютерде Microsoft Word текстік редакторында, «Times New Roman» шрифтімен, кегль 14, жалғыз жолдық аралықпен теріледі. Бет форматы: жоғарғы шеті – 25 мм, Қалған шеті – 20 мм.

2. Жаңа жолда – ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы бас әріптермен (қою шрифтпен) беріледі.

3. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріндегі мазмұны (түйіндемесі кілт сөздерімен бірге) 4-5 сөйлеммен ашып көрсетіледі.

4. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы астына – парақ ортасына бас әріптермен (қою шрифтпен) автордың тегі, аты-жөні, ел мен қала атауы көрсетіледі; қатысушының жұмыс орны, атқаратын лауазымы, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.

5. Мәтін соңында берілетін әдебиеттер мен дереккөздерге сілтеме тік жақшада беріледі.

6. Мақаланың көлемі 8-10 беттен аспауы тиіс.

1-қосымша. Конференцияға қатысу үшін өтінім үлгісі

Т.А.Ә...............................................................................................................

Ғылыми дәрежесі, лауазымы........................................................................

Ел, аймақ, қала...............................................................................................

Ұйым, ЖОО...................................................................................................

Баяндама, хабарлама тақырыбы..................................................................

Қатысушының байланыс телефондары және e-mail.................................

Қонақ үйге тапсырыс беру.........................................................................


Конференцияға қатысуға ниет білдіргендер 2017 жылдың 15 ақпанына дейін көрсетілген үлгідегі өтінішті толтырып, электронды поштаға жіберулеріңді сұраймыз.

Қонақтардың барлық іс-сапар шығыны қатысушы тарапынан төленеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

161200 Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы 29,

Телефон: 8 (72533) 6-35-36; 6-36-36 / 13-40

Факс: 8 (72533) 6-36-29



turkology.institute@ayu.edu.kz
: downloads -> materials
materials -> Конференцияның жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін артыру мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде
materials -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> БАҒдарламасы бағдарлама қазақ тіл білімі кафедрасының мәжілісінде талқыланды. «31» мамыр 2016 ж. №9 хаттама
materials -> Конференция бағыттары: Түркістанның түркі тарихы мен мәдениетінен алатын орны
materials -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасының Ұлттық инженерлік академиясы
materials -> БАҒдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...