Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты

Loading...


Дата08.09.2017
өлшемі17.13 Kb.
«Мұрағат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметі
ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты" КММ жеке және заңды тұлғаларға «Мұрағат анықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді, мұрағат қорын пайдалана отырып, сұраныспен келушілердің өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тақырыптамалық сұраныстармен әлеуметтік – құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындайды. Оның ішінде: еңбек өтілін растау,еңбек ақысын теру, мекен-жайы бойынша тұрғандығын анықтау, оқығаны туралы, ноториалдық құжаттардың көшірмелері. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік мұрағат Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын және «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасы ретінде ХҚКО арқылы, «Е-акимат» электрондық үкіметінің веб-порталы және мұрағаттың анықтама беретін орны арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар жыл бойы ғылыми жобаларды жазуға ізденушілерге көмек көрсету жұмысы жүргізіледі; жыл сайын фото көрмелер, әдістемелік-семинар оқу сабақтары өткізіледі; істер номенклатурасын құрастыруда; іс-қағаз жүргізуде; ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу жүргізгенде (алғысөз құрастыру, беттерді номірлеу, құжат беттерін рәсімдеу) әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, есепке алуды, сонымен қатар, құндылығын сараптауды, мұрағатта құжаттардың тұрақты мерзімде сақталуын қабылдау және іріктеуді жүзеге асырады және ұйымдастырады.

2013 жылы «Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ жоспар бойынша 1200 сұраныс болғанда 1499 сұраныс жыл бойы орындалды, ол жоспардын 125 % орындалды.

«Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ 2014 жылдың жылдық жоспары 1200 сұраныс болғанда 2014 жылдың 1- жартыжылдығында 1375 әлеуметтік-құқықтық өтініш орындады, ол 115% жоспардын орындалуын қөсетеді. Орындалған сұраныстардың 1301-сі жеке тұлғалардан, 74 заңды тұлғалардан, 1270 азамат оң жауап алды.

ШҚО Көкпекті ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген стандарт, регламент талаптарына сай «Мұрағаттық анықтама беру» тақырыбында оқыту семинар өткізілді.



Көкпекті ауданының 69 мекемесімен өзара ынтымақтастық келісім жасалынды. 54 ұйымның істер номенклатурасы екі тілде келісілді.
Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...