Күні: 18. 11. 2016 Сыныбы: 5 Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы

Loading...


жүктеу 77.34 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі77.34 Kb.
«Біздің бұл дүниеде бір ғана отанымыз бар, ол тәуелсіз - Қазақстан»

Н.Ә.Назарбаев.


Күні: 18.11.2016

Сыныбы: 5

Сыныптан тыс іс-шара тақырыбы: Патриоттық сезім деген не?

Мақсаты:

1. Оқушы бойына патриотизм, азаматтық, төзімділік, рухани өнегелікті қалыптастыру.

2. Оқушы бойына Отанға, туған жерге, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға, отбасына деген гуманистік қарым-қатынас сезімдерін ояту.

3. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру.



Түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, слайдтар

Әдіс-тәсілдер: постер қорғау, «Көпір тапсырмасы», «Ойлан,бірік, бөліс», «тамаша екен», «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиялары, пікірталас, сұрақ-жауап т.б.
Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

*оқушылармен сәлемдесу;


Жүргізуші:

- Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. « Патриоттық сезім дегеніміз не?» тақырыбында сыныптан тыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – үш топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ: «Қыран» 
Біздің топ: «Қыран»
Қайтпас қайсар ерлігі,
Ұлан болғым келеді.
Самғап ұшар биікке ,
Қыран болғым келеді.
ІІ топ:
Топың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал, барыңды.
«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

ІІІ топ - «Отан»

Отанды біз Атамекен,


Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.


Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Қара қылды қақ жарған әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2. 
3. 
жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.
І кезең - «Ойлан,бірік, бөліс

ІІ кезең - «Көпір тапсырмасы»

ІІІ кезең - Мақал-мәтелдің мағынасын ашу

ІV кезең. Жәрмеңке (қолөнер көрмесі).

V кезең. Жалғасын тап

VІ кезең. Көк ту.(өз өнері)
ІІ. Ой ашар кезеңі

Жүргізуші: - Ал, іске сәт,- дей отырып «Үш бақытым» өлеңін қабыл алыңыздар. (өлең айтып болған соң сұрақ қояды.)

  • Өлең не туралы?

  • Нені насихаттайды?

- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?

(жақсы, айтқандарыңызбен толық қосыламын.)

Оқушы бойына патриоттық қасиет оның іс-әрекетімен, ата-ана, ұстаз, қоршаған ортаның іс-әрекеттерінің бірінің – бірімен байланысуы арқылы жүзеге асады. Қазақстандық патриотизм сезімнің қалыптасуында күнделікті өмірдегі және тұрмыстық сана деңгейіндегі қатынастарды дұрыс пайдалана біудің маңыздылығы бар.

Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.Сондықтан бүгінгі «Патриоттық сезім деген не?» тақырыбындағы сынып сағатымызды патриоттық сезімнің мағынасын аша отырып, патриоттық сезім туралы өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

І кезең: топтық жұмыс (ауызша)

Оқушылар «Ойлан,бірік, бөліс» стратегиясы арқылы патриоттық сезім туралы өз ойларын ортаға салады. Толық жауап берген топқа 10 ұпай.


Оқушыларға қойылатын сұрақ: Патриоттық сезім дегенді қалай түсінесіздер?
1-ші топтан 1 оқушы

Патриот – өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз отанының мүдделері жолында өзін құрбан ететін, ерлік жасайтын адам. Ал патриотизм қасиетті ұғым.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік жігерін, Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет – ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу.

Патриотизм – біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз, үздіксіз тәрбиенің нәтижесіне орнатылған ұлы сезім. Патриоттық тәрбие – ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің жемісі.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең, халқымыздың сонау көне заманнан бүгінге дейінгі сандаған ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының салты мен дәстүрінің көрінісі іспеттес.

2-ші топтан 1 оқушы. Қазақ ұлттық энциклопедиясында «Патриотизм – отаншылдық отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» деген анықтама берілген.

Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым.


  • Отансүйгіштік – өз ұлтының тілін, дінін, дәстүрін сүюдің белгісі. Халық отансүйгіштікке тәрбиееу арқылы ұрпағының ұлттық намысын оятады.

  • Отансүйгіштік – өзінің туып-өскен жеріне сүйіспеншілігі, өз ұлтының ынтымық-бірлігі, мәдениеті, салт-дәстүрі.

Тәрбиенің басты бағыттарының бірі – азаматтық – патриоттық, құқықтық және мәдениеттік, тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін, сүю және құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы әлеуметтік, діни төзімділікті қалыптастыруға тиіс.

3-ші топтан 1 оқушы.

Қазақстан тарихын мектепте оқыту Қазақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, азаматтың жүріп өткен тарихи жолын, тарихи білімдер негізін игеруге, оқушылардың санасында ұлттық бірлікті қалыптастыруға, азаматтылық пен елжандылыққа, ұлтаралық келісім мен төзушілікке тәрбиелеуге, өз халқының және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеуге, жеке тұлғаның қалыптасып дамуына септігін тигізеді.

Жүргізуші:

Патриоттық тәрбиеде оқушы өзінің отбасына, туған жеріне, Отанына оның тарихы мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне, тіліне, өнеріне деген шынайы махаббатты және еліміздің рәміздеріне деген құрмет көрсету арқылы ғана патриоттық қасиетке ие болуын көрсете алады.

Оқушы патриоттық сезім арқылы өзінің бойына мынандай қасиеттерді қалыптастыра алады:

1. Азаматтық

2. Адамгершілік

3. Өзін-өзі бағалау

4. Тұлғалық

5. Белсенділік

6. Бауырмалдылық

7. Отаншылдық


ІІ кезең: Оқушылар «Көпір тапсырмасы» стратегиясы арқылы өздеріне тақырыпқа байланысты тапсырмалар таңдап алады. Әрбір толық жауапқа жеке жеке 20 ұпай беріледі.

1-топ:

1. Оқушы бойында Отанға, жеріне еліне деген сүйіспеншілік қалай пайда болады?

2. Оқушы бойындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына қандай орталар әсерін тигізеді?

2-топ:

1.Екінің бірін патриот деуге бола ма?

2. Иманды болу патриоттыққа жата ма?
3-топ:

1. Нағыз патриот қандай болу керек?

2. Қазақстанның патриот азаматы ретінде болашағыңа қандай жоспарлар құра аласың?

Әр топ өз тапсырмалары бойынша ауызша қорғайды.


ІІІ кезең. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу. Әрбір нақты жауапқа 10 ұпай беріледі.
1) Ырыс алды – ынтымақ. (Ымырашылдық, ынтымақтың арқасында біз 20 жылдық мерекені атап өтудеміз.) 
2) Халық – кеуде, патша - бас.( Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқының арқасында көш басшылық жасап отыр. Оның барлық жарлығын халқы қолдауда. Назарбаев халқын өзіне қарата білді, себебі ол кісі басқа елдермен тығыз байланыста) 
3) Қатты жерде қақ тұрар, 
Ынсапты елде бақ тұрар.( Елбасын әр қашанда қолдап тұрар болсақ, бағымыздың тұрақты болатынына сенімдіміз). 
4) Татулық – байлық (Еліміздің байлыған игере алуымыздың бірден бір себебі осы татулық қасиетінің арқасы деп білеміз). 
5) Ер есімі – ел есінде.(Қазақстан тарихында өшпес алтын әріппен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгі ел есінде қалады) 
Тиімділігі: тіл байлығы дамиды, ұлт жандылыққа, ҚР тарихын, тәуелсіздікті бүгінгі өмірімен байланыстыра отырып мәнін ашуға үйретеді. 
Оқушыларды неге үйретеді: елін жерін сүйуге, ұлт жандылыққа тәбиелейді. 
Нәтиже: ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді. 

6) Ұланы бар елдің ұраны бар.


7) Көп біріксе ел болар,

Көп тілегі көл болар.


ІV кезең. Жәрмеңке (қолөнер көрмесі). Пластилиннен, сурет салу арқылы

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сый» сұлбасы. (Берілген тапсырмаға сай жасаған топқа 30 ұпайдан беріледі).
Тиімділігі: шығармашылық қабілеті дамиды, оқушылардың ой өрісі артады. 
Оқушыларды неге үйретеді: сұлулыққа, әсемдікке, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа үйретеді. 
Нәтиже: Шығармашыл, еңбекқор оқушы қалыптасады. 
V кезең . «Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді толықтырамыз.

Б- білімімді арнайтын 


О- отанымды қорғайтын 
Л- лаңкестікті даттайтын 
А- адалдықты жақтайтын 
Ш- шуағымды шашатын 
А- асулардан асатын 
Ғ- ғарыш сырын меңгергн 
Ы- ынтымақты тең көрген 
М- менмендікті жек көрген 
Қ- қазаққа қызмет ететін 
А- арманына жететін 
З- заңды жақсы білетін 
А- алға қарай жүретін 
Қ- қайырымды елімнің 
С- салтанатты жерімнің 
Т- толықтырам сенімін 
А- абыройын,жігерін 
Н- намысын қолдан бермейтін 
Бәрі: Мен боламын еңбекқор
Болашағы елімнің! 

Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.


Жүргізуші: Таумекен Қаракөздің орындауында «Қарашы қазақ еліме» өлеңін қабыл алыңыздар.

VІ кезең. Көк ту. (өз өнері)

1-топ: «Көк ту» тақырыбында патриоттық тәрбие беру мақсатында оқушылар көрініс қояды.

2-топ: Әр түрлі ұлт өкілдері боп өлең айтады.

3-топ: Патриоттық өлең



Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда көк түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.



  Қортынды. Біздің сынып сағатымыз аяқталды. Бәріңе сәттілік және тілеген армандарың орындалады деп ойлаймын.

Күлімдеп, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...