Күні: 08. 09. 2015ж Тобы: «Ақбота»аралас тобы Тәрбиеші: Абдесова Г. Д. Барлығы: 13 Қатысқан: 11 Күн тәртібі



жүктеу 35.98 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі35.98 Kb.
№1Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Күні: 08.09.2015ж



Тобы: «Ақбота»аралас тобы

Тәрбиеші:Абдесова Г. Д.

Барлығы: 13

Қатысқан: 11

Күн тәртібі:

  1. Баяндама « Тұлғаның қалыптасу негізі бала бақша мен ата- ана ынтымақтастығында»

2.Ата-аналарды күн тәртібі,сабақ кестесімен таныстыру.

3.Ата-аналар комитетін сайлау.



(Абдесова Г. .Д топ тәрбиешісі)

І. Тыңдалды: Абдесова Г.Д. топ тәрбиешісі

1 Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады.

Халқымыздың даналығына құлақ ассақ, "Адамның бақыты балада" деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын "бақыт" деген сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екіншісі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады, "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген сөз осыдан қалса керек.

Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыс болуы маңызды. Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуы отбасы мен балабақшаның үздіксіз бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең биік мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың дені сау, рухани бай, білімге, еңбекке құштар болып өсуі.Ата- аналармен әртүрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат- міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы.

(Мәлімдеме қоса берілген)

Сөз сөйледі:Қайыржанова Үміт әжеміз: отбасындағы тәрбиеге қарап, балада солай тәрбие алады.Сол себепті баланы күнде қадағалап отыру,бала тәрбиесі бірінші мақсатты екендігін айтты.

Сөз сөйледі: Қасен Гүлмира

. Адамгершілік-рухани тәрбиедегі басты нысана- баланы құрметтеу.Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ-бала бойына рухани адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.

(Мәлімдеме қоса берілген)

ІІ.Тыңдалды: Абдесова Г.Д. топ тәрбиешісі

2.Ата-аналар балалары алдында олардың

денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру,

білім беру,үй болып аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін

қамтамасыз ету сияқты міндеттірінің орындауы , ал балалары

алдында ата-анасына қамқорлық алып, сүйеніш болуы секілді

міндеттері ұштасып жатады.Оқу жоспарымен күн тәртібімен

таныстырды.


(Мәлімдеме қоса берілген)

Сөз сөйледі: 1.Әбдіғали Амангул С. – Мед бике

Мектепке дейінгі ұйымдарда(бұдан әрі-МДҰ)қолданылатын денсаулық сақтаушы технологиялар балалардың дене жаттығуларына, балалар ағзасын сақтау мен нығайтуға қызығушылығын дамытуға бағытталған және мынандай құрамдастарды қамтиды. –нығайту мен сауықтырудың әдістері мен тәсілдері; -сауықтырудың дәстүрлі емес жүйесі; -аурулардың алдын алу; - физиопроцедуралар.



ІІІ.Тыңдалды: Абдесова Г. Д. - топ тәрбиешісі

Биыл жаңа оқу жылына байланысты ата-аналар комитетін құруымыз керек. Менің ұсынысым бар:



1 Мырзабекова Гульжан
2 Қасен Гүлмира
3 Ильдебаева Айгүл

Былтырғы оқу жылында осы аталған ата-аналар топтың іс-шараларына белсенді қатысты, сондықтан осы ата-аналарды топтың ата-аналар комитетінің мүшелері болуын сұраймын.

Қарсы болмасаңыздар дауыс беріңіздер. Дауыс бірдей берілді.

Ата-аналар менің ұсынысымды қолдады.



Қаулы:

  1. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру.

  2. Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуы отбасы мен бала бақшаның үздіксіз бірлескен еңбегінің нәтижесі . Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
    3.Біздің ең биік мақсатымыз әр тобасындағы ұрпақтың дені сау, рухани бай,білімге ,еңбекке құштар болып өсуі.

Төрайымы:Мырзабекова Гүлжан.

Хатшы:Қасен Гүлмира.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет