Клиент ұсынады) Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалар және олардың жекелеген бөлімшелері



жүктеу 19.7 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі19.7 Kb.
Резидент-заңды тұлғаның ағымдағы шотын ашу үшін құжаттар тізбесі

(Клиент ұсынады)
Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалар және олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) үшін:

  1. қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат (мөр болған жағдайда) (қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа енгізілген тұлғалардың қойған қолдарының түпнұсқадан дұрыс екенін банктің уәкілетті тұлғасы қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа енгізілген тұлғалар жеке келген кезінде растайды);

  2. бағалы қағаздар ұстаушыларының құрылтайшылық құжаттары және (немесе) тізілімінен үзінді көшірме;

  3. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;

  4. филиалдар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхат;

  5. қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктері үшін – қоғамдық немесе діни бірлестік жарғысымен және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережесімен көзделген тәртіпте сайланған (тағайындалған) филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттігін растайтын құжаттар;

  6. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шешімінің түпнұсқасы;

  7. клиенттің банк шотын жүргізумен (банк шотындағы ақшаға иелік етумен) байланысты операциялар жасалған кезде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес қол қоюға уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

  8. қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатта көрсетілген тұлғалардың өкілеттігін растайтын, төлем құжаттарына қол қоюға арналған құжаттар (бұйрықтар, құрылтайшылар жиналысының хаттамасы және т.с.с);

  9. рұқсат – клиенттің қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы іске асырылатын жағдайда;

  10. қатысу үлесінің 10-нан кем пайызына иелік етуші заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) жеке басын куәландыратын құжаттар не болмаса құрылтайшылардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын құжаттар (қатысушылар тізілімін бірыңғай тіркеуші жүзеге асыратын акционерлік қоғам құрылтайшыларының, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктерінің құжаттарынан басқа);

  11. заңды тұлға-клиенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) 25-тен артық пайызына тікелей немесе жанама түрде иелік етуші бенефициарлық меншік иесінің (-лерінің) жеке басын куәландыратын құжаттар (бенефициарлық меншік иесі акционерлер (қатысушылар) реестрінен үзінді көшірме негізінде анықталған жағдайдан басқа).


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет