«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін

Loading...


бет1/2
Дата22.04.2017
өлшемі0.8 Mb.
  1   2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультеті


3 деңгейдегі СМК құжаты

ПӨӘК


Баспа

№___


ПОӘК 042-18.19-23-2013




«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

«Кәсіптік білім беру педагогикасы» пәнін

оқыту-әдістемелік комплекс

5В010300- «Педагогикалық психология»

мамандығына арналған

Оқу-әдістемелік материалдар

Семей-2014




МАЗМҰНЫ




Глоссарий






Дәрістер






Практкалық сабақтар






Студенттердің өздік жұмыстар жоспары






  1. Глоссарий

Білім стандарты –қоғамдық идеал көрініс табатын және нақты жеке тұлғаның және сол идеалға қол жеткізу бойынша білім беру жұйесінің мүмкіндіктері есепке алынатын білімділіктің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын негізгі параметірлер жүйесі.

Кәсіптік білім беру стандарты - бітірушілердің жалпы кәсіптік білім даярлығына қойылатын талаптардың міндеті және соған сәйкес келетін білім мазмұны,әдістері,формалары,оқу құралдары мен бақылаудың деңгейі.

Білім беруді стандарттардың негізгі обьектілері оның құрылымы,мазмұны,оқу жүктемесінің көлемі және білім алушылардың даярлық деңгейі.



Оқыту формасы-білім алушылардың оқу-өндірістік әрекетінің сипаты және шебердің жетекшілік етуімен сабақтардың құрылымы айқындалатын оқыту үдерісін құру амалдары.\

Концентрлік оқыту-педагогтар мен білім алушылардың сабақтаы ды біріктіру, оқу күні, оқу аптасы барысында, паралель оқылатын пәндер санын қысқарту және оқытудың ең ірі ұйымдастырушылық бірліктерін оқу үдерісін ұйымдастырудың технологиясы.

Оқытуды ұйымдастыру формалары-оқытушы мен білім алушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы.Түрлері:сабақ,факультатив, семинар,практикум,экскурсия,кеңес, қосымша сабақ.

Оқыту әдістері-білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін кәсіптік оқыту педагогы мен білім алушылардың өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі.

Оқтуды ұйымдастыру формалары –сабақ, экскурсия,практикум, семинар,білім алушылардың үй жұмысы, сынақ, кеңе беру,емтихан,қосымша сабақ.

Сөздік әдістері-әңгімелесу, түсіндіру,дискуссия, лекция,әңгіме,кітаппен ,компьютерлік-ақпарат көздерімен жұмыс.

Әңгімелеу-оқу материалының мазмұнын ауызша әңгімелеп баяндау әдісі.
Лекция-оқытушының теориялық сипаттағы оқу материалын жүйелі түрде және бірізділікте монологиялық баяндау әдісі.

Көрнекілік әдісі-оқу материалын көрнекілік және техникалық құралдар арқылы меңгерту әдісі.

Практикалық әдіс-жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы практикалық дағды, іскерліктерді қалыптастыру әдісі.

Оқу құралдары-оқытушының білім алушыларға жаңа білімдерді меңгертуі үшін пайдаланатын материалдық және идеалдық обьектісі.

Сабақ-оқу орындарында білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру формасы.

Оқыту үдерісіндегі бақылау және өздік әдістері-оқытушылар мен білім алушылардың оқыту үдерісінің нәтижелігі туралы ақпарат алу әдісі.

Оқытуды ұйымдастырудың жекелік формасы-әрбір білім алушы оқу тапсырмаларын өзінің даярлық және оқу мүмкіншіліктеріне қарай дербес орындалуы.

Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы-нақты оқу міндетіншешу үшін сабақта білім алушыларды топқа бөліп, әрбір топқа бір тапсырма берілуі.
2.Дәріс сабақтарының мазмұны


«Кәсіптік білім беру педагогикасы» оқу пәні.

    1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

    2. Кәсіптік білім берудің мазмұны


Білім беру жалпы оқыту барысында іске заңдылық. Оны іске асыратын, ұйымдастыратын, белсенді білім алуға жетелейтін мұғалім. Ол оқушыны саналы білім алуға, барынша өз бетімен, шығармашылықпен игеруге жетелейді. Білім мазмұны- білімнің, ғылымилығы, іскеліктің және дағдының жүйесі. Сондықтан білімнің мазмұны- оқыту үрдісі компонентінің бірі болады. Сол жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, дүниеге көзқарасы, мінезі қалыптасады. Білім мазмұнын анықтау- бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақты неге үйрету, нені оқыту мақсатын анықтап алу деген сөз. Жеке адамның жан-жақты дамуы дәне қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады. Білім жеке адамның қажеттігіне, белсенділігіне, еңбек сүйгіштігіне байланысты ынта-жігеріне байланысты жүзеге асырылады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой жүйе, оны тәжірибеде олдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқыллы қажетке жарату. Кесте №5,6. Мектеп қоғамның әлуеметтік тапсырмасын орындау барысында халық шаруашылығына қызмет істеу қабілеті істеу қабілеті бар, саналы, белсенді, білімді адамдарды тәрбиелеп шығару үшін жұмыс істейді. Соныдықтан білімнің мазмұны жеке адамдардың дамып, қалыптасуына бағытталады. Мектепке берілетін білімнің мазмұны мына мәселелерді қамтуды көздейді: -табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімдермен; -дүние танымын қалыптастыру; -адамды жан-жақты дамыту міндеттерін шешуге бағыттау; - жастарды өмір сүре білуге, еңбекке, білім алуға, мамандақты дұрыс таңдауға мүмкіншілігіне дұрыс тәрбиелеу. Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеті әр қилы формада жүзеге асырылады. Оқыту формасы, форма лат.тілінен аударғанда бейне, сырт көрініс қандайда бір нәрсенің құрылымы деген мағына береді. Жалпы оқу формасы, оқу процесінің ұйымдастырылуының сыртқы көрінісін білдіреді. Оқушылардың санына, оқу орнына, іске асыру тәртібіне орай оқыту формалары әр түрлі болып келеді. Жеке дара оқыту формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқытудың топтық формасы. Мұнда оқушылар әр қилы мақсат-мүддеге орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді. Оқытудың ұжымдық формасы, бұл оқыту түрінің фронтальды оқыту түрінен өзгешелігі оқушылар өздеріне тән арақатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтап, біртұтас мақсат мүддеге ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жеке дара оқыту формасы өтілетін сабақ түріне дәрістердің түрлері жатады. Осы заман педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан зор. Оқыту әдісі- дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Қазақстан Ресупликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдарда оқушылардың жеке қабілеттері мен қажетттіліктеріне сәйкес жоғары сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: Бағдарламаның мақсаты:

  • білім беру қызметтеріне бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

  • Білім беру жүйесін жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды нығайту және педагог кадрлардың еңбегін көтермелеу;

  • Білім беру басқармасымен мемлекеттік-қоғамдық жүйені қалыптастыру;

  •  озық білім беру ресурстары мен технологияларына білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету ;

  • балаларға толық мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету, оларды мектепке дайындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамту;

  • жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының саналы, күш-қайраты толысқан, рухани жетілген азаматын қалыптастырып, құбылмалы әлемде табысқа жеткізетін, білім алу қажеттілігін қанағаттандырып, елдің экономикалық жайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын жетілдіру. 12-жылдық білім беру үлгісіне көшу;

  • қоғамның сұранымына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңарту мен экономиканы индустриальды-инновациялық дамыту, әлемдік білім беру кеңестігінде ықпалдасу;

  • елдің индустриальды-инновациялық даму міндетіне, жеке бас қажеттілігіне және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін еңбек нарығы талабын қанағаттандыратын жоғары білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;

  • жастардың бойында, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгістік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер қалыптастыру.

Міндеттер:

  • білім беруді қаржыландырудың сапалы білім беру қол деткізудің мүмкіндіктеріне бағатталған жаңа тетіктерін әзірлеу;

  • педагог мамандығының беделін арттыру;

  • білім берудегі менеджментті жетілдіру;

  • оқу үдерісін автоматтандыру;

  • мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, мазмұнын жаңартып, кадрлармен қамтамасыз ету;

  • 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру;

  • аз жиынтықты мектептердің мәселесін шешу;

  • мектептерде инклюзивтік білім беру жүйесін жетілдіру;

  • экономиканың индустриальды-инновациялық даму сауалдарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) құрылымы мазмұнын жаңарту;

  • экономика саласын үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын жетілдіру;

  •  ТжКБ-да оқыту беделі арттыру;

  • білім – баршаға, өмір бойы білімін жетілдіру үшін жағдайлар жасау;

  • еліміздің индустриальды-инновациялық даму жобаларына сәйкес жоғары білімді және жоғары білімнен кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;

  • еуропа аймағындағы жоғары білімнің ықпалдастығымен қамтамасыз ету;

  • білім, ғылым және өндіріс ықпалдастығын қамтамасыз етіп, зияткерлік меншік пен технологиялар өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдайлар туғызу сиқты жүзеге асыру. Сондықтан да оқыту әдістерін дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Халыққа білім беру қызметкерлерінің сөзінде айтылғандай білім мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытуды ғылыми тұрғыдан жетілдіру, соның нәтижесінде оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру және олардың танымдыққа талабын, жеке жұмыс істеу қабілетттілігін нығайту үшін тек қана оқу жоспарларын жетілдіріп қоймай, сонымен қатар оқыту әдістерін жетілдіру керектігі айтылған. Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады. Кесте №1,2,3,4. Оқыту әдісері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік: Оқыту әдістері дегеніміз- оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалының білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалының оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастылылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере аалмайды. Сондықтан оқу үрдісі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын білген дұрыс. Дидактика териясында оқыту үрдісінің пәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас екі жақтылық негізде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым-қатынас субъектісі түрінде болады. Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің субъективті – субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың субъектісі – субъективтілік негізде құрылуы керек. Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі – субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады. М.А. Данилов, Б.П. Есипов классификация жасағанда оқыту үрдісінде дидактикалық міндеттерді негізге алады. *жаңа білімді меңгеру; *білімді іскерлікті қалыптастыру; *шығармашылықпен іс-әрекетті дамыту; *білімді бекіту; *білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру; осы оқыту әдісінің классификациясы оқытуды ұйымдастырумен үндеседі және мұғалімдерге оқу-тәрбие үрдісін жүргізуге үлкен көмек береді. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары: 1. білім мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму тапсырыстарына сәйкестендіру; 2. білім мазмұнын ізгіліктілігін қамтамасыз ету; 3. білімді өз бетімен ізденіп, тәжірибеде пайдалана алауға және соған қажеттілікті тәрбиелеуге бағытталған түпкілікті құзіреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 4. танымдық қызығушылық туғызуға бағытталған білім мазмұнын іріктеу. 5. оқушыларды өз бетімен білім алуға, іздене отырып, зерттеу тәсілдерін игеруге бағыттау; 6. білім мазмұнын ұлттық құндылықтарға негіздеу. Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс – тәсілдерді қолданамыз:

  • баланың отбасы жағдайын зерттеу

  • ата – анасымен әңгімелесу

  • шығармашылық қабілетін анықтау

  • сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтер өткізу

  • пәндік олимпиадаларға, пікір – сайыс ойындарына қатыстыру

  • ғылыми жоба жарыстарына, педагогикалық консилиумдар өткізу.

Тренингімізге көшейік:

«Мен кіммін?» Мақсаты: Студенттердің өздері жайлы пікірлерін, мінездемелері арқылы өзіндік пікірлерін қалыптастыру. Бұл жаттығуды бірінші кездесуде өткізген өте тиімді болады.Әр адамға бір парақ қағаз бен қалам беріледі. Жетекші: «1саннан 10 ға дейін баған бойынша реттік сандарды жазып шығыңыз. Әр санның тұсына «Мен кіммін» деген бір сұраққа жауаптарыңызды жазып шығасыздар. Жауап жазғанда өзіңізді ақиқатқа сай бағалап барлық оң және теріс қасиеттеріңізді шын көңілмен бағалаңыз. Осы парақты көкірегіңізге түйіп алып бөлме ішінде жайлап жүріп,өзгелердің өздеріне берген мінездемелерімен танысыңыз,ал оларға өзіңіздің жазған мінездемелік «тізіміңізді» оқуға мүмкіндік беріңіз. Қатысушылардың біреуі мысал ретінде өз «тізімін» дауыстап, топтағылардың барлығы еститіндей етіп, оқып беруіне болады. Кездесудің соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісу.

«Әуесқой» Мақсаты: Оқушылардың жылдамдығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту. Жүргізуші 1 әріп айтады, қатысушы сол әріпке сөз айтуы тиіс. Бастысы жылдам сұраққа жауап беру. Кім қате айтса сол жүргізуші болады. Ойынды жалғастырамыз. Психологиялық маңыздылығы: Интеллектуалдық ойын, күтілмеген сұраққа жауап беруге дайындық.

Рефлексия

1. Алған әсерлерімен бөлісу.

2. Ұсыныс тілектерің.

Ақпараттық білім беру ортасында білім беру процесіндегі субъектілердің құзыреттілігінің даму моделі

И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.ЛЕмберг, т.б. ұсынған оқыту әдісін үш топқа

Оқыту әдістері


Кәсіптік білім берудің моделі.

2.1. Кәсіптік білім берудің моделін жасаудың ерекшеліктері.

2.2. Кәсіптік білім беру мекемелері.

2.3. Кәсіптік білім беру жүйесін ұйымдастырудың моделі.

Оқушыда 14 – 18 жас өзін – өзі анықтау жасы. Кім болам? Қандай болу керек? Мен не нәрсеге қабілеттімін? Мен қай жерге керекпін? Міне жоғары сынып оқушыларының алдында осы сұрақ тұрады. Қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Бір жағдай адамнан қарым – қатынас, басқалардан бағынуды талап етсе, басқа кезде қозғалыстың мәдениетін, зейіннің өткірлігін талап етеді. Сүйікті мамандыққа сай қасиеттерді меңгермесе не істеу керек? Осындай көптеген сұрақтар жоғары сынып оқушысына көп ойлануды қажет етеді.

Шешім қабылдаудан бұрын, дербес адам тәжірибелі үлкендермен, құрдастарымен, кітаппен ақылдасады. Бірақ, әрбір жас адам шешімді өз бетінше қабылдауы керек.

Қазіргі заманда жасөспірімдердің кәсіби бағдарлануы қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуына тәуелді болып келеді. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби бағалануына отбасы да маңызды ықпал етеді.

Мектепте, оқушылар дұрыс мамандық таңдау үшін мамандықтандыру пәнін және кәсіби кеңес беруді еңгізу керек. Қазіргі кезде мектептерде жоғарғы оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандық туралы мәлімет жинап алуға болады.

Кәсіпке баулу жеке адамның шығармашылығын белсендіруге, әлеуметтік процестердің дамуын рационалды басқаруға және даму үстіндегі қоғамның қажеттіліктерімен жас азаматардың жеке қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған.

Кәсіпке баулу – бұл әрбір жеке тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін және халық шаруашылығына экономикалық аудандарға, жеке салаларға қажетті сұранысы бар мамандықтарды ескере отырып жастарды еркін және өзіндік мамандық таңдауға дайындаудың ғылыми негізделген жүйесі. Бұл жүйенің негізгі объектісі бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа дейінгі оқушылардың тұлғасы болып табылады. Кәсіптік бағдар бұл – бір – бірімен тығыз әрекеттесетін қоғамдық және жеке тұлғалық жоспарда жүзеге асатын күрделі динамикалық жүйе.

Мамандық таңдау, кәсіпке бағдарлану, адамның өзін – өзі тәрбиелеу мәселелері – психологияның өзекті проблемалары болып саналады.

Мектеп оқушыларына осындай бағыт – бағдар мектеп қабырғасында екі кезеңде іске асыруы қажет: біріншісі 5 – 9 сыныптарда кәсіпке бағдарлау болса, екіншісі 10 – 11 сыныпта кәсіпке оқыту болмақ. Әрбір пән мұғалімі өзі оқытатын пәннің бағдарламасы, оқулығы талптарына сай білім мен тәрбие береді. Оқушының өзі қалаған пәндері ойынша оқытуды күшейтеді.

Кәсіпке бейімдеу және кәсіпке баулу негізінен технология білім саласы бойынша жүзеге асырылады. Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, мектеп оқушыларын қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады. 1- схема

Кәсіптік білім беру бүгінгі таңда ең белсенді мәселе болып отыр. Кәсіптік білім берудің басты өлшемдерін, негізгі жұмыс бағыттарын айқындау, жұмыс кабинеттерін ұйымдастыру, ол бойынша кеңестер құру – басты міндет. Олай болса, кәсіптік білім беру мазмұнын, мақсатын анықтайтын оның тиімді жолдарын, формаларын жасау аса қажетті мәселе.

Ал енді соның ішінде педагогикалық оқу орындарына түсетін студенттер туралы айтатын болсақ, бүгінгі күнде мұғалімдік мамандыққа келіп түсетін студенттердің көпшілігі дерлік өз еркімен келіп түспейді. Оларға оқу орнын бітіргендік туралы дипломға оның педагогикалық қаблеттілікке деген ынтасы, күш-жігері, т.б. жазылып берілмейді ғой. Олардың кейбіреулері мұғалім болуды жай ғана оқу орнын шартты түрде бітірумен ғана шектелуі мүмкін, ал кейбірінің пікірі кейінгі уақытта қай жерде болмасын (ауылдық жерде, аудандық, қалалық, облыстық) жұмыс табу жөніндегі себептер көптеп кездеседі. Сондықтан педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді кәсіптік тұрғыдан даярлау мәселесі бүгінгі күні осы оқу орындарындағы мұғалім даярлайтын оқытушы қауымының үлесіне тиетін жүк. Оларды осы колледж немесе институт қабырғасында жүргенде мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын, оның келешектегі рөлін, қоғамдағы мұғалімдік мамандықтың қоғам жасаушы жастарды оқытып тәрбиелеудегі негізгі тұлға екендігін саналарына күнбе-күн теориялық, практикалық және семинар сабақтарында, жеке пән әдістемелерінде болсын, пәнаралық байланыста болсын, оларды осы мамандықтың барлық ерекшеліктерін толық меңгеруге бағыттау керек. 2-схема

Көптеген зерттеулерге қарағанда, оқушылардың мұғалімдік мамандықты таңдауына себеп болған нәрселер: стихиялы, сыртқы көріністеріне, мұғалімдерге еліктеу негізінде келгендегі туралы анықталып отыр.

Шеберлік, жоғары мәдениеттілік, қайырымды және саналы талап қоюшылық мұғалімді нағыз идеал етіп көрсетеді. Педагогикалық мамандықты таңдауда маңызды мотив ол – педагогикалық қызметке қызығу болып табылады. Табандылықпен таңдалған педагогикалық қызмет студенттің мамандықты саналы таңдап, саналы меңгеретіндігін көрсетеді.

Педагогикалық қызығушылық – ол эмоциялық – танымдық, өзінің мамандығына белсенді қарым – қатынас, кейін балалармен де жұмыс істеуге өз септігін тигізе отырып, мамандықты меңгеруі үшін маңызды элемент болып табылады. 3 - схема

Сіздің болашақ мамандығыңыз туралы пікіріңіз? (өз пікірлеріңізді ортаға салыңыз)

2. Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлде бір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.


Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. 4 – схема
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. 5- схема

Кәсіптік білім беру бойынша электрондық оқулықтарды құрастыру кәсіптік жеке тұлға моделінің, әрбір жекелеген мамандықтың кәсіптік қызметінің маңыздылығының білімін студентттердің ой елегінен өткізуі арқылы қамтамасыз етіледі. Келешек мамандарды кәсіби дайындаудың мазмұнды жағын қарастыра келе, авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі маңыздылықты ғылыми жағынан тануға, қазіргі кездегі өндірістің дамуы мен қызмет етуінің заңдарына байланысты деген қорытынды жасады. Электрондық оқулықтарды құрастырудың маңызды шарттарының бірі - өндіріс туралы шашылып кеткен білімді жүйелі білімге шоғырландыру.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...