Кәсіпорын шығындарының теориялық негіздері

Loading...


Дата10.05.2017
өлшемі0.65 Mb.
Кәсіпорын шығындарының теориялық негіздері
Сұлтанбекқызы М.

ӘльФараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ,

Экономика мамандығы, 2-курс студенті

Кондыбаева С. К.



Аңдатпа. Өндіріс шығындарының теориялық аспектілері ретінде оның негізгі мәні, мен мазмұны,мқызметтері, оның кәсіпорын жағдайындағы рөлін талдау және түрлері бойынша ажыратып, ақпаратты жеткізу Мақалаға жүктелген міндет- тақырыптың толық мәнін ашу, негізді, толық, сапалы әрі сенімді ақпарат беру.

Кілт сөздер: өндіріс, шығындар, кәсіпорын, өнім, құн.
Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалымдардың ақшалай көрінісі. 
Фирманың шығындарына деген бухгалтерлік және экономикалық көзқарастар қалыптасқан. Фирма қызметіндегі капитал айналымы өткен уақытпен бағалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шығындарды анықтаудың бухгалтерлік бағыты орын алады. Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. Сонымен қатар, капитал айналымы фирманың болашағы тұрғысынан да қарастырылуы мүмкін. Бұл кезде экономикалық шығындар пайда болады. Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолданылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Бухгалтерлік шығындарға амортизация, материалдық шығындар, еңбекақыға кеткен шығындар, әлеуметтік сақтандыру шығындары жатады және олар фирманың есеп берулерінде көрсетіліп айқын шығындар сипатына ие болады. Ал экономикалық шығындардың бухгалтерлік шығындардан басты айырмашылығы болып фирманың қарамағындағы құралдардың әртүрлі нұсқаларда қолданылуы табылады. Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, фирмада әрқашанда таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріске салып қосымша пайда көре алады немесе сол қаржысын банкке салып одан пайыз түрінде де пайда таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың бірдей жұмсалуының нәтижелері әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда экономикалық есептеулер жүйесінде баламалы шығындар орын алады. Баламалы шығындар, немесе таңдау шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ, фирма ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын» ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың меншігі ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар). Сонда баламалы шығындар «айқын» (ақшалай) және «айқын емес» шығындардың сомасына тең болады. 
Фирма өнідіріс көлемі мен ұсынысты анықтау үшін ең алдымен осы баламалы шығындарға назар аударады, себебі, оларды алдағы уақытта нарықта тауарлар ұсынысын шектейтін фактор ретінде қарастырады. Әрбір фирма баламалы шығындарын әрдайым төменде-туге тырысады, өйткені олардың өсуі пайдасын төмендетуге алып келеді.
Сонымен қатар, экономикалық шығындардың құрамына қалыпты пайда да кіреді. Қалыпты пайда кәсіпкерлік қабілет факторынан түсетін және іскерлік белсенділікті жүзеге асырудан келетін ең минималды қамтамасыз етілген таза табыстың түрін білдіреді. Олай болса, бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан айқын емес шығындар мен қалыпты пайда шамасына кіші болып келеді.
Өндіріс шығындарын анықтаудағы экономикалық көзқарас шығындардың құрамын белгілеуге және шығын элементтерінің шығарылым көлемін арттыруға әртүрлі қатысатындығын анықтауға мүмкіндік береді. 
Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:
1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады. 
2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.Фирманың өндіріс шығындары сапында орташа шығындар мен шекті шығындардың да орын алуы аса маңызды болып табылады. Фирма шешім қабылдау кезінде бұларды міндетті түрде ескереді.
Орташа шығындар – бұл өнім бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы шығындар. Орташа шығындар жалпы шығындардың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
АС(averagecosts)=ТС/Q.
Орташа шығындар үшке бөлінеді:
1. Орташа тұрақты шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АFС=FС/Q.
2. Орташа өзгермелі шығындар - өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:
АVС=VС/Q.
3. Орташа жалпы шығындар – орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындардың қосындысы:
ATC=AFC+ATC.
Шекті шығындар – бұл өнімнің келесі бір бірлігін өндірумен байланысты өндіріске тартылған қосымша шығындар. Бұл шығындар жалпы және өзгермелі шығындардың өзгерісін туындатады және осы шығындар өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

МС(marginalcosts)=∆TC/∆Q,МС=∆VC/∆Q.
Шекті шығындардың өнім өндіру көлеміне тікелей қатысы болғандықтан, олар тұрақты шығындарға әсер етпейді. Сол себепті, қосымша тұрақты шығындар әрқашанда нөлге тең болады: МFC = 0.

Шығындарды экономикалық элеметтер арқылы топтастыру барлық шығарылған өнім түрлеріне смета құру үшін, өзіндік құнның төмендеуін жоспарлау үшін, шығындардың құрылымын анықтау үшін, айналыс құралдарын мөлшерлеу үшін қолданылады. Мұның тағы бір ерекшелігі – шығындардың пайда болу орны есепке алынбайды және шығындар экономикалық мазмұны бойынша түрлерге бөлінеді.

Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді өндіру, өткізу шығындары келесідей экономикалық элеметтерге бөлінеді:

- материалдық шығындар

- еңбекақы шығындары;

- сақтандыру шығындары (әлеуметтік төлемдер)

- негізгі қорлардың тозу құнын есептеу шығындары (амортизация);

- басқа да шығындар.

Өндірілген өнімнің бір данасына кеткен шығындарды есептеу барысында экономикалық элеметтер бойынша топталған шығындар қолданылмайды. Өйткені көптеген шығындарды өнімнің түрлеріне жатқызу мүмкін емес. Өнімнің бір данасына кететін шығындарды есептеу барысында шығындарды баптар бойынша топтастыру қолданылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыру кезінде дедукция әдісін пайдаланып шығындардың пайда болу орны мен мақсатты жұмсалуына байланысты түрлерге бөлу қолданылады.

Жеке өндірілген өнім түрлерінің өзіндік құнға жатқызу тәсіліне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей шығындар дегеніміз – жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз, тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізаттар мен негізгі материалдар, тағы сол сияқтылар.

Жанама шығындар – жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылмайды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады. Барлық өндірілген өнім арасына шартты түрде пропорционалды бөлінеді. Мысалы, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.




Ескерту - [1] дереккөзі негізінде автор қарастырған


1- сурет. Шығындардың жіктелуі


Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндіріс процесімен тікелей байланысты, ал  үстеме шығындар өндірісті басқарумен байланысты.

Өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне байланысты шығындар пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді.

Пропорционалды шығындар қатарына өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты өсетін шығындарды жатқызамыз. Мысалы, шикізат, негізгі материалдар, отын шығындары, технологиялық мақсатта қолданылатын энергия, тағы басқа да шығындар.

Пропорционалды емес шығындар өндіріс көлемі азайған немесе көбейген кезде айтарлықтай өзгермейтін шығындар. Мысалы, жарықтандыру, отын шығындары, құрылыстар мен ғимараттардың тозу құны т.б.

Шығынға жатқызылу уақтысына байланысты ағымдағы, болашақ кезеңнің шығындары және алдағы шығындар.

Ағымдағы шығындар дегеніміз – есептік кезеңде пайда болатын және сол есептік кезеңде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. Болашақ кезеңнің шығындары есептік кезеңде пайда болады, бірақ өндірілген өнімнің өзіндік құнына біртіндеп келесі кезеңдерге жатқызылады. Алдағы кезеңнің шығындары өндірілген өнімнің ағымдағы шығындарына жатқызылады, бірақ сол шығындардың өздері кейінірек пайда болады. Мұндай әдістің негізгі себебі шығындарды өзіндік құнға бірқалыпты жіберу болып табылады. Мысалы, жұмысшылардың демалыстарын төлеуге арналған резервтер, құрылғыларға жөндеу жүргізуге байланысты резервтер, тағы басқалары.

Шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты элементтік және кешендік болып бөлінеді.

Кешендік шығындар дегеніміз – көп элементті  баптардан тұратын шығындарды айтамыз. Мұнда өндірістік, шаруашылық,  коммерциялық және басқа да шығындар қамтылады. Шығындарды осындай тәсілмен бөлу өнімнің жаңа түрлерінің өзіндік құнын есептеу кезінде пайдаланылады.

Шығындардың өндіріс іс-әрекетіне тиістілігі. Бұл қағида бойынша, өндірістің барлық шығындары кәсіпорын мүддесіне жасаса, бірақ бұл шығын басқа мекемеге тән болса, онда бұл шығындар осы кәсіпорынның өзіндік құнына жатқызу тиіс емес.

Шығындар ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Мұндай бөлу өнімнің өзіндік құнын анықтаудағы алғы шарттардың бірі болып табылады.

Шағандарды өзіндік құнға жатқызудың төлем факторінен тәуелсіздігі. Бұл қағидаға сәйкес, өткізілген өнім үшін келген төлемнің түсу уақытысына қарамастан, өнімді өндіру мен өткізу шығындарын өзіндік құнға пайда болған уақытында жатқызу керек.

Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде төлем факторына қарағанда тауар факторының маңызы зор[1].



Қорытынды. Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Кәсіпорын тауарға оны өндіруге, бөлуге және өткізуге, жұмсалған күшпен тәуекелділік үшін пайданың әділ нормасын қоса, жұмсалған шығын толығымен өтелетіндей баға белгілеуге тырысады. Кәсіпорынның шығыны екі түрлі: тұрақты шығын мен өзгермелі шығын. Тұрақты шығын (үстеме шығын) өзгермеген күйінде қалады және өндірістің көлеміне тәуелсіз жүзеге асырылады. Өзгермелі шығын өндірістің көлеміне тікелей тәуелді. Өнімнің бір өлшеміне шаққанда шығын әдетте өзгермеген күйінде қалады, ал оның өзгермелі деп аталу себебі, оның жалпы сомасы өндірілген тауардың санына (көлеміне) қарай өзгеріп отырады. Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы әрбір нақты өндіріс деңгейінде жалпы шығынды құрайды. Қоршаған ортаға қатысына қарай өндіріс шығыны ішкі және сыртқы шығындар болып бөлінеді[2].
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. [1]Uniface интернет ресурс: http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=394

  2. [2] Уикипедия ашық энсиклапедиясы интернет ресурс: https://kk.wikipedia.org/wiki

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...