Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді



жүктеу 121.5 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі121.5 Kb.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы 060009, Атырау қаласы, Лесхоз мөлтек ауданы , 49 «А»- үй, телефон 8 (7122) 28-16-91, факс 8(7122)28-16-91, электронды мекенжайы: е-mail: atyrau_vetoti@mail.ru, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Жалпы талаптар:
С-О-5 санаты үшін: Білімі - жоғары.

Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

С-O-5

min

max

83282

112431


1. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің есепші маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік). Уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 2017жылдың 29 маусымына дейін.

Функционалды міндеттері: Сатып алынған мүліктер, ұйымдастырау техникасы және басқа да материалдық заттарды есепке алып, алынған бұйымдардың инвентарлық нөмерін салады,мүлікпен материалдық инвентаризация жүргізеді, есептерін тексереді,мүліктер мен материалдардың есептен шығару нормативін сақтап , қадағалайды, ай сайын материалдық есеп жасайды, аудандық инспекциялардан есеп қабылдайды, жылына бір рет материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлермен келісім шарт жасайды,автокөліктерге берілетін жанар-жағар майдың, улы химикаттардың есебін жүргізеді,күнбе-күнгі жол қағаздарын береді, қазнашылық департаментіне төлемдер есебі бойынша қаржы аударады, әр аптаның сәрсінбісінде қаржының игерілуі жөнінде есеп жасайды.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, есеп және аудит,есепші, қаржы, қаржы және несие, экономикалық мамандығы бойынша.

Келесі құзыреттер бар болу керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің кадр бойынша бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Инспекцияның Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді. Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық, кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Аттестаттау, конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарлату,тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметінен босатылу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды рәсімдейді. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын,тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын,біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, көтермелеу түрлерін, олардың қолдану тәртібін әзірлейді. Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атрырау облысы бойынша департаментіне келген кадр туралы тапсырмаларды апталық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін орындайды, Е-қызмет жүйесімен жұмысын жасайды.Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін ұйымдастырады. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, заңгерлік, құқық, экономикалық, мамандығы бойынша. Келесі құзыреттер бар болу керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
3. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің заңгер бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Белгіленген тәртіппен сотта, сол сияқты құқықтық мәселелері қаралатын басқа да органдарда, мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда инспекцияның мүдделерін қорғайды, инспекцияның бөлімдеріне және аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларына заңдарды қолдану практикасын қорытады, ұсыныстар әзірлейді және оларды комитет басшылығына қарауға еңгізеді, инспекция басшысына қол қоюға ұсынылған бұйрықтар,нұсқаулар, шарттар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін тексереді және құжаттарға қол қою тәсілімен белгі соғады, шағымдық талаптық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді, шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу практикасын, сондай-ақ, шағымдардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, инспекция басшылығына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар береді,инспекция қызметкерлерінің еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысады,талан-таражға салу, бас пайдасы үшін қиянат жасау, кем шығуы немесе өзге құқық бұзушылық туралы тиісті бөлім басшылары мен мамандары дайындаған материалдарды тергеу, сот орындарына беру үшін заңды рәсімдеуді жүзеге асырады. Инспекцияға келтірілген материалдық зиянның орнын толтыру жөніндегі жұмыста бухгалтерлік қызметте құқықтық көмек корсетеді, қызметкерлер мен жұмысшыларға материалдық зиянның орнын толтыру, жүктелген кезде заңда көзделген тәртіп пен кепілдіктерін сақталуын қамтамасыз етеді, инспекцияға қатысты барлық шұғыл кеңестерге қатысады.Аумақтық инспекцияларда қолданып жүрген заңдар туралы ақпараттық материалдар дайындайды, олардыоқып үйренуді ұйымдастырады, аумақтық инспекциялар қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді. Азаматтардың арыз-шағымдары жөнінде есептемені жасайды, есеп береді, аудандарға осы есептемені жасауға басшылық береді, аумақтық инспекцияларда қолданып жүрген заңдарға, өзге де құқықтық-нормативтік актілерге еңгізілген өзгерістер мен толықтыруларды береді, бұйрық жобасын әзірлейді. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстарды атқарады.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, заңгерлік, құқық мамандығы бойынша. Келесі құзыреттер бар болу керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
4. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғаудағы ветеринариялық iс-шаралардың жүргізілуіне бақылау және қадағалау, ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылық талаптарының сақталуын орындауды бақылау және қадағалау, мал ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюға, алдын алуды, емдеу немесе диагностикасын қоса алғанда бағытталған ветеринариялық іс-шараларды жүргізілуіне, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен малдың денсаулығына қауіп төндіретін малдардың аса қауіпті ауруларымен ауырған малдарды алып қою және жою, мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында мал өнімдері мен шикізаттарының, жем-шөп және жем-шөп қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанада олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, малдәрігерлік, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандығы бойынша. Келесі құзыреттер бар болу керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты) 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: облыс аумағында бақылауға жататын мемлекеттік ветсан бақылаудың импорт, экспорт және транзит кезінде тауарлардың жеткізілуін барлық транспорт түрлері бойынша (темір жол, су қатынасы,әуе қатынасы,автокөлік) және тасымал кезінде қол жүктерін қоса есептегенде, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың тасымалданатын обьектілерді ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; облыста ветеринария саласындағы заңға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады және міндетті түрде орындалу үшін актілер шығарады; ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етеді; жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдылық талаптарының сақталуын орындауды бақылау және қадағалау; облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелiнуi мен таралуынан қорғаудағы ветеринариялық iс-шаралардың жүргізілуіне бақылау және қадағалау; мал ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюға, алдын алуды, емдеу немесе диагностикасын қоса алғанда бағытталған ветеринариялық іс-шараларды жүргізілуіне, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен малдың денсаулығына қауіп төндіретін малдардың аса қауіпті ауруларымен ауырған малдарды алып қою және жою; мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында мал өнімдері мен шикізаттарының, жем-шөп және жем-шөп қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанада олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау; мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауға жататын обьектілерде ветеринариялық санитариялық талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау; Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 14 бабының 1 тармағынын 1-11 тармақшасына көрсетілген нысандарға ветеринариялық санитариялық бақылауды ұйымдастыру ; Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 37-1 және 38 баптарына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауға жататын жеке кәсіпкер субъектілерін және басқа да нысандарды тексеруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету;заңдылыққа сәйкес өз өкілеттілігі шегінде актілер шығару.

Конкурска қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім, малдәрігерлік, ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария мамандығы бойынша.Келесі құзыреттер бар болу керек: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылатын сауалнама;

  3. білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

  5. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен беітілген (ҚР Нормативтік құқытық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама);

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру өкілетті органның (kyzmet.gov.kz) веб-сайтында соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тапсыруына болады қолма-қол тәртіпте, пошта немесе электронды түрде электрондық пошта бойынша, «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ақпараттық жүйе арқылы мерзімінде ұсынуына болады.

Құжаттарды электрондық пошта бойынша, «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ақпараттық жүйе арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беруі тиіс.

Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайта, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясында Атырау қаласы, Лесхоз м/а, 49А, 3 қабат, ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және мемлекеттік органның басшысының келісімімен сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжіребиесі бар тұлғалар,сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет