КӘсіби күйзелістің алдын алу жолдары әбілақат А. М

Loading...


Дата05.02.2017
өлшемі42.05 Kb.
КӘСІБИ КҮЙЗЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Әбілақат А.М.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., aigan_10@mail.ru

Ғылыми жетекші: Ахмедиева К.Н.

Кәсіптің тұлғаға әсер ету мәселесі зерттеушілер көкейінде жүргенімен, қазіргі таңда өзекті және әлі де ары қарай қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі болып отыр. Қарқыны өте жылдамдықпен болып жатқан қоршаған ортаның түрлі жағдайларына адам баласының бейімделуі қиынға соғады, әрі адам бейімделе отырып эмоциялық тұрақтылықты сақтауы қажет болады. Адам ағзасы бойындағы күш-қуатты қайта-қайта қалпына келтіруге үлгере алмайтындықтан, мұндай жағдай жүйке жүйесінің әлсіреуі мен қажуына жеткізеді және психосоматикалық аурулардың пайда болуының алғышарты болады. Соның бірі кәсіби күйзеліс, яғни әр түрлі маман иелерінің жұмыс барысындағы қажуы.

Психологтар күйзеліс немесе стресс тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасап: «Стресс-аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы»,- деген анықтама берген.

Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ, денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды [1].Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарылайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады. Стресстің келесі кезеңдері бөліп көрсетілген (1-кесте).

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан, психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Стресс әсері шамадан тыс асып кетпеген жағдайда денсаулыққа пайдалы. Жұмылдырылған күш стрессор әсеріне толық әлі келетін жағдайда, ағза жүктемеге артық жауап бере отырып, дененің тұрақты белсенділігі қалыптасады, осы кезде адам тәні мен ақыл-ойы өте үйлесімді және дәл өлшеммен қызмет ете бастайды. Селье ағза қызметінің бұл шарықтау күйін айстресс (грек. аі- нағыз, тамаша) – деп аталады. Стресстің мұндай тиімді шаттандыру кезеңі ұзаққа бармайды. Аз ғана уақыттан соң ағза күйі төмендеп екінші, одан соң үшінші сатыға өтеді, яғни дистресс басталады. Дистресс (ағылшын. distress- шамдану, қорлану )- көңіл-күйдің жағымсыз жағдайы. Дистресс адам денсаулығына талқандаушы әсер етеді. Ол адам басында қайғы, бақытсыздық, ауру-сырқау, мұқтаждық, жарақат болған кезде орын алады. Қазіргі таңда жеке адам психикасына тәуелсіз, көпшілікке ортақ стресс факторы жұмыссыздық пен жұмыс берушінің осы жағдайда арзан жұмыс күші көзі ретінде пайдалануы. Ал адамның жеке өзіне байланысты стресс факторлар: жұмысқа жиренішті көзқарас, ұйымдастырушы мен басқарушының тәжірибесіздігі, қимылы аз тұрмыс қалпы, дене және ой қызметіне қабілеттіліктің төменгі деңгейі, дене қалыптасуы мен дене тәрбиесіндегі кемшіліктер; өзін-өзі бағалаудағы қорыну, өзін-өзі кем санау зиянды әдеттер дағдысы, тіл табыса білмеу, адамдармен жақындасуға қорқу, ұялу, демалыс тәртібі туралы құқықтық сауатсыздық, жұмыстан өзге қызметке дұрыс алмаса білмеу, жұмыстан басқа ешнәрсеге мойын бұрмау, қызығатын өзге ісінің болмауы.

Американдық психологтар стресс дамуының бес сатысын айқындаған:



  1. Елеңдеу, елегізу, алаңдау бастауы.

  2. Аздаған шаршау сезімі пайда болуы, қызметке сырт қарай бастау.

  3. Физиологиялық өзгерістер басталуы, жүрек соғысы жиілеуі, қан қысымының көтерілуі, ас қорыту жүйесінің сыр бере бастауы, асқазанда сыздау, шаншу пайда болуы.

  4. Адам ауыра бастағанына көз жеткізуі.

  5. Адамға аруруы туралы нақтама қойылып, оның стресс факторы байланысы айқындалады.

Кәсіби күйзеліс – адамның еңбек қызметіне байланысты теріс уайымдау салдарынан тұлғаның деформациялануының бір түрі. Адамдар эмоционалдық, психикалық және физикалық қажыған сайын күйзеліске ұшырай бастайды. Ал кәсіби күйзеліс - қазіргі қоғамның «кеселі» болып отыр. Алайда химиялық, физикалық немесе биологиялық зиянды әсері емес, эмоционалдық  және стресс әсері. Кәсіби стрессогендік факторлар, маманның тікелей жұмысына байланысты болғандықтан, әр түрлі неврологиялық  бұзылулардан психосоматикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін.   Тұлғаның кәсіби деформациясы – бұл кәсіпқой маман иесінің жұмысының әсерінен тұлғаның мінез-құлқының өзгеруі [2].

Кәсіби стресс- бұл адамдармен жұмыс жасайтын: мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, менеджерлер, дәргерлер, жуналистер, кәсіпкерлер, саясаткерлерде болатын ең қауіпті кәсіби дерт. Бастапқыда бұл термин өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік күйі ретінде анықталды

Кәсіби күйзелістің себептері, яғни оған әкелетін  стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:


  • Жағымсыз алаңда жұмыс істеу – кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби күйзеліске әкеледі.

  • Эмоционалды күю синдромы — бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс.

  • Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы. Маман тәжірибесінде әріптестерімен кейбір жағдайда келіспеушіліктер,  түсініспеушіліктер болып тұрады.

  • Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады.

  • Субъективті моббинг – тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия жәнет.б. себептерден қобалжу болып табылады.

  • Ургентті аддикция – өзі байқамай, мiндеттемелердiң орындалмайтын санымен жүктеу.

  • Экстремалды жағдайлар – жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдауы қажет.

  • Аса жоғары жауапкершілік – жасалынған жұмыс туралы  есеп беру.

Адамдармен қарым-қатынас жасауға байланысты, кез-келген мамандық адамдармен тіл табысуда және ерекше дағды қарым-қатынастары кезінде міндетті түрде өз сөзі мен ісіне бақылау жасауды қажет етеді.

Осыған байланысты осы сияқты жұмыстар эмоционалды күш-қуаттың артуына ерекше күш қажет етеді. Адамдармен жұмыс жасаушы маманға қарым-қатынастың түрлі аспектілерін үнемі эмоциямен нақтылап отыруы тиіс проблеманы белсенді түрде қою және шешу, зейінді қабылдау, визуалды, дыбыстық және жазбаша ақпаратты тез қорытындылап, күшті есте сақтау баламаларды тез сақтап, шешім қабылдау. Жүйелік жағдай біреулер үшін эмоцияның орынсыз жұмсалуын тудырады, ал тағы біреулер үшін психикалық қорларды үнемдеу тәсілдері іздеуге ұмтылдырады. Жүйкесі мықты сақ байқағыш адам ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні эмоционалдық күйіну тәсіліне бой ұсына бастайды: бәрінен және барлық нәрседен бойын аулақ ұстайды, барлығы көңіліне ала бермейді, жүйкесін аялайды.

Н.А.Аминова мен Л.Г.Федоренконың зерттеулері (2003), 20 жылдан кейін педагогтарда эмоционалды «күйіну» басталады, 40 жылға қарай барлық мұғалімдер «күйінеді». Одан бұрын, жүйке жүйесіне шалдыққан пациенттерге қарағанда жас педагогтардың көрсеткіш деңгейлері әлеуметтік бейімделуге төмен болып, іс-әрекеттерінде дөрекілік, сенімсіздік, мазасыздық пайда бола бастайды [3].

Эмоционалдық тасымалдау механизмі бар онда энергетиканың қандай да бір мөлшерде өзіңе де басқаға да бағытталуы. Іс әрекеттің сыртқы факторынан алынған әсерлер тұлғаны үнемі жаралап, кәсіби іс әрекеттің психотравмалық элементтерін бірнеше мәрте бастан кешіруге мәжбүрлейді. Бұл жағдайда эмоционалдық күйінуге ықпал ететін ішкі факторлар маңызды орын алады, олар міндеттердің қарқынды интериоризациясы, рөлдер, іс әрекеттің жағдайлары, жоғары түйсіктілік және жауапкершілік сезімі.

А.В.Ребровтың бойынша кәсіби күйзелістің кезеңдері:

Бірінші кезеңі:

• Эмоцияның тұншығуы басталады: маман оны байқаған болады: бәрі дұрыс сияқты, бірақ жаны жайсыз және көңілсіз;

• Жақсы эмоциялар жоғалады;

• Беймазалықтың, қанағаттанбаушылық туындайды

Екінші кезеңі:

• Әріптестермен түсінбеушілік туындайды;

• Әріптестерінің арасында араздық ара-қатынас ақырын көріне бастайды, басында жақтыртпаушылық содан кейін тітіркенудің тұтануы болады.

Үшінші кезеңі:

• Адам өмірдің қымбат екені туралы ойлауда тұйықталып, өмірге, әлемге деген эмоционалдық қарым-қатынастына, тіпті жеке өміріне де, барлығынада селқос, қауіпті болады. Біріншіден психологтың міндеті кәсіби күйінуінің алдын-алу бойынша жұмыс жүргізуді іске асыру болып табылады [4].

Күйзелістің алдын алудың әр қилы стратегиялары бар. Біріншісі - эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі - жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу. Үшінші жол-қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.

Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.

Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сияқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.

Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз. Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған. «Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту стрессті болдырмаудың тағы бір әдісі болып табылады.



Қорыта айтқанда, кәсіби күйзеліс жаһандану заманындағы қалыпты жағдайлардың бірі болып, дені сау тұлғаның денсаулығына қауіпті, жұмысқа қабілеттілігін төмендететіндігі дәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен де, бұл ауқымды мәселе зерттелуі сонау ғасырлардан бастау алса да, әлі де жан-жақты талдауды, тереңінен зерделеуді қажет ететін, толықтай ашылмаған, күн тәртібінен түспейтін тақырып. Әр адам бір немесе бірнеше кәсіби қызметті атқаратынын ескере отырып, бұл тақырыпқа бей-жай қарамай, өзекті мәселелердің қатарына қоса аламыз. Осы себептен де, кәсіпке байланысты стресстің дер кезінде алдын алу шараларын жасау, одан шығуға көмектесу психолог қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. М.М.Ақмырзаев, Ә.Ү.Сағымбаев. Валеология. Оқулық. «Фолиант», - 2007 - 262 б..

  2. Э.Қалымбетова. Еңбек психологиясы. Оқулық. «Алматы», - 2008 -71б..

  3. А.К. Маркова. Психология профессионализма, Изд.: Международный гуманитарный фонд «Знание», 2009., с-308

  4. А.В. Ребров. Влияние мотивационной структуры на результативность труда работников \ различных профессий // Социологические исследования, № 5, 2014.

Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану Манас Махпал
2016-04 -> Криминалисткалық болжаудағы криминалистикалық тактика арқылы тергеуді жоспарлаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Публицистикалық жанрлардың Қазақ баспасөзіндегі орны
2016-04 -> Ұлттық идея тәуелсіздік тұҒыры
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Моральдық зиянды өтеу жолдарының Қиын тұстары сыдықбек Д. Ж
2016-04 -> Криминалистикалық болжау криминалистиканың жеке ілімі ретінде серікқали Айжан Ардаққызы
2016-04 -> Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық ҚҰндылықтар негізінде эстетикалық ТӘрбие беру
2016-04 -> Жасөспірімдік шақТАҒы эмоцияның даму ерекшеліктері а. Х. Уразбекова
2016-04 -> Жер үшін төленетін төлемдер жексенова Арай Қадылбекқызы


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...