Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы Жалпы ережелер



жүктеу 163.05 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі163.05 Kb.


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрінің

2014 жылғы
№ …бұйрығымен

бекітілген



Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы
1. Жалпы ережелер


  1. Осы Теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.

  2. Осы Қағида жүзу кезінде немесе тұраққа кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртібін белгілейді.

  3. Осы Қағиданың қолданысы:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын;

2) олардың жүзуі немесе Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі су жолдары тұрағы кезінде шетел туын көтеріп жүзетін пайдаланудағы теңіз кемелеріне таралады.

4. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.

5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) авариялық жағдай - апатқа ұшырауға және теңізде жүзу сапасын жоғалтуға әкеп соқтырған кемемен болған оқиға, кемемен басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарының, жағалау құрылыстарын, су асты кабелін, су асты құбыр жолдарын зақымдау, кеменің тіркеп сүйреткен объектісін жоғалтуы;

2) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басқаруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген –

салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) порттың теңіз әкімшілігі – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі.

4) навигациялық қауіпсіздік - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткіліктік пен дәлдігі дәрежесі, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруі туралы навигациялық жедел ақпараттың, уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудің толықтығы мен сенімділігі, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы жүзудің қауіпсіз жолдары туралы ұсынымдар және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және басқа факторлары;

4) пайдаланылу шектеулері - авариялық жағдайдың нәтижесінде пайда болған техникалық жай-күйі деңгейінің төмендеуін және/немесе теңізде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшіліктердің пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кемені пайдалану кезеңінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды белгілі бір қолданудан шығару;

5) сюрвейер - кемелерді және жүктерді тексерумен айналысатын және олардың жай-күйі, авариялық жағдай кезінде бұзушылықтардың мөлшері туралы, кеменің теңізде жүзуі туралы қорытындыны беретін сарапшы;

6) теңізде жүзу сапасы - кеменің беріктілігіне, орнықтылығына, жүзушілігіне және батпаушылығына қойылатын талаптар жиынтығы;

7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;

8) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті.

6. Авариялық жағдайды тергейтін орган уәкілетті орган болып табылады.

7. Авариялық оқиғалар туралы хабарлайтын орган, теңіз портының капитаны басқаратын теңіз портының әкімшілігі (бұдан әрі - ТПӘ) қажетті ақпаратты және дәлелдерлі жинап, осы қағидаға сәйкес кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу үшін уәкілетті органға жолдайды.

8. Әр түрлі кеме иелеріне тиесілі кемелердің соқтығысумен байланысты авариялық оқиғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы теңіз портының акваториясында болған авариялық оқиғаларды уәкілетті орган аварияға ұшыраған кеме иесі өкілдерінің қатысуымен тексереді.

9. Навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етудің кемшіліктерінен болған авариялық оқиғаны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштері өкілдерінің қатысуымен тергейді.

10. Шет мемлекеттердің мүддесін қозғайтын авариялық жағдайларға, мұзды жерлерде жүзу кезінде, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, навигациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілмейтін аудандарда немесе жағдайларда жүзу кезінде болған кеменің зақымдануын, уәкілетті орган тергейді.

11. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемемен болған авариялық жағдайды уәкілетті орган тергейді.

12. Кеме капитаны болған авариялық жағдай туралы кеме иесіне дереу хабарлайды. Егер авариялық жағдай Қазақстан Республикасының аумақтық суларында немесе қазақстандық порт акваториясында болса, хабарлама ТПӘ-ге де жіберіледі, ол болған авариялық жағдай туралы Комитеттің аумақтық бөлімшесіне және көлік прокуратурасына дереу хабарлайды.

13. Шетелдің аумақтық суларында орын алған авариялық жағдай туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме капитаны кеме иесіне, уәкілетті органға, дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарлайды.

Болған авариялық жағдай туралы кеме сақтандырылған сақтандыру ұйымының өкіліне де хабарланады.

14. Кеме иесі навигациялық жабдық құралдарының барлық зақымдану жағдайлары туралы ТПӘ-ге, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің тиісті қызметіне немесе зақымдалған жабдық кімнің қарауында болғанына байланысты су қатынасы мемлекеттік кәсіпорнына дереу хабарлайды.

15. Барлық авариялық жағдайлар туралы кеме иесі ТПӘ-ге хабарлайды.

16. Авариялық жағдайлар туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) кеменің атауы, шақыру белгілері, типі (сериясы), жасалған жылы мен орны. Мұздан болған авариялық жағдай кезінде корпустың мұзға қарсы күшейтілуінің нақты санаты көрсетілсін;

2) күні, кемедегі уақыт;

3) аудан (порт, айлақ, бұғаз, шығанақ, рейд, ішкі және аумақтық сулар, ашық теңіз), координаттар;

4) кеменің соңғы шыққан пункті және оның баратын бағыты;

5) жүкпен немесе тепе-тең, жүктің түрі (егер кеме сұйық жүк таситын болса, онда газдан тазарту, инертті газдардың жүйесі туралы мәліметтер);

6) гидрометеорологиялық жағдайлар (желдің бағыты және күші, теңіздің толқындауы, кішкене толқындар, ағысы, көру мүмкіндігі, мұз жамылғысының сипаты, ауа-райы болжамы);

7) бортта лоцманның болуы, тіркеп сүйреуді пайдалану;

8) авариялық жағдайдың мән-жайы:

соқтығысу кезінде: бағыт, жылдамдық, вахтаның құрамы, кемені кім басқарды, жағдай (басып озу, қарсы жүзу, қиылысатын бағытпен жүзу);

қайраңда тұрған кезде: топырақтың сипаттамасы, авариялық жағдайға дейін және кейін шөгуі (алдыңғы, артқы жағымен), шөгуді жоғалту, қисаю, бағыт, тасу мөлшері, бір сантиметр шөгуге келетін тоннаның саны, трюмдар, танктер бойынша жүктерді орналастыру, кеме бетіндегі палубадағы жүк, тіркеме арқанның және брагаға арналған арқанның болуы және өлшемі;

9) авариялық жағдайға тап болған кемелердің атауы, олардың туы, тіркелген порты, иелері туралы мәліметтер;

10) кемелердің теңізде жүзу қабілеттерін жоғалтуы, айлақтың (объектінің) пайдаланудан шығарылуы;

11) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы көрсетілген зардап шеккен адамдардың саны;

12) су ортасын ластау, кемеден тасталған мұнай өнімдерінің және басқа зиянды заттардың көлемі, орны, болжамды себебі, түрі және мөлшері;

13) адамдарға көмек көрсету және құтқару, зақымдануларды және теңізді ластау салдарын жою жөнінде қабылданатын шаралар. Суға түсірілген құтқару құралдарының саны және типі;

14) өміршеңдік үшін күрес жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру, кемелермен және жағалаулық станциялармен байланыс;

15) капитанның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, білімі, капитан лауазымындағы жұмыс өтілі, осы кемеде жұмыс істеген уақыты;

16) авариялық жағдайдың мән-жайын және оның зардаптарын сипаттайтын қосымша мәліметтер.
2. Авариялық жағдайларды тергеу тәртібі
17. Авариялық жағдайды тіркеу үшін авариялық жағдайға ұшыраған кеме капитаны, кеме немесе оның экипажы бірінші қазақстандық портқа келгеннен кейін болған авариялық жағдай туралы кеме иесіне хабарлайды, сондай-ақ жиырма төрт сағаттың ішінде ТПӘ-не теңіз порты капитанының атына авариялық жағдай туралы жазбаша және олар бекіткен техникалық актіні ұсынады немесе жолдайды.

18. Авариялық жағдай туралы жазбаша өтініш еркін нысанда жазылады, онда авариялық жағдайға кім ұшырады, күні, уақыты, болған жері көрсетіледі.

19. Техникалық актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) күні, орны, кеменің борты;

2) актіні жасаған тұлғалардың лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты;

3) авариялық жағдайдың түрі, орны және күні;

4) зақымданулардың толық сипаттамасы және залалды атап көрсету;

5) зардап шеккен адамдардың тізімі, жоғалған жүктің (мүліктің, керек-жарақтың, жабдықтардың, жабдықтаудың, радиограммалар көшірмелерінің) тізбесі;

6) актінің соңында актіні жасаған тұлғалардың қолы қойылады.

20. Авариялық жағдайды ТПӘ лауазымды тұлғасы авариялық жағдай туралы өтінішті және техникалық актіні алған кезде Авариялық жағдайларды тіркеу журналына тіркейді.

ТПӘ Авариялық жағдайларды тіркеу журналына авариялық жағдайларды сыныптау туралы мәліметтерді енгізеді.

Капитанмен ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін, ТПӘ авариялық оқиға бойынша барлық материалдарды авариялық жағдайды жіктеу үшін уәкілетті органға жолдайды.

21. ТПӘ кеме капитанынан тергеуге қажетті құжаттарды уақтылы беруін талап етеді.

22. Кеме капитаны авариялық жағдай туралы құжаттарды тергеу органдарына береді және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасына сәйкес теңіздік наразылықты ресімдейді.

23. Кеме капитаны кеме немесе оның экипажы бірінші қазақстандық портқа келгеннен соң үш тәулік ішінде ТПӘ-ге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін түрде жазылатын авариялық жағдайдың жай-күйін, себептерін, салдарын оған қатысты тұлғаларды көрсетумен авариялық жағдай туралы толық хабарлама;

2) кеме құжаттарынан көшірмелер;

3) авариялық оқиғаға қатысы бар тұлғалар мен куәгерлердің түсініктемелері;

4) қажет болған кезде - өзі жазатын ленталар, олардың мағынасын ашу, төсеммен бірге жол картасы;

5) маневрлеу сызбасы, радиолокациялық планшеттер;

6) зақымданудың сызбалары мен кескіндері;

7) ТПӘ-нің талабы бойынша авариялық жағдайға қатысты құжаттар.

24. Қажетті ақпараттар және дәлелдер жинау процессінде кеме капитаны ТПӘ талап етуімен авариялық оқиға нәтижесінде болған кеменің зақымдануын бағалауға мүмкіндік беретін мынадай қосымша құжаттарды ұсынады:

1) сүңгуірді қарап тексеру байқау және/немесе доктық қарап тексеру;

2) сыныптамалық қоғам немесе Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерлерінің техникалық қарап тексеру акті;

3) зақымданулардың фотосуреттері;

4) жөндеудің алдын ала калькуляциясы;

5) авариялық зақымдарды жоюды жүргізген мамандандырылған ұйымдардың шоттары;

6) кеменің зақымдануын бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар.

7) авариялық жағдай кезінде кеме иеленуші қол қоятын шығындар мөлшері туралы анықтама, мынадай мәліметтерді қамтиды:

кеменің атауы, кеме иесінің атауы; авариялық жағдай болған күні және орны;

авариялық жағдай бойынша шығындардың жалпы сомасы (мыңның оннан біріне дейінгі дәлдікпен, теңгемен);

кеменің теңізде жүзу сапасын қалпына келтіру үшін авариялық зақымдануларды жоюдың құны;

құтқару операцияларының және/немесе авариялық кемені тіркеп сүйреудің және/немесе онымен ілесіп жүрудің құны;

жоғалған жүктің құны және/немесе авариялық жағдайдың нәтижесінде оның зақымдануынан, қайта қалаудан, артық тиеуден келген шығындар.

ТПӘ объективті себептермен көрсетілген құжатты бере алмаған жағдайда, кеме капитаны өз бетінше болмаса тәуелсіз сюрвейердің көмегімен авариялық жағдай бойынша шамамен алынған шығын есебін жасайды және ұсынады.

25. Авариялық жағдай туралы дәлелдерді іздеу қажет болған кезде авариялық жағдайға тартылған кемелер келіп тоқтаған теңіз порттарының капитандары қажетті ақпаратты жинауға қатысады.

26. Авариялық оқиғалар:

1) кеменің апатқа ұшырауы;

2) авария;

3) авариялық оқиға;

4) пайдаланылу зақымдары болып жіктеледі.

27. Кеменің апатқа ұшырауына мынадай:

1) кеменің қирауы немесе оның толық конструктивтік бұзылуы нәтижесінде қалпына келтіріп жөндеу мақсатқа сай болмаса;

2) кеме сүйретіп келе жатқан объектінің жоғалуы нәтижесінде болған авариялық жағдайлар жатады.

28. Аварияға мынадай авариялық жағдайлар жатады:

1) адам (адамдар) өліміне әкелген жағдай. Оқиға егер адам өлімі авариялық жағдай салдарынан болса авария болып жіктеледі.

2) жолаушылар кемесіндегі авариялық жағдай, кеменің зақымдануы нәтижесінде болған кем дегенде теңізде жүзудің бір сапасын жоғалтатын немесе белгілі бір пайдаланымдық шектеулердің пайда болуына байланысты өндірістік қызметте кедергінің пайда болуына әкелетін жағдай.

29. Авариялық оқиғаларға мынадай авариялық жағдайлар жатады:

1) нәтижесінде кеменің зақымдануына әкелген, теңізде жүзудің кем дегенде бір сапасын және/немесе белгілі бір пайдаланылу шектеулерінің пайда болуына байланысты өндірістік қызметте кедергінің пайда болуына әкелетін;

2) нәтижесінде кеменің су асты кабеліне, су асты құбыр өткізгіштеріне, навигациялық жабдық құралдарына, жағалау құрылыстарына және өзге объктілерге зақым келіп, олардың пайдаланудан шығуына әкелген;

3) нәтижесінде кеме алынған және/немесе келтірілген зақымданудың өлшемі мен сипатына қарамастан 24 сағаттан артық қайраңда тұрған;

4) нәтижесінде кемедегі тасымалданатын жүк жылжып кетсе және/немесе ең болмағанда бір кеменің теңізде жүру сапасын жоғалтуға әкеп соғатын кеменің физикалық-химиялық қасиеттері өзгерсе;

5) нәтижесінде кемеге басқа кеменің зақым келтіруі, қандай да бір пайдаланылу шектеулеріне байланысты кеменің (кемелердің) өндірістік қызметіне кедергі жасайтын жағдайлар;

6) арқандардың және/немесе торлардың еспелі винттерге және/немесе рульге оралуы орын алса, қандай да бір пайдаланылу шектеулеріне байланысты кеменің (кемелердің) өндірістік қызметіне 48 сағатқа және оданда артық уақытқа кедергі жасайтын жағдайлар.

30. Пайдаланылу зақымдануына мынадай авариялық жағдайлар жатады:

1) нәтижесінде осы Қағиданың 28-тармағының 1), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген белгілерге сай келмейтін кеменің физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі және/немесе оның және басқа кеменің зақымдануы немесе тасымалданатын жүктің орын ауыстыруы;

2) жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан нәтижесінде мұзды жерлермен жүзу кезінде экипаждың дұрыс әрекет етуі кезіндегі кеме зақымдары;

3) нәтижесінде теңізде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан, навигациялық қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген жағдайда аудандарда немесе жүзу кезінде экипаждың заңды әрекеті кезінде кеменің зақымдануы болған;

4) нәтижесінде теңізде жүзу сапасын жоғалтқанына қарамастан авариялық-құтқару операциялары жүргізу уақытында экипаждың заңды әрекеті кезінде кеменің зақымдануы болған;

5) нәтижесінде кемені пайдаланудан шығаруға әкелмеген навигациялық жабдық құралдарына зақымын тигізген;

6) осы Қағиданың 28-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерге жатпайтын, нәтижесінде экипаждың теңізде арқанмен байлау және/немесе жүк арту және/немесе бункерлік операцияларды жүргізу уақытында заңды әрекеті кезінде кеменің зақымдануы;

7) нәтижесінде кеме жиырма төрт сағаттан кем қайраңда тұрған болса, және бұл ретте кемінде бір теңізде жүзу сапасын жоғалтуға әкелетін және/немесе қандай да бір пайдаланымдық зақымданулардың пайда болуына байланысты өндірістік қызметіне кедергі келтіретін зақымдану болмаса;

8) кеменің су асты кабельдерін, су асты құбыр өткізгіштіктерін, жағалау құрылыстарын оларды пайдаланудан шығаруға әкелмеген басқа объектілерді елеусіз зақымдаумен байланысты авариялық жағдай.

31. Авариялық жағдайлар түрлері, себептері, салдары бойынша авариялық жағдайларды жіктеу кестесіне сәйкес жіктеледі.

32. Авариялық жағдайды тегеу үшін қажетті ақпараттар мен дәлелдерді жинаудың мерзімі оның тіркелген кезінен бастап есептеледі және отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі, бұл жөнінде уәкілетті органға және уәкілетті органның ведомствосына хабарланады.

Авариялық жағдайды тергеу авариялық оқиға туралы материалдарды алғаннан кейін уәкілетті органмен он бес жұмыс күні жүргізіледі.

Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган қорытынды жасайды және тергеу материалдарының көшірмелерін кеме иесіне, уәкілетті органның ведомствосына, ТПӘ және көлік прокуратурасына бес жұмыс күні ішінде жібереді. Құқық бұзушылықтар табылған жағдайда көрсетілген материалдардың көшірмелері құқық қорғау органдарына жіберіледі.

33. ТПӘ-нің әрбір негізделген ұсынымы бойынша уәкілетті орган авариялық оқиғаларды тергеу үшін қажетті ақпараттар мен дәлелдерді жинау мерзімін он бес жұмыс күніне ұзартады.

34. Авариялық жағдайды тергеу нәтижесінде уәкілетті орган мыналарды белгілеуі тиіс:

1) кеменің, экипаждың, жарақтардың, жабдықтың белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

2) навигациялық жағдайды талдау;

3) авариялық жағдайға әкелген жағдайлар мен мән-жайлар;

4) авариялық жағдайға себептер, оның салдары мен сыныпталуы;

5) авариялық жағдайға қатысты адамдардың әрекетін оларға сыртқы факторлардың әсерін есепке алып, бағалау, олардың психологиялық жай-күйі, шаршау деңгейі;

6) авариялық оқиғаға әкелген немесе болуына әсерін тигізген, кімнің нұсқауымен және қандай нормативтік талаптардың бұзылғандығын, орындалмағандығын, сақталмағандығын көрсетуімен лауазымды тұлғалардың тізбесі;

7) ақталған тәуекелді есепке алып, жасалған әрекеттердің теңізде жүзу қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келуі.

Тәуекел бір уақытта мынадай жағдайларда ақталған болып танылады:

1) тәуекел өзі арналған мақсатқа сәйкес болуы тиіс;

2) мақсатқа қарапайым, тәуекелмен байланысты емес әрекеттермен қол жеткізілуі мүмкін емес;

3) тәуекел жалған залал келтіруге шамадан өтпеуі керек;

4) материалдық объектілер, тәуекел нысаны болып табылады.

35. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы авариялық жағдайды тергеу барысында авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға және куәгерлерге сұрау жүргізеді.

Авариялық жағдайға қатысы бар адамдарға мен куәгерлерге сұрау жүргізген кезде сұрау хаттамасы жүргізіледі.

Авариялық жағдайға қатысты тұлғалар мен куәгерлерді сұрау үшін шақыру кеме иесін немесе кеме капитанын ресми түрде ескерту жолымен жүргізіледі. Егер сұралуға тиісті тұлға тергеу органы орналасқан жерде болмаса, тергеу органының жеке тапсырмасы бойынша сұрау осы тұлғаның немесе куәгердің тұрған жері бойынша ұқсас тергеу органында жүргізіледі. Егер сұралатын адам сұрау жүргізілетін тілді білмесе, аудармашы шақырылады, оның қатысуы хаттамада көрсетіледі.

36. Уәкілетті органның жүргізетін тергеу процесіне аудармашылар, тиісті мамандар тартылуы, зертханалық және басқа талдамалар немесе сараптамалар жүргізілуі мүмкін.

Тергеуге аудармашыларды, тиісті мамандарды тарту, зертханалық немесе өзге де талдауларды, сараптамалар мен тәжірибелер жүргізу қажеттілігін ТПӘ-мен белгілейді.

Кеме иесі ТПӘ-ге авариялық жағдайды тергеу үшін қажетті ақпараттар мен дәлелдер жинауға барлық көмекті көрсетеді.

37. Кеме иесі ТПӘ-нің қорытындысымен келіспеген жағдайда кеме иесі тергеу материалдарын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өзінің наразылығын уәкілетті органға жібереді. Наразылық хаттың көшірмесі ТПӘ-ге де жіберіледі.

38. Уәкілетті орган ТПӘ-нің қорытындысы мен авариялық оқиға бойынша материалдарды ол берілген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды, осыдан кейін ол бойынша егер орын алса, кеме иесінің наразылығын есепке алып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды, егер мұндай жағдай орын алса:

1) қорытындыны бекітеді;

2) қорытынды бойынша ескертуді көрсетіп пысықтауға жібереді;

3) отыз күнтізбелік күн мерзімге қосымша тергеуге жібереді.

39. Кеме иесі қорытындыны алғаннан кейін алдағы уақытта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмайтын профилактикалық шаралар жүргізеді, әрекеттері авариялық жағдайға әкелген және/немесе ықпал еткен қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартады, сондай-ақ кеменің техникалық жай-күйін, одан әрі пайдалану және/немесе жөндеу шарттарын анықтау мақсатында шет ел сыныптау қоғамына куәландыруға немесе Қазақстан кеме қатынасының тіркеліміне жібереді.

Егер авариялық жағдай кемені уәкілеттік органға куәландыруға ұсынуға мүмкіндігі жоқ шетел портында немесе осындай бірінші кіру порты болып табылса, онда бұл кеме Қазақстан Республикасы таныған шетелдік сыныптау қоғамына ұсынылады.

40. Авариялық жағдай кезінде ТПӘ-нің есепке алуына кеме иесі ұсынатын мынадай шығындар жатады:

1) кеме апаты болған жағдайда - кеме апатқа ұшыраған айдың алдындағы бірінші күніне (тозуды есепке алмағанда) оның баланстық құны;

2) авариялық жағдай нәтижесінде пайда болған бұзылуды жөндеудің құны:

кеменің теңізде жүзу сапасын қалпына келтіруге кеткен шығындар;

құтқару операцияларының немесе авариялық кемені тіркеп сүйреудің құны;

авариялық жағдай нәтижесінде жүктің зақымдануынан келген шығындар және/немесе шығындардың құны.

Авариялық жағдай нәтижесінде болған зақымдануларды жоюдың құнын анықтау үшін авариялық зақымдануларды жою жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған сметалық калькуляцияны пайдалану керек, бұл осы жұмыстарды орындаған (қазақстандық немесе шетелдік) ұйымның есептеріне сәйкес жасалады. Сметалық калькуляцияға жұмыс күшінің шығыны, пайдаланылған материалдар, кемені жөндеуші ұйымның үстеме шығындары мен доктау құны кіреді.

Егер авариялық жағдайлар бойынша шығындар еркін айырбасталатын валютамен берілсе, онда оның сомасы авариялық жағдай оқиға болған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгеге аударылады.

41. Уәкілетті орган бекіткен кеме иесі жүргізетін іс-шараларды бақылауды ТӘП жүзеге асырады.

42. Авариялық жағдайды тергеу аяқталғаннан кейін тергеудің барлық материалдары жеке папкаға тігіледі, беттері нөмірленіп, құжаттар тізбес жасалады. Папка «Авариялық іс» деп аталады.

43. Тергеу органы уәкілетті органның тиісті рұқсаты негізінде авариялық жағдайды тергеуді тоқтатыла тұрылуына негіз болған жағдайлардың мән-жайлар толық немесе ішінара жоққа шығарылғанға дейін тоқтата тұрады. Жоққа шығарылғанда ол уәкілетті органның шешімімен қайта басталады.

Тергеу тоқтатыла тұрған жағдайда тергеу органы тергеудің тоқтатыла тұрғаны және оның тоқтата тұру негіздері туралы мүдделі тұлғалар мен көлік прокуратурасына үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Авариялық жағдайды тергеу мынадай жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатыла тұрады:

1) заңда көзделген тәртіппен куәландырылған, авариялық жағдайға қатысты тұлғаның уақытша психикалық бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;

2) авариялық жағдайға қатысты тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуы;

3) авариялық тергеудің одан әрі жүргізілуіне кедергі болатын еңсерілмейтін күштің әрекеті;

4) тиісті сараптама жүргізу.

Көрсетілген мән-жайлар жойылғаннан кейін, осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес авариялық жағдайды тергеу жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет