Кадастр негіздері. Жер кадастры туралы түсінік және қазақстан республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұНЫ



жүктеу 41.82 Kb.
Дата01.06.2017
өлшемі41.82 Kb.

  1. КАДАСТР НЕГІЗДЕРІ. ЖЕР КАДАСТРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕР РЕФОРМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағұлматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау кажеттігі пайда болды, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды.

«Кадастр» сөзі латынның «capitastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты(реестр) деп айтатын. Есепке , бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді.Сонымен бірге жақты түсінікте жер кадастры- жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте –жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттің жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер-өндіріс туралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшілігімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:

1. Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің болуының шарты. Бірақ оның рөлі қоғам өндірісінің әр түрлі салалы қорында бірдей емес. Өндеуші өнеркәсіпте және құрылыста,ол кеңістік іс орны (еңбек жасалатын орын) ретінде көрінеді.Қазып шығаратын өнеркәсіпте, оның үстіне ол ерекше қор ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығында ол тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің басты құралы болып табылады.

2. Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ауыстыра алмайды.Өндірістің басқа құралдары өндіріс күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстыра алады.

3. Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен ол орының тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан екінші орынға жылжытуға болады.

4. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте қолайлы және ерекше қасиетімен,құнарлылығымен пайдаланады. Жерді дұрыс пайдаланса,оның сапасы төмендемейді керісінше – жақсарады, сөйтіп оның сапасы жоғарылайды.

5. Жердің айрықша ерекшелігі – ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайдалану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсіріледі.

Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрынің, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала қарайық.Жалпы түрде жер кадастрына келесі әрекеттер тән:

1) жерлерді есепке алу;

2) жерлерді баяндау;

3) жерлерді бағалау.

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан(егіншілік пайда болғанда) туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты( жыртылатын жер жайылым), яғни алқаптардың түрлері бойынша есепке алуды талап етті.

Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдары табу табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуының және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Құлдық мемлекет шаруаларға көп салық салып, әр түрлі міндеттіліктерді орындауға мәжбүр етеді. Жердің көп ауданы мемлекет иелігінде болды. Сондықтан құлдық құрылыста жерлер және иеленген жерлер есепке алынып қайта саналды, жоспарлар құрастырылды, жерлердің және алқаптардың аудандары туралы мәліметтер көрсетіліп, арнайы құжаттар құрылды. Құлдық қоғамның тиісті дамуы сатысында жерлерді сапа бойынша есепке алу басталды. Жерлердің сапасын салыстырмалы бағалау қажеттілігі пайда болды. Сонымен, жерге жеке меншіктік пайда болуымен жерге салық салу үшін жерлерді есепке алу мәліметтердің қажеттілігі туынады.

Капиталистік құрылыс жағдайында жер кадастры күрделі шара ретінде арнайы жер кадастрлық қызметі арқылы жүзеге асырылады. Жер кадастрынің қазіргі түсініктегі негізгі түрлері капиталистік қоғамда қалыптасқан. Сондықтан салық салу мақсаты жерді бағалау мәні және тәсілдері бойынша айырылады.

Капиталистік мемлекеттерде жер кадастрымен қатар жерді заңды тіркеу жүргізіледі. Оның міндеті жерді иелену және меншіктеу құқығын рәсімдеу болып табылады. Жерді тіркеу жерге жеке меншік құқығын қорғауға көзделген.Оның мәліметтерінің құқықтық маңызы бар. Олар тұлғалық және мүліктік болып бөлінеді. Біріншісі жер иелері бойынша, екіншісі-пайдаланатын жерлер бойынша жүргізіледі. Заңды жерді тіркеуді жүзеге асыру нәтижесінде жер иесінің жерге құқығы рәсімделеді. Ол нотариалдық мекемелерде арнайы құжаттармен заңдастырылады.Көпшілік капиталистік елдерде жерді заңды тіркеу арнайы жер кітаптарында жүргізіледі. Көптеген мемлекеттерде жер кадастры мен заңды жер тіркеу арасында тығыз байланыс бар.

Жер-кадастрлық материалдарды жер-құқықтық мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады.Олар тек қана салық салу мүддесіне ғана емес, басқа да қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақ эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды жасау) пайдаланылады. Жер кадастрының негізгі қызметі жер иелерінің алатын пайданың бөлігін мемлекеттің алу мақсатымен тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді. Бұл капиталистік жер қатынастарының мәнімен есептеледі – әр елде және әр уақытта жүргізілген жер кадастрлық жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерінің ерекшеліктері болса да, жалпы оларға жер туралы мәліметтерді алу тән болған.



Жерлерді тиімді пайдалануды қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа мемлекеттік кадастры жүйесін енгізумен қатар, жаңа жер қатынастарын ескере отыра, жерді үйлестіру, жерлер мониторингісі, жерлерді пайдалануды қорғауды мемлекеттік бақылау жөнінде жүргізілетін жұмыстарға негізгі талаптар қойылған.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет