Жоспар: Кіріспе

Loading...


бет6/7
Дата26.03.2020
өлшемі149.12 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

Неопозитивизм – 20 ғ-дағы буржуазиялық философиядағы бағыттардың бірі, позитивизмнің жаңа формасы. Н. философияның нәрселігін жояды. Себебі шындық туралы білімді ол күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал филос. осы ойлау түрлерінің нәтижелері түрінде көрінетін тілді талдау жөніндегі қызмет ретінде мүмкін деп есептейді (Антикалық философия). Н. көзқарасы тұрғысынан алғанда филос. талдау объективті шындыққа таратылмайды, ол тек «мәліметтермен», яғни тікелей тәжірибемен және тілмен шектелуі тиіс. Н-нің ең сыртқары формасы, мыс.., Вена үйірмесінің ертедегі Н-і «мәліметтілікті» жеке адамның уайымымен  шектей отырып, тікелей социализмге барды. Н-нің барынша ықпалды түрі логикалық позитивизм болды. Н-нің жалпылық бағытына ағылшындық философ-аналитиктер, Мурдың жақтаушылары да жақын жүрді (Л.С.Стебинг, Дж.Уисдом және т.б.). Логикалық  львовтық-варшавалық мектептің бірқатар өкілдерінің филос. көзқарастары да Н-дік болды. 30-ж-дары неопозитивистік  көзқарастары әр түрлі топтар мен жекелеген философтар идеялық және ғыл.ұйымдастыру тұрғысынан жақындай түсті. Олар: Вена үйірмесінің австрия нем. логикалық позитивстері (Карнап, Шлик, О, Нейрат және т.б.), берлиндік «Эмпирикалық филос. қоғамы» (Рейхенбах, К, Гемпел және т.б.),ағылшын аналитиктері, позитивистік-прагматикалық бағыттағы  «ғылым философиясының» бірқатар амер. өкілдері (О. Нагель, Ч. Моррис, Фриджмен және т.б.), Швециядағы успаль мектебі, Г. Шольцтің жетекшілігіндегі монстер логикалық тобы (Германия)т.б. Сол кезден бері тұрақты түрде  халықаралық конгрестер шақырылып, Н-нің идеясын баспасөзде кеңінен насихаттау жүргізіліп келеді. Осы кезеңде Н. өзін «ғылыми эмпиризм» тұрғысынан көрсете отырып, ғалымдардың әртүрлі топтарына айтарлықтай ықпал ете бастады, оның ықпалымен қазіргі ғылым жаңалықтарын талқыларда бірқатар, идеялистік бағыт қалыптасты. Осылармен қатар, неопозитивистермен бірге неопозитивист емес, бірақ конгрестерге, пікір-таластарға қатысып жүрген ғалымдардың формалды логика мен ғылым методологиясының кейбір мәселелері  жөніндегі зерттеулерінің  нақты нәтижелерінің мәнін атап өткен жөн. 30-жылдардың аяғынан бастап, Н. орталығы АҚШ болды, мұнда бұл филос. ең алдымен логикалық эмпиризм арқылы көрінді. Ағылшын Н-нің арнайы түрі лингвистикалық филос. болды. 50-жылдардан бастам Н. терең идеялық дағдарысқа ұшырады, ол дүниеге ғыл. Көзқарас пен ғылым методикасының  бар проблемаларын шешуге қабілетсіздігімен байланысты болды. Бұл оның бурж. философиядағы ықпалын әлсіретуге жеткізді. Жеке алғанда бұл оны Батыстағы филос. ғылымының позитивизм және сыншыл рационализм сияқты бағыттары тарапынан сынау барысында байқалып отыр.           

Кьеркегор  Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі «эстетикалық» деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан – адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды түпкі бекет деп қабылдайтын философия  тұрғысынан түсіну мүмкін емес, өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана «экзистенциалды », яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К. «философияға салынудың ғылыми әдісін» бейнесіз деп бекерге шығаруға тырысады. Адамды «окзихтенция» ретінде қарастыра келіп, К. оның «болмыстық, онтологиялық құрылымына» талдау жасайды, бұл орайда кейіннен экзистенциалистер дамытқан «үрей», «түңілу», «батылдық» және т.б.сияқты ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін, яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің діни ілімінің аса маңызды категориясы-«оғаштық» категориясы. К. бойынша, құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен этикасы тұрғысынан алғанда «оғаштықтар», қисынсыздықтар аясына апарып соғады. К. осы екі саланы «біріктіруге», оларды ымыраластыруға тырысқан әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик философтарға ықпал жасады.         

Хайдеггер  Мартин  (1889-1976) – нем. экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі, Х. Идеялис. философиясының негізгі өлшемі «өткіншілік» болып табылады, оны ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы ретінде түсінген жөн. Х. «көңіл күйді», яғни стихиялы, дамыған сана-сезім формаларын бастапқы нәрсе деп есептеді. Қамқорлық, алаңдаушылық, үрей және т.б. Х. Бойынша жеке адамның априорилық (долбарлы) формалары  болып  саналады. Бұл  формалар  адамның  субъективті болмысын қүрайды, оны Х . дүниедегі болмыс  деп атады. Долбарлы формалар туралы ілімді Х. Болмыс туралы ілім ретінде жасады («негізгі онтология»). «Болмыстың мағынасын» түсіну үшін адам барлық нақтылы нысаналы қағидалардан бас тартуға, өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындауы тиіс. Х-ше, адам өзінің үнемі «ажал алдында тұрғанын» сезініп қана өмірдің әрбір сәтінің маңызы мен толымдылығын көре біледі, «қоғамдық болмыстың кесапаты» - мақсаттардан, «мұраттардан», «ғыл. абстракциялардан» арыла алады. Тілді «болмыс үйі», мәдениеттің нағыз жиынтығы ретінде қарастыра отырып, Х. «болмыс ақиқаттарын» анықтау мақсатымен (ең алдымен романтик-ақырдар мен символистердің шығармаларын да) «спекулятивті филология» идеясын жасады. Х. Философиясы Кьеркегорде, Гуссерльдің өмір философиясы мен феноменологиясында байқалған иррационалдық тенденцияларды бір арнаға тоғыстырды.

Шопенгауэр Артур ()1788-1860 –нем. идеялист философы. Берлин ун-тінде сабақ берді(1820-31). Ш-дің негізгі еңбегі «Еріктілік және түсінік іспетті әлем»,1819ж шықты, бірақ оның даңқы 1848жылы революциядан кейін жойылды. Ол дүниені ғыл. тұрғыдан түсінуге метофиз. идеялизмді қарама-қарсы  қойды. Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Ш. «өзіндік заттың» танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның волюнтаристік идеализмі (Волюнтаризм)-иррацианализмнің формасы. Дүниеге үстемдік етіп отырған ерік табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғыл. танымның мүмкіндігін жояды . Ш. Волюнтаризмнің басқа бір ерекшелігі-тарихи прогресті теріске шығару. Озық, реалистік өнерге қарсы күресе отырып, Ш. өмір шындығын текке шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат эстетизмді уағыздады. Ол идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Ш-дың филос. жүйесі буддизмнен алынған «нирвандардың»-«өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұраты мен аяқталады.

Шпенглер    Освальд (1880-19365)-нем. идеалист-философы,өмір философиясының өкілі,мәдениет теоретигі, тарихшы,публицист. Ш-дің тарих философиясының баяндайтын негізгі шығармасы-«Европаның құдырауы»(1-2 т.. 1918-22)-Германия бірінші дүние жүз.соғыста жеңіліс тапқанан кейін көп кешікпей жарыққы шықты және зор табысқа жетті. Ш. «ескі пруссиялық рухты»,монархияны,дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Ш. үшін соғыс-«ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы».Ш. тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып,тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді қарама-қарсы қояды. Ш.-тарихи ралятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дуниежүз.-тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бірқатар тәуелсіз,қайталанбас,томаға-тұйық циклды «мәдениеттерге»,жеке-дара тағдыры бар және пайда болу,гүлдену,күйреу кезендерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Ш. «мәдениеттің жаны» негізіне алынатын әрбір «мәдениеттің» «морфологиялық құрылымын»тануға әкеліп соғады. Ш-ге сәйкес,19 ғ-дан бастап,яғни капитализм жеңгеннен кейін Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Ш-ге жақын тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.

Семиотика (гр. Semeion – белгі ) – белгімен хабарлаудың ең қарапайым жүйесінен тілдерге және ғылымның формалданған тілдеріне дейінгі белгілік жүйелерді салыстырып зерттеумен айналысатын пән. Белгілік жүйелердің негізгі функциялары: 1) хабарларды жеткізу және мәндә білдіру функциясы (Маңыз және мән); 2) тілдік қатынас функциясы,яғни тыңдаушының (оқырманның) берілген хабарды түсінуін қамтамасыз ету,сонымен бірге іске даярлау,оған эмоциялық әсер ету және т.б.Бұл функциялардың кез-келгенін жүзеге асыру белгілік жүйелердің нақты ішкі құрылымы, яғни әртүрлі белгілердің және олардың үйлесім заңдарының болуын ұйғарады. Соған сәйкес С. негізгі үш тарауға бөлінеді: 1) синтактика немесе белгілік жүйелердің ішкі құрлымын, олардың атқаратын функцияларын ескермей –ақ зерттеу; 2) белгілік жүйелерді мәндә білдіретін құрал есебінде зерттеу семантикасы; 3) белгілі жүйелердің оларды пайдаланушылар мен қатынасын зерттеу прагматикасы. С. әдістерін дамытуда бір жағынан мінді жеткізудің мол құралдарына ие, екіншіден, құрылымы айқын жүйелерді зерттеу үлкен роль атқарады. Қазіргі кезге дейін мұндай жүйелер алдымен математиканы формальданған,әсіресе матем. логиканың тілдері болып табылады. Барынша дамыған семантикалық пән-металогика. С-лық зерттеулер ғылымның жаңа салаларын формальдандыруға жағдай тудыражы (соңғы матем. лингвистика саласында дами бастаған есептеулерді, прагматиканың кейбір ұғымдарын формальдандыру тәжірибелерін, «өлеңдік өлшем» ұғымын салыстырыңыз). Ақпараттарды тиімді сақтау мен автоматты өңдеудің теориясы мен практикасының дамуына байланысты С-ның ұғымдары мен әдістері үлкен маңызға ие болады: бұл салада С. кибернетикасымен барынша жақындасады. С-ның негізгі принциптерін алғаш амер. логигі және математигі Пирс қалыптастырды, кейін оларды философ Ч. Моррис ( «Белгілер теориясының негіздері», 1938) түсіндіріп, жүйеледі. С. мәселелерін осы ғ-дың 20-шы ж-дарында-ақ Львовтық- Варшавалық мектептің өкілдері егжей-тегжейлі талдаған болатын.



 ГУССЕРЛЬ Эдмунд (1859-1938)-нем. философы, феноменологиялық мектеп дейтіннің негізін қалаушы. Оның философиясының түп төркіні-Платонның, Лейбництің, Канттың Брентанонның ілімі. Г-дің алғашқы жұмыстарының теориялық программасы- философияны  «қатаң ғылымға» айналдыру. Осы мақсатпен ғыл. ойлаудың категориялық негіздерін таза түрде бөліп шығаруға тырысу қажет. «Фнеоменологиялық редукцияны », мәдениет, тарих, жеке факторлар әкелетін қыртыс-қатпарлардан «деректі» тазартуға мүмкін болатын әдісі Г. олады табу құралы деп есептеді. «Феноменологиялық редукцияның» нәтижелеріне, қандай да блсын өз бетінше түсіндіруден ада феномендер дүниесіне жасалған талдау Г-ды феномендер деңгейлерінің және Платон идеализмі рухындағы мәндердің ерекше аясы бар екені туралы қорытындыға келтірді. Рас, соңғылары ерекше «патшалық» түрінде өмір сүрмейді, тек «мәнге» ие болады. Алайда Г. көзқарасы субъективті-идеалистік көзқарас, таным заты субъект «итенционалдық актілерді» жүзеге асырғанша, сананы белгілі бір затқа бағыттағанша өмір сүреді, оның үстіне зат тек осындай әдіспен табылып ғана қоймайды, сонымен бірге жасалады да. «Кейінгі» Г. философияны «қатаң ғылым» ретінде жасау әрекетінен бас тартып, жекелеген субъектілердің ойлау және сезімдік қызметінің нәтижесі болып табылатын «тіршілік дүниесін» зерттеуге назар аударды. Бұл жерде ол осы пәнді бейне бір зерттеуге қабілетсіз ғылым ретінде сынады. Г. идеялары бурж. философиясының кейінгі өркендеуіне зор ықпал етті. Г-дің обьективтік идеализімінің элементтері Н. Гартманның «сыншыл онтологиясында» және АҚШ пен Англияның жаңа реалистік мектептерінде дамытылды, ал Г-дің субъективтік идеализімі нем. экзистенциализіміне көп дәрежеде негіз болды. 
Персонализм  (лат. Perona-жеке адам ) – Лейбниц монадологиясынан басталып, 19ғ-дың аяғы мен 20ғ-дың басында философияда таралған идеалистік ағым. П-ның ерекше белгісі-«тұлғаны» бастапқы реалдылық және ең жоғары рухани құндылық деп тануы, және де «тұлға» болмыстың рухани басқы элементі ретінде ұғынылады. Дүниенің ғыл-материалистік тұрғыдағы түсінігіне П. табиғат – рухтар «тұлғалардың» жиынтығы деп есептейтін концепцияны  (Плюрализм)қарсы қояды. «Жоғарғы тұлға »- құдіретті құдай (тензм). АҚШ-та П. негізін қалаушы Б. Боуын (1847-1910) болды. П-ге АҚШ-та, содай-ақ, М. Калкинс (1863-1930) пен А. Кнутсон (1873-1964) қосылды. Амер.философиясындағы оның басты өкілдері мыналар: Калифорния мектебінің лидері Р. Флюеллинг (1871-1960) пен Бостон мектебінің лидері Э. Брайтмен (1884-1953). Бұлардың бәрі де П-ді протестанттық  теологиямен байланыстырылады. Англияда П-ның неғұрлым белгілі өкілі Х. Керр (1857-1931), Германияда- психолог В. Штерн (1871-1938) болды. Алайда олардың ілімінде амер. персоналистеріне тән теология мен тікелей байланыс болған жоқ. Негізгі әлеум.міндет, П-ге сәйкес, дүниені өзгерту емес, «жеке адамды» өзгерту, яғни оның «рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруіне» жәрдемдесу. Француз персоналистері ерекше бағыт ұстанады, олардың негізін қалаушылар- Э. Мунье (1905-1950) және К. Лакруа (1900ж.т.). «Esprit» журналының төңірегіне (1932ж. негізі қаланған) біріккен интеллигенцияның бұл тобы фр.қарсыласу қозғалысына қатысқан, ал қазір бейбітшілік пен бурж. демократияны қорғау жолында күрескер соршыл католиктік топтардың өкілдері болып табылады.

Ясперс Карл (1883-1969)-нем. экзистенциализмнің көрнекті өкілі. Өз қызметін психиатр ретінде бастады. Психопатологиялық құбылыстардың («Жалпыға бірдей психопатология»,1913). Я. жеке адамның құлдырау бейнесін емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйытқысы деп санаған Я. мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін басқаша айтылатын бірдеңе ретінде, ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын «рационализациялау» ретінде қарауға болады, ол бар болғаны «болмыстың шифры» болып табылады және әрқашан түсіндіруді қажет етеді. Я. бойынша, философияның негізгі міндеті мынада: «шифрдың» мазмұнын ашу керек немесе, ең бомағанда, адамның (ғылымның, өнердің, діннің және т. б.) барлық саналы көріністерінің негізінде экзистенцияның ұғынылмайтын қызметі жатыр, дүниеде үстемдік ететін парасатсыз нәрсе дегеніміз асқан далалықтың көзі деген жағдайды айқындау керек («Парасат және экзистенция,»1935). Я. экзистенциализмінің ерекшелігі оның шекаралық жағдайлар туралы ілімінде бәрінен айқын аңғарылады. Я. пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру,өлім, кешірілмес күнә және басқ.) кезеңінде ашылады. Нақ осы сәттерде «шифр күйрейді»: адам өзінің күнделікті қам – қарекетінен («дүниедегі нақты болмысынан») және өзінің идеалдық мүдделері мен өмір шындығы туралы ғыл. түсініктерінен («трансценденталдық өзіндік болмысына») арылады. Оның алдынан өзінің оңаша тіршілігінің («экзистенцияның нұрлануы») және оның құдайды (трансценденттік) танып білу кезеңінің есігі ашылады («Философия »,1932). Шекаралық жағдай туралы ілім Я. үшін «қырғиқабақ соғыстың» «мәдени-психол. «құнды жағып» қорғауға негіз болды («Атом бомбасы және адамзат болашағы»,1958).        

Сартр  Жан Поль (1905-1980) – фр. атеистік  экзистенциализмнің негізін салған фр. философы әрі жазушысы С-дың филос. көзқарастары қайшылықты болып келеді. Оларда Кьеркегордың, Гуссеодың және З. Фрейдің идеялары ерекше түрде байланыстырылған Маркстік философияға назар аударып, оның негізін экзистенциалистік антропология және психиологтясын «толықтыруға»тырысты. С. концепциясы тұтастай алғанда эклектикалы. Оған идеализм мен материализм арасынан аралық жол іздеу, олардан асып түсуге әрекеттену тән. экзистенциализнің «өмір сүру мәнінен бұрын болады» деген негізгі идеясын бетке ұстап, С болмыстың екі түрін: объективті шындықтың орнына қойылаатын «өзіндегі болмыспен» және «адам реалдылығымен»яғни санамен бара-бар «өзі үшін болмысты» түбегейлі қарсы қою негізінде өзінің «феноменологиялық онтологиясын» жасады, . Болмыс пен сананы бір-бірінен айыруы С-ды дуализмге әкеледі. Сана табиғаты өзгеше болмыстың себебі бола отырып , С-дың ойынша, «болмыстың жоқ болуы», ондағы сызат, «ештеңе емес», бірақ тек сана ғана    көзі болып табылады, сылғырт, қисынсыз өмірге мағына береді. С. өзінің концепциясын диалектикалық деп атайды, бірақ диалектиканы индетерминизмді дәлелдеудің әдісіне айналдырады. Оның диалектикасы нағыз негативтік, сипатта. Оның аясы сана саласымен шектеледі, ол табиғатқа мүлде жақындатылмайды. С. моральдік көзқарасына таза субъективтік шектен шыға алмайды. Мұнда бостандық  негізгі категория танылады. Индивидуалдық сана аясында қарастырылған  бостандық адам тіршілігінің мәні, іс-әрекеттің қайнар көзі және адамның өмір сүруінің бірден бір  мүмкін жол ретінде көрінеді: «адам әрдайым және толығымен бостандықты, әйттпесе ол мүлде жоқ ». С. моральдық объективті принциптері мен критерийлерін , адам  мінез-құлқының объективті себкптілігін жоққа шығарады . С-дің түсінігінше, әрбір адам «өзі өзі үшін заң ойлап табуға », өзін «жобалап», өзіне жеке мораль таңдауға мәжбір .    

                                        

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.

Идеализмнің біздің заманымыздағы етек жайған бөлігі – дін философиясы. Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында кеңінен қолданылып отыр. Өкілдері Францияда тұратын Э. Жильсон мен Ж. Маритен т.б. Ал неотомистер болса, олар Батыс Европа мемлекеттерінде жиі кездеседі. әулие Фома академиясының философия институтында, католиктік институттар мен университеттерде неотомизм философиясы үнемі насихатталып отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да айқын аңғаруға болады.

Өзінің концепциясы жағынан неотомизм материализмге де, субъективтік идеализмге де қарсы шыққан объективтік идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы ғылым мен діни нанымды, сенім мен парасатты біріктіргісі келеді. Сонымен бірге ол нұрлану мен тәжірибенің , сынақтың аңдаушылық пен нақты істің, жекелік пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті толық мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік бойынша құдай жаратқан көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің философиялық негізінде Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің әлем бейнесі жатыр.

Бұл философияның таным теориясының астарында метафизикалық әдіс (яғни «бірінші философия») жатыр. Оның бастамасы – таза болмыс, оның ажырамайтын  қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің  арқасында құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша, жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың нұрлануын көруге болады деп үйретеді.

Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын қызметі зор. Табиғат концепциясында накты іске  асқанмен келешекте іске асу ұғымдары да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда болуына жол ашады.

Қазіргі кезде Шығыста неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін сақталған иррационализмді қолдайтын бағыты – суфизм. Ол алдымен бір жағынан исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де келіспеген. Суфизм мистикалық,  сана – сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін Сухравардидің ишрақ ( мистикалық нұрлану ), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд ( болмыс бірлігі ) деген ілімдері сақталды.

Суфизмнен басқа идеализмге жататын ваххабизм бағыты сақталып келе жатыр. Оның өкілдері Абд әл-Ваххаб, Ибн Сауд т.б. дін философиясының түрін өзгерту, формаға салу керек деп, исламда тарихи бұрмалау мен қатеден арылтып, ілгерідегі оның таза түріне қайтарып, ежелгі Медина кезіндегі күйге алып келу қажеттілігін жариялады.

Біздің заманымызда реформаторлық бағыттан басқа панисламизм, ұлтшыл буржуазия мен мұсылман иелерінің мүддесін қорғаған реакцияшыл ағым, әсіресе фундаментализм басым болды.

Қазіргі кезде жер шарының едәуір бөлігінде әлемдегі кеңінен тараған діңнің бірі – ислам діні идеологияның жетекші формасына айналып отыр.

ХХ ғасырдағы философияның ішіндегі ғылым мен техниканың өрістеуіне жақындау бағыттардың ең алдынғы қатардағысы – неопозитивизм. Ол жаңа позитивизм аталып, бұрынғы позитивистік философияның негіздерін ашып, оны жалғастырып, логика, математика және білімді формаландыру арқасында ғалымдардың алдында үлкен абыройға ие болып, жалпы рухани өмірге зор әсер етті. Бұл ілім эмпириялық негіздер мен теориялық аппараттың қарым-қатынасын қарастырып, білімнің математикалық және формальдық жақтарын зерттеп, ғылым тілін логикалық талдау арқылы біраз жетістіктерге де жетті.

Неопозитивизм басынан-ақ философияға қарсы шығып, оны ғылым ретінде қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол «метафизика» ережелеріне де қарсы шығып, философия қағидаларының, әсіресе оның негізгі мәселесінің мағынасыз екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін – адам ойлауының болмысқа қатынасын – ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды. Ілгеріден келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан шыққан субъективизм мен феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа күрделі мәселелерді қойды.

Вена үйірмесінен тараған логикалық позитивизм (Р. Карнап, О.Нейрат, т.б.) конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық позитивистер «тұтас (бөлінбейтін) ғылымды» іздестіру жолында оның іргетасы етіп «тікелей берілгендік» деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ – қа көшіп кетті де, ол жерде позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы «базис тілі» орнына енді «нәрсе тілі» деген пайда болды, яғни адамның іштей сезіну тілінің орнына сырттай физикалық құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты. Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді. Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің мағынасын жете түсіндіре алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын ығысып позитивизмнің басқа түрлеріне беруге мәжбүр болды.

Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов – Варшава логика мектебінде А.Тарский, К. Айдукевич т.б. жатады. Бірақ позитивизм ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың орнына лингвистикалық философия келді.

Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді.  Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.

Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У. Куайн т.б.) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе - өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия пәні – ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.

Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.

Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады, себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны – проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.

Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге қарсы шыққанымен сана – сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.

ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы проблеманы ең алғаш қозғаған – персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э. Мунье, Р. Флюэллинг) адамды ең жоғары рухани байлық деп есептеп, ал ең жоғарғы адам ретінде құдайды (жаратқан тәңіріні) қабылдаған.

Осы қағида бірден дін философиясына жақындап, оның идеалистік жағын күшейте түседі. Идеалистік пікір таластыру негізінде бұл ағым классикалық философиядағы субъектінің орнына жеке адамды қояды, сондықтан персонализм үшін әлем көптеген адамдардан, сана-сезімдерден, еріктерден тұрады.

Ресейдегі персоналистер (Бердяев, Шестов, Лосский) жеке адамды тарихтағы жалғыз субъект ретінде қарап, оның мәдениет иесі, оны сақтаушы деп есептеп, бұқараға, халыққа қарсы қойған. Осыдан «бұқара мәдениеті» мен «бұқара қоғамы» теориялары туады. Адам мен жеке адамның арасына айырмашылық жүргізіледі. Өйткені, адам не руға, тайпаға, не қоғамға жатады, ал жеке адам ешқандай қоғамға кірмейді, өзінің «мен» деген жағдайын сақтайды. Сондықтан, персонализмнің негізінде жатқан ерік ілімі бойынша адамның бостандық принципі келіп шығады.

Америкада пайда болып, өріс алған, адамды ерекше зерттейтін философия – прагматизм. Негізін салған американдық филосософ, логик Пирс Чарлз Сандерс. Бұрыңғы философияның бәрі қате деп, Ч. Пирс, У. Джемс оны жаңарту керек екенін айтып, философия ойлаудан іске, әрекетке көшу қажет деді. Сондықтан философия бұрынғыдай, Аристотель заманынан келе жатқан болмыс пен танымның негіздерін зерттеу міндетін қойып, енді жаңа күшпен адам өміріне байланысты проблемаларды шешетін әдіске айналуы керек. Философияның жаңа түсінігі – оны өмірден алыстатпай, жер бетіндегі жағдайларды дұрыстап бейнелеп, ойдағыдай шешімге алып келуге тиіс.

Осы себептен прагматистер, өз философиясын істің құралы, жол көрсеткіші, мақсатқа жеткізетін негізгі амал мен тәсіл деп түсінген. Бұған дейін ойлау процесі әлеуметтік жағдайларға ешқашан жақындатылған жоқ еді. Ал прагматизм бұларды бір-біріне жақындатты. Прагматиктер Ч. Дарвин ашқан табиғи сұрыптаудың принциптерін қоғам өміріне қолданып, ойлауды басты  функцияларын көрсетіп юерді. Оларға күмәнді жеңу, мақсатқа жететін әдістерді табу. «проблемалық ситуацияларды» шешу мәселелерін жатқызады. Сондықтан идеялар, ұғымдар және теориялар тек қана әрекеттің амалы, құралы, тәсілі ретінде түсіндіріледі. Олардың мәні практикалық нәтижелерде жатқаны атап көрсетілді. Ақиқат деген ұғым пайдалы табыспен теңестірілді, сөйтіп оның мазмұны өзгерді. Ал филасофияны айтарлық табысқа алып келетін жолмен салыстырды. Прагматизмдегі ақиқат теориясы Америкада зор сеніммен әрі үмітпен қабылданады.

ХХ ғасырдағы философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым – экзистенциализм. Негізін салған дат философы Серен Кьефкегор. Оны тіршілік философиясы деп те атайды. Бұл философиялық бағыт Россияда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды (Шестов пен Бердяев), екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияда (М.Хайдеггер мен К.Ясперс), Францияда (Ж.П.Сартр мен Г. Марсель және А. Камю) дамыған. 1940-1950 жылдары Еуропаның басқа елдеріне, 1960 ж. АҚШ-қа тараған (У.Баррет). Рационалды ойлаудың кемшілігі  обьекті мен субьектіні қарама-қарсы қою принципіне сүйенген, ал экзистенциализм бүкіл дүниен, тіпті адамның өзін тек зерттеу обьектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субьекті мен обьектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан болмыс адамның тікелей өмір сүруі (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не райионалдық философиялық құралдарымен тануға болмайтынын айтады.

Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үші Хайдеггер, Сартр, Мерло-Понти сана-сезімінің құрылымында интенциялық (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашып, неміс философы Гуссерльдің феноменологиялық әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзін ашық деп, оның басқаға бағытталғаның көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан (қамқорлық, қорқыныш, батылдық, ұят т.б) өтеді. Бұл модустар «ешбірмен» жақындасу немесе одан қашу жолындағы белгілер осы  жерде «шекаралық уақиға», немесе шекаралық щытырман жағдай туады, сонымен адам өзінің экзистенциясын негізгі ретінде түсінеді.

Индивидуалдық, яғни жеке бастылық өмір сүру уақытша болатын құбылыс, оның арты өлім. Оның уақыты тағдыр, тағдырдың ішіне кіретіндер: туу, өлім, махаббат, торығу, өкіну т.б Сонымен бірге өмір сүруге батылдық, жоспар, үміт, дәме кіреді. Экзистенцияализм уақыттың тарихпен және адаммен байланысын, оның өмірін сүруін, ізденушілігімен, қарекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін-өзіі іздену жолымен табады. Ол үшін «шекаралық жағдайға» түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.

Экзистенцияның ендігі бір маңызды белгісі – трансценділік, яғни әрекеті өзінің сыртына шығып кету қасиеті. Осыған орай экзистенциализм діни және атеитік болып екіге бөлінеді. Діни экзистенциализмде бұл жол құдайға апарады, ал атеистік бағытта трансценденция дегеніміз тіршіліктің ақыры. Осы жерде экзистенциализм рационализм мен гуманизмге қарсы шығады, себебі бостандық бір жағынан қажеттілікті тану емес, екінші жағынан, адамның табиғи талаптарын ашу емес.

Бостандық - өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Болмыс дегенді жалпылама қарап білу мүмкін емес. Экзистенция тек жеке адамның, нақтылы өз басының болмысы ғана деп білінеді. Адамның еркі дегеніміз өмір сүру философиясына алып келеді, себебі жеке адам ешбір табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктен тәуелсіз болып, әркім өзін-өзі қалыптастыруға тиіс деп түсіндіреді.

Бостандық, жеке адамның еркі туралы мәселе тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп, оның әлеуметтік жағы есепке алынбайды. Экзистенциализм ұғымдары ғылыми- техникалық дамуға қарс, олар өмірлік пен әсемдік жағдайларына жақын. Сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде өнер мен әдебиет арқылы батыстағы буржуазия интеллигенциясының санасына, көңіл-күйіне үлкен ықпал етуде.

Сонымен осы ағым кейінгі кезде буржуазия қоғамының қайшылықтары мен кемшіліктерін ашып берсе де, ол ауыр жағдайданқалай шығатының көрсете алмады. ХХ ғасырдың күрделі өзгерістеріне бұл ағым төтеп бере алмай, өзінің дағдарысқа ұшырағанын пайқын көрсетті.

Адам проблемасын ХХ ғасырда ерекше етіп қойған христиан эволюционизмінің негізін салушы Тейяр де Шарден. Ол дін философиясының ескі түріне қарсы шығып, Христос іліміне өрістеу теориясын қолданғысы келді. Сонымен адамды құдай жаратқан жоқ, ол мыңдаған жылдар бойы келе жатқан эволюцияның, органикалық дүниенің нәтижесі деп түсінді. Бұл өрістеудің үш сатысы болған: «өмірге дейін» (литосфера), «өмір» (биосфера), «адам феномені» (ноосфера).

Өзінің позициясына «монизм» деген атақ беріп, Тейяр материализмге, дуализмге, спиритуализмге қарсы шықты, материя мен сананы біріктіруге ұмтылды. Материяны сана-сезімнің «матрицасы» деп жариялап, азайып бар жатқан физикалық «тангенциалдың» қуаттың орнына көбейіп бара жатқан саналық («радиалдық») қуаттың тұрғанын көрсетті. Сана - сезім басы әлемде бар екенін, ол молекула мен атомның өзінде екенін, тірі материяда ол психика түрінде, адамда сан-сезім ретінде болғанын дәлелдеді. Сондықтан өрістеудің қозғаушы күші – ортогенез (мақсаттылық сана), ортогенез адамзатты «омега» жеріне (яғни құдайға) алып келу керек, сонымен космогенезге, христогенезге айналады.

Адамның жаратылуы өрістеудің бітуі емес, ол дүниенің әрі қарай дамуна жол ашатын жағдай. өмір сүріп жатқан дүниеміз өте тар, кемелсіз. Оны жақсатру үшін адамдар өздерінің азаптарынан, қайғы – қасіреттерінен арылып, Христосқа ұқсап жапа шегу керек. Тек қана осы жолмен адамзат кемелдікке жетеді, сана –сезімі өсуі арқасында адам жеке болуға тырысады, ал ол жеке адамдардың ауыз бірлігі болса, сонда ғана олар «жекеліктен» әлеуметтікке көшіп, қоғамдық болып шығады.

Тейярдың әлеуметтік көзқарасы кертартпа ілім. Жалпы махабббаттың керектігін мойындап, ол адамдардың таза ықыластарын діни құбылысқа алып келіп, «алға» дегенді «жоғарымен» шатастырып, Христостың екінші келуімен сәйкес ілімнің бәрін христологияға аударып жіберген.

Қазіргі уақытта адамның әлемі туралы арнайы ілім – философиялық антропология. Ол Дильтейдің өмір философиясы мен Гуссерльдің феноменологиясы негізінде пайда болған. Оның іргесін қалаушы М. Шеллер адам туралы арнайы үлкен жан-жақты ғылым жүйесін жасау жолында философиялық көзқарастың ішіне органикалық, биоантропологиялық т.б. мәселелер кіру керектігін айтқан. Бұл программа орындалмады, адам туралы жалпы философиялық теория жасалмады, оның орнына ғылыми концепциялар келді. Олардың әрқайсысы адам бейнесінің бір қырын қарастырып соның нәтижесінде өзінше концепциялар жасады. Шеллердің түсінігі бойынша, адам – саналы кісі, таза биологиядан алыстау, ол «заттарды аңдау, пайымдау» арқылы таниды.

Ал шәкірттері оған басқаша қарайды. Г. Плесснердің, түсінігі бойынша, адам бұл дүниеде өзін-өзі жоғалтып, ізденісте жүр, А. Гелен адамда биологиялық жағынан кемшілік көп деді. Сондықтан мәдениеттің әр түрінде өзін көрсеткісі келеді. Ротхаккер мен Ландман да адам мәдениетінің «объективтік рухының» жемісі, өзінің өмірбаянының жемісі, нәтижесі деп шығарды. Адам туралы біртұтас философиялық теория жасалмады, оның орнына аспектілерді қуған оқушылар биологиялық, психологиялық, діни, мәдени бағыттағы концепциялар жасады.

Сондықтан философиялық антропология онтология, таным теориясы, логика, метолология деген пәндердің қасына қосылмады., адамды зерттейтін философиялық пән жасалмады. Бұл бағыттың өкілдері адамды зерттегенде жеке бағыттарды ғана алып, асыра дәріптеп, басқа аспектілерді ұмытып, олармен шұғылданбайтын еді. Осы саладағы теориялық ережелер нашарлығын көрсетті. 1960 -70 ж.ж. ағым ада болып, кейінннен прагматизм, шыңырау психология, структурализм бағыттарымен қосылып жан-жаққа бытырап кетті.

Философия пайда болғаннан бері оның қалыптасуы, дамуы, ерекшелігі мен тағдыры туралы өте көп әңгіме қозғалуда. Біздің ойымызша, философия ерекше ғылым, рухани өндірістің айрықша формасы, себебі ол әлеуметтік сананың жеке түрі. Сондықтан ол нақты ғылымдардан өз білімінің ерекшелігімен, қоғамдық функцияларымен, мәдениет жүйесіндегі атқаратын қызметімен көзге түседі. Философия жеке ғылымдар сияқты жолмен құрыла алмайды. Ал кейінгі кезде философияны осылай құрамыз деп, оны көптеген жеке «пәндерге» тырысу көбейіп кетті. Диалектикалық және тарихи материализм бір – бірінен алшақтап, біртұтас философия жеке пәндерге бытырап, іштей бірліген жоғалта бастады. Қазіргі ғылымда дифференциация процесі жүруде, сондықтан философияда да ондай процесс болуы ықтимал дегенді кейбір мамандар айтатын болды.

Бірақ философия нақты ғылым емес қой. Ол жалпы, жинақтама ғылым. Оны бөлсе, ол өзінің ең басты белгісін: пәнінің бүтіндігін, тұтастығын жоғалтады. Диалектика мен материализмді, диалектикалық және тарихи материализмді бірінен – бірінен айыруға болмайды. Бұл бөліну жағдай алдымен жаратылыстану ғылымдарынан шыққан, ал оны қабылдаған жағдайда философия құрылымында әлеуметтік пен жалпы азаматтық мәселелер қаралмайтын болады. Маркстік философия принциптері сонымен қоғамнан да, адамнан да, алыстай, жаттана бастады. Олар материя мен сана, кеңістік пен уақыт, басқа заттар мен құбылыстарды талдады, ал адам олардың табысында қалып кетті. Сонымен адам болмағаннан кейін жұртшылық тарапынан философияға да назар аудару төмендей бастады. Қазіргі кезде философияың өзегі болып адам тұруы керек, әйтпесе ондай философияға сенім де болмайды, көңіл де бөлінбейді. Ендігі жерде философияның адамнан жаттануын жою қажет, сондықтан келешекте адамсыз философияның болмайтынына сенім мол.

Адамды, оның таным аппаратын, түсіндіру әдістерін беймаркстік философияның ішінде герменевтика (Э.Бэтти, Г.Гадамер, П. Рикер) зерттеген. Олар герменевтиканы алдымен әлеуметтік ғылымдардың әдісі ретінде түсініп, сонан кейін оны мәдениетті, тарихты, болмысты танитын, адамның өмір сүру жағдайларына жақын құбылыстардың мағынасын ашатын әдіспен санады. Бұл бағыт адам мен тілге ортақ мәселелерді қарастырып, тіл философиясының күрделі проблемаларын ашты. Сондықтан Бетти осы  ағымды неміс романтизмінің және классикалық идеализмінің  дәстүріне қарап тарих пен гуманитарлық ғылымдардың методологиясымен  байланыстырды, себебі герменевтика ертеден текстерді (қолжазбаларды) түсіндіретін ілім еді.

Гадамер герменевтиканы болмыс туралы ілім деп дүниеге әкелді. Дәстүрлі алдын-ала «түсінік» болу керек, соның арқасында әрі қарай жылжуға болады. Ал алдыңғы «түсінік » болмаса, онда таным мүлде жоғалады. Бұл дәстүрдің, түсініктіің қозғаушысы тіл болады, себебі оның ішінде жанама куәліктер жатыр. Онсыз таным мүмкін емес. Тану тіл арқыл, оның ішіндегі түсініктер арқылы болады. Субьект сырттағы жағдаймен тікелей араласпай, жанама куәліктерді пайдаланып, тілдің өзіндегі дұрыс таным жолына шығады. Түбінле бұл бағыт Декарттың метафизикасына қарсы шығып, субьектінің  орнына тілдің өзін қояды.

П.Рикер феноменологиялық герменевтиканы сынады. Гуссерль мен Гадамердің ілімдерін біріктіріп, оны адам, әлем мен мәдениетті талқылайтын әдіс деп, қоғамдық ғылымдарға көп қолданды, бірақ осы бағыт оны қайтадан құдай ұғымына, болмысын тәңірі жаратады деген түсінікке алып келді.

ХХ ғасырдың беймаркстік философиясында қоғамдық таным методологиясы ретінде структурализм есептелінеді. Бұл бағыт әуелде (К. Леви-Стросс, М. Фуко, Деррида) Францияда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де тараған. Бұл бағыттың негізінде структуралық, яғни құрылымдық тәсіл жатыр. Осы тәсіл структуралық лингвистикада пайда болып, сонан кейін әдебиеттануға, этнографияға, басқа гуманитарлық ғылымдарға ықпалын тигізген.

Бұл тәсіл негізінде құрылым ұғымы жатыр. Сондықтан осы әдісті қолданғанда алдымен өзгерісте сақталатын құрылымдық қатынастарды іздейді. Ол обьектінің құрылымын, «қаңқасын» көрсетпей; осы обьектіні құрастыру үшін қажет ережелердің жинағын, бір обьектіден екінші обьектіге көшуін, әрі қарай үшіншіге, сонымен бір топ обьектілердің ортасындағы сақталатын инвариантын тауып, соның ішінде нақтылық түрлерін анықтаумен байланысты болады. Ортаға енді өзгерту операциялары түседі. Сондықтан таным обьектінің элементтерінен, олардың табмғм қасиеттерінен осы элементтердің өзара байланысына, қатынасына көшеді. Дегенмен, құрылымдық тәсіл белгілі жағдайда құңды нәтижелерге жеткізеді.

Постпозитивизм өкілдері  неопозитивизм шеше  алмаған мәселелермен шұғылданады. Егер неопозитивистер ғылыми білімді статика күйінде қарастырса, онда постпозитивистер оны даму мен өзгерісте қарады. Т. Кун «Ғылыми революциялар» аты кітабында парадигма ұғымын енгізді, содан бері осы түсінік өте көп қолданылуда. Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, әдістерінің тұрақты жүйесі. Әдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, әрі қарай даму барысында логикалық қатал тәртіпке бағынады. Бірақ бір кезде  осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болады, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа парадигманы іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен; логиканың орнына психология келді. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды.

Бұған қарсы шыққан И. Лакатос даму жолының нормалық, ережелік зерттеу идеясын ұсынды. Ғылыми жаңалықты ашу логикасы сондықтан зерттеу жобалардың методологиясы  ретінде ішіне негативтік (қорғаныс) және позитивтік (шабуыл) эвристикаларын қамтыған. Осы жағдайда бір жағынан зерттеу жобасының өзегі, екінші жағынан бұл программа сынау жолында жаңа білім ашу үшін өзінің ұғымдарын, туатын қайшылықтарын қарастыру керек. Бірақ  Лакатос негізгі өзек пен эвристика ұғымдарын конвенционалдық, шартты жорамал деп тұжырымдаған. Сол түсінігі жалпы бағыттың күшін жойды, себебі енді шарт жолымен ұйымдасқан ұғымдар өздерінің функцияларынан революциялық конвенционализмге тіркеліп барып айырылды.

Постпозитивизмнің қорытындысын П. Фейерабенд шығарды. Теориялық альтернативаны зерттегенде ол ғылыми ойлардың эмпириялық жағынан жалпы сәйкес келмейтінін ашты. Сонда ғылым әрбір ғылымның ақыл-парасатына бағынышты болып, ғылымдықтың жалпы өлшемі болмағандықтан кез келген теориялық идеяны ұсына беруіне болады. Сонымен бұл бағыт эпистемологиялық анархизм деп аталады.

ХХ ғасырдың философиясында диалектикалық материалимге ең жақыны Батыстағы неорационализм немесе қазіргі рационализм болып саналады. Оның өкілдері (Башляр, Гонсет) диалектикалық позицияны қолдап, таным теориясының тарихында үш кезеңді ашқан: «ғылымға дейінгі рух» (нақтылы білім, XVII – XIX ғ.ғ ), «ғылыми рух» («абстрактілі-нақтылы», «дерексіз нақты білім», ХІХ ғ.), 1905 жылдан бастап жаңа «ғылыми рух» («абстрактілі-абстрактілі білім»).  Кейінгі ғылыми білім салыстырмалық теориясы мен квант механикасынан тұрады. Эволюционизмге қарсы шыққан неорарционалистер таным жолында қайшылық болғанын мойындады сонымен неопозитивизмге қарсы шықты. Бірақ бұл бағыт «эпистемологиялық үзілу» ұғымының арқасында ескі теория мен жаңа теорияны, абстрактілі мен нақтылыны, рационалдық пен эмпириялық жақтарды бөліп қарап субъективизмге бой ұрды. Осыдан кейін «техникалық» пен «табиғи» шындықтарды қарама-қарсы қойып, ұғымдары өз мазмұнынан айырылап қалды.



Қорытындылай келгенде ХХ ғасырдың философиясы көптеген идея, әдіс, ұғымын ұсынған болса да, оның танымы, көхқарасы диалектикалық материализмнен төмен. Сонымен бірге, бұл ағымдар мен бағыттар қазіргі жартылыстану және басқа ғылымдарға біраз әсерін тигізді.

Мазмұны Кіріспе: Философия пәні мен қызметі .......................................................................3 І тарау. Философия тархының дамуы 1.1 Ежелгі Үнді және Қытай философиясы ...................................................14 1.2 Антика философиясы .................................................................................26 1.3 Орта ғасыр философиясы ..........................................................................36 1.4 Қайта өрлеу және жаңа заман философиясы ...........................................44 1.5 Немістің классикалық философиясы .................................... ...................53 1.6 ХІХ ғасыр философиясы ............................................................................62 1.7 ХХ ғасыр философиясы..............................................................................70 1.8 Орыс философиясы......................................................................................80 1.9 . Отандық философия...................................................................................88 ІІ тарау. Теориялық философия. 2.1 Онтолгия: ұғымдары мен прициптері ......................................................102 2.2 Даму – диалектика ілімі .............................................................................114 2.3 Адамның рухани әлемі . Сана....................................................................120 2.4 Таным теориясы..........................................................................................127 ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 3.1 Философиядағы адам мәселесі.................................................................135 3.2 Қоғам. Философиялық талдаудың негізі ................................................141 3.3 Аксиология. ҒТП және экология .............................................................148 Қосымшалар. Сынаққа арналған бағдарлама сұрақтары................................................................154 Студенттің өзіндік жұмысына арналған қажетті шығармалар тізімі....................157 Сөздік...........................................................................................................................160 Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................167 Мазмұны .....................................................................................................................168 Сөздік 1. Абсолюттік рух – Гегельдің философиялық жүйесінің бөлігі, онда еркін рухтың өмірін суреттейді, кеңістік және уақытпен шектелмейді ол өнерде, дінде әрі философияда көрінеді. 2. Абсолюттік идея – философиясының негізгі категориясы, дүниенің негізін көрсетеді, дүниенің шығармалық бастамасы, болмыстың өзгермейтін, мәңгі, аяқталған бастамасы. 3. Абсолюттік ақиқат – (лат. absolutus – сөзсіз) «өзінен-өзі жеткілікті», бұл шындықтың дәл, түгел бейнелеуі, ол обьективтік ақиқат. 4. Аверроизм – Авероэс Ибн-Рушд ақиқаттың екіжақтығы туралы ілімі бойынша адамға философиялық ақиқат пен діни ақиқаттың бір-біріне қарсылықтың жоғын, дінді ұғынуға ұмтылады. 5. Агностицизм – ( гр. А теріске шығару және gnosis – білім ) обьективтік дүниені, обьективтік ақиқатты білу мүмкіндігін толық емес, ішінара теріске шығаратын ілім. 6. Адаптация – (кейінгі лат. adaptatio - бейімделу) орта, тұлға мен әлеуметтік топтың арақатынасының түрі. Организмді ағза құрылымы мен қызметінің бейімделу сипатының өмір сүру жағдайына дағдылануы – әлеуметтік адаптация айырмашылығы адам, түр ретінде өзінің құрылымы мен қызметін өзгертпейді, тек орта түрін өзгертеді. 7. Аксиология – (гр. Axia – құндылық және Iogos –ілім, сөз). Құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттейтін ілім. 8. Антропоцентризм – дүниені адам арқылы бағалайтын дүниенің тетігі, адам деп білетін идеалистік ілім, көзқарас. 9. Атрибут – (лат. Attriduo – заттық, құбылыстың өзінен бөлінбейтін қасиет). Обьективтік қажеттік, бөлінбейтін (ажырамайтын) өзіндік қасиеті. 10. Антиномия – санадағы қайшылық, дұрыс саналатын екі ереженің ара қайшылығы. 11. Аналитикалық философия – ХІХ ғ философиясының обьективтік дүниені тілді талдайтын пәнге балайды. Ол философияның обьективтік дүниені бейнелейтінін жоққа шығарады, неопозитивизмнің бір түріне айналады. 12. Антитезис – диалектикалық даму процесінде тезистің бастау қалпын бекерге шығару. 13. Априорлық (тәжірибесіз жорамал айту) – тәжірибеге дейінгі, яғни ақыл-ойды әуелбастан бар, дәлелдеуді керек етпейді. 14. Априорлық сезім мазмұнының түрі – адамның туа көретін таным обьектісі. Кант философиясында бұл – кеңістік пен уақыт. 15. Апейрон – (гр. apeiron - шексіз) мәңгі қозғалыстағы шексіз, белгісіз, санасыз материяны білдіру үшін Анаксимандар енгізген ұғым. Анаксимандар енгізген, мәңгі қозғалыстағы шексіз, белгісіз санасыз материяны белгілеу ұғымы. 16. Атом – (гр. atomas – бөлінбейтін) дүниенің бастамасы, себебі және барлық тіршіліктің мәні, материалдың бөлінбейтін бөлігі (Демокрит, Левкипп, Эпикур). 17. Атеизм – ғылыми негізге сүйене отырып, құдайды бекерге шығару, құлшылық етуден безу. 18. Болмыс (онтология) – барлық тіршілік бір бүтіндік (біртұтастық) ретінде санадан тәуелсіз өмір сүретін обьективтік дүниені белгілейтін философиялық категория. 19. Бейнелеу (шағылысу) – материяның жалпы қасиеті, материалдық денелердің өздігінен өзгеруі нәтижесінде әрекетке түсетін денелерге тән ерекшелікті, ортақ белгілер мен заңдылықтарды жинақтау. 20. Бастама (немесе архе) – бұл негіз, әлемнің ең кішкентай бөлшегі, (су, от, атом, монада, т/б). 21. Біртұтастық – үш әлем: табиғат, әлеумет және руханидің бірлігін көрсететін категория. 22. Волюнтаризм – болмыстың түпнегізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт. 23. Гипотеза – (гр. huostasis – негізгі болжам). Ғылыми болжам, шамалау және оның ақиқаттық мәнінің белгісіздігі. 24. Гилозоизм – (гр.hule – зат және loe - өмір). Материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. 25. Гносеология – (гр.gnosis – білім, logos - ілім). Таным туралы философиялық ілім. 26. Гедонизм – «адам рақат тұрмысқа тырысады» – дейтін көне грек ілімі. 27. Гелиоцентризм – күнді әлемнің ортасы деп есептейтін көзқарастар жүйесі. 28. Гуманизм – (лат. Humanus) орта ғасырдың соңғы кезеңінде пайда болып, схоластика мен шіркеудің рухани үстемдігіне қарсылық арқылы адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. 29. Герменевтика – ( гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді. 30. Ғылым – шындық туралы обьективтік білімді теориялық жүйе келтірумен байланысты, адам іс-әрекетінің саласы. 31. Дүниеге көзқарас – дүниеге және ондағы адамның орнына арналған аса жалпы көзқарастар жиынтығы. 32. Деизм - әлемді құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғатқа құдай әсерінің қатысы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. 33. Дедукция – (лат. Deductio – сырын ашу) ойлаудың жалпыдан – жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығару әдісі. 34. Диалектикалық материализм - әлем өздігінен дамитын, дүниеден тыс ешбір күшті қажет етпейтін материалдық жүйе ретінде қарайтын философиялық бағыт. 35. Детерменизм – (лат. Determino (deterino) анықтау – табиғатта, қоғамда және психикалық құбылыстарда болатын жалпы өзрара байланыстылығының себептерін, себептігінің заңдылығын зерттейтін ілім. 36. Дуализм – (лат. duo - екеу) дүниенің негізгі бір-біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен – рух пен материядан басталады деп танып, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. 37. Жаһандандыру – тұрақты әлемдік шаруашылық байланыстар әсерімен қалыптасқан әртүрлі елдер мен аймақтардың жалпылық белгілер мен өмір сүру көріністері. 38. Жан – адамның психикасы мен ішкі дүниесін білдіретін тарихи өзгермелі көзқарас. Дін мен идеалистік философияда денеден тәуелсіз өмір сүретін ерекше материалдық емес субстанция. 39. Жаттану – адамның әрекеті мен оның туындысының обьективтік түрде дербес бір күшке айналып, оның өзіне билік жасап, қарсы тұратынын білдіретін философиялық-әлеуметтік категория. 40. Жүйе – реттелген қатынастағы элементтердің жиынтығы. 41. Заттану – адам мүмкіндіктерінің затқа көшірілуі, әлеуметтік-мәдени мәнге ие болуы. Бұған кері процесте заттың мәні, адамның игілігіне айналып, адам мәдени жан ретінде қалыптасады. 42. Заң – нақтылы дүние мен қажетте қайталанып отыратын құбылыстардың байланысын бейнелейтін категория. 43. Құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын, ішкі, тұрақты мәнді. 44. Идеализм – (гр. idea- дәлме діл, көрініп тұрған нәрсе, бейне) рухты негіз деп санайтын философиялық ілім. 45. Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға көшіп, қорытындылар шығаратын ойлау әдісі. 46. Иррационализм – (лат. irrationalis – ақылсыз, санасы, ақыл жетпейтін) философиядағы ағым, танымда ақыл күшін мойындамайды, оған тіпті шек қояды, сонымен болмыстың мәніне ақылдың жетпейтінін уағыздайды. 47. Идеалдық - обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. «Идеалдық дегеніміз – адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдықтан басқа ешнәрсе де емес» (К. Маркс). 48. Имманенттік – (лат. Immanens) бір дененің ішінде орналасқан) заттың, құбылыстың немесе процестің іштей өзіне тән қасиеті. 49. Кеңістік – материя болмысының жалпы формасы, барлық материалдық жүйелердің ұзындығының, құрылымының, қатар өмір сүруі мен әрекеттігінің сипаты. 50. Категориялар – (гр. Kategoria – пікір айту, куәгерлік) обьективтік нақты құбылыстардың заңдылығы мен олардың негізгі қасиеттерін бейнелейтін ең жалпы түсінік. 51. Комплекс – көптеген элементтерді жинақтайтын кіші жүйелерден тұратын күрделі жүйе. 52. Концепция – негіз болатын ой, мазмұнын топтастыру, негізгі көзқарас. 53. Креационизм – (лат. creation - жасау) – құдайдың әлемді жоқтан жасауы туралы діни ілім. 54. Қажеттілік пен еркіндік – адам әрекеті, табиғат пен қоғамның обьективтік заңдары арасындағы қатынастарды білдіретін философиялық категория. 55. Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, жалпы атрибуты, «бұл көрінген өзгеріс» (Ф.Энгельс). 56. Қоғам – адамдардың тарихи дамып отыратын өмір сүру формасы, материалдық әлемнің табиғаттан бөлекшенетін бөлігі. 57. Материализм – сыртқы дүниенің обьективті өмір сүруін, оның мәңгі шексіз тіршілігін мойындаушылық, материяны алғашқы деп танитын философиялық ағым. 58. Метафизика – дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсіну және ойлау тәсілі. 59. Мораль – (лат. mores- әдет-ғұрып) қоғамдық сананың бір формасы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқаратын әлеуметтік институт. 60. Материя – (лат. material – зат, нәрсе, материал) философиядағы заттардың түпкі тегі, белгілі бір бастапқы зат – «материя адамға оның өзінің түйсігі арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз бола тұрып, оның сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі, суреті түсетін обьективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» (В.И. Ленин). 61. Метод – (гр. methods – бірдеңеге апаратын жол) қабылдау, құрал, таным тәсілі, белгілі бір түрдегі жүйелі қызмет. 62. Методология – (әдіс – сөз, түсінік, ілім) теориялық және практикалық қызметіндегі адамның принциптер жүйелері, ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге бұл жүйе туралы ілім. 63. Модус – (лат. modus - өлшем, тәсіл) атрибуттан өзгеше қасиет, заттардың кейде қайталанатын қасиетін белгілеуге арналған философиялық термин. 64. Монада – (гр.monas - біреу) болмыстың құрылымдық субстанционалдық бірліті білдіретін философиялық термин. 65. Монизм – (гр. monos – біреу, жалғыз) философиялық бағыт, идеалистік ұғымдарда – рух, материалистік ұғымдарда – материя. 66. Монотеизм – (гр. monos біреу және theos – құдай ) бір құдай, бір құдайға табыну. 67. Мессионизм – орыс философиясының ерекшелігі – әулиелік сипаты, ол тарихи дамуда болжап шешу құралы, әрі әлеуметтік өмір барысында басқару, болжау қабілеті. 68. «Москва – үшінші Рим» - орыс мемлекетіне христиан әлемін ислам қоғамынан құтқару рөлін жүктейтін доктрина. 69. Мифология – (гр. mytos - аңыз және Iogos- ілім) қоғамдық сананың түрі, дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі біздің ертедегі адамдар өмірінде маңызды рөл атқарды. Алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф – қоршаған ортаны қиял, керемет, құндылық жүйелері, ғылыми білімнің бастауы, дүниені эстетикалық сезінуі және ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. 70. Неопозитивизм – ХХ ғ философиясындағы позитивизмнің жаңа формасы. Басты идеясы – философия ғылым тілі – логиканы талдап жасау. Негізгі мақсаты – философияны дүниеге метафизикалық көзқарас мәселелерін ажырату. Неопозитивизм өкілдері ғылымның обьективтік заңдылықтарын мойындамады. Неопозитивизм – философиялық бағыт. 71. Ноосфера – ақыл-ой сферасы, адамның мүддесі мен болашағы үшін биосфераның ақылмен мақсатты дамуы. 72. Натурфилософия – табиғат философиясы, философияның алғашқы түрінің ойлау тақырыбы космос болды. Түсініктің мазмұны философия түрінің тарихи даму барысынан өзгеріп отырды. 73. Номинализм (лат. nomen – есім, атау) ол философиялық ағым. Жалпы идеялар, бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса – сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып-біледі. 74. Неотомизм – ХІХ ғ 70-ші жылдары пайда болған, әсері үлкен діни-философиялық мектептердің бірі. Ф. Аквинский ілімнің негізінде сенім мен ақыл-ойдың үйлесімділігі және сенімнің ақиқаттығының алғышарттығына жүгінеді. Ватикан шіркеуінің теориялық басты қаруы. Ол философиядағы христиан дінінің дәстүрін, догмалық идеялары мен теорияларын сипаттайды. 75. Неофрейдизм – қазіргі заман философиясының бағыты, классикалық психоанализді социологиялық және этнографиялық теориялармен қосу. Неофрейдизмнің З. Фрейдтің биологизмінен айырмашылығы, тұлға – қоғам мен мәдениетте айқындалады. 76. Онтология – субьекті мен оның әрекетінен тәуелсіз өмір сүретін, болмыс туралы философиялық ілім. 77. Обьективтік дүние – адам санасында тәуелсіз өмір сүретін барлық көріністегі нақтылық. 78. Обьект – табиғат, қоғамдық қатынастар, яғни объект дегеніміз – материалдық және теориялық тұрғыдан нақты тарихи іс-әрекет барысында субъекті игерген бөлігі. 79. Обьективтік идеализм – бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде обьективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және тәуелсіз рух (құдай, абсолют, әлемдік ақыл және тағы басқалар). 80. Өзіндік сана – адам мен қоғамның өз санасын, өнегелік бейнесі мен мақсат- мүддесін түсінуі. Сана дамуының ең жоғарғы деңгейі. 81. Өмір философиясы – иррационалдық философиялық ағым, орталық категория ретінде «өмір» алынады. Материяға, не рухқа қатысы жоқ бір бүтін нақтылықты интуитивтік ұғыну. Өмір философиясы, механикалық материализмнің кемшіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңуге әрекет жасады. 82. «Өзіндік зат» - Кант философиясының негізгі ұғымы, зат мәнінің өмір сүруін көрсететін, біздің санамыздан тыс өмір сүретін, бірақ тануға, тәжірибе жасауға болмайды. Құдай – бостандық , т. б. 83. Пантеизм – (гр. рап – бәрі және tcheos - құдай) құдай мен әлем біртұтас деп танитын құдіретті табиғатпен балаған философиялық ілім. 84. Патристика – (лат. pater - әке ) шіркеу әкелерінің ілімі, ІV-VІІІ ғ бай- ланысты. 85. Перепатетиктер – (гр. peripatetikos – серуен кезінде жасалатын) – Аристотельдің ізбасарлары. 86. Плюрализм – (лат. Plurais- көптік) дүниенің негізгі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ, рухани мәндерден туралы дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т. б.) нәрселер бар деп санайды. 87. Позитивизм – (positivism – дұрыс пікір) ғылым негізіндегі білім, ғылымның нәтижесі, синтезі және философиялық зерттеудің танымдық маңызын теріске шығаратын бағыт. 88. Прагматизм – ( гр. pragma –іс-әрекет ) субьективтік идеалистік философиялық ілім, бұл философияның негізгі принципі – қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе – шын, басқаша болса – жалған. 89. Психоанализ – психотерапия мен психологиялық ілім әдісі, орталық мәселесі психикалық процестер мен дәлел (мотивация) болды. З. Фрейд ұсынған жүйке және психикалық аурулардың жалпы теориясы мен емдеу әдісі. 90. Принцип – білімнің негізгі тезистері, ғылым. 91. Практика – (гр. praktikos – іс-әрекет) табиғат пен қоғамды тануға, өзгерту мен қайта құрудағы заттық-сезімдік іс-әрекет. 92. Психика – (гр. psych - душа). Жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті, субьектінің обьективтіні нақтылықты бейнелеудегі ерекше түрі. 93. Политеизм - ( гр. Poly – көп, theos - құдай ) – көп құдай, бірнеше құдайға құлшылық ету. 94. Рационализм – (лат. ratio - ақыл) танымның негізін ақыл деп санайтын философиялық ағым. Ол танымның басты қаруы, сонымен бірге ақиқаттың өлшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі ақыл. 95. Реализм – (лат. realis – шындық, заттық ) – бұл ілім бойынша шын нақтылық тек жалпы ұғым немесе әмбебаптық болады. 96. Руханилық – материалдық қажеттіліктердің дамудағы алғашқылығына қарамай маңыздылығы жағынан екінші қатарға қойылатынын білдіретін қоғам мен адамның күйі. 97. Секіріс – сан өзгерісінің сапа өзгерісіне өтуі, сан өлшемнің шегінен асып, басқа сапаға жеткізуі. 98. Секуляризация – дін мен шіркеу үстемдігінен құтылу. 99. Сенсуализм – (лат. sensus -сезім) философиялық ағым, танымның көзі – сезім (түйсік) әрі ақиқаттың өлшемі деп санайды. 100.Субстанция – (лат. sudstantia – мән, негізінде не жатыр деген сөз) кейбір бастама немесе алғашқы негіз, обьективтік нақтылық, оның өзіндік дамуындағы барлық түрлерінің ішкі бірлігі. 101.Славянофильдер – Ресейдің тарихтағы жолын уағыздайтындар, оны халықтың діншілдігі, ұжымдылығы және өнегелік құндылықтарға ұмтылысымен негіздейді. 102.Скептицизм – ( гр. skeptikos – құрастырушы, зерттеуші, сынаушы). Обьективтік шындықты танып-білу мүмкіндігіне сенбейтін, күдікке орын беретін философиялық концепция. 103. Соборлық – шешім қабылдау, қоғамның даму жолын таңдауды ұжым болып талдауды қажет ететін сананың, әрекеттің біріктіруші бастауы. 104.София - әлемнің даналығы, болмыстың рухани өзегі, құдаймен бірге туып, әлемді жасауға қатысады. 105.Субьект – қажеттілік, мақсатқа сай рухани және практикалық іс-әрекет жасайтын адам, әлеуметтік топ тарихи, нақты объектіні өзгертудің белсенді көзі. 106.Субстрат – (лат. sub – түпкі және tum - құрылыс) құбылыстың жалпы материалдық негізі. Әлемдегі бар құбылыстар мен процестердің субстраты, қозғалыстағы материя. 107.Салыстырмалы (относительдік) ақиқат – ол біршама дұрыс, негізінен алғанда дәл білім, бірақ толық емес, танып-білу үстінде толықтырыла, анықтала түседі, түзетіліп отырылады. 108.Сапа – обьектінің тұрақты, негізгі қасиеттерінің жиынтығы, оның басқалардан айырмашылығының көрсеткіші. Сонымен қатар, ұқсас обьектілерді сипаттайды. 109.Сан – обьект қасиеттерінің мөлшері, обьектілерді салыстыруға мүмкіндік туғызады. 110.Сана – жоғарғы ұйымдасқан материяның қасиеті, адамның әлеуметтік жан ретіндегі жоғарғы психикалық белсенділік деңгейі, обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. Өлшем – сан мен сапа көрсеткіштерінің бірлігін анықтайды, сан өзгерісінің сапаны сақтайтын шектері. 111.Субьективтік идеализм – бұл философиядағы ағым, дүниенің болмыстың негізі ретінде адам санасы, адамның «менін» мойындайды. 112.Софистика – формальдік логика заңдары мен принциптерін арнайы бұзу, жалғанды ақиқат деуге арналған ойлар. Танымда релятивизм принципін абсолютке айналдырады. 113.Схоластика – (гр. scholasticos - мектептік) «мектеп философиясы» оның өкілдері христиан ілімін рационалды дәлелдеуге, жүйелеуге ұмтылады. 114.Табиғат – адам қоғамы өмір сүруінің табиғи жағдайлар жиынтығы. 115.Таным – адам іс-әрекетіндегі қоғамдық-тарихи процесс, ол адам санасында обьективті шындықты бейнелеуге бағытталған «ойдың, обьектіге мәңгі шексіз жақындауы» (В.И.Ленин). 116.Теология – (гр. theos – құдай және logos- ілім ) дін ілімі, құдайдың мәні мен әрекеті туралы діни жүйенің жиынтығы. 117.Теодицея – (гр. theos- құдай және құқық, әділдік)- «құдайды ақтау», философияда құдайшылықты, жаратушыны мадақтау жайындағы ағым. 118.Телеология – (гр. мақсат-мүдде, ілім) алғашқы кезден бастап табиғат әлемнің мақсатқа сәйкес дамуы және өмірдің барлық құбылыстарының түпкі мақсаты бар деп түсіндіреді. 119.Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы). 120.Тітіркену – тірі дененің бейнелеу формасы, жүйке жүйесі жоқтарының ерекшелігі. 121.Тіл – ойлаудың белгілер жүйесі, адам қарым-қатынасының, ойлауының құралы ретінде сананы айқындайтын шындық. 122.Тұлға - әлеуметтік іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі жеке адам, оның қасиеті қоғамның нақты-тарихи жағдайында анықталады. 123.Трансценденталдық апперцепция – тәжірибеге дейінгі сезімнен тыс шындықты қабылдау, сезімдік және рационалдық сараптау білімінің синтезі. 124.Трансцендентті – тәжірибеден тыс жатқан, ақылмен, санамен түсініп білуге болмайтын идеалистік ағым. 125.Триада (үш таған) – Гегельдің идеалистік философиясындағы диалектикалық дамудың үш сатылығы: бұл көзқарас табиғат пен қоғамның шын даму жолына қайшы. 126.Томизм – (лат. Thomas –Фома) –Ф. Аквинский негізін қалаған, католицизм теориясындағы ағым, діни догматиканы ақыл-ой ережелеріне орынды қосуға тырысқан католиктік философияның қайнар көзі. 127.Теория - қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір көзқарастың тұжырымдалған қорытындысы. Теория ғылымның түрі, заңдылықтар жиынтығы және құбылыстардың қалай немесе қандай екенін түсіндіретін, мызғымайтын беріктігі. Бұл ілімнің болашақта теріске шығарылуы немесе анықтала түсуі мүмкін емес, ол сөзсіз айқын. 128.Терістеу - даму үстіндегі обьектінің кезеңдері арасындағы қатынастың бір түрі. Диалектикалық терістеу - өткен кезең қасиеттерінің толық жойылмай, жаңадан өзгеріп сақталуын білдіреді. 129.Уақыт - материя болмысының жалпы формасы. Барлық материалдық жүйенің өзгеруі мен даму түрінде уақыттың айнымайтын белгілі бағыты. Ол өткеннен, болашаққа жылжиды. Өткенді өзгертуге болмайды және оған қайта оралуғада болмайды. 130.Фатализм – алдын ала жазылып қойылған тағдырға, оның міндетті түрде орындалатынына сену. 131.Философия – болмыстың әмбебаптық заңы мен принциптері туралы ғылым; болмыс пен танымның жалпы принциптері, адамның дүниге қатысы, табиғат, қоғам және ойлаудың жалпы даму заңдары туралы ғылым. 132.Эклектика – қарама-қарсылықтарды ешбір дәлелсіз бір-біріне қосу. 133.Эволюция – обьектінің сандық көрсеткіштерінің белгілі бір сапа деңгейінде дамуы. 134.Экзистенциализм – (тіршілік философиясы) – философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализмнің идеялық көздері - өмір философиясы. Басты мәселесі: адам болмысы, оның мәні мен тағдыры. Категориялары: жалғыздық, жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық. 135.Эмпиризм – гносеологиядағы бағыт, ақиқат білімнің бірден-бір көзі сезімдік тәжірибе деп санайды. 136.Эсхатология – (гр. eschatos –соңғы және logos – ілім, сөз) әлем мен адамзат тағдырының ақыры туралы, ақырзаман мен тозақ туралы діни ілім. Әдебиеттер тізімі 1. Алексеев П. В., Панин А.В. Философия . Учеб. М.: 1996. 2. А.Қасабек Тарихи-философиялық таным. Оқу құралы. Алматы. ҚазГЗУ.2002. 3. Алтаев Ж., Ғабитов Т. ж.т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 1998. 4. Алтаев Ж., Касбек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000. 5. Ақназаров Х. З. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы , 1992. 6. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001. 7. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы мен метод проблемасы. Алматы, 1990. 8. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы, 1992. 9. Блинников Л.В. Великие философы. ( Словарь-Справочник) М.: 1991. 10. Введение в философию. Под ред. Фролова Н.Т. М.: 1989. 11. Есім Ғ. Фәлсафа тарихы. Алматы: Раритет, 2004. 12. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9т. Алматы, 1994-2004. 13. История философии в кртаком изложении. М.: 1944. 14. История философии ( Россия-Запад-Восток). М.: 1994. 15. Касабек А. , Алтаев Ж. Қазақ философиясы. Алматы, 1998. 16. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2003. 17. Краткая философская энциклопедия. М.: 1994. 18. Қазақ даласының ойшылдары.1-4 к. Алматы, 2001. 19. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т.Ғабитов, А.Т.Құлсариева. – Алматы, 2004. 20. Мамардашвили М. Лекции по античной философии. М.: 1998. 21. Мир философии. ( в.2-х частях). М.: 1991. 22. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1994. 23. Орлов В. В. Основы философии. Учеб. пособие. Пермь, 1991. 24. Радугин А. А. Философия. Курс лекций. М.: 1995. 25. Сатыбекова С. Х. Аль-Фараби. Философия трактаты. Алматы, 1972. 26. Сегизбаев О. А. Казахская философия. ХV-начала ХХ века. Алматы, 1996. 27. Современная западная философия: Словарь. М.: 1991. 28. Современная философия. Словарь. М.: 1996. 29. Сулейменов И. Лекции по философии. Алматы, 1999. 30. Философия . Учебник для вузов / отв. Кохановсний А. Н. Ростов, 1996. 31. Философия. Учеб. пособие / под ред.Лавриенко В.М.: 1996. 32. Философский энциклопедический словарь. М.: 1983. 33. Хрестоматия по философии. Учеб. пособие. М.: 1995. 34. Хрестоматия по философии. Учеб. пособие / под ред. Алексеева. М.: 1991. 35. Чанышев А. Н. Курс лекции по древней и средневековой философии. М.: 1991.
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/r_t_rli/ylymi_zh_mystar/filosofija/45-1-0-1093

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...