Жоспар: Кіріспе

Loading...


бет3/7
Дата26.03.2020
өлшемі149.12 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы  жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі  типтен тұрады:  Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі.  Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік,  өмір және өлім секілді мәселелер  көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру,  фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы,  адамзат баласымен араласуы т.б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның  қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген  көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның  іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі  істерге шақыруда:  мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар  адам баласын  сыйласымдылыққа,  әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз  мәселесін түсіндіруде діннің  атқарар маңызы ерекше.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі.  Философиялық көзқарас  мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене  отырып  логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия  даму барысында үш   кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм-әлемді  түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл  кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . 

Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).

Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын  философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. 

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды.  Алғашқы  философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық  бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды.   Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген  ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту  жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология,  дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі  мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың  екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде  материя ма деген    онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ  қояды.

екінші жағы: адам баласы  дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда  негізгі   екі бағыт  пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя  не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса,  ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе  әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды. 

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм. 

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя—адамның санасынан тыс,  тәуелсіз  өмір сүретін  және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында  дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

 Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

-Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

-Субьектвті идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша  тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және  «заттар әлемі»  болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос)  әлемдік зердеде өмір сүреді,  заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ,  жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі,  адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған  философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені  адам санасынан тыс материяда,  рухта жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады.  Олардың қатарына: монизм,  дуализм деизм саналады.

Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі  ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім.  Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып табылады.

Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп  тұжырымдайтын пікір.  Негізін салған Р.Декарт.

Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп  тұжырымдау. Негізін салған   17 ғ. Ағылшын философы,  лорд  Чербери.

Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында   қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле  алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.

Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр.  Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап,  шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын   процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты  кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің  түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда-«физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).   

 

Ерте Үнді философиясы



 

Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.

Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:

1)    брахмандар: әулиелер

2)    кшатрий: әскербасылар

3)    вайшьи: ( купцы)

4)    шудра: қызметкерлер мен шаруалар

Әр «варна»- адамдардың қауымдастық салт –санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған.  «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

·         Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) - өркениетті қалыптасу дәуірі

·        Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі  философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.

                1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята

Махабхарата кітабының алтыншы бөлімі – Бхагавадгитаның теориялық құрылымын қалыптастыру кезеңі (б.д.д. У-ІУғ)

2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.

·        Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

   Ерте Үнді философиясының қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Филиософиялық көзқарастар б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:

1) Астика (ортодоксолды) бағыты-  ведалардың беделін қабылдаған,  

      мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя,    

      йога және вайшешика мектептері жатады.

1)    Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері

Көне үнді мәденитінің қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.

Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық  мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

                Веданта («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.

Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.

Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.

Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.

Вайшешика (ерекшелік) – алғаш рет Канада жүйелі түрде түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады.

Ведалар адамдардың қалай өмір сүу керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты – дхарма дейді. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.

Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла аомайды.

Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

1.     өмір – азапқа толы;

2.     азаптың себептері бар;

3.     азапты тоқтатуға болады;

4.     азапты тоқтататын жолдар бар.

Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:

1.     дұрыс қабылдау (видение);

2.     дұрыс ойлау;

3.     дұрыс әрекет;

4.     дұрыс өмір сүру салты;

5.     дұрыс күш жұмсау;

6.     ақылды дұрыс қолдану;

7.     дұрыс ой шоғырландыру.

Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоталады.

Буддизмгің негізгі екі бағыты бар:

1.     Хинаяна

2.     Махаяна.

Махаяна –  адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.

Хинаяна –  Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.

Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.

Жайнизм – үнді философиясындағы ортодоксалды емес жүйелердің бірі. Б. д. д. 6 ғ. шамасында пайда болған. Негізін салушы – Вардхамана (Махавида–кейінгі атауы «ұлы тұлға»). Кейде Джина деп те аталады («карманы жеңген»).

Вардхамана ( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж.) кшатрия ортасынан шыққан, 28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз монахтарының қауымдастығы қалыптастырған кзқарастады уағыздаумен өтеді.

Ол жаңа діни философияны 24 тирханкалармен («жолды ашушылармен») бірге жасайды.

Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты – «босатылу».Жайнистер дүниедегі заттадың барлығы жанды деп есептейді.

Құмырсқыны өлтірудің өзі күнаға жатады. Ал егер өлтіріп алса, кармасын төмендетіп алуы мүмкін. Ал жанның «босатылуы» тікелей карма заңына байланысты.

Жайнизмнің негізінде «таттвалар» – «мән» туралы ілім жатыр. Ола дүниені құрайтын негізгі материалдар, сонымен қатар білім құраушы ақиқат. Ең басыт екі татва – негізгі қасиеті, ерекшелігі таным болып табылатын джива (жан) және аджива (материалдық заттар). Материя – аңғаруға болатын түс, иіс, дыбыс және дәм сынды қасиеттері бар адживаның бір түрі. Ол атомдардан тұрады, сезім мүшелеріне әсер етеді, өзгерістерге ұшырайды, бастау мен соңы болмайды және оны құдай да жаратпаған. Бірегей немесе жалғыз жан, яғни құдай жоқ: тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Материя сияқты жанды да ешкім жаратпаған, әуелден бар және арқашан бола бермек. Жан бәрін білуі, біріне енуі, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен ғана шектелген. Жайнизм этикасы бар тішілік иесіне зұлымдық жасамау туралы ілімге сүйенеді.

Локаята –  Веда ілімдеріін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған лкояттардың пікірінше, брлық денелер махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Ола өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында зара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасие – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт – ләззат деп түсінген. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып білуде ақылдан сырт, сырт күш туралы ілімдерден, белсенділіктен еш пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ғана ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп кетеді.

Миманса- Прабхакара және Кумарила. Веда беделіне оралуға шақырады. Олардың ойынша Ведалар- жоғары сезімдік субстанция, танымның көзі.

                Санкхья- негізін салған Ишваракришна. Дүние- материалды бастама (пракрити) мен абсолютті рух (пурушни) байланысынан әлем пайда блды деген көзқарасты ұстанушылар.

                Ньяя- негізін салушы Акшапада Готама. Ньяя ілімінде логика мен гнесология өте үлкен роль атқарады. Ньяя ілімінің тұжырымдауынша  атомдардан тұратын, олардың үйлесімі барлық нәрселерді құрайтын материалдық әлем бар.

 

Ежелгі Қытай философиясы



 

Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.

Қытай философиясының пайда болуымен дамуына  қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:

1.     «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап);

2.     «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар);

3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);

4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»);

5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған»);

6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»).

Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.

Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15  жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.

Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге  негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.

«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:

«Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».

«Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.

Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.

Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет.  Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты.  Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.

Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті  шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.

                Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің  негізгі ұғымдары «Дао» және  «Дэ».

«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.

Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.

«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның»  бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.

Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен,  аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер,  металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.  

 

Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен  «Ян» қағидасына байланысты екіге  бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...