Жоспар: І. Кіріспе «Даналар логика туралы» ІІ. Негізгі бөлім Логика ұғымына түсінік



жүктеу 151.59 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі151.59 Kb.
«Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Жоспар:
І. Кіріспе

  «Даналар логика туралы»



ІІ. Негізгі бөлім

    2.1.Логика ұғымына түсінік

    2.2.Негізгі мақсаты.

    2.3.Сабақ үлгісі.



ІІІ. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика  заңдылықтарын пайдалана отырып,  ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың  логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.

 А.Н.Леоньтев



І. Кіріспе

«Даналар логика туралы»

В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.

«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» – дейді В. Кириллова.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде ,сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Балаларға берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, баланың , білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.

   Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.

«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.



II. Негізгі бөлім.

2.1. Логика ұғымына түсінік.

Логика (гр. λογική – «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл»)    -ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Логика—адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық тәсілдерді (әдістерді) зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал болмақ.
2.2. Негізгі мақсаты мен зерттеу пәні:

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.

Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.

Аристотель дедуктивтік-силлогист  ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары индуктивтік Логиканың бастауын ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің Логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, Логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.

Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

  Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындату-дың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

 
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде балалардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. .Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл,біріңғай жаттығулар орындау жалықтырады.Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі – балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,кітапқа ,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын арттыру. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді.Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімді-лігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.

Балалардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Балалардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады.



1. Қабылдау
2. Түсіну
3. Есте сақтау
4. Қорыту және жүйелеу.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл балалардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық зерттеу саласы – ойлау қабілеті. Демек адамның ойы – ғалымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сонда логиканың өзіндік ерекшелігі неде?
Ойлау формалары немесе логикалық формалар үшеу: ұғым, ой пікір және ой қорыту.
Балаларды логикалық ойлаудың тәсілдеріне үйрету керек:мұнысыз оқу материалын қабылдау мүмкін емес. Сондықтан да математикалық дайындық логикалық ойлау және көңіл бөлушілік дамуымен байланысты болуы керек.
Бұл ойлаудың түрі негізі жалпы ойлаудың үш формасын меңгеру шартымен ғана дамиды: көрнекі әсерлік, көрнекі мүсіндік және логикалық.
Алғашқыда 3-4 жаста көрнекі әсерлік ойлау күш алады.Бала перамидка жинағысы келеді, одан соң оны түзетіп қалауға тырысады.
5-6 жаста көрнекі-мүсіндік ойлау дамиды, бұл көріп тұрған заттардан керектісін таңдай білуді, бұл заттардың бір-бірімен, бөлшектерінің өзара байланысын, қатынасын анықтауға көмектеседі. Бала мектеп, дүкен ойындарын ойнайды, суреттерді үлкен қызығушылықпен қарастырады.
Кейін ойлаудың дамуы балада логиканың дами бастауына соғады. Бала талдауға, талқылауға, қарапайым заңдылықтарға, логика заңдылығына байланысты ой қорытындыларын жасауға үйренеді.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:•Қызығушылығын арттыру;

•Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

•Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.Машық. Сергіту;

2.Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизм- дерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

3.Іздену тапсырмаларын орындату;

4.Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

 

Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:



1.Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

https://lh6.googleusercontent.com/6iqlt7nqfdkhz6km-sw8cvaopolzqjfc8ai-qjflaxsp8nt5hghbzs-fkzmdipiqrrjltul8ouj5wixjfjuovl0owcve5edtldjvuviityiygctqvqn7hgccppi3uxhmeazf-rjnhu4https://lh6.googleusercontent.com/_egnc1kgrihuznhvur5jbpsi1yy6z8jzoy75hxqz_ict0z-pbmffed3yuqpz0wiakiiis0p5t96db5bdxxclwzl9ts5gojuwbhinsrmx53isbydgxckweq7zsffupqizhfyp5ndwok8https://lh3.googleusercontent.com/m0ak0zap1zl9bw9ljojis67ge7xhvuq7s4-vylit_xeym9tbp4lnffwjgrodtd2cdntwd41dduxzgmjfzpmn0p2pojro_v5n6r8abynxqb2vz7ecxs3il3le6ir7-_ly6i_ggn04rqc

2.Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).



Логикалық жаттығулар:

Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

1.  Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.

2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.


Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:

1.Пәнге қызығушылығы артады;

2.Ой-өрісі дамиды;

3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.

Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырма-ларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі:«Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.



https://lh3.googleusercontent.com/q9hyla01d0h96owpslzhrpltuxyttflnqzasqbohpidzssliwwmsbhe-c_hcrtdfj7z84kuldmlvao0vdrcf3hdxv_dc84g0otwyxyu4x0xfaog8kscevzoeahfh5sdwrcfnjna_fr4

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.



«Ұқсастық пен айырмашылық». Балаларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.

«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Балаларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.

«Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.

«Заттардың қасиеті». Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды қайталауға болмайды.

2.4.Сабақ үлгісі:

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Оқу іс – әрекетінің мақсаты:Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.        

Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.

Оқу іс – әрекетінің барысы:

1. Кіріспе бөлім.А)Жұмбақтар шешу.

1.Қалқиып қос құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.   ( Қоян)

http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//rudb.org/img/2008_09/i48ca8494041a0.jpg&mb=imgdb_preview_999

 2.Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.        (Піл)

https://lh3.googleusercontent.com/6m8e4ypam41hpjl4owitjqg73txjmt5e6rwbkqcoyvp99lcyqbjfx7rbgwm0y1t17dgpqaltlwtdt4xw-rxxjjdhxembgzbywzwuqxnq6znepprcldgte0vlg102gz7tolvjmnyw3-g

 3. Ағаштан-ағашқа секірген,

 Кішкентай ғана шапшаң аң.    (Тиін)

https://lh6.googleusercontent.com/6zvemdroagtomoyeivalpewcudtiiesitf2xfvo4immg6n_--tlxuxye40ay6bl9fa68xvxoijoze8p-fcygkchrmr0i3nsxfnfveztzzyfnvmsumlagug7b_qfcygr0cdzdaftiwga

4.Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тісі бар,

Тұма бойында

Тасыған күші бар

Күжірейген жалды.

  Білсең айт бұл аңды.      (Арыстан)

http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//urbawebsite.narod.ru/cats/picturcats/asialion.jpg&mb=imgdb_preview_717

 5.Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

  Айласы көп.

  Бұл не?    (Түлкі)

 

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//999w.ru/uploads/posts/2010-12/1293371278_4d.jpg&mb=imgdb_preview_948

 

6.Тарғыл-тарғыл тас па,



Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста,

   Бұл саған таныс па?     (Жолбарыс)

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//www.cruzo.net/user/images/o/37cebd6205402c9df5626a9834c6f515_400.jpg&mb=imgdb_preview_1227

7.Бейқам елді іздейді,


 

ә)Мәтінмен жұмыс.Хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып беру. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар – көк кит, ең ұзын жануар – керік туралы мәлімет беріледі.



жирафыhttp://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//www.whale-images.com/images_/mig/killer-whale_breach.jpg&mb=imgdb_preview_1072http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3a//upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a9/african_bush_elephants.jpg/220px-african_bush_elephants.jpg&mb=imgdb_preview_427http://izhcitylife.ru/wp-content/uploads/2012/09/obezyanyi.jpg
б) Сұрақ – жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.

а) Тыныштық сәтін өткізу.- Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат – жан – жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы – жан – жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

б)Логикалық тапсырма «Қайсысы қай баспанада тұрады?»



https://lh4.googleusercontent.com/o5j-vtjmn76duioqitby-xkrythwdeiv0xbrpwqcs4a7d0wupm2dxfehzfacro2heodhflfrrhus9nnntyffhxtsbacirsv5fx7pjrhtjcrfg21qw8eyfztfoyznsnpvkpsrwahjhf4

в) Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Хайуанаттар бағын құрастыру.

 

http://i5.rozetka.ua/goods/5861/lego_bigzoo_6157_5861106.jpg

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда тұрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі – сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол – өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды.

Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.



https://lh3.googleusercontent.com/y8mjlk3oi5wqoahwauhblyzcox8fa7i1vyhkjjb_mgylrbaqh5ha-jnzytk1ieiilzyqavrezvmf5wsnmldlovdhr15sarlqcozfjnemn4qqbxucpvwd16ikm2gmdltxpmzhkmw5in4

 

Сондай – ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.



в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

г) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді

c:\users\базик\desktop\тіл дамыту сурет.bmphttps://lh6.googleusercontent.com/yqvrbyczztslqmc3nzllpvdihk8piee9ohjrmv70dcuwjfypocwvldaokfg3uqovb6daejvzvvf4l-ysybz1oc7tlowaq3csfzlnfawnruvwxa7astoqcfwpvsu4rcq-ajhn8yma0ge

3. Оқу іс – әрекетін қорытындылау.

а) Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

.


ІІІ. Қорытынды
Қазіргі уақыттың  негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Шығармашылық тапсырмалар балалардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, баланы өзіне тарта, баули түседі.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Білім заңы

2. Мектептегі психология №5, 2011 жыл

3. Мектептегі психология №1 2009 жыл

4.Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ,

1998ж.


5.Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастаукыш мектеп,

№12, 1998ж.

6.Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж

7.Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2005 жыл

8.Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл

9.Қазақстан мектебі №11-12, 2008 жыл

10.Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

11.В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»



12.«Балаңыз мектепке дайын ба?»,«Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінін» тест тапсырмалар мен жаттығулар.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет