Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру



жүктеу 156.15 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі156.15 Kb.


Қызылорда облысы әкімдігінің



2015 жылғы «2» «қыркүйектегі» №141

қаулысымен бекітілген



"Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру"

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы, оның бөлімдері мен бөлімшелері (бұдан әрі – Орталық);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - «Әлеуметтік–еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама).

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Орталыққа стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы немесе портал арқылы электрондық құжат нысанындағы сұраныс жолдауы.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

көрсетілетін қызметті беруші егер, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті тіркейді, «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ( бұдан әрі - Еңбек нарығы» ААЖ) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексереді, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бес минуттан аспайды);

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды (бес минуттан аспайды);

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (бес минуттан аспайды).

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы


7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен өзге ұйымдардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;

3) Орталық қызметкері.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимыл тәртібі реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) Орталықпен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.

4. Орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен

өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы


10. Қызметті Орталық арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа стандарттың 9-тармағына сәйкес келесі құжаттарды ұсынады:

стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі), оралмандар үшін – оралман куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

Орталық қызметкері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

2) Орталық кызметкері өтінішті тіркейді, «Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексереді, анықтаманы дайындайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (он бес минуттан аспайды).

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

11. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) мен парольдің көмегі арқылы порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) көрсетілетін қызметті беруші электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН және парольді (расталу үдерісі) енгізеді;

3) ЖСН мен пароль енгізілгеннен кейін порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің шынайылығына тексеру жүргізіледі;

4) көрсетілетін қызметті алушы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» қызметін таңдайды, осы кезде экранға қызмет көрсету үшін электронды сұраныс нысаны шығады және көрсетілетін қызметті алушы оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, берілген нысанды толтырады (деректерді енгізу);

5) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-сы арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұраныстың нысанына қол қояды;

6) порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі және қайтарылып алынған (жойылған) тіркеу тізімінде болмауы, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігі тексеріледі;

7) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) «электрондық үкіметтің шлюзі» арқылы «Еңбек нарығы» ААЖ-не жолданады;

8) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жауабы (анықтама) қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:





1

Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі


1

2

3

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

3

Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

өтінішті тіркейді, «Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексереді және анықтаманы дайындайды

анықтамаға қол қояды

анықтаманы тіркейды


4

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі

анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды


анықтаманы көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзімі

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

5 минуттан аспайды

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесінің (рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге берілу тәртібі көрсетіле отырып) сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:





1

Рәсімнің (іс-қимылдың) нөмірі


1

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Орталық қызметкері

3

Рәсімнің (іс-қимылдың) атауы және олардың сипаттамасы

өтінішті тіркейді, «Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексереді және анықтаманы дайындайды

4

Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (іс-қимыл) нәтижесі


анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындалу мерзiмi

  1. минуттан аспайды



«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)

арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:






Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы: өтінішті тіркеу,

«Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексеру, анықтаманы дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну

(5 минуттан аспайды)

Көрсетілетін қызметті алушы:

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну

в Центр




Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы:

анықтамаға қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдау

(5 минуттан аспайды)

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы:

анықтаманы тіркеу және

көрсетілетін қызметті алушыға беру

( 5 минуттан аспайды)






Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:



Орталық қызметкері:

өтінішті тіркеу, Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексеру, анықтаманы дайындау, тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру

(15 минуттан аспайды)

Көрсетілетін қызметті алушы:

құжаттарды Орталыққа ұсыну



«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




Порталда тіркелу




ЖСН және парольді енгізу






Электрондық құжаттың қалыптастырылуы және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»

жолдануы





Деректердің шынайылығын тексеру



Көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы және сұраныс нысанын толтыруы


Толтырылған сұраныс нысанына ЭЦҚ арқылы қол қою



Порталда сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру




Электрондық құжаттың

«Еңбек нарығы» ААЖ-не жолдануы


«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

5-қосымша

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет

көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті алушы









өтінішті тіркейді, «Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын тексереді, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады

құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады

анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді

анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды

регистрирует заявление, входит в персональную карточку услугополучателя в АИС «Рынок труда», где он зарегистрирован в качестве безработного и формирует и направляет справку руководителю услугодателя




ее 5 минут






5 минуттан

аспайды


5 минуттан

аспайды




5 минуттан

аспайды



ИЯ


Көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа жүгінген кезде:



Орталық қызметкері

Көрсетілетін қызметті алушы





өтінішті тіркейді, Еңбек нарығы» ААЖ-де көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жұмыссыз ретінде бар болуын

тексереді, анықтаманы дайындайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді






құжаттарды Орталыққа ұсынады






15 минуттан аспайды





ИЯ

Шартты белгілемелер:




  • мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;





  • көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), өзге ұйымдардың немесе комиссиялардың атауы;

- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет