«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті. Негізгі ұғымдар

Loading...


жүктеу 112.49 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі112.49 Kb.
Аудан әкімдігінің

2011 жылғы «___»_____№____

қаулысына 1 қосымша
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті.
Негізгі ұғымдар
Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

Жұмыссыздар - өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге әзір, еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – аудан әкімдігінің 2005 жылғы 6 қаңтардағы №40 Қаулысымен бекітілген «Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі негізінде функцияларды жүргізетін заңды тұлға ( бұдан әрі – уәкілетті орган)

Алушы ( бұдан әрі – тұтынушы) - оған мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.


1. Жалпы ережелер
1.1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік- құқықтық анықтамасы:

Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес, жұмыссыздардың талап еткен орындарға көрсету үшін анықтама алуда азаматтар құқықтарының жүзеге асырылуына арналған мемлекеттік қызмет көрсету

1.2. Мемлекеттік қызмет мына мекен-жайдағы уәкілетті органмен ұсынылады: Переметный ауылы, Гагарин көшесі 82 үй, № 6 кабинет, телефон 871130-22-241 электрондық мекен-жайы: zelrozisp@mail.ru

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі- орталық) ұсынылады.

1.3.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

1.4.Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 8 б.1 тармағының 8 тармақшасы және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары негізінде көрсетіледі.

1.5.Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

Тұтынушыға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

1.6.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады.

1. Уәкілетті орган;

2. Орталық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар.
2.1. Уәкілетті органның орналасқан орны мен жұмыс кестесі туралы ақпарат:

Уәкілетті органның орналасқан орны осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің №1 қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен,сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау алдын-ала жазылусыз жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүргізіледі.

Орталықтың орналасқан орны осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің №2 қосымшасында көрсетілген.

Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жеделдетін қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

2.2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат алу тәртібі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбелері уәкілетті органдардың стенділерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/ www.enbek.gov. kz. орналастырылады.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатындар:

1. Уәкілетті орган.

Уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы ұсынған барлық қажетті құжаттарды қабылдайды және тіркейді, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама береді, немесе тұтынушы жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, қызмет көрсетуден жазбаша түрде бас тартады.

2. Орталық.

Орталықта құжаттар қабылданады, өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Уәкілетті органға өтініш білдірген жағдайда:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 минуттан аспайды;

2) Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұхсат берілетін ең көп уақыты (өтініш жасаған және электронды сұрау салу берген сәттен бастап, тіркеу, талон алу кезінде) 10 минут;

3) Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 10 минут.

Орталыққа өтініш берген жағдайда:

Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап үш жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):

1) Қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілетін ең көп уақыты-30 минут;

2) Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

3) Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;

2.5. Тұтынушы уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

2.6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

Уәкілетті орган арқылы қызмет көрсетілгенде:

Уәкілетті орган тұтынушыдан қажетті құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді, анықтама береді немесе бас тартады.

Орталық арқылы қызмет көрсетілгенде:

Орталық құжаттарды қабылдайды, өтінішті қабылдағаны туралы қолхат беріледі, тұтынушы жеке жолыққанда дайын құжаттарды береді.

2.7. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүргізетін тұлғалардың ең төменгі саны – бір адам.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттердің

( өзара іс-қимылдардың) сипаттамасы.
3.1. Кіріс корреспонденциясын рәсімдеу және оның мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуын (мәлімдемесін) қабылдау (тіркеу) бойынша тұтынушының ақпараттар алу тәртібі.

Уәкілетті органда – уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді және анықтама береді.

Орталықта – орталықтың инспекторы:

Өтініштің нөмірі және қабылдаған күні;

Сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі, сұралатын мемлекеттік қызметтің күні (уақыты) және берілетін орны.

Өтінішті қабылдаған инспектордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген өтінішті қабылдағаны туралы қолхат береді.

3.2. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар:

Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт)

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі.

Оралмандар – оралман куәлігі;

2) Мемлекеттік қызмет алуға жолыққан орындағы орталық беретін, толтырылған өтініш нысанын;

Орталықта толтырылған өтініш нысаны орталықтың инспекторына тапсырылады.

3.3. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: ақпараттардың сақталуын, қорғалуын, құпиялылығын қамтамасыз ету.

3.4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық функционалды бірліктердің саны (бұдан әрі ҚФБ) (ҚФБ – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары немесе олардың ішкі жүйелері)

1) СФЕ 1 – уәкілетті органның қызметкері;

2) СФЕ 2 – уәкілетті органның «Еңбек нарығы» ААЖ бойынша бас маманы;

3.5. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің №3 қосымшасындағы 1,2,3, кестелерде берілген.

3.6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ҚФБ өзара іс-қимыл схемасы және қисынды реттілігі, осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 4 қосымшасында көрсетілген.
4.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.
4.1.Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекенжайлары, осы регламенттің 1,2 қосымшасында көрсетiлген.

4.2.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.

4.3.Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның көрнекi жердегi стендiлерiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректерi осы регламентте 1-қосымшада көрсетiлген. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандарттың 2.1.- тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес белгiленедi.

4.4.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4.5.Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптары көрсетiледi.

4.6.Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

4.7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайы Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 82, сонымен қатар интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz. ала алады.

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама


беру» мемлекеттiк қызмет
регламентіне 1-қосымша
Уәкiлеттi органның мекенжайы мен байланыс деректерi


Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5




Зеленов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесi, 82 zelrozisp@mail.ru

8-71130 2-20-70

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама


беру» мемлекеттiк қызмет
регламентіне 2-қосымша
Халыққа Қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi


Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарина көшесі 69Б

8(71130)23-616

8(71130)23-614 қабылдау бөлмесi

2

Зеленов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, Балдырган көшесі 27/1

8(71131)24081

8(7113124080) қабылдау бөлмесі

«Жұмыссыз азаматтарға анықтама


беру» мемлекеттiк қызмет
регламентіне 3-қосымша
ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы


1

Іс-қимылдың (барысының жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

Қ.Ф.Б. Атауы

Уәкілетті органның қызметкері

Уәкілетті органның «Еңбек нарығы» А.А.Ж. бойынша бас маманы

Уәкілетті органның қызметкері

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, оларды тіркеу

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы электрондық сұрау салуды жүргізеді

Анықтама береді немесе анықтама беруден дәлелді бас тартады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық - өкімгерлік шешім)







Анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

5

Орындау мерзімдері

Жолыққан күні, 10 минут

10 минут

10 минут

6

Келесі іс-қимылдардың нөмері

2

3





2 кесте. Пайдалану нұсқалары

Негізгі үдеріс – жұмыссыз азаматтарға анықтама берген жағдайда.


Уәкілетті органның қызметкері

«Еңбек нарығы» А.А.Ж. бойынша бас маман

№ 1 іс-қимыл

Қажетті құжаттарды қабылдау және тіркеу (10 минут)



№ 2 іс-қимыл

Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы «Еңбек нарығы» А.А.Ж. тексеру (10 минут)



№ 3 іс-қимыл

Анықтама беру (10 минут)







3 кесте. Пайдалану нұсқалары

Баламалы үдеріс – азаматтарға жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беруден бас тартқан жағдайда


Уәкілетті органның қызметкері

«Еңбек нарығы» А.А.Ж. бойынша бас маманы

№ 1 іс-қимыл

Қажетті құжаттарды қабылдау және тіркеу (10 минут)



№ 2 іс-қимыл

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы «Еңбек нарығы» А.А.Ж. тексеру (10 минут)



№ 3 іс-қимыл

Анықтама беруден жазбаша түрде бас тарту (10 минут)





«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне



№ 4 қосымша.
Функциональдық өзара іс-қимыл схемасы


ҚФБ1,ҚФБ2








: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...