Жұмыс оқу бағдарламасының титул парағы



жүктеу 111.36 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі111.36 Kb.

Жұмыс оқу бағдарламасының титул парағы



Нысан

ПМУ ҰС 7.18.4/17



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Bio 2210


Биология

5В060700 Биология, 5В060800 Экология мамандығының

студенттеріне арналған

Павлодар





жұмыс оқу бағдарламасының бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС 7.18.4/17





БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор ____________ Н.Э.Пфейфер

2013ж «___» ____________

Құрастырушы: аға оқытушы _____________ Шарипова А.К.


Биология және экология кафедрасы

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Биология


5В060700 Биология, 5В060800 Экология мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс оқу бағдарламасы жұмыс оқу жоспары және №1 хаттамен «29» 08 2013ж. бекітілген мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 2013ж. « ___» ___, № ___ хаттама.

Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.М.Жумадина «___»____2013ж


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2013ж. «____»_____№____ хаттама



ОӘК төрайымы ___________ Ю.М.Каниболоцкая «___»____2013ж.


ҚҰПТАЛДЫ

ОӘБ бастығы ____________ Е.Н.Жуманкулова «___»____2013ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

2013ж. «___»______ №____ хаттама


  1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы Биология
Пән таңдау бойынша компонент
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Жалпы – 4 кредит

Курс: 1,2

Семестр: 2,4

Барлық аудиториялық сабақ – 60 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 120 сағат

Соның ішінде СӨЖМ – 30 сағат

Жалпы ембек сыйымдылығы - 180 сағат
Бақылау түрі

Емтихан – 2,4 семестр


Пререквизиттер: ботаника, ботаника фитогеография негіздерімен, зоология, зоология зоогеография негіздерімен, жануарлар биоалуантүрлілігі, микроорганизмдер экологиясы, жануарлар экологиясы, өсімдіктер экологиясы, экология және тұрақты даму.

Постреквизиттер: экологиялық биология, биологиялық экология, эволюциялық биология палентология негіздерімен, адам экологиясы, қоршаған орта туралы ілім, әлеуметтік экология және тұрақты даму.


  1. Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәннің зерттеу нысаны болып жануар және өсімдік ағзалары, оларда жүретін процестер және олардың қызмет ету механизмдері.

Пәннің оқыту мақсаты: биология ғылымының негізгі бөлімдері цитология және гистология, генетика, өсімдіктер физиологиясы, жануарлар және адам физиологиясы туралы студенттерде тусініктерді қалыптастыру.

Пәннің оқыту міндеттері:

  • жануарлар организмнің клеткалары мен ұлпаларының құрылысына, қызметіне және генезисіне анықтама беру;

  • сыртқы орта факторларынын әсерінен болатын өсімдіктер организміндегі физиологиялық процесстер туралы іргелі білім беру;

  • студенттерді тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарымен, тұқым қуалау принциптерімен, генетикалық материалдың құрылымдық-қызметтік ұйымдасуымен және оның өзгергіштігімен, гендердің әсерімен реттелуі, ластанған қоршаған ортаның генетикалық салаларымен таныстыру;


3. Білімге, икемділікке, машықтарға және компетенцияларға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:



  • биологияның негізгі ұғымдары мен заңдары; тірі ағзаларда өтетін процестер; ағзаның даму кезеңінде болатын морфологиялық, функциялық, биохимиялық өзгерістер туралы түсініктер болу;




  • клетка теориясының негізгі қағидаларын, клеткалар мен үлпаларды зерттеудің әдістерін, клеткалар мен клетка органоидтарының құрылысы мен қызметін, жануарлар организміндегі ұлпалардың құрылысы мен қызметін, жануарлар организміндегі ұлпалардың құрылысын, қызметін генезисін және классификациясын;

  • су алмасудың тыныс алудың, минералдық қоректенудің, фотосинтездің механизмдері мен ерекшеліктерін және өсімдіктердің қоршаған орта факторларының әсеріне төзімділігін;

  • адам және жануарлар физиологиясының негізгі қағидаларын және клетка мен тұтас организмдердің биофизикасын, биологиялық зандылықтар мен құбылыстардың негізінде жатқан негізгі физикалық заңдылықтарды, негізгі физиологиялық және биофизикалық зерттеу әдістерін білу;

  • объектісіне моно және дигибридтті, аллелльді емес белгілердің өзара әсеріне және жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына шағылыстырулар қоюдан, гибридологиялық талдау жүргізуден практикалық тәжірибе жинақтау; теориялық білімдері мен практикалық дағдыларды нағыз зерттеу тәжірибелерде қолдана білу;




  • биология экология негіздерімен бағытында негізгі білімді өзінің ізденіс және кәсіби қызметінде қолдануға;

  • өзінің мүмкіншіліктерін ғылым мен техниканың даму жағдайларында қайта бағалауға және шығармашылық талдауға;

  • жұмыста алыңған дағдыларын кәсіби және әлеуметтік міндеттерін шешуге қолдануға дағдылана білу;




  • биологияның негізгі білімдерді өмір жағдайларында қолдану және экологиялық біліктілігін көрсету; өзінің кәсіби қызметінің салдарын болжау және шешімдеріне жаупты болуы туралы білікті болу


4 Пәнді оқыту тақырыптық жоспар

Академиялық сағаттардың сабақтар бойынша таралуы




Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс

тәж

зерт

СӨЖМ

СӨЖ

1

Раздел 1. Цитология және гистология. Кіріспе.

1

1




1

5

2

Биомембраналардың ұйымдасуы, жасуша қабырғасының құрылысы.

1




1

1

5

3

Жасуша органоидтардың құрылысы мен қызметтері.

1

1

1

1

5

4

Жасуша ядросының құрылысы мен қызметі

1

1

1

1

6

5

Жасуша бөлінуі. Митоз. Мейоз.

2

1

2

2

6

6

Раздел 2. Адам және жануарлар физиологиясы. Жануарлар ағза ұлпаларының жіктемесі.

1

1

2

1

6

7

Жүйке жүйесінің физиологиясы

2




1

2

5

8

Қан айналымының физиологиясы

2

1

1

2

5

9

Тыныс алудың физиологиясы

1

1




1

5

10

Ас қорытудың физиологиясы

1

1




1

5

11

Раздел 3. Өсімдіктер физиологиясы. Өсімдік жасушаның физиологиясы.

1

1




1

5

12

Су алмасудың физиологиясы

1




1

1

6

13

Фотосинтез. Тыныс алу.

2




1

2

6

14

Минералдық қоректенудің физиологиясы.

1




1

1

6

15

Өсімдіктің өсуі мен дамуы.

1

1




1

5

16

Раздел 4. Генетика. Кіріспе.

1

1




1

5

17

Белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары.

1




2

1

6

18

Тұқымқуалау материалдың өзгергіштігі.

2

1




2

6

19

Экологиялық генетика

1

1




1

5

20

Генетикалық процестердің молекулалық механизмдері.

2




1

2

6

21

Адам генетикасы.

1

1




1

6

22

Генетика және сұрыптау.

1

1




1

5

Жалпы:

30

15

15

30

120

5. Әдебиет тізімі

Негізгі


1. Нұрышев М. Гистология және эмбриология негiздерi:жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы:Қарасай, 2007.-269 б.

2.НұрышеваА., Нұрышев М.  Цитология: оқулық. -2-басылым. Алматы: Қарасай, 2006.-184 б.

3. Сапаров Қ.Ә.  Цитология, гистология, эмбриология терминдерінің түсіндірме сөздігі: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2012.-454 б.

4. Соколов В.И., Чумасов Е.И.  Цитология, гистология, эмбриология: учебник для вузов по спец. "Ветеринария".-М.:КолосС,2004.-351 с.

5. Ж. Қалекенұлы.   Өсiмдiктер физиологиясы:оқулық.-2-басылым, толықтырылған, өңделген.-Алматы:Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы,2004.-456 б.

6. К. Қ. Мұхамбетжанов   Генетика:оқулық.-Алматы:Print-S,2005.-243 б.


Қосымша

8. Афанасьева, Ю.И. Кузнецова С.Л., Юриной Н.А. Гистология, цитология и эмбриология: учебник.-Изд. 6-е, перераб. и доп..-М.:Медицина,2004.-766 с

9. Әлжанова Р.М. және т. б..    Өсімдіктер физиологиясы:оқулық ,жоғары оқу орнындағы ауылшаруашылық мамандық. студ. үшін.-Астана:С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ун-тi,2007.-381 б.

10. Селезнева Т.Д., Мишин А.С., Барсуков В.Ю. Гистология: учеб. пособие.-М.:Эксмо,2010.-351с.



11. Цаценко Л. В., Бойко Ю. С.   Цитология: учеб. пособие для с.-х. вузов по биолог. спец..-Ростов н/Д:Феникс,2009.-186 с.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет