Жұмыс және қуат тақырыбына арналған есептер

Loading...


Дата25.03.2020
өлшемі17.38 Kb.
Жұмыс және қуат тақырыбына арналған есептер

Оқушыға нұсқаулық: Есепті шығармас бұрын есептің шартын жақсылап оқып шығыңыз. Егер сізге білмейтін сұрақ кездессе, міндетті түрде оқулықтағы параграфты оқып, сол сұрақтың жауабын тауып алыңыз. Оқулықтағы барлық анықтамалар мен ережелерді мұқият назар салып оқыңыз.

№1. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтергендегі ауырлық күшінің жұмысын есептеңдер.

№2. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

№3. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға-ыдыс шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

№4. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

№5. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

№6. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен вагондарды тартып келе жатыр. Тепловоз вагондарымен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?



№7. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?

Мына кестені толтырыңыздар: Жұмыс, қуат


Шама атауы

белгіленуі

формуласы

бірлігі

Өлшеу құралы- бар болса

Жұмыс













Тұрақты күштің жұмысы













Ауырлық күшінің жұмысы













Қуат













Бірқалыпты қозғалыстағы қуат














Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...