ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»

Loading...


бет5/16
Дата20.03.2020
өлшемі3.28 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Ауыр науқастарда шаштарының сынғыштығы дамып, түсуі орын алады. Оларға шаш тараудың қажеттілігі барма?

    1. Міндетті түрде, және жиі;

    2. Мүмкіндігінше тарамауға тырысу керек;

    3. Екі күнде бір рет тарау керек;

    4. Бес күнде бір рет тарау керек;

    5. Әдеттегідей тарау, бірақ сирек тісті тарақ қолдану керек.

  2. Науқастарды қандай ерітіндімен жуындырады?

    1. Калий перманганаты ерітіндісімен;

    2. Фурациллинмен;

    3. Жылы сумен;

    4. Барлығы дұрыс.

3. Ауыр науқастардың ауыз қуысын күту кезінде қолданылмайды:

    1. Бор қышқылы ер-і

    2. Натрий карбонаты ер-і;

    3. Фурациллин ер-і;

    4. Йод ер-і;

4 Стоматит белгісіне жатпайды:

    1. Қызыл иек қанағыштығы;

    2. Тамақтану кезінде ауырсыну;

    3. Сілекей ағу;

    4. Дене қызуы көтерілуі;

  1. Ауыз шырыш қабатының қабынуында қолданылады:

    1. Аппликациялар;

    2. Ванночкалар;

    3. Шаю;

    4. Ингаляция;

  2. көзді шаю кезінде мынадан басқалар қолданылады:

    1. Натрий хлор ер-і;

    2. Риванол ер-і;

    3. Калий перманганаты ер-і;

    4. Бор қышқылы ер-і;

    5. Камфорлы спирт.

  3. Көзді күту мақсаты, мынадан басқа:

    1. Ауыр науқастардың ертеңгі туалеті;

    2. Дәрілік затты тамызу;

    3. Емдеу шаралары мақсатында;

    4. Зарарсыздандыру мақсатында.

  4. Еріндер кеберсуі мен ұрттардың жарылуының алдын алу мақсатында қажеті жоқ:

    1. Гигиеналық помадамен сүрту;

    2. Бор қыш-ң 2% ер-н;

    3. Вазелинмен;

    4. Глицеринмен.

  5. Ауыз қуысын шаю үшін мынадан басқалар қолданылады:

    1. Эсмарх кружкасы;

    2. Жане шприці;

    3. Резиналық груша;

    4. Пипетка.

  6. Әр коньюктивальді қапшыққа қанша тамшыдан тамызады?

    1. 1-2 тамшы;

    2. 3-4;

    3. 5-6;

    4. 6-дан жоғары.

Ситуациялык есептер:

  1. Ауыр науқаста стационарлы ем кезінде ауыз қуысында тағам қабылдағанда дамитын ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуы 38,2 С дейін көтерілуі орын алды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Әрі қарай не істейсіз?

  2. Көзі ауыратын науқасқа дәрігер 30% сульфацилнатрий ер-н әр көзіне 2 тамшыдан тағайындады. Осы процедураны қалай жасайсыз? Науқасты қалай күтесіз?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет



6 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу үйрету

тәрбиелік: Оқушыларда теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



  1. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

    • Активті және пассивті науқастардың аяқтарын және шашын күту;

    • Күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дайындау;

    • Шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальды саңылаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

    • Әйелдерді және ерлерді жуындырудың ерекшеліктері;

    • Көзді, құлақты туалетін жасау тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

    • Ауыз және мұрын қуыстарын күту тәсілі; күту құралдарын өңдеу;

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Науқас төсегіне және киіміне гигиеналық шарттар;

  • Ауыр науқастарға төсегін және киімін ауыстыру реті, оларды сақтау, зарарсыздандыру;

  • Науқас терісіне гигиеналық шарттар;

  • Белсенді және ауыр науқастардың терісін күту;

  • Науқас терісіндегі патологиялық өзгерістер: бөрту, мацерация, жауыр жара пайда болу;

  • Жауыр жараның пайда болу себептері;

  • Жауыр жараның асқынулары;

  • Жауыр жараның алдын алу;

  • Жауыр жараны емдеу.

Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі шаш күтімі керек. Ер адамдарға шашын қысқа етіп қысқартады, аптасына бір рет гигиеналық ванна және шашты жуудан өткізіп тұру керек. Ұзын шаштары бар әйелдердің шашын күніге жиі тісті жеке тарағымен тарап, тұру керек. Бөтен тарақпен пайдалануға қатаң тиым салынады. Қысқа шаштарды түбінен ұшына қарай тарайды. Ұзындарын паралель шоғырларға бөліп ұшынан бастап, үзбей тарайды. Сірке қышқылына малынған жиі тарақ кір мен сіркені оңай алады.

Бас қалай жуылады?

Басты жақсы жуу үшін түрлі сабынсулар мени балалар сабынын қолданған дұрыс. Егер науқастың жағдайы болса, гигиеналық ванна кезінде басты да жуып жіберу керек. Егер науқас төсектен тұра алмаса, басын төсекте жуады. Науқастың шаштарын мейірбике әр күні тексеріп тұруы керек. Сабындау кезінде шаш түбіндегі теріні мұқият сабынмен ысқылау керек. Сонан соң шаштарды құрғатып, таралады. Басты жуып болғани соң басқа орамал тағылып, суықтаудың алды алынады. Басты жуу мен тырнақтарды қысқарту аптасына бір рет жасалады.



Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын төсекте жуу.

Клеенка, жылы су, ыдыс, сабын, губка, сүлгі, қайшы және қолғап дайындау керек. Процедура алдында қолды жуып алып, құрғатып, қолғап киіп алу керек. Сонан соң матрацты тізе астына орап, клеенка төселеді, жылы суы бар ыдыс торға қойылады. Жеке губкамен, сабынмен аяқтары жуылып, сонан соң құрғатылады. Егер тырнақтары өсіп кеткен болса, оларды қысқарту керек. Қайшыны қолданып болған соң зарарсыздандырылып, аяқ жууға арналған барлық заттар алынып тасталады. Қолдар жуылып, кептіріледі.



Науқастың тырнақтары қалай қысқартылады?

Тырнақтарды қысқарту үшін кішкентай қайшыны қолданады. Қысқарту кезінде теріні зақымдап алмау керек. Процедурадан соң қайшыны спирт немесе 0,5% хлорамин ерітінідісіне малынған дәкемен сүрту керек.



Науқастарды қалай жуындырады?

Ұзақ төсекте жататын, патасына бір рет гигиеналық ванна қабылдамайтын науқастарды; күніне бірнеше рет жуындырып тұру керек, өйткені шап аралықта жиналған зәр немесе нәжіс қалдықтары теріні зақымдап, жауыр дамуына алып келеді. Жуындыру үшін калий перманганатының әлсіз ерітіндісін немесе кез келген басқа зарарсыздандырушы ерітінді қолданылады. Ерітінді жылы (35-38С) болуы керек. Жуындыруға лоток, құман, Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерильді мақта, дәке, клеенка, жөргек, сабын, судно, қолғап қажет. Тұрмыс сабыны кесіндісін майдалап, суға көпіртеді. Жиі әйелдерді жуындырады.



Көзді күту

Жалпы режимдегі науқастар ертеңгі туалет кезінде көздерін өздері күтеді.

Төсектегі науқастарға әр күні көзін күтіп тұру керек.

Мақсат: ауыр науқастың көзін күтіп, дәрілік заттар тамызу, процедуралар жасау.

Көз таулеті


  • Қолдарды өңдеу;

  • Стерильді лотокқа 8-10 тампон салып, оны антисептикалық ерітіндімен құю;

  • Науқасты жатқызу;

  • Тампонды шамалы сығып көздің сыртқы бұрышынан, ішіне қарай кірпіктерді және қабақтарды 4-5 тампонмен сүрту керек.

Көзді жуу

  • Көз ванночкасына тағайындалған дәріні құю керек.

  • Науқастың басын ванночканың үстіне еңкейтіп, көз терісіне тығыз жанастыру керек те, басын көтеріп кірпігін жиі қағуы керек.

  • 1 минуттан соң науқасқа ванночканы көзін алмай стол үстіне қоюды өтінеміз, сонан соң басын көтереміз.

  • Көзін құрғақ томпонмен сүртеміз.

Көздерді химиялық күйіктерде және кірпіктерді жапсыратын бөлінділер дамығанда жуамыз. Басын арқасына шалқайтып, самайына аққан суға арнап лоток қоямыз. Жуу үшін дистильденген су, салқын қайнатылған су, физиологиялық ерітінді қолданылады.

Күйіктер кезінде көзді жуу үшін күйдірген ерітінді түріне қарай ерітінді таңдайды. Процедураны жасар алдында мейірбике мұқият қолын жуады. Ерітіндіні резиналы баллон немесе арнайы ыдысқа – ундинкаға алады. Судың қатты ағысымен алдымен жабысқан қабақтарды, сонан соң сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен ашып, самайдан мұрынға қарай бағыттап көз алмасын жуады. Сонымен қатар қарапайым мақта түйіршігін қолдануға да болады.



Көзге тамшылар тамызу

Тамшы тамызу үшін арнайы пипетка қолданылады, ол алдымен қайнатылады. Сол қолмен төменгі қабақты абайлап тартып, науқасақа қарама-қарсы жаққа қарауын өтініп, мұрын жанынан 1 тамшы тамызамыз, сонан соң екіншісін тамызып, көзін жұмуды өтінеміз.



Көзге жақпа май жағу

Көз мазін тюбиктен немесе арнайы қалақшамен жағады. Мазь және қалақша стерильді болуы керек. Науқастың қабағын төмен тартып, мазді жағып саусақпен шырышты қабатқа жағады.



Құлақты күту

Сыртқы құлақ жолында сарғыш-қоңыр түсті бөлінді - құлық жиналады. Оның жиналуы естуді төмендетеді. Сау құлақты күту, үнемі оны сабынды сумен жуып тұруға бағытталған. Сыртқы құлақ жолын өткір заттармен тазалауға мүлдем болмайды. Өйткені ол қабырғасын немесе құлақ пердесін зақымдауы мүмкін.

Ұзақ төсекте жатқан науқастарға үнемі мейірбике құлағын тазалап тұруы керек.

Құлақ жолынан құлықты және іріңді бөліндіні тазалау

Құлаққа сутегі асқын тотығының 3% ер-ң бірнеше тамшысын тамызады, сонан соң мақтамен құлықты алып тастайды. Егер де құлық көп жиналған болса Жане шприцімен немесе резиналы баллонмен жуады.

Құлақтан құлықты фурациллин ер-н жуады. Оны мейірбике дәрігер қатысуымен және көргеннен кейін жасайды. Науқасты отырғызып, иығына плеенка жауып, қолына бүйрек тәрізді лотокты береді. Жане шприціне 37С фурациллин ер-н алады. Шприц ұшына процедура кезінде құлақ аппаратын зақымдап алмас үшін резиналы трубка киіледі. Құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып, құлақ жолының артқы – жоғарғы қабырғасымен ер-і жібереді. Құлық бөліктермен немесе толығымен шығады. Құлақ жолын процедура біткен соң мақтамен сүртіп, спиртпен өңдейді.

Сыртқы құлақ жолын құрғақ тазалау

Егерде құлақтан ірің шығатын болса, оны үнемі құрғақтай немесе ылғады тазалаудан өткізіп тұру керек. Құрғақ тазалау үшін, құлақ зондына мақтаны орап алып, оны күйдіру керек. Осы кезде мақта зарарсызданады. Сонан соң мақтамен сыртқы құлақ жолын тазалауға болады. Мақтаны құлаққа абайлап, құлақ қалқанын артқа және жоғары тартып енгізеді. Қолданылған мақтаны зондтан алу үшін, оны марль дәкемен ұстап алу керек. Процедураны құлақ жолы тазарғанша қайталау керек.



Сыртқы құлақ жолын ылғалды тазалау

Егерде ірің қатып қалған болса, онда ылғалды тазалау қолдануға болады. Ол құлықты тазалағандай, бірақ шприцке жай су емес, калий перманганатының немесе бор қышқылының әлсіз жылы ерітіндісін жинап жүзеге асырылады. Процедурадан соң науқас басын жуған құлағы жағына қисайтуы керек. Құлақтан сұйықтық қалдықтары шыққан соң, оны құрғақ етіп сүртеді де, 2-3 сағатқа марль тығынын қояды.



Құлаққа дәрілік заттар тамызу

Құлаққа дәрі тамызу үшін, науқастың басын сау жағына қисайтады. Құлақ қалқанын сол қолмен артқа және жоғары тартып, оң қолындағы пипеткамен тамшыларды санап тамызады да (балаларға 5-6 там, ересектерге 6-8 там), құлаққа мақта тығынын қояды.



Мұрынды күту

Ауыр науқастардың мұрынында көп шырыш және шаң жиналып, тынысты тарылтады. Сонымен қатар науқастың жағдайын ауырлатады.

Әлсізденген науқастар мұрынын өздері тазалай алмайды, сондықтан мейірбике оған көмектесіп тұруы керек.

Құралдар мен материалдар



  • Лоток, мензурка, вазелин майы, мақта тығындары, қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс.

Мұрынға вазелин майын немесе глицеринді басын шалқайта тамызып, 2-3 минуттан соң мақтамен тазалайды.

Мұрынға тамшылар тамызу

Құралдар мен материалдар



  • Стерильді көз пипеткалары, вазелин майы, лоток, дәрі, мақта тығыны, дез. ерітіндісі бар ыдыс.

Науқасты жатқызып немесе отырғызып, басын артқа шалқайту керек. Егер мұрынында бөлінділер мен қатпалар болса, мақтамен тазалап алу керек. Көз пипеткасымен мұрынның екі бөлігіне де жететіндей етіп қажет дәрі мөлшерін алып алу керек. Сол қолмен мұрын ұшын көтеріп әр бөлікке тағайындалған мөлшерін тамызу керек.

Мұрын қуысын бөлінділер мен шырыштан құрғақ және ылғалды тәсілдермен тазалауға болады. Шырыш пен іріңді мұрын жолдарынан, вазелин, ментол немесе басқа майлармен малынған мақтамен тазалайды. Егер қатпалар болса, оны зарарсыздандыратын ерітінділермен жуу керек. Бір мұрын жолына құйылған ерітінді, екінші жолмен немесе ауыз арқылы науқас ұстап отырған лотокқа ағады.



Мұрынды жуу кезінде науқас қандай қауіпсіздік шараларын сақтауы керек?

Мұрынды жуу кезінде науқас жұтынбай және сөйлемей отыруы керектігін ескерту керек. Өйткені инфицирленген сұйықтық евстахиев түтігі арқылы орта құлаққа өтіп, қабыну туғызуы мүмкін.



Ауыз қуысын күту

Белсенді науқастар әр күні азанда және кешке ауыз қуысын тұзды сумен (1 стакан суға ¼ шәй қасық тұз) шайып, тісін жуып тұруы керек.

Ауыр науқастарға мейірбике әр тамақтанған соң ауызын сүртіп тұруы керек. Ол үшін мақтаны бор қышқылының 5% ерітіндісіне, немесе натрий гидрокарбонатының 2% ер-е, калий перманганатына, жылы суға батырып алады.

Құралдар мен материалдар



  • Қолғап, шпатель, мақта, пинцет немесе қысқыш, зарарсыздандырушы ер-і немесе жылы су;

Орындалуы: науқасты жартылай отырғызып немесе басын жанына бұрып, мейірбике пинцетпен мақтаны алып, зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып алған соң, науқастың тілі мен тісін сүртеді. Сонан соң науқас ауызын шаяды.

Стоматит дамыған кезде ауыз қуысы қалай күтіледі?

Ауыр науқастарды жиі стоматит дамиды – ауыз қуысы шырыш қабатының қабынуы. Тамақтану кезінде ауырсыну, сілекей ағу, дене қызуының жоғарылауы орын алады.

Шырышты қабатқа медикаментозды ем ретінде шаю және аппликациялар қолдануға болады.

Стоматиттің емі зарарсыздандырушы ерітінділер қолданумен жүзеге асырылады. Осы ерітінділерді ауыз шаю мақсатында да қолдануға да болады.



Аппликациялар - марльды дәкелерді зарарсыздандырушы ерітіндіге батырып ауыз қуысына қояды. Процедураны күніне бірнеше рет қайталайды.

Шаю алмұрт тәрізді баллонмен немесе Жане шприцімен жасалады. Науқастың кеудесі клеенкамен жабылып, баллонға немесе Жане шприціне антисептикалық ерітіндіні алады. Науқастың басын жанына бұрып, иегінің астына лоток қойылады. Протез тістері алынса, алып тастау керек. Ауыз бұрышын жоғары тартып, ұртына баллон немесе шприцтің ұшын енгізіп, шамалы қысыммен ауыз қуысын шаяды. Қолданылған құралдарды зарарсыздандырады.

Кейде науқастардың еріні кеберсіп, жаралар пайда болады. Ол кезде ерініне суға малынған марль дәке қойып, кез келген маймен майласа болады. Ауызды қатты ашып, пайда болған қабықтарды ашуға, тіс щеткесімен қолдануға болмайды. Ауызды әр тамақтанған соң шайып тұру керек.



Афтозды стоматит дамығанда ауыз қуысы қалай күтіледі?

Жоғары дене қызуы немесе қан айналым бұзылысы бар науқастарды кейде афтозды стоматит дамиды, және ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ол кезде негізгі сырқатты емдеп, ауызды иісті кетіретін заттармен (натрий гидрокарбонатының 2% немесе натрий хлоридінің 1% ерітінділерімен, басқа да ерітінділермен немесе дезодаранттармен) шайып тұру керек.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

  • тәжірибелік дағдыларды машықтану

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Гигиена нені зерттейді?

а) Тұрғындардың өмір сүруі мен қызметіне оптимальды шарттарды құрайтын медицина саласы;

б) Науқасты күтуге бағыттылған медицина саласы;

в) Қоршаған ортаның адам өміріне, ұзақтығына және жұмыс қабілеттілігіне әсерін зерттейтін ғылым;

г) Микроорганизмдердің макроорганизмдерге әсерін зерттейтін ғылым;

2. Гигенаның мақсаты не?

а) өмір сүру шарттарының адам денсаулығына әсерін зерттейді;

б) сырқаттардың алдын алу;

в) профилактика негізі;

г)барлығы дұрыс;

3. Гигиена ережелерін неліктен сақтау керек?

а)Ұқыпты көріну үшін;

б) Инфекция қоздырғыштарының таралуын болдырмау үшін;

в) Салауатты өмір салтын сақтау үшін;

г)Сау болу үшін;

4. Белсенді пациент-деп ... адамды айтады.

а)Жеке гигиенасын өзі күте алатын;

б) Жеке гигиенасын өзі күте алмайтын;

в) Жеке гигиенасын мейірбике көмегімен атқарадыт.

5. Пассивті пациент-деп ... адамды айтады.

а) Жеке гигиенасын өзі күте алатын;

б) Жеке гигиенасын өзі күте алмайтын;

в) Жеке гигиенасын мейірбике көмегімен атқарадыт.

6. Тері қызметтерін атаңыз:

а) Қорғаушы;

б) Косметикалық;

в) Терморегуляцияға қатысу;

г)Тыныс алу;

д) Анализдеуші;

е) Шығарушы.

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз

7. Мына зарарсыздандырушы ерітінділерді дайындауға не қажет?

1. 10% ағартылған хлор әгінің ерітіндісі;


  1. Хлор әгінің 0,1% ерітіндісі;

Сәйкесін табыңыз

  1. 10% хлор әгінің 100 мл және 10 литр су;

  2. 1 кг хлор әгі және 1 литр су;

8. Әр коньюктивальді қапшыққа қанша тамшыдан тамызады?

а) 1-2 тамшы;

б) 3-4;

в) 5-6;


г)6-дан жоғары.

9. Ересектерге мұрынның әр бөлігіне тамызады:

а)1-2 тамшыдан;

б) 2-4;


в) 6-7;

г) 8-ден жоғары;



  1. Құлаққа тамшы тамызу үшін қолданады:

    1. Иньекцияға арналған шприц;

    2. Жане шприці;

    3. пипетка;

    4. груша;



Ситуациялык есептер:

              1. Төсекте ұзақ жатқан науқаста құлақтың шуылдауы, бітелуі, нашар естуі дамыды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Әрі қарай не істейсіз? Қандай процедура қолданасыз? Ол қалай жасалады?

              2. Стационарлы емде жүрегі ауыратын науқас емделуде. Ауыз қуысын қалай күтесіз?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет


7 – cабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

  1. Сабақ түрі: практикалық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларға ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыруды үйрету

  • тәрбиелік: Оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

  • дамыту: оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

              1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Мейірбике этикасы мен деонтологиясы

  • Активті және пассивті пациент туралы түсінік

  • Жалпы және жеке гигиена

  • Құрамында түрлі концентрациядағы хлоры бар ерітінділерді дайындау

  • Терінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

Төсекті дұрыс дайындау және оның жағдайына бақылау жасау, әсіресе ауыр науқастар үшін үлкен маңызы бар. Матрацтың ұзындығы мен кеңдігі жеткілікті, беті тегіс болуы керек

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде ауыр халдегі науқастардың төсек орнын және іш киімін ауыстыру



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Қатаң төсектік тәртіп кезінде:

А) төсек үстінде қимылдамау; +

б) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;

в) аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;

г) ешқандай шектеусіз төсекте белсенді қозғалыс жасау;

д) бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді.

2. Төсектік тәртіп кезінде:

А) төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау; +

| аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;

| ешқандай шектеусіз төсекте белсенді қозғалыс жасау;

| төсек үстінде қимылдамау;

| бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді.

~ Жалпы тәртіп кезінде:

| ешқандай шектеусіз белсенді қозғалыс жасау; +

| төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;

| аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату;

| бөлмеден шығуға рұқсат етілмейді;

| төсек үстінде қимылдамау.

~ Палаталық тәртіп кезінде:

| аурухана бөлмесінен шықпай емін еркін тұрып жату; +

| таза ауада серуендеуге рұқсат беріледі;

| төсек орнынан тұрмай, қимыл қозғалыс жасау;

| ешқандай шектеусіз белсенді қозғалыс жасау;

| төсек үстінде қимылдамау.

~ Кейбір ауыру кезінде науқас дәрілік затты қабылдағанда ауырсыну сезімін басу мақсатында төсектегі қалпы аталады:

| мәжбүрлі; +

| белсенді;

| жартылай отырып;

| пассивті;

| төсектік.

~ Ес – түссіз жағдайдағы науқастың төсектегі қалпы:

| пассивті; +

| бос қалыпта;

| мәжбүрлі;

| белсенді;

| жатқан қалпында.

Қан айналымның жеткіліксіздігі және кіші қан айналымында қан іркілісі мен науқас аяғын төмен түсіріп отыру қалпы:

| ортопноэ; +

| тізе – шынтақ;

| пассивті;

| Фаулер күйінде;

| Симс күйінде.

~ Кереуетте тік қалпында отырған науқас күй – жайы аталады:

| Фаулер; +

| тізе – шынтақ;

| Симс;

| ортопноэ;

| жартылай отырып.

~ Іші мен және бір бүйірі мен хал – жағдайы арасындағы аралық күй – жайы аталады:

| Симс; +

| Фаулер;

| тізе – шынтақ;

| пассивті;

| жартылай жатқан қалыпта.

~ Бөлімшеде мейірбикелік пост болуы қажет:

| 15 – 20 жатын орынға; +

| 10 – 15 жатын орынға;

| 25 – 30 жатын орынға;

| 35 – 40 жатын орынға;

| 40 – 50 жатын орынға.

~ Мейірбике дәретханаға кіріп шыққан соң қолын өңдейді:

| гигиеналық деңгейде; +

| орташа деңгейде;

| әлеуметтік деңгейде;

| хирургиялық деңгейде;

| жоғары деңгейде.

~ Ауруханадағы мейірбикенің функциялық міндетіне жатады:

| бөлімшедегі емдік – сауықтыру тәртібін сақтау, дәрігер тағайындауын орындау, науқастарды күту; +

| науқасқа өзі дәрілік заттарды тағайындау жасау, бөлімшедегі емдік – сауықтыру тәртібін сақтау;

| тағайындалған дәрілік зат болмаған жағдайда дәрігер рұқсатынсыз басқа дәрілік затпен алмастыру;

| ауыру тарихын толтыру, дәрігер тағайындауын уақытылы орындау;

| науқастарға күтім жасау, науқасты ауыру тарихымен таныстыру.


Ситуациялык есептер:

1. В. есімді 75 жастағы науқастың сол аяғының тізесіне ота жасалған, оң аяғын 5 жыл бұрын санының жоғарға 3тен 1 бөлігі аймағында кесіп тастаған. Осы науқастың төсегін ауыстырудың жиілігін атаңыз, ауыстыруда қолданылатын іс – қимылдарыңызды түсінтіріңіз

2. Ауыр халдегі науқастардың төсегін және киімін ауыстырудың тірлерін көрсетіп, атап беріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...