ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»

Loading...


бет11/16
Дата20.03.2020
өлшемі3.28 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Дайындау:тексеруді жүргізу алдында науқасқа тексеру мақсатын, тексеру кезеңін айтып түсіндіру және үйрету. Тексеруге бірнеше күн қалғанда дәрігер тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрілік заттарды науқасқа беру. Тексеру күні азанда су, тамақ, дәрілік зат ішуге және темекі тартпауға сұрану. Тексеру алдында қуықты және ішекті босату. Дәрігер тағайындауы бойынша процедура алдында 15мин бұрын бронхоскопты бос енгізу үшін премедикация жасайды. Эндоскопиялық бөлмеге науқасты жеткізу. Орындыққа науқасты отырғызу. Жоғарғы тыныс жолдарын 10% новокаин ерітіндісімен немесе 2% лидокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.

Ауыз немесе мұрвн арқылы бронхоскопты дәрігер енгізеді, ал медбике көмектеседі.

Процедураны аяқтаған соң асфексияның алдын алу шараларын жүргізу қажет. Арнайы нұсқау бойынша қолғап, инструменттерді, бронхоскопты стерилизация және дезинфекцияны жүргізу.

Артроскопия-буын зерттеу. Буынның синовиальді қабатын, буын шеміршегінің зақымдалуының әр түрлі түрлерін, буын байламын, менискінің дегенеративті немесе травмалық өзгеруін анықтауға болады. Синовиальді қабаттан биопсия алуға және буын аралық синовиальді сұйықтықты сорып алуға мүмкіндік бар.

Буынның дегенеративті немесе қабыну ауруларын шақырған қоздырғышты анықтай алады. Кәзіргі кезде артроскопия көмегімен буынға операциялық араласулар жүргізіледі, якни буын қуысын ашпай-ақ менискті алып тастауға болады.



Асқынулары: кейде буынның қабынуы мүмкін.

Лапароскопия-құрсақ қуысын зерттеу. Құрсақ қусындағы мүшелердің, бауырының ісік ауруларын және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндердің ұлғаюын анықтайды.

Ауруды анықтау қиын болған да және басқа тексеру әдістері нақты дәлел бермеген жағдайда лапароскопияны ең жиі қолданады. Бауыр ұлғаюының себебін анықтау үшін, бауыр және өт қабатының, кіші жамбастағы аналық без және жатырдың ісігіне күдіктену кезінде ең жиі лапароскопиялық тексеру жүргізілуі қажет. Сарғаюдың кейбір түрлерінде лапароскопия оның себебін анықтауға көмектесуі мүмкін. Өкпе және жүрек ауруларының ауыр ағымында, құрсақ қуысының қабынуында, қанның ұйығыштығы бұзылған кезінде лапароскопияны жүргізбейді. Лапароскопия ауруды емдеу үшін үлкен мүмкіншіліктерді туғызады, бұл мүмкіншіліктер кең таралуда. Кәзіргі кезде хирургия аймағында жаңа мақсат алға қойылды-ол лапароскопиялық хирургия, лапароскопқа миниатюрлі бейне камера орнатылған, құрсақ қуысының мүшелерін теледидар экранынан көруге мүмкіндік туғызады. Кәзіргі кезде хирургиялық инструменттерді лапароскоппен бірге құрсақ қуысына қосымша кішкентай кесіндісі арқылы енгізіледі және операциялар жасалады. Мысалы:өт қабынан өт тастарын алып тастау. Осындай операциялардың саны күннен күнге өсуде.



Тексеруге дайындау: эзофагоскопия, гастродуаденоскопия және бронхоскопия науқасты дайындау кезінде тексеру алдында 12сағатқа дейін тамақтануға тосқауыл қойылады. Колоноскопияға науқасты дайындау: бұдан да күрделі, өйткені оның мақсаты тоқ ішектегі газды тазалау. Тексеруге 2-3 күн қалғанда науқасқа шлаксыз диета тағайындалады.Тексеруге 1күн қалғанда екінші таңертеңгілік (завтрак) асынан кейін 30-40 мл кастор майы беріледі, ал кешке тазалау клизмасы жасалынады. Кешке тамақ ішпейді. Тексеру күні тексеруге 2-2,5сағ қалғанда тазалау клизмасы жасалады. Кейбір жағдайларда ішекті тазалауға арнайы препараттар тағайындалады.

Цистоскопия-қуық қуысын эндоскопиялық тексеру. Емдік және диагностикалық мақсатпен урологиялық креслада, бұл әдіс жатқызылып жүргізіледі (тасты талқандау, қуықтағы полиптерді және қатерсіз ісіктерді алып тастау).

Дайындау:азанда тексеру алдында қуықты босату және тазалау клизмасын жасау қажет. Эндоскопия бөлмесіне аш қарынға, азанда келу. Тексеру гинекологиялық креслада жүргізіледі. Ерлерге цистоскопты енгізер алдында зәр шығару каналын жансыздандырады. Цистоскоп үстіне зарасызданған глицеринді құяды және зәр шығару каналына енгізеді. Процедураны дәрігер орындайды, ал медбике көмекші болады. Тексеруден кейін науқас бірнеше сағатқа төсекьтік режимді қатаң сақтау қажет. Процедурадан соң 3% хлорамин ерітіндісіне 60 мин-қа перчатканы, инструменттерді дезинфекциялайды, сосын кезекті стерилизация жүргізіледі.

Бір ретті қолдануға арналған құралдарды қолданған кезде дезинфекция ғана жасалынады да сосын утилизация.



Хромоцистоскопия-цистоскопия 0,4% 5мл метил көк ерітіндісін күре тамырға енгізу. Зәр ағардан бояудың бөлініп шығу интенсивтілігі және уақыты жоғарғы несеп жолдарының және бүйрек функциясының көрсеткіштері болып табылады.

Ультра дыбысты зерттеу- фотопленкада тіркеледі, бейнемонитор экранда ультра дыбысты толқындарының тіркеуімен негізделген, ультра дыбысты тексеру болып табылады.

Осы әдістің артықшылығы:адам ағзасына ешқандай-да бір зат енгізілмейді, қатерсіз және қауіпсіз, науқастың қандай-да бір жағдайында жасауға ыңғайлы және қолайлы, нәтижені бір мезетте тез алу.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Функционалды зерттеу бөлімшесінде эндоскопиялық зерттеу әдістерімен танысу.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Ректороманоскопия деген:
а асқазанды көру

б буындарды көру

в қантамырларды көру

г тік ішектк көру

д қуықты көру

2. Эндоскопия-ішін көру:

А) паренхиматозды мүшелер

Б) қуысты мүшелердің

В) клетка ішін

Г) барлығы дұрыс

3 «Қатты» эндоскоп көмегімен тексерілмейді.

А) тік ішек

Б) несеп қуығы

В) асқазан

Г) құрсақ қуысы

4 Эндоскоптың артықшылығы:

А) ісікті анықтау

Б) биопсия жасауға мүмкіндік

В) операциялық араласуларды жүргізу

Г) барлығы дұрыс

5 Жасанды саңлау арқылы қандай эндоскопиялық тексеру түрлері кезінде жүргізіледі.

А) лапароскопия, холецистоскопия

Б) бронхоскопия, цистоскопия

В) лапароскопия, артроскопия

Г) артроскопия, ректороманоскопия

6 Лапароскопияға қарсы көрсеткіш.

А) қанның сұйылғыштығы

Б) іш перденің қабынуы

В) жүректің ауыр аурулары

Г) барлығы дұрыс

7 УДЗ кезінде науқастың жағдайы (сәйкестікті тап).

1) бүйрек А) арқасымен

2) бауыр Б) ішімен

3) кіші жамбас мүшелері В) бүйірмен

8 УДЗ алдында метеоризмнің алдын алу мақсатымен науқасқа қандай дәрілік заттар тағайындайды:

А) атропин

Б) анальгин

В) промедол

Г) карболен

9 Инструменттерді және перчаткаларды дезинфекциялау үшін қолданылады.

А) 1% хлорамин ерітіндісі

Б) 3% хлорамин ерітіндісі

В) 96%спирт

Г) натрий гидрокарбонаты

10 Жасанды саңлау арқылы қандай эндоскопиялық тексеру түрлері кезінде жүргізіледі.

А) лапароскопия, холецистоскопия

Б) бронхоскопия, цистоскопия

В) лапароскопия, артроскопия

Г) артроскопия, ректороманоскопия



Ситуациялық есептер:

1 Дәрігер науқасқа эзофагогастродуоденоскопияны тағайындады. Науқасты тексеруге қалай дайындайсыз айтып түсіндіріңіз

2 Эзофагогастродуаденоскопиядан кейін науқас жұтыну кезінде тамағының ауыруына шағымданды. Осы науқасқа қандай көмек көрсетесіз, тактикаңыз қандай 

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет




6 – cабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерімен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда рентгенологиялық зерттеу, жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеуде мейірбикеге тиісті жұмыс жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Эндоскопияның маңызы

  • Эзофагогастродуоденоскопияға

  • Колоноскопия

  • Бронхоскопия

  • Ректороманоскопия

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:

ультра дыбыс туралы түсінік

- ағзадағы ультрадыбысты қабылдайтын мүшелер

- ультрадыбысты аппаратуралардың құрылысы

- ультрадыбысты зерттеуге науқасты дайындау

- ультрадыбысты зерттеу жүргізу әдісі

- қауіпсіздік техникасын сақтау

- кіші жамбас мүшелерін УДЗ-ға дайындау ерекшеліктері

Радиоизотопты диагностика – радиоактивті қосылыстардың көмегі мен адам ағзасындағы патологиялық өзгерістерді анықтау. Адам ағзасына енгізілген препараттардан сәулеленуді өлшеу және тіркеумен негізделеді. Олардың көмегімен жүйе және мүшелердің жұмысын, зат алмасуды, қанның жылжу жылдамдығын және де басқа процестерді анықтайды. Радиофармацевтикалық препараттардың таралуы қан айналымға және метаболикалық активтілікке байланысты, сондықтан ядролы медицинаның әдістері жүйелермен мүшелерді функциональді тексеруге және анатомо-морфологиялық ерекшелігінің анализіне аз көлемде бағытталған.

Мүше және ұлпалардың анатомо-морфологиялық ерекшеліктерін ғана тіркейтін рентгенологиялық және ультра дыбысты тексеру әдістерінен ядролы медицинаның әдістері айқын ерекшелінеді.

Ядролы медицинаның әдістері ауруды ерте диагностикалайды, бұл кезде қарапайым рентгенологиялық тексеруге қарағанда науқасқа берілетін бір ретті сәуле жүктемесі өте аз болып келеді.

Ядролы медицина әдістері функциональді диагностика әдістерінен альтернативті болып табылады (ЭКГ, электроэнцефалография), электрлік феномендері метаболиз және қан айналымды жанамалап көрсетеді.

Неврологияда және кардиологияда үлкен ұмтылыспен орын алған ядролы медицина әдістері, яғни бас миының және миокард метаболизімін, микроциркуляция және қан айналымды тікелей көрсете алу жетістіктеріне жетті.

Радиофармацевтикалық препараттар– анамальді метаболизм орындардың бейнесін ала-алуға және тромбоз орнын, қабынуды және ісікті визуализдеуге көп мүмкіншілік береді.

Ядролы медицина әдістерінің артықшылықтары: ерте және нақты диагностикалау; емді жоспарлау және бақылау кезінде объективті құжаттандыру, кәзіргі медицинаның қажетті элементі болып табылады және де дәрігерлік мамандықтықтың дәрежесін жоғарылатады.

Ядролы медицина әдістеріне жүгіне отырып дұрыс және нәтижелі (эффективті) емдеу, науқастың дәрігерге деген сенімін арттыра түседі.

Радиоизотопты диагностикада екі әдісті қолданады:

1.мүше және ұлпаларда әр түрлі мөлшерде немесе оның қимыл қозғалысын тексеруді іске асыру үшін радиофармацевтикалық препараттарды науқасқа енгізу.

2.олардың бір-бірімен (өзара сәйкестігін) өзара әсерлесуін бағалай отырып, белгілі затты тексерілетін қаны бар пробиркаға қосу арқылы жүргізіледі. Бұл шектелмеген контингентті тұлғалардағы әр түрлі ауруларды ерте диагностикалау үшін скрининг-тест болып табылады.

Ішкі секреция бездерінің, асқорыту мүшелерінің, сүйек-буын, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің, лимфа жүйесінің, жұлын және бас миларының, тыныс алу және зәр шығару жүйелерінің ауруларын радиоизатопты тексерулерден өткізу көрсетілімі болып табылады. Тексеруді тек қандайда-бір патологиялық аурулардың бар екендігіне күмәнданғанда немесе белгілі аурулардың бар кезінде ғана жүргізіп қоймай, зақымдалудың дәрежесін және нәтижеленген емдердің қорытындысын бағалау үшін қолданылады.

Тек жүктілік кезіндегі кейбір шектеулер ғана болмаса, радиоизатопты тексерулерді жүргізуге қарсы көрсеткіштер жоқ. Рентгенологиялық және ультра дыбысты тексерулердің нәтижесін, радиоизатопты тексерулердің нәтижелерімен сәйкестендіре білудің маңызы зор.

Радиоизотопты тексеру әдістерін басқа әдістермен салыстырғанда бір немесе бірнеше артықшылықтары бар:


  1. басқа әдістерді қолдану кезінде ала-алмайтын мүшенің функциональді жағдайы туралы мағлұматты ала-алу, (немесе бұл ақпаратты алу науқас денсаулыға қауіпті немесе үлкен экономикалық шығынға алып келуіне байланысты).

  2. әдістің шешуші қабілеттілігінің аз болуына қарамай, нақты контрастылай ала-алу.

  3. радиоизотопты тексерудің шартты инвазивтіліксіздігі (радиоактивті изотоп парентеральді немесе ішке қабылдау түрінде енгізіледі).

Радиоизотопты диагностиканың алты негізгі әдісі бар:

  • клиникалық радиометрия

  • радиография

  • бүкіл дененің радиометриясы

  • сканирлеу және сцинтиграфия

  • биологиялық сынамалардың радиоактивтілігін анықтау

  • пробиркадағы биологиялық сынамаларды радиоизотопты тексеру

Ультра дыбысты диагностика – ультра дыбыс көмегімен ағза мүше және ткандерінің патологиялық өзгерістерін анықтау болып табылады.

Эхолокация принципіне негізделген – жіберілген сигналдарды қабылдап, әр түрлі акустикалық қасиеттерге ие тканді орта бөлік беткейі бейнеленеді.

УДЗ (эхография, сонография) – ионизирлемейтін тексеру әдісіне жатады. Ыңғайлы, қолайлы, зиянсыз және жоғары деңгейде ақпараттандыруымен клиникалық практикада кең тарала бастады. Кей кезде диагнозды толық қою үшін ультра дыбысты зерттеужеткілікті болып жатады. УДЗ арнайы дайындықты талап етпейді. Құрсақ қуысының мүшелерін тексеруді таңертең ашқарынға, ал әйел жыныс мүшелерін, құрсақ үсті безі, қуықты тексеруді қуық тола кезінде жүргізу ұсынылады. УДЗ әр-түрлі қан-тамыр патологиясын ажырату үшін маңызды болып табылады. Эхографияны жүрек ауруларының диагностикасында қолданады.

Ультра дыбыс көмегімен жүректің систололық көлемін, миокард, гемодинамикалық көрсеткіштерді, жүрек ақауларын және де перикардты анықтайды.



Пульмонологияда – плевра қуысындағы сұйықтықты анықтау үшін қолданылады. Қалқанша безі, құрсақ қуысындағы және құрсақ артындағы кеңістікте орналасқан мүшелердің қызметі туралы маңызды мәліметті алуға жол береді.

Құрсақ қуысының мүшелерін ультра дыбысты зерттеуді жүргізуге көрсетілімдері: тексеретін мүшелерде даму аномалияларына күдіктенгенде, жедел және созылмалы қабыну аурулары (гепатит, бауыр циррозы, жедел және созылмалы холецистит, панкреатит) қатерлі және қатерсіз ісіктерді және де жүргізіліп жатқан емнің әсерін бақылау үшін де қолданылады.



Асқорыту жүйе ауруларын диагностикалау әдістері- ыңғайлы, қолайлы, бағасы тиімді және орындау кезінде қарапайым, нақтылығы, қатерсіз және қауіпсіз. Мысалы: өт тас ауруын диагностикалаудың нақтылығы 100%, кейбір мәліметтер бойынша 98-99%.

Өт қабын УДЗ- туа пайда болған ақауларды диагностикалай алады. ісік, киста, гематома және тағы басқа мүшелердің ұлғаю себебін анықтау мақсатымен спленомегалия кезінде қолданылады. Асқазан және ішектерді УДЗ- ісіктерді анықтау үшін маңызды.

Бүйректі УДЗ- патологиялық процесстерді, зақымдалуды, даму ақауларына күдіктенгенде жүргізіледі.

Көрсетілімдері:тұрақты артериальді гипертензия, макро және микро гематурия, интра- немесе паранефральді гематоманың болуы және бүйрек паренхима бүтінділігінің бұзылуымен бүйрек жарақаты - ткандердің тығыздылығы, құрылысының бұзылуымен өтеді.

Сонографияның қажетті маңызы болып - зәрағардың жоғарғы бөлігі, тостаған-лоханкалы комплекстің кеңею белгілерімен жоғарғы зәр шығару жолдары бойынша зәр пассажының жедел және созылмалы бұзылысының диагностикасында қолданылады. Тексеру нәтижесі мүшенің функциональді жағдайына байланысты емес және жоғарғы зәр шығару жолдарының обструкциясының барлық түрі кезінде мәлімет алуға мүмкіншілік береді. «акустикалық жол» және жоғары эхогенді аймақтардағы конкременттерге тән химиялық құрамына байланысты емес бүйрек тастарының көлеміболып 0,4-0,5 см болып табылады.



Урологиялық практикада қуық, қуық үсті безі , аналық бездерді және зәр шығару каналын тексеруге ультра дыбысты зерттеу кеңінен қолданылады.

Гинекологияда тексеруді трансабдоминальді және трансвагинальді әдіспен жүргізеді. Спайкалы процес және семіздік ауруымен ауыратын әйелдерде кіші жамбас мүшелерін нақты визуализдей алады. Жүктіліктің ерте мерзімін (2 1∕2 – 3 апталық) сонография көмегімен анықтауға болады. Овуляция стимуляциясының нәтижесін, доминантты фолликуланың өсуін динамикалық бақылау үшін қолданады. Корпоральдыдан тыс ұрықтандыру үшін аналық клетканы алу кезінде фолликуланың қызметін ультра дыбысты сканирлеуді бақылап отырып жүргізеді.

Оториноларингологияда – ең бірінші жоғарғы жақ және аз дәрежеде маңдайды, мұрын маңындағы қойнауды тексеру үшін қолданады. Ісіктерді, кисталарды, полипозды анықтайды, кілегей қабаттың ісігін анықтауға мол мүмкіншілік береді.

Офтальмологияда – көз ішіндегі дөрекі патологияларға күдік туса УДЗ бірден бір көрсетілім болып табылады. УДЗ науқасты дайындау үлкен маңызға ие, өйткені тексеру нәтижесі және алынатын бейне сурет сапалы болу үшін.

Ішкі мүшелерді ультра дыбысты зерттеу: кеуде клеткасын УДЗ.

Тексеру мақсаты: кеуде клеткасындағы сұйықтықты анықтау.

Көрсетілімдері:

  1. R-граммада көрінетін патологиялық өзгерістер.

  2. базальді плевритке күдіктену.

  3. пункция алдында плевральді қуыстағы сұйықтықтың орнын анықтау.

Арнайы дайындықты талап етпейді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Функционалды зерттеу бөлімшесінде радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерімен танысу.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

Ультра дыбыс бұл:

А) адамға естілмейтін, физикалық ортада толқулар

Б) электромагнитті толқынның түсуі

В) оптикалық сәулелену

Г) корпускулярлы сәулелену

2 Тәулік ішінде бөлінетін өттің мөлшері қалыпты жағдайда қанша:

А) 200-400 мл

Б) 500-700 мл

В) 500-1500 мл

Г) 1500-2000 мл

3 Ультра дыбысты тексеру бұл:

А) қабат бойынша рентгенологиялық тексеру

Б) рентгенологиялық тексеру

В) эхолакация принципіне негізделген диагностика

Г) барлығы дұрыс

4 Холеграфияға көрсеткіш:

А) созылмалы холецистит

Б) өт тас ауруы

В) өт жолдарының дискенезиясы

Г) барлығы дұрыс

5 Холеграфияға қарсы көрсеткіш:

А) созылмалы бауыр аурулары

Б) созылмалы холецистит

В) жүктілік

Г) йодқа организмнің өте сезімталдығы

6 Рентгенологиялық тексеру үшін қандай препарат қолданылады:

А) атропин

Б) баралгин

В) билигност

Г) энзопрост

7 Рентгеноконтрастты зат қай жерге енгізіледі:

А) күре тамырға

Б) зонд арқылы он екі елі ішекке

В) клизма көмегімен тік ішекке

Г) барлығы дұрыс

8 Қандай тексеру әдісінде арнайы дайындауды талап етпейді:

А) УДЗ және холецистография

Б) УДЗ және холеграфия

В) Холецистография және холеграфия

Г) барлық тексеру әдісіне дайындау қажет

9 Холецистография кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін:

А) басайналу

Б) көңілінің айнуы

В) іш өту

Г) барлығы дұрыс

Д) барлығы дұрыс емес

10 Йоды бар препараттаға организмнің сезімталдық белгілерін тап :

А) көзінен жас ағу, түшкіру, насморк

Б) көңілінің айнуы, құсу

В) гиперемия, ісіну, инъекция жасаған аймағының ауырсынуы

Г) барлығы дұрыс



Ситуациялық есептер.

1.Холеграфиядан кейін науқаста асқыну пайда болды; басының ысыған сияқты сезімнің пайда болуы, аузына металды дәмнің келуі, басайналу, көңілінің айнуы, кейде ішінің ауырсынуы. Медбике науқасты тексеруге дайындау кезінде қандай іс-әрекетті ұмытты ?

2.Науқасқа йодты препараттың сынамасын жасаған кезде йодқа организмнің өте сезімталдығы анықталды. Сіздің ары қарай тактикаңыз қандай ?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



7 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыруға үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру

кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.



дамыту: оқушыларда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

ультра дыбыс туралы түсінік

- ағзадағы ультрадыбысты қабылдайтын мүшелер

- ультрадыбысты аппаратуралардың құрылысы

- ультрадыбысты зерттеуге науқасты дайындау

- ультрадыбысты зерттеу жүргізу әдісі

- қауіпсіздік техникасын сақтау

- кіші жамбас мүшелерін УДЗ-ға дайындау ерекшеліктері



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Мейірбикелік үрдістің бес кезеңі

  • Мейірбикелік ауру тарихы

  • «мейірбикелік үрдіс түсмініктемесі »

  • Мейірбикелік күтімді ұйымдастыру және орындау

  • Организмнің 14 негізгі қажеттілігі (Маслоу бойынша)

  • «Мейірбикелік диагноз» түсініктемесі

  • Мейірбикелік үрдістің бес кезеңі

  • Мейірбикелік ауру тарихы түсініктемесі

  • Мейірбикелік үрдістің картасы

  • Мейірбикелік күтім күнделігі

Медбикелік процесс түсініктемесі 50 жылдар ортасында АҚШ та кең таралды.Америка және Европа қазір заман медбикелік ісі моделінің ең негізгі түсініктерінің бірі – медбикелік процесс.
Мейірбикелік үрдіс – бұл медбике практикасында қолданылатын ілімге қаратылған әдіс болып, денсаулықты сақтау практикасында медбике орнының жаңа түсінігін береді, және одан тек қана техникалық жағынан жақсы дайындықты қана емес сонымен қатар науқас күтіміне өнерпаздықпен жандасу науқасқа жеке бір адам есебінде қарым-қатынаста болуды талап етеді.

Мейірбикелік үрдіс: Біріншіден, науқастың күтіміге болған мұқтаждықтарын, екіншіден, ол науқастың негізгі мәселелері және оның нәтижелері, үшіншіден, науқастың мәселелерін толықтыруға қаратылған күтім жоспарын анықтайды. Төртіншіден медбикелік ісінің жетістіктерін кәсіби нәтижелерін анықтайды. Ең бастысы, медбикелік процесс көмек көрсетудің сапасын бақылауға кепілдік береді.

Мейірбикелік үрдістің жақсы жақтары:


  • Мейірбике күтіміне тізімді және жеке қарау науқаспен оның отбасының күтімін жоспарлау және қамтамасыз етуде актив қатысуды талап етеді

  • Науқастың басты мәселелерімен, мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде бағытталған уақыт және заттардан кеңінен қолданылады.

  • Мейірбикенің көмегімен білімі сапасына кепілдік береді.

  • Мейірбикенің медициналық қызметке қаратылған білімі жауапкершілігі мен сенімділік дәрежесі анықталады.

  • Медициналық қызмет көрсетудің қауіпсізлігін қамтамасыз етуді Америкалық психофизиолог А. Маслоу 14 негізгі қажеттілікті бөлді:

  1. Тыныс алу, 2.Тамақ жеу, 3. Су ішу, 4. бөлу, 5. Ұйықтау, демалу, 6. Таза болып жүру, 7. киіну, шешіну, 8. Қалыпты температураны сақтау, 9. Дені сау болу, 10.Қауіптен сақтану, 11.Қозғалыс, 12. Қарым қатынас, 13.Табысқа жету, 14. Жұмыс істеу, оқу, ойнау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...