ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

Loading...


бет10/16
Дата20.03.2020
өлшемі3.28 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау

тәсілі.

Пенициллин және басқа топтағы антибиотиктердің көпшілігін араластырып болғаннан кейін бірден енгізу қажет. Оларды мүлдем сақтауға болмайды. Кейбір антибиотиктерді аннотациясына қарай отырып араластырғаннан кейін 24 сағ ішінде мұздатқышта сақтауға болады.



Ескерту: Мұздатқышқа араластырылған ерітіндіні қояр алдын, антибиотиктің аннотациясымен жақсылап танысып алу қажет.

Инсулинді қолдану ерекшелігі.

Инсулин – ұйқы безінің гормоны болып табылады және көмірсу алмасуына айқын әсер етеді. Организм (бұлшық етті, майлы) тканінің клеткаларымен глюкозаның бірігуін, клеткалы мембрана арқылы глюкозаның тасымалдануын жақсартады, глюкозадан гликогеннің түзілуін және бауырда оның жиналуын қамтамасыз етеді.

Ескерту: Қант диабетінің орта және ауыр дәрежелі ауырлығын емдеу үшін қолданады.

Инсулин – түссіз сұйықтық, 1 мл 40, 80, және 100 ӘБ болады, жиі 5 мл флаконда шығарылады. Қант диабетінің терапиясы кезінде қарапайым инсулин (6-8 сағ) және ұзақ мерзім әсер ететін (12-36 сағ) инсулин қолданылады.

Инсулинді енгізу үшін 1-2 мл сыйымдылықты арнайы шприцті қолданады, онда препаратты нақты дозалау үшін қосымша бөліктері болады. Инсулинді шприцке 1-2 бөлігіне артық алады, енгізу алдында шприцтен ауаны шығарған кезінде шығады және қажетті инсулин мөлшерін енгізеді.

Инсулинді іштің алдыңғы-бүйір бөлігіне, жауырын асты аймағына, санның алдыңғы –сыртқы беткейіне және иықтың үштен бір сыртқы бөлігіне тері астына енгізеді. Теріні спиртпен сүртеді және кептіреді. Инъекция үшін ине өткір болу керек . <Жұлдызша> ережесі бойынша инсулин енгізген орынды сағаттың бағыты бойынша ауыстырып отырады.

Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет тамақтанудан 15-20 мин бұрын енгізеді. Диабетті кома кезінде ұзақ мерзім әсер ететін инсулинді енгізуге кері көрсетіледі.

Асқынуы: аллергиялық реакциялар (крапивница, Квинке ісігі, анафилактикалық шок ) липодистрофия ( бір енгізген жерге инсулинді тағы енгізу кезінде инъекция орнында атрофия аймақтары немесе тері асты май қабатының гипертрофиясы пайда болады), инсулинге резистенттілігі (сезбеуі) және гипогликемиялық кома (инсулиннің көп дозасын енгізген кезде )пайда болады.



Инсулинді енгізу.

Мақсат: қанда глюкоза деңгейін төмендету үшін инсулин дозасын нақты енгізу.

Қажетті заттар: 1 мл 40 ӘБ (80немесе 100ӘБ ) инсулині бар флакон, еріткіш, 70% спирт, стерильді: лоток, пинцет, мақталы шариктер, бір ретті қолданылатын инсулинді шприц.

Қарсы көрсеткіші: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелердің емшара бөлмесінде инсулин мөлшерін есептеуді, антбиотиктерді ерітуді үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. 1мл инсулин ерітіндісі құрайды:

а) 20 ӘБ

б) 40 ӘБ


в) 60 ӘБ

г) 200 ӘБ

2. Антибиотиктерді араластыру үшін қолданады?

а) 5% глюкоза ерітіндісі

б) 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісі

в) 10% натрий хлор ерітіндісі

г) 0,9% натрий хлор ерітіндісі

3. 500 000 ӘБ бензилпенициллинді араластыру үшін қандай ерітінді және қанша мөлшерде қолданады?

а) 5,0 мл физиологиялық ерітінді

б) 10,0 мл физиологиялық ерітінді

в) 3,0 мл физиологиялық ерітінді

г) 10 мл дистилденген су

4.Майлы ерітіндіні енгізеді:

а) тері ішіне

б) күре тамырға

в) тері астына

г) артерия ішіне

5. Құрғақ булы шкафта ине және шприцтерді залалсыздандыру тәртібі:

а) 180○C-та 60-мин

б) 200○C-та 45-мин

в) 2 атм (132○C)20-мин

г) 1,1 атм (120○C)45-мин

6.Инсулинді шприц жоқ болған кезде инсулинді қандай шприцпен енгізуге болады?

а) 0,1 мл

б) 1 мл

в) 2 мл


г) 0,02 мл

7.Дәрілік заттарды парентеральді енгізудің басқа енгізуге қарағанда артықшылығы

а) тез емдік әсер беруі және ерітіндінің дәл концентрациясын енгізу

мүмкіншілігі

б) қолданудың қарапайымдылығы

в) тұз қышқылы және асқорыту ферментінің әсерінен ыдырауы

г) дәрілік заттың тез арада әсер етуі

8. Тері астына инъекцияны жасайды:

а) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

б) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

в) білектің ішкі беткейіне

г) алдыңғы сан бұлшықетіне

9. Бұлшықетке инъекцияны жасайды:

а) білектің ішкі беткейіне

б) иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы 1/3 бөлігіне

в) бұлшық еттің жоғарғы сыртқы квадранты

г) бұлшық еттің төменгі сыртқы квадранты


  1. Инъекция алдында 38°С-қа дейін қай ерітіндіні жылытады?

а) туберкулин

б) инсулин

в) майлы ерітінді

г) бензилпенициллин



Ситуациялық есептер:

1.Егу бөлмесінде бензилпенициллиннің 500 000ӘБ бар. Науқасқа 300 000ӘБ тағайындалды. Медбикенің іс әрекеті қандай?

2.Дәрігер науқасқа инсулиннің 32 ӘБ енгізуді тағайындады. Бөлімшеде инсулинді шприц таусылып қалды. Бұл кезде медбике инсулинді енгізу үшін нені қолданады және дәрігер тағайындаған 1мл инсулинде 80 ӘБ құрайды, инсулиннің қанша мл алады?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



4 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға рентгенологиялық зерттеу әдістерімен, жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеуді үйрету.

тәрбиелік: оқушыларды рентгенологиялық зерттеу, жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда рентгенологиялық зерттеу, жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеуде мейірбикеге тиісті жұмыс жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Бактериологиялық зерттеу түсінігі

  • Бактериологиялық зерттеуге көрсетілімдер

  • Ыдысты залалсыздандыру.

  • Жолдамаларды жазу.

  • Ауыздан және мұрыннан жағынды алу.

  • Зерттеуді өткізуге көрсеткіштері және кері көрсеткіштері, манипуляцияларды өткізу тәсілдері.


10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • өкпені рентгенологиялык тексеруге наукастарды дайындау
    кезІндегі медбикенің зтикасын және деонтологнясын

  • рентгенологиялык зерттеу әдісі жөнінде түсінікті

  • рентгенологиялык зерттеу әдІсін колдануға болатын және колдануға
    болмайтын жағдайларды


  • жалпы (обзорлы) рентгенографияны және рентгеноскопины

  • рентгеноконтрасты заттарды колдануды

  • наукасты зерттеуге дайындауды

  • зерттеуді жүргізуге медбикенін катысуын

Рентгендік зерттеу - калыпты және патологиялык жағдайдағы мүшелердін күрылысы меи кызметін зерттейді.Ауруды, онын орналаскан жерін (локализациясын) аныктап, патологиялык өзгерістердің үзактышн, сонымен катар, емдеу процессінін барысын (динамикасын) аныктайды.

Зерттеу - рентген сәулелерінің мүшелер жөне тіидер аркылы өтіп, әртүрлі дәрежеде сіңіріліп, арнайы экран немесе рентген пленкасында мүшенін суреттемесінін пайда болуына негізделген. Ағзанын мүшелерінің және тіндерінін бір-бірінен тығыздыгы және химнялык күрамы жағынан көптеген айырмашылыктары бар, сондыктан олар рентген сеулелерін әртүрлі дәрежеде сіңіреді, нәтижесінде алынған суретгеме накты контрасты шығады. Осығаң ораЙ, сүйектер, буындар, өкпе, жүрек және кейбір баска мүшелердін рентгенолоғиялық зерттеулерін арнайы дайындыксыз өткізуге болады. Асказан-ішек жолы, бауыр, бүйрек, бронхтар және тамырлардың накты контрасты жеткіліксіз, сондыктан, бүларға жасанды контрастау өткізеді: ағзаға зертгелінетін күрылымға қараганла сәулені күшті (барнй сульфаты, йодтын органикалык косылысы) немесе әлсіз (газ) сіңіретін арнайы зиянсыз рентген контрасты заттарды енгізеді. Мүшелер мен тіндерді жасанды контрасттау максатында рентген контрасты заггарды ішке Ішеді, қан тамырға (мысалы, урографияда), куьістар мен тіңдерге, айналасындағы тіндерге (мысалы, лигаментографияда) немесе тікелей куысқа, мүшенің паренхимасына (мысалы, гайморографиада, бронхографияда, гепатоғрафияда) енгізеді. Реитгеноскопияда экрандағы ннтенсивті көлеңкелер (күрамында газ бар) тығыздығы төмен мүшелер мен тіндерге сәйкес келеді, яғни позитивті болып келеді.Рентгеногрзммаларда караю және ағарудын катынастары керісінше, яғни негативтІ болады.

Науқастарға жоғары кәсіби және сауатты медициналық
көмек көрсетудегі негІзгі шарттардын бірі - ауруды дұрыс анықтау болып табылады.

Науқасты диагностикалык тексеру әдістері негізгі және косымша, яғни арнайы болып екіге бөлінеді. Арнайы әдістер медициналык білімнің және ғылымньщ дамуымен катар жүреді; олар субклеткалы деңгейде зерттеуді және диагностикалык мүмкіндіктердін жоғарғы потенииялын аныкгайды.

Арнайы диагностнкалык әдістерді практикалык түрғыда колдану, клиникалык днагнозға койылған казіргі заман талаптарымен аныкталады. Арнайы әдістердің ішінде рентгенодиагностика, радионуклидті диагностика кеңінен тараған. Ірі ауруханаларда жоғары информативті жаңа арнайы әдістер колданылады. Инструментальды зерттеу әдістерін жүргізу медбнкенің арнайы дайындығын талап етеді, өйткені зерттеу нәтижелерінің информативтілігі және нактылығы медбикенің Іс - өрекетіне байланысты болып келеді

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Функционалды зерттеу бөлімшесінде рентгенологиялық зерттеу әдістерімен, ЭКГ, бронхография, спирография әдістерімен танысу



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Рентген сәулелерінің тіндер арқылы өту кабілеггілігі байланысты болады
а иүшелердін тығыздыгына

б тіндердін тығыздығына

в олардын қалындыктарына

г химиялык кұрамынан

д барлығы дүрыс*

2. Жасанды контрастау қандай мүшелерді тексеру үшін кажетті
а жүрек

б өкпк

в сүйек

г бүрек*

3. Жасанды контрастау кандай мүшелерді тексеру үшін кажетті емес
а бүйрек

б бауыр

в тамырлар

г жүрек*

4. Арнай контрасты заттарды анықтаныз
а барнй сульфаты

б магний сульфаты

в йодтын органикалык косылыстары*

г сутегі байланыстары

д барлығы дұрыс емес

5. Рентген суреттерін сипаттаудағы катынастарды табыңыз

а ағарған аймақтар 1 ағару *а - 2

б карайған аймақтар 2 караю б - 1

6. Сәйкестіктерді табыныз

а рентгенография 1 ағза кұрылымын сипаттайды

б рентгеноскопия 2 мушенін козғалыс кызметін зертгейлі

7. Сәйкестіктерлі табыныз

а бронхография 1 бронхтарды зертгеу

б ангиографня 2 тамырларды зертгеу

в коронарография 3 жүректіңтәждікартерияларын зерттеу

8. Өкпенің иструментальды әдістеріне жатады

а флюорография

б бронхоскопия

в спирография

г барлыгы дұрыс*

9. Сәйкестіктерді табыныз

а рентгеноскопия 1 Р- сәулелері аркылы суретке тұсіру әдісі

б рентгенография 2 кішірейтілген өлшемде кеуде клеткасынын суретін алу әдісі

в томография 3 экранда мүшенің көрінісін бакылауға мүмкіндік

г флюорографияберетін

адам денесінің Р-

сәулелерімен жарыктануы 4 кабатгы Р-графия


10 Құрамынды йоды бар Р- контрасты заттардың антидотына жатады

а натрий тиосульфатының 30% -тік ерітіндісі

б тримекаин

в лидокаин

г атропин

Ситуациялық есептер


  1. М. атты наукасқа бронхоскопия жасау жоспарланған. Манипуляцияны жұргізу үшін кандай жабдык дайындау керек ? (бронхоскоп, дез. ерітіндісі бар ьщыс, бір рет колданылатын шприцтер, атропиннін 1% ерітіндісі, димедролдың 1% ерітіндісі, новокаиннін 1% ерітіндісі, тримеканннің 5 % ерітіндісі)

  2. К. атты наукасқа жүректің ультра дыбыспен зерттеуі (УЗИ) жоспарланған. Бұл
    науқаска қандай дайындық кажет ? Наукаста өзімен бірге зертгеуге арналған не болуы кажет ? (аса дайындык кажет емес, бірге ауыстратын екінші аяк - киім, ауру тарихы, сүлгі, төсек жапкыш болуы керек)

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет



5 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Науқасты эндоскопиялық зерттеу.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды науқасты эндоскопиялық зерттеу. әдісімен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды науқасты эндоскопиялық зерттеу кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда науқасты эндоскопиялық зерттеу кезінде көмекшілік жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • өкпені рентгенологиялык тексеруге наукастарды дайындау
    кезІндегі медбикенің зтикасын және деонтологнясын

  • рентгенологиялык зерттеу әдісі жөнінде түсінікті

  • рентгенологиялык зерттеу әдІсін колдануға болатын және колдануға
    болмайтын жағдайларды


  • жалпы (обзорлы) рентгенографияны және рентгеноскопины

  • рентгеноконтрасты заттарды колдануды

  • наукасты зерттеуге дайындауды

  • зерттеуді жүргізуге медбикенін катысуын

- кіші жамбас мүшелерін УДЗ-ға дайындау ерекшеліктері

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 27 мин (30%)

Жоспар:



  • Эндоскопияның маңызы

  • Эзофагогастродуоденоскопияға

  • Колоноскопия

  • Бронхоскопия

  • Ректороманоскопия

Эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып организмнің табиғи саңлауы арқылы эндоскопия үшін аппаратты енгізу болып табылады. Аш ішекті, асқазанды және өңешті тексеру кезінде эндоскопиялық тексерулерді орындау жалпы принципі болып эндоскопты ауыз арқылы енгізеді. Бронхоскопия кезінде аппарат ауыз арқылы және ары қарай тыныс алу жолдарына енгізіледі. Тоқ және тік ішекті тексеру үшін эндоскоп артқы саңлау арқылы енгізіледі.

Лапароскопия, артроскопия- буын және құрсақ қуысын тексеруде аппаратты енгізу үшін арнайы жасанды саңлауларды прокол жасау арқылы жасайды. Науқастарға осы процедураны жасағанда субъективті қолайсыздықты тудырады. Эндоскопты енгізген соң, ол тексеретін мүшеге қарай бағыттап жылжылынады. Қуыс және кілегей қабаты қаралады, көбінесе дәрігерді “қызықтырған ” аймақты түсіріп алуға болады. Кәзіргі техниканың прогрессімен тексеру кезінде барлық процесті бейнетаспаға түсіріп алуға да болады. Тексеру кезінде ісікті процеске күдіктенсе биопсия жасалынады (цитологиялық тексеруге тканнің кішкентай бөлігін алу).



Эндоскопиялық тексеру әдісінің артықшылығы.

Оптика-механикалық жарықтатқыш аспаптарының көмегімен визуальді тексеру әдіс. Арнайы оптикалық эндоскоптың көмегімен эндоскопиялық тексеру әдістері асқазанның, өңештің, он екі елі ішектің (эзофагогастродуоденоскопия), тік ішек және сигма тәрізді ішектің (ректороманоскопия) тоқ ішегінің (колоноскопия), құрсақ қуысының мүшелерінің (лапароскопия) кілегей қабатын тексеруге болады және биопсия жасап ары қарай гистологиялық тексеруді жүргізуге және де емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға да болады.



Эзофагогастродуоденоскопияға науқасты дайындау қалай жүргізіледі?

Фиброгастродуоденоскопия-асқазан, он екі елі ішек және өңешті эндоскопиялық тексеру әдістері болып табылады. Эзофагогастродуоденоскопия-кезінде науқасты арнайы дайындауының қажеті жоқ. Жоспарлы гастроскопияны азанда, аш қарынға жүргізеді; ал жедел гастроскопияны тәуліктің кез келген уақытында орындайды. Науқасқа тексеруге дейін 30 мин бұрын тері астына 0,1% 1мл атропин ерітіндісін енгізеді; тексеру алдында дикаин ерітіндісімен жұтқыншақтың кілегей қабатына жергілікті анестезия жасайды. Эзофагогастродуоденоскопиядан кейін 1-1,5сағатқа науқасқа тамақ ішкізбейді (жұтынудың өз қалпына келгенінше). Биопсия алынған болса, сол күні тамақты салқын етіп береді.

Көрсеткіші:он екі елі ішек және асқазан аурулары.

Кері көрсеткіші:өңештің тарылуы, инсульт, психикалық қозу, омыртқаның айқын деформациясы, төс артындағы зоб, өңеш веналарының варикозды кеңеюі.

Процедураны орындау.

1.Науқасқа тексеру азанда, аш қарынға жасалатынын ескерту, соңғы рет тамақтануы 18.00 болуы қажет.

2.Тексеруге 30мин бұрын 0,1% 1мл атропин сульфат ерітіндісін тері астына енгізу.

3.Тексеруге 3-5мин қалғанда ауыз қуысының кілеге қабатын 1% лидокаин ерітіндісімен жергілікті жансыздандыру қажет.

4.Тексеру универсальді операционды столда жүргізіледі. Науқасты сол бүйірімен жатқызу. Тексеру кезінде науқас жағдайын бақылау қажет.

Тексеруден кейін 1-1,5сағ-қа су және тамақ ішуге болмайтынын науқасқа ескерту. Жұтыну кезінде ауырсыну сезімі пайда болса 3% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен шаюды ұсыну.


Ректороманоскопия (тік және сигма тәрізді ішекті эндоскопиялық тексеру). Мақсат:тік және сигма тәрізді ішекті визуальді тексеру.

Қажетті заттар:стерильді иілгіш ректоскоп.

Науқасты процедураға дайындау.

1.Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

2.Тексерілу алдында яғни кешке және тексерілетін күні 1,5-2сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

3.Тексерілу алдында қуықты босату.

4.Азанда аш қарынға тексерілуге келу.

Процедураны орындау.

1.Науқас арқасымен аяғын ашып жатады, 25-30см тік ішекке иілгіш ректоскопты енгізеді.

2.Тексеруді дәрігер орындайды.

3.Тексеріп болған соң ректоскопты алады.

4.Қолданған инструменттерді, ректоскопты дезинфекциялау қажет.

5.Науқасқа тыныштық орнату.


Колоноскопия (тоқ ішекті эндоскопиялық тексеру).

Мақсат:ток ішектің жоғарғы бөліктерін визуальді тексеру.

Қажетті заттар:стерильді колоноскоп.
Процедураға науқасты дайындау.

  1. Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру.

  2. Тексеру алдында 3күн бұрын №4 шлаксыз диетаны науқас сақтау қажет.

  3. Тексеруге дейін 2 күн бойы ішті айдайтын дәрілік заттарды тағайындайды (кастор майы).

  4. Тексеру алдында кешке тазалау клизмасын жасау.

  5. Тексеру күні аш қарынға тексеруге дейін 4 және 2 сағ бұрын тазалау клизмасын жасау.

  6. Тексеруге 20-30мин бұрын дәрігер тағайындауы бойынша премедикация жасау.

Процедураны орындау.

1.Науқас сол бүйір жанымен жатады, процедураны дәрігер орындайды.

2.Колоноскоп енгізер бұрын тік ішек айналасын анестезия жасау(3% дикаин мазьі).

3.Тік ішекке колоноскопты енгізу.

4.Тексеріп болған соң колоноскопты шығарып алады.

5.Қолданылған инструменттерді, перчаткаларды және колоноскопты дезинфекциялау.

6.Науқасты палатаға апарып тыныштық орнату.

Бронхоскопия-науқас тынысалу жолдарына енгізген эндоскоп көмегімен ірі және орта калибрлі бронхты, трахеяны визуальді тексеру әдісі болып табылады. Иілгіш және қатты бронхоскоптар қолданылады. Бұлардың көмегімен ірі бронхтарды ғана емес майда диаметрлі бронхтарының кілегей қабатын көруге мүмкіндік туғызады. Бронхоскопия көмегімен бронхтарының қабыну процессінің белгілерін, өкпедегі ісікті, қан түкіруінің және ұзақ жөтелдің себебін және лимфа түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады. Бронхоскопия кезінде көруден басқа, қосымша тағыда мынадай манипуляцияларды жасауға болады: бронхтың секретін сорып алу, бронхтың кілегей қабатының кішкене бөлігін биопсияға алу; және де бронхтарды тесіп өкпе тканінен, лимфа түйінінен биопсия алу. Емдік процедураларды жасауға болады: бронхтарды жуу, дәрілік заттарды енгізу, бронхтан қанды және іріңді сорып алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...