ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Медбике ісі»

Loading...


жүктеу 456.55 Kb.
бет1/3
Дата22.06.2017
өлшемі456.55 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

044 -39/15-66

23 беттің

-беті
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

«Бекітемін»

ТжКББФ деканы

__________ Отыншиев М. А.

« ____» __________ 2013 ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Қазақстан тарихы»

Мамандығы: 0302000 - «Медбике ісі»

Біліктілігі: 0302033 –«Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: 2

Семестр: 1,2

Сағат саны: 134

Шымкент -2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №492 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленді.


Жұмыс бағдарламасы кафедра мәжілісінде қаралды.

«__23__» ____11_____ 2013 ж. №__5_ хаттама

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент ______ К.Б. Кемелбеков

Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.

«__25__»___12______2013 ж. №__6_ хаттама

Әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Н.Р.Джуманкулова

Дайындаған оқытушы: Темірбекова А.Қ.

Бағдарлама:

1. Кіріспе.

Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясындағы көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілер мен үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды анықтауды зерттейтін ғылым.

Тарих - гуманитарлық білімнің іргетасы, адам баласының өзін-өзі танып білуінің маңызды бір формасы.

Тарихи түсінік - қоғамдық түсініктің бір бөлшегін танытады, қоғам мен жеке адам көзқарасы жүйесінде өзіндік және жоғары жауапкершілікті қажет ететін маңызды орынға ие. Ол тарихти фактілерді білумен шектелмейді, тарихи тәжірибелер жайындағы түсініктермен тоқталмайды, алайда, оларды өз мазмұнына енгізеді. Сондай –ақ, негізгі компоненті болып, жалпыланған тарихи тәжірибе және тәжірибеден шығатын тарих сабақтары болып табылады.



Пәннің мақсаты: Қазақстан тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі негізгі кезеңдері жөніндегі объективті тарихи білімді, этногенездің үздіксіздігі мен қол жетімділігін, қазақ халқының мемлекеттілігінің құрылуы мен дамуын қалыптастырады.

Пәннің міндеттері:

  • Студенттердің адамзат қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және адамгершілік салалардағы білімді Қазақстанның дүниежүзілік тарихтағы ролін ерекше назарға ала отырып меңгеруі;

  • Студентерді отансүйгіштікке, өз Отаны- көпұлтты Қазақстан мемлекетін құрметтеуге, өзара түсіністік, толеранттылық, адамдар және халықтар арасында ауызбіршілік идеясына сәйкес заманауи қоғамдағы демократиялық құндылықтар бағытында тәрбиелеу.

  • Азаматтық пен ұлт теңдігіне тәрбиелеу, оқушылардың дүниеге көзқарасын олардың мәдени, рухани, этноұлттық салт-дәстүрлер, адамгершілік және әлеуметтік қағидалардың, идеологиялық доктрині негізінде дамыту.

  • Студенттердің бойында тарихи принцип пен оның динамикасын, өзара байланысы мен өзара шарттастығын басшылыққа ала отырып, кешегі мен бүгінгіні танытатын әртүрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сараптама жасау қабылеттерін дамыту.

  • Студенттердің бойында тарихи білімдерін заманауи қоғамдық құбылыстардың мәнін түйсіну, өзге адамдармен заманауи саяси-мәдени, полиэтникалық, көп конфессиялы қоғамда қарым-қатынасқа түсу қабылетін қалыптастыру;

  • Тарихи түйсінуді қалыптастыру-оқиғалар мен құбылыстарды олардың тарихи жағдайларына байланысты қарай қарастыру қабылетін, тарихи жағдайлар мен тұлғалардың әртүрлі жорамалдары мен берген бағаларын, өз көзқарасы мен принциптерін қалыптасқан тарихи дүниетанымдық жүйемен салыстыру, өткен мен бүгінгінің мәселелерін талқылауда өзіндік қатынастарын анықтау;

  • Тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу, кешенді сараптауды білу мен жүзеге асыруды үйрену;

  • Студент бойында бұрынғы немесе жақында өткен кезеңнен маңызды әрекетер нұсқасын іздей отырып, өмір сүруге үйрену қажеттілігін қалыптастыру.

1.2. Қазақстан тарихы курсы бойынша оқушы білуі қажет:

- тарихи үрдістің жүйелілігі мен тұтастығын сипаттайтын негізгі фактілерді, үрдістерді, теориялар мен гипотезаларды;

-дүниежүзілік және отандық тарихтың кезеңдерін;

-заманауи қоғам үрдістерінің тарихи шарттарын;

- өткен үрдістер мен оқиғалардың, құбылыстардың тарихи, тарихи-әлеуметтік, тарихи-саяси, тарихи-мәдени, антропологиялық сараптамаларының ерекшеліктерін;

-Қазақстан және әлем тарихының, ұлттық және аймақтық, конфессионалдық, этноұлттық, жергілікті тарихтың қарым-қатынасы мен ерекшеліктерін;

-Қазақстан дамуының ерекшеліктерін;

Қазақстанның барлық даму кезеңдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі тарихи фактілері мен оқиғаларын;

-қоғамдық-саяси қозғалыстардың тарихи ролін, саяси партиялар мен ұйымдардың қызметтерінің мазмұнын;

-Қазақстандағы ұлттық үрдістердің дамуын;



2.Тақырыптық жоспар




Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сабақ түрі

Сағат саны

1

Ерте дәуірдегі Қазақстан.

Қола дәуіріне сипаттама және археологиялық ескерткіштер

теория

4

2

Ерте темір дәуірінің ерекшеліктері

Ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттері

теория

4

3

Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты. Түркештер, Қарлұқтар, Оғыз және Қимақтар қағанаттары

теория

4

4

Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар.Наймандар мен керейлер,

қыпшақтар.

теория

4

5

Моңғол мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.

теория

4

6

Қазақстан Алтын Орданың құрамында . Ақ Орда, Моғолстан хандығы. Әбілқайыр хандығы.Ноғай Ордасы. Дешті-Қыпшақ.

теория

4

7

Қазақстандағы көшпелілер өркениетінің ерекшеліктері.

Көшпелілердің рухани мәдениеті.

теория

4

8

Қазақ халқының қалыптасуы.

Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

теория

4

9

XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының саяси жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы.

теория

4

10

ХVII-XVIII ғғ. қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.

теория

4

11

Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы.

Кіші жүздің Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты.

теория

4

12

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары.


теория

4

13

Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің даму кезеңдері, ерекшеліктері, тарихи маңызы.

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі.

теория

4

14

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің сипаты.

1837-1847 жылдардағы Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс.

теория

4

15

XIX ғ.60-90 ж.Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары. Капиталистік қатынастардың дамуы.

теория

4

16

1900-1920 жылдардағы Ресейдің қоғамдық саяси өмірінің Қазақстанға әсері. Ақпан революциясы және Қазақстандағы саяси өмір. Қазан төңкерісі.

теория

4

17

1916ж. ұлт-азаттық революциясының себептері, сипаты, қозғаушы күші. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері.

теория

4

18

«Алаш» партиясының қызметі. Түркістан автономиясы. Алашорда үкіметі.

теория

4










72

19

1920-1930 ж. Қазақстан. Ф.И. Голощекин «Кіші Қазан» теориясының үстемдігі. Индустрияландыру.

теория

4

20

Күштеп ұжымдастыру, оның зардаптары. 1931-1932 жылдардағы аштық. Аштықпен күрес.

теория

4

21

Сталиннің казармалык режимінің орнауы. 30 жылдардағы жаппай қудалау, репрессиялар.

теория

4

22

Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

теория

4

23

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру.

теория

4

24

1950-1960 жылдардағы Қазақстан.

Индустриялық даму. Тың және тыңайған жерлерді игеру

теория

4

25

Патшаның көші-қон саясаты. Кеңес өкіметі кезеңіндегі депортация Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

теория

4

26

Қазақстандағы халықтар Ассамблеясы және оның қызметі.

теория

4

27

Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның қызметі. 1960-1980 жылдар арасындағы Д.А.Қонаевтың қызметі.

теория

4

28

Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары. 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі. КСРО-ның күйреуі.

теория

4

29

Диаспора, ирредента ұғымдары. Шетелде қазақ диаспорасының,ирредентасының қалыптасуы.

теория

4

30

Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістері. ҚР. Конституциялары. Қазақстан республикасындағы сайлау жүйесі.

теория

4

31

Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

Шетелдегі қазақтардың тарихи атамекеніне қайтып оралуы



теория

4

32

Әлеуметтік қауымдастық- Қазақстанның БҰҰ-на кіруі. Әлемдік аренадағы Қазақстан бейнесі.

теория

4

33

«Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы. Елбасы жолдаулары. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы.

теория

4

34

Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы және мәдениеті.

теория

2










62/134

: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> БАҒдарламасы «Кәсіпорын менеджменті»
2014 -> Ойындарды өткізу мерзімі
2014 -> Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық
2014 -> Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
2014 -> «Бекітемін Ректор, ҰҒА ҚР академигі А. М. Ғазалиев 2014 ж
2014 -> Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді. Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді
2014 -> «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...