Жұмыс бағдарламасы негізінде 5В051100 Маркетинг мамандығы үшін құрастырылған



жүктеу 434.76 Kb.
бет3/3
Дата15.01.2017
өлшемі434.76 Kb.
1   2   3

Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттре тізімі
Негізгі әдебиет
1.З.С.Күзекова Қазақ тілі. Экономистерге арналған. Алматы, 2011.

2. Хожаназаров Қ. Маркетинг негіздері. Алматы,1996.

3. Есмжанова С.Р. Макетинг. Алматы, 2009.

4. Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007.



  1. Қазақ тілі энциклопедия. Алматы, 1998

  2. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

  3. Л.С.Кажбулатова «Основы грамматики». Алматы, 2010.

  4. Қазақ тілі (Қысқаша грамматикалық анықтағыш) Алматы, 2008.

  5. Қ.А.Жақыбаева., Г.Ш.Акимбекова. «Қазақ тілі» оқу құралы (жоғары деңгей). Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Экономика, Алматы 2012

  6. .Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

  7. Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен,Алматы, 2009ж.

  8. Күзекова, Р. Әбдіқұлова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған оқулық. Алматы, «Раритет», 2011ж.

  9. www.til.gove.kz(қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.



Қосымша әдебиет:

1. Ж.М. Аяпова. М. Арынов. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық сөздігі. Алматы. 2002 ж.

2. Г. Камешова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін, Алматы, 2009ж.

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Раритет», 2011ж.

4. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

5. З.Күзекова., Г.Қарақұсова. Қазақ тілі (эконом). Алматы, «Қаржы–Қаражат», 1997ж.

6. Ғ.Ә.Байтілеуова., Ш.С.Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2009ж.

7. Қ.А.Жақыбаева, Г.Ш.Акимбекова. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011ж.

8. А.Салқынбай, Ж.Иманасова. Қазақ тілі. Алматы, 2007ж.

9. Г.Қ. Рысбаева. Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000ж.



Бағалау саясаты

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.

Пән 100 – балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

Қазақ тілі пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы ) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР), 1-Рейтинг пен 2-Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауы керек.

Емтиханға жіберу рейтингі (ЖР) төмендегідей есептеледі:

(1-рейтинг + 2-рейтинг): 2 (орташа арифметикалық мәні)

1-Рейтинг (2-рейтинг) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады.

Мысалы: Семестрдің алғашқы 7 аптасында пән бойынша 7 тапсырманы орындау қарастырылады,осы бойынша студент 100 балдан әр тапсырма үшін келесі бағаларды алды: 70, 86, 65, 59, 91, 76, 56. Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташа арифметкалық мәні бойынша анықталады: (70+86+65+59+91+76+56):7 (баға саны)=72 (1Аб).

1 аралық бақылауда(АБ) бұл студент 100 балдан 65 балл алды.

1 Рейтинг былай анықталады: 1Р= (1Аб+1АБ):2, яғни (72+65):2=69.

Семестрдің келесі 8 аптасында бұл пән бойынша 6 тапсырма орындау қарастырылған, осыған сәйкес студент 52, 35, 96, 63, 45, 87 балл алды.

Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы: (52+35+96+63+45+87):6=63. (2Аб). 2 аралық бақылауда 100 балдан 83 балл алды.

2-Рейтинг = (2Аб + 2АБ) : 2 құрайды, яғни (63+83):2=73.

ЖР=(69+73):2=71 балды құрады.



Қорытынды бақылау ҚБ (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі кемінде 50 балл жинағанда ғана (ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Мысалы, студент емтиханда (қорытынды бақылау ҚБ) -65 балл алды делік. Бұл жағдайда қорытынды бағасы 71(ЖР)х0,6+65(ҚБ)х0,4=68, әріптік жүйеде бағасы С-ға, дәстүрлі жүйеде «қанағаттанарлық», сандық баламада 2,08-ге сәйкес келеді. Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді (егер оқу жұмыс жоспарында курстық жұмыс қарастырылған болса).

Себепсіз практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырманың бағасын 60 балға, практикалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 40 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен төмендегі кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.


Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау

(Ә)


Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы




90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз





Курс саясаты

Курс саясатын студенттің сабақта өзін-өзі ұстау ережелері мен оқытушымен арақатынасына қойылатын талаптар жиынтығы құрайды. Аталмыш ережелер мен талаптар силлабуста көрсетілуі қажет. Қабылданған ережелерді орындау студенттер үшін міндетті болып табылады және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір оқытушының ережелер мен талаптарды таңдауға мүмкіндігі бар, алайда олар Университет студенттерінің этикасы мен академиялық әрекет саясатына қайшы келмеуі тиіс.

Қазақ тілі пәнін игеру практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-ге міндетті түрде қатысу болып табылады.

Өздік жұмыс практикалық сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды оқу немесе практикалық сабақтарына кірмей қалған немесе қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.

Оқытушының басқаруымен студенттің өздік жұмысы практикалық сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.

Студент ОБСӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бірінші және екінші аралық бақылау өткен тақырыптар бойынша сауалнама түрінде, билет бойынша, тест түрінде өткізіліп 100 балдық жүйеде бағаланады.(Аралық бақылау қандай түрде өтетіні көрсетілуі керек).

Емтихан тест түрінде өткізіледі.

Студент сабаққа белгілі себептермен (анықтама қағазымен расталса) қатыспаған жағдайда, жіберіп алған материалдарды тапсыруына болады. Бірінші және екінші аралық бақылау (РК) өткен материалдарды сұрау, билет бойынша (сұрақ,тест) өткізіледі және 100 балдық өлшемде бағаланады (аралық бақылау қалай өткізілетінін көрсету қажет).



Курсты меңгеру шарты:

Студент сабаққа қатысуы 80%-дан кем болмауы тиіс. Ауыруына байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (3 күнге жарамды 095-У анықтамасымен расталған жағдайда) Департаменттің Директорының (декан) өкімі бойынша жеке түрде тапсырманы тапсыру графигін алуына болады. График мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды. Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, сабаққа қатысуына болады. Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады. Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен айналасындарға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс. Оқу тәртібі бұзылған жағдайда оқытушы Департаменттің директорының атына шара қолдануға ықпал ету туралы ұсыныс жасайды (пән бағасының күшін жоюы). Бақылау іс шаралары (Аб,АБ,ҚБ) кезінде көшіру және ұялы байланыс құралдарын пайдалану жағдайлары анықталған жағдайда алынған баға күшін жояды.

Практикалық сабақтардағы белсенділік. Студенттер практикалық сабақтарында белсенділік көрсетулері керек. Белсенділік көрсетпесе, басқа да бір алаңдатпа әрекетпен айналысса сабақ үшін 0 балл қойылады.

Сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын, СӨЖ және т.б орындау.

Курсты меңгерудің міндетті шарты сабаққа мұқият дайындалу болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде қолданған интернет ресурстарын және де басқа ақпарат көздерін оқушылар міндетті түрде көрсетулері керек. Түп нұсқаға сілтеме жасалмай мәтінде 200 сөз қолданған жұмыс плагиат (шығармашылық ұрлық) болып есептелінеді.

Плагиат фактісі анықталған кезде оқушы тапсырма үшін 0 балл алады, ал бұл факт қайталанған кезде бағасы күшін жояды.

Тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру. Студенттер тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсырады, немесе жеке тапсыру графигі болса соған сәйкес тапсырады. Жекелеген жағдайда оқытушының келісімімен белгіленген уақыттан кейін 7 күнтізбелік күн аралығында тапсыра алады бұл жағдайда осы тапсырма үшін қойылатын балл 80-нен аспауы керек. Жеті күндік мерзімі өткеннен кейін тапсырма қабылданбайды.

1-аралық бақылау қорытындысы төмендегідей тапсырмалардан тұрады:



  • Сөйлесім бойынша 30 сұраққа жауап беру;

  • СӨЖ бойынша топтық жұмыс тапсыру;

  • 1-аралық бақылауға арналған жазбаша жұмысты тапсыру.

2-аралық бақылау қорытындысы төмендегідей тапсырмалардан тұрады:

  • Глоссарий тапсыру (200 сөз);

  • Сөйлесім бойынша 30 сұраққа жауап беру;

  • СӨЖ бойынша топтық жұмыс тапсыру;

  • 2-аралық бақылауға арналған жазбаша жұмысты тапсыру.

Емтиханның әр кезеңі 100 балдық жүйемен бағаланып, қорытынды баға орташа арифметикалық мәнді анықтау арқылы қойылады.


1-аралық бақылауға жұмысына арналған сұрақтар


  1. Пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен кімдер айналысқан?

  2. Аристотельдің пікірі бойынша экономика не болып табылады?

  3. Микроэкономика дегеніміз не?

  4. Макроэконимика дегеніміз не?

  5. Мәтіннен экономиканың жетекші салаларын атаңыз?

  6. Индикативті жоспарлар қандай жоспарлардан тұрады?

  7. Уақытты үнемдеу - тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін де қажетті дегенді қалай түсінесіз?

  8. Экономикадағы үш заңның бірі - уақытты үнемдеу заңы дегенді қалай түсінесіз?

  9. Бағаныреттеу қалай жүзеге асуы керек?

  10. Нарықтықэкономиканың өзегі неде?

  11. Қызмет көрсету дегеніміз не?

  12. «Базаршы жігіт пен ақылды кыз» тақырыбы бойынша:Әке баласын сынамаққа қандай сұрақ кояды?

  13. Сапарға шығар алдында қандай шарт айтады?

  14. Қандай қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады?

  15. Кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз?

  16. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  17. Кәсіпкер деген кім?

  18. Шағын кәсіпкерліктің ел экономикасына тигізер пайдасы қандай?

  19. Шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін атаңыз?

  20. Кедейлік туралы Төле би қандай пікір айтты?

  21. Табысқа кімдер жетеді?

  22. Табысқа жету дегенді қалай түсінесіз?

  23. Бағаны төмендету табысқа зиян келтіре ме?

  24. Мемлекет үшін табыс әкелетін не?

  25. Қандай жағдайда өндіріс дамиды?

  26. Өндірісті дамытуға қандай жағдайлар мүмкіндік береді?

  27. Табыс қалай бөлінеді?

  28. «Пйда» терминін қалай түсінесіз?

  29. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын не айқындайды?

  30. Пайданың түрлерін айтыңыз?

  31. Ақшаның айрықша қызметі неде?

  32. Ақша айналымы жүйесі нешеге бөлінеді?

2-аралық бақылау жұмысына арналған сұрақтар

  1. Бәсеке деген не?

  2. Бәсекенің қандай екі жағы болады?

  3. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

  4. Жалпы нарық немесе қазіргі экономика қандай үш тағанға сүйенеді?

  5. Маркетинг қызметі деген не?

  6. Маркетинг түрлерін атаңыз?

  7. Егер сен ақша үнемдесең, оны ойланбастан үнемдейсің бе?

  8. Егер сен ақша жинайтын болсаң, оны неге жұмсауға ертерек ойланасың ба?

  9. Үнемшіл болу дегеніміз сараңдық па?

  10. Үнемдеу дегенді қалай түсінесіз?

  11. Уақытты үнемдеуді қалай түсінесің?

  12. Маркетингтің баға сясаты неден көрінеді?

  13. Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері қандай?

  14. Тәжірибеде баға белгілеудің қандай мақсаттары қойылады?

  15. Жалпы баға қандайтәсілдер арқылы анықталады?

  16. Тәжірибедесұранысқа негізделгенбаға тағайындау стратегияларының қандай түрлері қолданылады?

  17. Бағалардың бейімделуі қандай тәсілдерді қолдану негізінде жүргізіледі?

  18. Жеңілдетілген бағалар қандай жағдайда қолданылады?

  19. Прогрессивті жеңілдіктер дегеніміз қандай жеңілдік?

  20. Клубтық жеңілдіктер туралы не айтасыз?

  21. Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қалай бөлінеді?

  22. Түпкі тұтынылуына қарай тауарларқалай бөлінеді?

  23. Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар не жатады?

  24. Тауар саясаты дегеніміз не?

  25. Фирма өндiретiн тауарлар түрiнiң ұйымдастыру саласына не жатады?

  26. Сапа дегеніміз не?

  27. Жарнама дегеніміз не?

  28. Жарнаманың қандай түрлерін білдіңіз?

  29. Жарнаманы айыру белгілеріне қарай ажыратыңыз?

  30. Жарнаманы тарату құралдарына не жататынын атаңыз?


Сөйлесім В1-В2 деңгейі бойынша сұрақтар

1-Аралық бақылау

  1. Алма апортының бағасы қанша тұрады?

  2. Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

  3. Кілем саудасы қалай өтті?

  4. Алматыдағы орталық базар не деп аталады?

  5. «Көк базарда» не сатылады?

  6. «Көк базарды» бұрын қалай атаған?

  7. Журналист пен тұтынушының әңгімесі не туралы?

  8. Қуат көзін қалай үнемдеуге болады?

  9. Сіздің жалпы төлейтін сомаңыз қанша?

  10. Сәлеметсіз бе, Не үшін келдіңіз?

  11. Түбіртекті кім толтырады?

  12. Қандай мереке туралы ақпарат бар?

  13. Өзбек халқы наурызда не дайындадыңдар?

  14. Біздің елде наурыз мерекесінде не пісіріледі?

  15. Тұтынушының берген кеңестерін қолдануға болады ма?

  16. Неліктен жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін бұзады?

  17. Жүргізуші міндетіне не кіреді?

  18. Қандай жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындауы керек?

  19. Алғашқы бағдаршам қай жылы, қай жерде орнатылды?

  20. Қай жылдан бастап бағдаршамның 3 түрлі түсі қолданыла бастады?

  21. Кеңес Одағы бойынша қай қала көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды?

  22. «Discovery» каналынан қандай ақпараттық бағдарламалар көресіз?

  23. Қазақстандық қай газетте саяси жаңалықтар көптеп беріледі?

  24. Медиапорталда қандай жаңалықтар берілген?


2- Аралық бақылау


  1. Бильярд ойыны адам бойынан нені талап етеді?

  2. Бильярд ойыны ең алғаш қайда пайда болған?

  3. Бильярд ойнаудың қандай ережелері бар?

  4. ’Каравай” әні қай кезде айтылатын болған?

  5. Мәтінде қандай қызық дәстүрлер туралы айтылады?

  6. Жапон халқы туған күнін қалай тойлайды?

  7. Наурыз тойы қай кезде өтеді?

  8. Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  9. Наурыз көже қалай жасалады?

  10. Үйді сатып алу тиімді ме, әлде өзің салғаның тиімді ме? Себебі неде?

  11. Үй салу қадамын неден бастау керек?

  12. Үй салуда мамандар қандай кеңестер береді?

  13. Үйдің тұғыры деп оның қай бөлігін айтамыз?

  14. Үйдің ішкі құрылысына қандай жұмыстар жатады?

  15. Сіз болашақ үйіңіздің қайда орналасқанын, қандай болғанын қалайсыз?

  16. Адамның «нағыз адам болып қалыптасуына» үйдегі тәрбие, әлде орта көбірек әсер ете ме?

  17. Адам өмірін тек оқуға арнағаны дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

  18. «Жас балаға тәрбиені бесікте жатқанда-ақ бере беру керек» дегенге пікіріңіз қандай?

  19. Кибернетика ғылымның маңыздылығы неде?Ол арқылы не іске асырылады?

  20. Жасанды интеллектінің негізінде пайда болған нәтижелерді атаңыз.

  21. Адам өмірі неге компьютермен тығыз байланысты?


Сөйлесім сұрақтары С1
1-аралық бақылау

  1. «Әнші құм» қай жерде орналасқан?

  2. «Әнші құмның» әуенін естуге болады ма?

  3. «Әнші құмның» әуені қайдан естіледі?

  4. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы кім екенін білесіз бе?

  5. Қандай ғылым салаларын зерттеген?

  6. «Нанотехнология» деген терминнің мағынасы қандай?

  7. Ауылдың рөлі қандай?

  8. «Жер Ана» дегенді қалай түсінесіз?

  9. Шағын үйдің қандай ерекшелігі бар?

  10. Қазақстанда қандай таулар бар?

  11. Қазақстандағы ең биік шың қалай аталады?

  12. Таудан бастау алатын қандай өзендерді білесіз?

  13. Ғарышта алғаш рет қазақша сөйлеген кім?

  14. Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшарда Елбасына қай тілде рапорт берді?

  15. Қазақ тілі өмірдің қанша саласында қолданылады?

  16. Назарбаев университетінің басты мақсаты қандай?

  17. Елбасы жастарға қандай сенім артып отыр?

  18. Жастар шетелде білім алуға міндетті ме?

  19. «Болашақ» бағдарламасы не үшін жасалған бағдарлама?

  20. «Болашақ» бағдарламасынының басты мақсаты қандай?

  21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?

2-аралық бақылау

  1. Айтыскер бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  2. Бұрынғы заманда айтыскер болу үшін не істеген?

  3. Айтыскер суырыпсалушы деңгейіне жету үшін не істеуі керек?

  4. Күй неден пайда болады?

  5. Күйдің қандай түрлері бар?

  6. Олардың ерекшеліктері қандай?

  7. Ахмет Жұбанов музыкалық аспаптардың ішінде домбыраға қандай сипаттама берді?ХІХ ғасырдағы қазақтың күйшілік мектеп өкілдері кімдер?

  8. Күй аспабы дегеніміз не?

  9. Ә. Қастеев кім?

  10. Ә. Қастеевтің көпке танымал қандай туындылары бар?

  11. Ә. Қастеев қай жерді туып-өскен?

  12. «Қыз Жібек» операсы қай жылы сахнаға қойылды?

  13. Ұлттық нақыштағы әйгілі классикалық туындыда қазақ халқының қай қыры көрініс тапты?

  14. Операда Жібек алтындатқан күймеде отырып не туралы айтады?

  15. Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) басты мақсаты қандай?

  16. ЕҚЫҰ мүшелері кімдер?

  17. Қазақстан бұл халықаралық ұйымға қашан төрағалық етті?

  18. Сыртқы саяси мақсаттар қандай мүддеге негізделеді?

  19. Мемлекеттің сыртқы саясаты қандай факторлар ықпалымен қалыптасады?

  20. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал не?

  21. Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана қаласына өзгертілді?

  22. «Бәйтеректі» салу идеясын кім ұсынды?

  23. «Бата» композициясы нені білдіреді?


Емтиханға арналған сұрақтар


  1. Пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен кімдер айналысқан?

  2. Аристотельдің пікірі бойынша экономика не болып табылады?

  3. Микроэкономика дегеніміз не?

  4. Макроэконимика дегеніміз не?

  5. Мәтіннен экономиканың жетекші салаларын атаңыз?

  6. Индикативті жоспарлар қандай жоспарлардан тұрады?

  7. Уақытты үнемдеу - тек жеке адам үшін емес, мемлекет үшін де қажетті дегенді қалай түсінесіз?

  8. Экономикадағы үш заңның бірі - уақытты үнемдеу заңы дегенді қалай түсінесіз?

  9. Бағаныреттеу қалай жүзеге асуы керек?

  10. Нарықтық экономиканың өзегі неде?

  11. Қызмет көрсету дегеніміз не?

  12. «Базаршы жігіт пен ақылды кыз» тақырыбы бойынша:Әке баласын сынамаққа қандай сұрақ қояды?

  13. Сапарға шығар алдында қандай шарт айтады?

  14. Қандай қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады?

  15. Кәсіпкерліктің түрлерін атаңыз?

  16. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  17. Кәсіпкер деген кім?

  18. Шағын кәсіпкерліктің ел экономикасына тигізер пайдасы қандай?

  19. Шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін атаңыз?

  20. Кедейлік туралы Төле би қандай пікір айтты?

  21. Табысқа кімдер жетеді?

  22. Табысқа жету дегенді қалай түсінесіз?

  23. Бағаны төмендету табысқа зиян келтіре ме?

  24. Мемлекет үшін табыс әкелетін не?

  25. Қандай жағдайда өндіріс дамиды?

  26. Өндірісті дамытуға қандай жағдайлар мүмкіндік береді?

  27. Табыс қалай бөлінеді?

  28. «Пйда» терминін қалай түсінесіз?

  29. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын не айқындайды?

  30. Пайданың түрлерін айтыңыз?

  31. Ақшаның айрықша қызметі неде?

  32. Ақша айналымы жүйесі нешеге бөлінеді?

  33. Бәсеке деген не?

  34. Бәсекенің қандай екі жағы болады?

  35. Бәсеке өркениетті қоғамда қандай болу керек?

  36. Жалпы нарық немесе қазіргі экономика қандай үш тағанға сүйенеді?

  37. Маркетинг қызметі деген не?

  38. Маркетинг түрлерін атаңыз?

  39. Егер сен ақша үнемдесең, оны ойланбастан үнемдейсің бе?

  40. Егер сен ақша жинайтын болсаң, оны неге жұмсауға ертерек ойланасың ба?

  41. Үнемшіл болу дегеніміз сараңдық па?

  42. Үнемдеу дегенді қалай түсінесіз?

  43. Уақытты үнемдеуді қалай түсінесің?

  44. Маркетингтің баға сясаты неден көрінеді?

  45. Бағаға әсер ететін факторлардың негізгілері қандай?

  46. Тәжірибеде баға белгілеудің қандай мақсаттары қойылады?

  47. Жалпы баға қандайтәсілдер арқылы анықталады?

  48. Тәжірибедесұранысқа негізделгенбаға тағайындау стратегияларының қандай түрлері қолданылады?

  49. Бағалардың бейімделуі қандай тәсілдерді қолдану негізінде жүргізіледі?

  50. Жеңілдетілген бағалар қандай жағдайда қолданылады?

  51. Прогрессивті жеңілдіктер дегеніміз қандай жеңілдік?

  52. Клубтық жеңілдіктер туралы не айтасыз?

  53. Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қалай бөлінеді?

  54. Түпкі тұтынылуына қарай тауарларқалай бөлінеді?

  55. Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар не жатады?

  56. Тауар саясаты дегеніміз не?

  57. Фирма өндiретiн тауарлар түрiнiң ұйымдастыру саласына не жатады?

  58. Сапа дегеніміз не?

  59. Жарнама дегеніміз не?

  60. Жарнаманың қандай түрлерін білдіңіз?

  61. Жарнаманы айыру белгілеріне қарай ажыратыңыз?

  62. Жарнаманы тарату құралдарына не жататынын атаңыз?

  63. Жарнаманы жоспарлау процесіқандай кезеңдерден тұрады?

  64. Жарнаманы қалай қызықты жасауға болады?

  65. Халықаралық сауда дегеніміз не?

  66. Аукциондық сауда деген не?

  67. Биржалық сауда деген не?

  68. Олар нешеге бөлінеді?

  69. Шекаралық сауда деген не?

  70. Ұлттық және халықаралық нарықтың айырмашылығын атаңыз?

  71. Халықаралық сауданың тағы қандай түрлерін білдіңіз?

  72. Халықаралық маркетингтің қандай түрлері болады?

Сөйлесім В1-В2 деңгейі бойынша сұрақтар

  1. Аралық бақылау

  2. Алма апортының бағасы қанша тұрады?

  3. Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

  4. Кілем саудасы қалай өтті?

  5. Алматыдағы орталық базар не деп аталады?

  6. «Көк базарда» не сатылады?

  7. «Көк базарды» бұрын қалай атаған?

  8. Журналист пен тұтынушының әңгімесі не туралы?

  9. Қуат көзін қалай үнемдеуге болады?

  10. Сіздің жалпы төлейтін сомаңыз қанша?

  11. Сәлеметсіз бе, Не үшін келдіңіз?

  12. Түбіртекті кім толтырады?

  13. Қандай мереке туралы ақпарат бар?

  14. Өзбек халқы наурызда не дайындадыңдар?

  15. Біздің елде наурыз мерекесінде не пісіріледі?

  16. Тұтынушының берген кеңестерін қолдануға болады ма?

  17. Неліктен жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін бұзады?

  18. Жүргізуші міндетіне не кіреді?

  19. Қандай жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындауы керек?

  20. Алғашқы бағдаршам қай жылы, қай жерде орнатылды?

  21. Қай жылдан бастап бағдаршамның 3 түрлі түсі қолданыла бастады?

  22. Кеңес Одағы бойынша қай қала көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды?

  23. «Discovery» каналынан қандай ақпараттық бағдарламалар көресіз?

  24. Қазақстандық қай газетте саяси жаңалықтар көптеп беріледі?

  25. Медиапорталда қандай жаңалықтар берілген?

2. Аралық бақылау

  1. Бильярд ойыны адам бойынан нені талап етеді?

  2. Бильярд ойыны ең алғаш қайда пайда болған?

  3. Бильярд ойнаудың қандай ережелері бар?

  4. ’Каравай” әні қай кезде айтылатын болған?

  5. Мәтінде қандай қызық дәстүрлер туралы айтылады?

  6. Жапон халқы туған күнін қалай тойлайды?

  7. Наурыз тойы қай кезде өтеді?

  8. Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  9. Наурыз көже қалай жасалады?

  10. Үйді сатып алу тиімді ме, әлде өзің салғаның тиімді ме? Себебі неде?

  11. Үй салу қадамын неден бастау керек?

  12. Үй салуда мамандар қандай кеңестер береді?

  13. Үйдің тұғыры деп оның қай бөлігін айтамыз?

  14. Үйдің ішкі құрылысына қандай жұмыстар жатады?

  15. Сіз болашақ үйіңіздің қайда орналасқанын, қандай болғанын қалайсыз?

  16. Адамның «нағыз адам болып қалыптасуына» үйдегі тәрбие, әлде орта көбірек әсер ете ме?

  17. Адам өмірін тек оқуға арнағаны дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

  18. «Жас балаға тәрбиені бесікте жатқанда-ақ бере беру керек» дегенге пікіріңіз қандай?

  19. Кибернетика ғылымның маңыздылығы неде?Ол арқылы не іске асырылады?

  20. Жасанды интеллектінің негізінде пайда болған нәтижелерді атаңыз.

  21. Адам өмірі неге компьютермен тығыз байланысты?


Ф-ПР-02.3.2-05-2014-03 Силлабус


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет