Жұмыс бағдарламасы «Кәсіби қазақ тілі»



жүктеу 290.83 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі290.83 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ
Оқу-әдістемелік Кеңес шешімімен бекітілген

Кеңес төрайымы

____________ Н.Дүйсенғұлова

« ___ » __________ 20__ ж., № __


Білім беру бағдарламасы Бакалавриат

Шифр 5В051400 «Қоғаммен байланыс» мамандығы

Жұмыс бағдарламасы

«Кәсіби қазақ тілі» » пәні бойынша

Алматы, 2014

Құрастырған: Қазақ және орыс тілдері кафедрасы ф.ғ.к., доцент Л.Бегалиева ,

аға оқытушы Ш.Акимкожаева, Жалпы білім беру кафедрасы с.ғ.к., доцент Б. Турабекова

Жұмыс бағдарламасы 5В051400-«Қоғаммен байланыс мамандығы үшін құрастырылған.

.

Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында талқыланған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________ Г.Садыр



1 Алғы сөз

Кәсіби қазақ тілін оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін сөйлеуде қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту қарастырылады. Кәсіби қазақ тілінің зерттеу нысаны – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.



Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың міндеттері:

  • қазақ тілін кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік – мәдени мәліметтермен студенттердің білімін толықтау;

  • студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту.

Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы болуы керек.

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. оқу-кәсіби сала бойынша сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. білуі тиіс.

Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:

Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

Пәндік мамандандырылған:

Тыңдалым бойынша:


  • берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

  • түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

  • іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

  • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

  • мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

  • нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

  • өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

  • берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

  • баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

  • айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

  • мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

  • естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, үйрету;

  • сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту;

  • кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру;

  • іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңның» 4-бабында жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі.

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде сөйлеу, жазу түрлеріне машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарын сауатты жүргізу есскеріледі.

Осымен қатар, кез келген ресми және бейресми жағдайларда қарым-қатынас жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.

Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

2 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

___________________________________________


р/с

Тақырып атаулары

Барлы-

ғы


Байланыс сағаттары

ОБСӨЖ



СӨЖ

Оның ішінде


Практикалық сабақтар

1.

PR (public relations) – жұртшылықпен байланыс

6

3

1

2

2.

Жұртшылықпен байланыстың даму тарихы

6

3

1

2

3.

Бұқаралық ақпарат құралдары және журналистика

6

3

1

2

4.

PR (public relations) – жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі

6

3

1

2

5.

Жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жүйесі

6

3

1

2

6.

Баспасөз қызметі –жұртшылықпен байланыстың негізгі буыны

6

3

1

2

7.

Мемлекттік және коммерциялық құрылымдардың баспасөз қызметі


6

3

1

2




1 Аралық бақылау

8.

Жарнаманың қоғамдағы рөлі мен функциялары

6

3

1

2

9.

Жарнама аудиториясы

6

3

1

2

10.

Маркетинг жүйесіндегі жарнама

6

3

1

2

11.

Жарнама және жұртшылықпен байланыс

6

3

1

2

12.

Интернет кеңістігі.

6

3

1

2

13

Жарнама тиімділігі

6

3

1

2

14.

Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттар.

6

3

1

2

15.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық кодексі (IPRA кодексі)

6

3

1

2




Аралық бақылау




Барлығы

90

45

15

30




Емтихан уақыты

3 Пән мазмұны
1-тақырып. PR (public relations) – жұртшылықпен байланыс

1. PR (public relations) – жұртшылықпен байланыс ұғымы

2. PR (public relations) – жұртшылықпен байланыс түрлері

3. Көшеде жүру тәртібі. Ана, Жер-ана.


2-тақырып. Жұртшылықпен байланыстың даму тарихы

1. Әр түрлі елдегі PR мектептері

2. Қазақстандағы жұртшылықпен байланыс (PR)

3.Бағдаршамның шығу тарихы. Таулар, таулар.


3-тақырып. Бұқаралық ақпарат құралдары және журналистика

1. Бұқаралық ақпарат құралдары түрлері

2. Журналистика

3. Базар тынысы. «Әнші құм» - табиғат ескерткіші.


4-тақырып. PR (public relations) – жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі

1. Жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі

2. PR мамандығы

3. Көк базар тарихынан. Ғылым күмбезі.


5-тақырып. Жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жүйесі

1. Маркетингтік коммуникациялар түрлері

2. Жұртшылықпен байланыс және менеджмент

3. Электр қуатын үнемдеу. Ғарыштан естілген қазақ тілі.


6-тақырып. Баспасөз қызметі –жұртшылықпен байланыстың негізгі буыны

1. Баспасөз қызметінің қоғамдағы рөлі

2. Баспасөз қызметі маманына қойылатын талаптар

3. Суды үнемдеу. «Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз...»


7-тақырып. Мемлекттік және коммерциялық құрылымдардың баспасөз қызметі

1. Мемлекттік құрылымдардың баспасөз қызметі

2. Коммерциялық банктердің жұртшылықпен байланысы және баспасөз қызметі

3. Бұқаралық ақпарат құралдары. «Болашақ» бағдарламасы.



Аралық бақылау. Тіл ұстарту, қайталау
8-тақырып. Жарнаманың қоғамдағы рөлі мен функциялары

1.Жарнаманың функциялары

2. Қазіргі Қазақстандағы жарнама

3. Қазақ тіліндегі сайттар. Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.


9-тақырып. Жарнама аудиториясы

1. Жарнаманы тұтынушылар мен таратушылар

2. Жарнаманы тарату құралдары

3. Сүйікті ісіңіз. Қазақтың күй өнері.


10-тақырып. Маркетинг жүйесіндегі жарнама

1. Маркетинг әдістері

2. Жарнама коммуникациясы

3. Тойыңыз тойға ұлассын. Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...


11-тақырып. Жарнама және жұртшылықпен байланыс

1. Жарнама мен насихат

2. Cөз әдебі

3. Қазақтардың жиі тойлайтын тойы. Суретші әлемінде.


12-тақырып. Интернет кеңістігі

1. Астротурфинг


2. Көшбасының сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар

3. Әр үйге шаттық орнайды. Қазақтың тұңғыш операсы.


13-тақырып. Жарнама тиімділігі

1. Жарнама тиімділігін болжау

2. Жұрт алдында сөйлеу әдебі

3. Үй салу оңай ма? Қазақстанда ЕҚЫҰ саммиті өткізілді.



14-тақырып. Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттар. ІІән аралық бақылау

1. Клиенттермен және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас қағидаттары

2. Пікірталас мәдениеті

3.Адам, сен алдымен, өзіңді таны. Сыртқы саясат.


15-тақырып. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық кодексі (IPRA кодексі)

1. Жеке және кәсіби адалдық

2. Келіссөзде кездесетін орамдар (оралымдар)

3. Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба? Астана – елімнің алтын ордасы.



Аралық бақылау

5 Тақырыптар. СӨЖ-ді орындау тапсырмалары мен сұрақтары


р/с

Тақырыптар-

дың атауы

СӨЖ тапсырмалары

Ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі

СӨЖ-ді өткізу мерзімі

Максималды ұпай

1

PR (public relations) – жұртшылықпен байланыс

PR-науқандарды аналитикалық қамтамасыз ету

Қазақстандағы PR мен БАҚ//мақалалар жинағы. 2-кітап /БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы. - Алматы: Нұр, 2005, 2006.

Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

1-апта

100

2

Жұртшылықпен байланыстың даму тарихы

PR-ды білмей тиімді өзара байланыс орнату мүмкін емес. Эссе жазу

Блажнов Е.А. Паблик рилейшнз. - М: ИМА-пресс, 1994.

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

2-апта

100

3

Бұқаралық ақпарат құралдары және журналистика

Журналистиканың қызмет етуіндегі қазақстандық шындық ерекшеліктері

arsik.typepad.com/blog/журналистика/page/2 

Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

3-апта

100

4

PR (public relations) – жұртшылықпен байланыстың субъектісі мен объектісі


Қазақстанның PR нарығы кәсіби деңгейі

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу, эссе жазу

4-апта

100

5

Жұртшылықпен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жүйесі


PR мамандарының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары Ж. Бекболатұл

Жұртшылықпен байланыс

Оқу құралы А-2009ры


Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

5-апта

100

6

Баспасөз қызметі –жұртшылықпен байланыстың негізгі буыны


Баспасөз бостандығының артықшылығы мен кемшіліктері

Сұлтанбаева Г.С. Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжрибесі. –Алматы: Қазақ университеті. -2006.

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

6-апта

100

7

Мемлекттік және коммерциялық құрылымдардың баспасөз қызметі



Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс банкке не үшін қжет?

Ж. Бекболатұлы

PR және жарнама оқу құралы А-2010



Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

7-апта

100

Аралық бақылау

8

Жарнаманың қоғамдағы рөлі мен функциялары

Қазақ тіліндегі жарнама сауаттылығы

kk.wikipedia.org/wiki/Журналистика 

Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу

8-апта

100

9

Жарнама аудиториясы


Ұйымдастырушылық элементтер мен басқару процесі

Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары

Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау

9-апта

100

10

Маркетинг жүйесіндегі жарнама

Жарнама түрлері

Ж. Бекболатұлы

PR және жарнама оқу құралы А-2010



Нақты мәліметтер жинап, тұсаукесер дайындау

10-апта

100

11

Жарнама және жұртшылықпен байланыс

Жарнамалық хабарлама

Газет-журнал, интернет материалдары


Жинаған ақпараттар бойынша хабарлама мәтінін құрастыру

11-апта

100

12

Ғаламтор кеңістігі

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Газет-журнал, интернет материалдары

Нақты мәліметтер жинап, эссе жазу

12-апта

100

13

Жарнама тиімділігі

Жарнама тиімділігін айқындау

Ж. Бекболатұлы

PR және жарнама оқу құралы А-2010



Жинаған ақпараттар бойынша мәлімдеме жасау, талқылау

13-апта

100

14

Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттар

Қызметтік қарым-қатынас этикасындағы коммуникативтік кодекс

Газет-журнал, ғаламтор материалдары


Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу, талдау

13-апта

100

15

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық кодексі (IPRA кодексі)

Жұртшылықпен байланыс кәсібіне көзқарас

Газет-журнал, ғаламтор материалдары

Ж. Бекболатұлы

Жұртшылықпен байланыс

Оқу құралы А-2009



Нақты мәліметтер жинап, пікір жазу, талдау жасау

14-апта

100


2.Аралық бақылау



Сөйлесім бойынша тақырыптар мен тапсырмалар В1-В2



Тақырыптар

Сөйлесім тапсырмалары

Пайдаланылған

әдебиеттер



Көшеде жүру тәртібі

Сұрақтарға жауап беріңіз. Микродиалогті толықтыру. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.



Бағдаршамның шығу тарихы

Сұрақтарға жауап беріңіз. Суретке қарап әңгіме құрау. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 7-10 беттер.



Базар тынысы

Базарда сауда жүргізу. Жағдаяттық тапсырма бойынша жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 11-14 беттер.



Көк базар тарихынан

Диалогтен базардағы саудаға қатысты сөздер мен сөз тіркестрімен жұмыс. Дөңгелек үстел.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.



Электр қуатын үнемдеу

Тақырыпқа қатысты сөздермен жұмыс. Диалогті монологке айналдыру. Арнайы сұхбат жүргізу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 14-17 беттер.



Суды үнемдеу

Тірек сөздермен жұмыс. Берілген сұрақтармен жұмыс. Пікірталас.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 22-24 беттер.



Бұқаралық ақпарат құралдары

Диалогпен жұмыс. Микродиалогті толықтыру. Мақала, публицистикалық очерк,сыни мақала, Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 25-28 беттер.

        1. Аралық бақылау



Қазақ тіліндегі сайттар

Аудио материалмен жұмыс. Диалог бойынша сұрақтармен жұмыс. Бейнематериал

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 28-31 беттер.



Сүйікті ісіңіз

Диалогті монологке айналдырыңыз. Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Аудио, материалмен, радио бағдарламасымен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 39-45 беттер.



Тойыңыз тойға ұлассын

Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру. Диалогті толықтыру. Сурет, фотосурет, пейзаж, портрет. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 53-55 беттер.



Қазақтардың жиі тойлайтын тойы

Тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс. Сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкес орналастыру. Аудио материалмен жұмыс. Сауалнама.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 56-58 беттер.



Әр үйге шаттық орнайды

Полилогті рөлдерге бөліп оқу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 59-58 беттер.



Үй салу оңай ма?

Полилог бойынша сұрақтарға жауап беру. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс. Сауалнама. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 64-67 беттер.



Адам, сен алдымен, өзіңді таны

Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру. Полилогті рөлдерге бөліп оқу. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 68-72 беттер.



Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба?

Полилог бойынша сұрақтарға жауап беру. Диалогті рөлдерге бөліп оқу. Микродиалогті сұрақтармен толықтыру. Мақаладан проблеманы анықтау. Аудио материалмен жұмыс.

Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 72-74 беттер.

    1. Аралық бақылау


6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

1. Бекболатұлы Ж. Жұртшылықпен байланыс: Оқу құралы. - А., 2009.

2. Бекболатұлы Ж. РR және жарнама: Оқу құралы. Алматы, 2010

3. Ш.Нұржанова Журналист, PR-маманы және бұқаралық ақпарат құралдары Алматы,2013ж.

4. Блэк С. Паблик рилейшнз. Что это такое? - М: Изд. «Новости» совместно с АСЭС- Москва, 2009.

5. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. – Қарағанды, 2009

6. Д.Баялиева Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл мен стиль мәелелері. Қарағанды, 2009

7. Қ.Аллаберген.,Ж.Нұсқабайұлы.,Ф.Оразай. Қазақ журналистикасының тарихы. А.,Рауан. 2009. 231-235бб

8. М.Мукашева Қазақстандағы ғылыми-көпшілік журналистиканың қазіргі жағдайы // ҚазҰУ Хабаршысы 2010. №14. 125-129бб

9. Омашев Н.О. Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы, 2009

10. Қ.А.Жақыбаева., Г.Ш.Акимбекова. «Қазақ тілі» оқу құралы (жоғары деңгей). Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Экономика, Алматы 2012

11. Ш.Бағиева. Іскери қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Алматы, 2012

12. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009ж.

13. .Қазақ тілі кешені. Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен,Алматы, 2009ж.

14. З. Күзекова, Р. Әбдіқұлова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде тілді оқытып үйретудің екінші кезеңіне арналған оқулық. Алматы, «Раритет», 2011ж.

15. www.til.gove.kz (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиалық кешен). − Астана, 2010.

16. Н.Құрман, Н.Тойбазарова, Б.Құрманова, К.Көпеш, Г.Нышанова Сұхбат. Қазақ тілін коммуникативтік жүйемен үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешен. 2-негізгі оқу құралы. Тіл дамыту – В1, В2. –Астана, 2010 жыл. 4-7 беттер.

17. arsik.typepad.com/blog/журналистика/page/2


Қосымша әдебиет:
1. Ш.Д.Абдиева. Қазақ тілі. ЖОО Экон.фак. студ.арн. Арыс, 2009 ж.

2. Г. Камешова. Қазақ тілі. Іскери қарым-қатынас үшін, Алматы, 2009ж.

3. З.Күзекова. Қазақ тілінің практикалық курсы. Экон. фак .студ. арн. Практикалық курс, Алматы, 2009ж.

4. З.Күзекова., Г.Қарақұсова. Қазақ тілі (эконом). Алматы, «Қаржы–Қаражат», 2009ж.

5. Ғ.Ә.Байтілеуова., Ш.С.Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы, 2009ж.

6. Қ.А.Жақыбаева, Ш.М.Бағиева. Қазақ тілі. Жалғастырушы деңгей. «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасының тыңдаушыларына арналған оқу құралы. Алматы, 2011ж.

7. А.Салқынбай, Ж.Иманасова. Қазақ тілі. Алматы, 2009ж.

8. http://www.google.kz/

9. kk.wikipedia.org/wiki/Журналистика

1-аралық бақылауға жұмысына арналған сұрақтар

1. Жұртшылықпен байланыс (public relations) дегеніміз не?

2. Жұртшылықпен байланыстың (PR) қандай түрлері бар?

3. Жұртшылықпен байланыстың даму кезеңдерін атаңыз.

4. Қай жылы Қазақстан Республкасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциация қай салада, қандай кодекс қабылдады?

5. Бұқаралық ақпарат құралдарына сипаттама беріңіз.

6. Журналистика дегеніміз не?

7. Хабар жеткізетін техникалық құралдардың ерекшеліктеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қалай аталады?

8. БАҚ-тың қандай түрлері бар?

9. Типология дегеніміз не?

10. Қоғамды басқару процесінде қанша тарап бар?

11. PR маманына қойылатын талаптарды атаңыз?

12. Маркетингтік коммуникациялардың қандай түрлері бар?

13. Интеграцияланған маркетингтік коммуникациялардың қанша элементі бар?

14. Менеджерлерге қойылатын талаптар қандай?

15. Баспасөз қызметінің қоғамдағы рөлі қандай?

16. Баспасөз қызметі маманына қандай талаптар қойылады?

17. Мемлекттік құрылымдардың баспасөз қызметіне тоқталыңыз.

18. Мемлекеттік PR-дың негізгі мақсаты қандай?

19. Банк PR-ның өзге салалардағы PR-дан айырмашылығы қандай?

20. Банк туралы PR ақпартын жеткізушілерін атаңыз.

21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?
Сөйлесім сұрақтары:

1. Алма апортының бағасы қанша тұрады?

2. Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

3. Кілем саудасы қалай өтті?

4. Алматыдағы орталық базар не деп аталады?

5. «Көк базарда» не сатылады?

6. «Көк базарды» бұрын қалай атаған?

7. Журналист пен тұтынушының әңгімесі не туралы?

8. Қуат көзін қалай үнемдеуге болады?

9. Сіздің жалпы төлейтін сомаңыз қанша?

10. Сәлеметсіз бе, Не үшін келдіңіз?

11. Түбіртекті кім толтырады?

12. Қандай мереке туралы ақпарат бар?

13. Өзбек халқы наурызда не дайындадыңдар?

14. Біздің елде наурыз мерекесінде не пісіріледі?

15. Тұтынушының берген кеңестерін қолдануға болады ма?

16. Неліктен жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін бұзады?

17. Жүргізуші міндетіне не кіреді?

18. Қандай жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындауы керек?

19. Алғашқы бағдаршам қай жылы, қай жерде орнатылды?

20. Қай жылдан бастап бағдаршамның 3 түрлі түсі қолданыла бастады?

21. Кеңес Одағы бойынша қай қала көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды?

22. «Discovery» каналынан қандай ақпараттық бағдарламалар көресіз?

23. Қазақстандық қай газетте саяси жаңалықтар көптеп беріледі?

24. Медиапорталда қандай жаңалықтар берілген?

2-аралық бақылау жұмысына арналған сұрақтар

1. Жарнаманың қоғамдағы әлеуметтік рөлі қандай?

2. Қазақстанда бүгінгі жарнама туралы не білесіз?

3. Жарнаманың тұтынушылары кімдер?

4. Жарнаманы таратушылары деп кідерді айтамыз?

5. Жарнаманың қандай түрлері бар?

6. Жарнаманың тарату құралдары нешеге бөлінеді?

7. Маркетинг негізгі әдістерінің түрлері?

8. Белсенді, бәсең маркетинг дегеніміз не?

9. Жарнама коммуникациясының негізгі мақсаты қандай?

10. Жарнама коммуникациясына қатысушылар кімдер?

11. Жарнама коммуникациясының кезеңдерін атаңыз?

12. Насихаттың жарнамадан айырмашылығы неде?

13. Насихаттық науқанды әзірлеп өткізуге не жатады?

14. Астротурфинг дегеніміз не?

15.Ғаламтордың қазіргі заманғы жұмыс істеу ерекшеліктері, мүмкіндітері , артықшылықтары және кемшіліктері қандай?

16. Жарнама тиімділігін болжаудың қанша тәсілі бар?

17. Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттар қандай?

18. Клиенттермен және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас қағидаттарын білесіз?

19. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық кодексі (IPRA кодексі) туралы не білесіз?

20. Жеке және кәсіби адалдықты түсінесіз?
Сөйлесім сұрақтары:

1. Бильярд ойыны адам бойынан нені талап етеді?

2. Бильярд ойыны ең алғаш қайда пайда болған?

3. Бильярд ойнаудың қандай ережелері бар?

4. ’Каравай” әні қай кезде айтылатын болған?

5. Мәтінде қандай қызық дәстүрлер туралы айтылады?

6. Жапон халқы туған күнін қалай тойлайды?

7. Наурыз тойы қай кезде өтеді?

8. Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай тойлайды?

9. Наурыз көже қалай жасалады?

10. Үйді сатып алу тиімді ме, әлде өзің салғаның тиімді ме? Себебі неде?

11. Үй салу қадамын неден бастау керек?

12. Үй салуда мамандар қандай кеңестер береді?

13. Үйдің тұғыры деп оның қай бөлігін айтамыз?

14. Үйдің ішкі құрылысына қандай жұмыстар жатады?

15. Сіз болашақ үйіңіздің қайда орналасқанын, қандай болғанын қалайсыз?

16. Адамның «нағыз адам болып қалыптасуына» үйдегі тәрбие, әлде орта көбірек әсер ете ме?

17. Адам өмірін тек оқуға арнағаны дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

18. «Жас балаға тәрбиені бесікте жатқанда-ақ бере беру керек» дегенге пікіріңіз қандай?

19. Кибернетика ғылымның маңыздылығы неде? Ол арқылы не іске асырылады?

20. Жасанды интеллектінің негізінде пайда болған нәтижелерді атаңыз.

21. Адам өмірі неге компьютермен тығыз байланысты?


Емтиханға арналған сұрақтар

1. Жұртшылықпен байланыс (public relations) дегеніміз не?

2. Жұртшылықпен байланыстың (PR) қандай түрлері бар?

3. Жұртшылықпен байланыстың даму кезеңдерін атаңыз.

4. Қай жылы Қазақстан Республкасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциация қай салада, қандай кодекс қабылдады?

5. Бұқаралық ақпарат құралдарына сипаттама беріңіз.

6. Журналистика дегеніміз не?

7. Хабар жеткізетін техникалық құралдардың ерекшеліктеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қалай аталады?

8. БАҚ-тың қандай түрлері бар?

9. Типология дегеніміз не?

10. Қоғамды басқару процесінде қанша тарап бар?

11. PR маманына қойылатын талаптарды атаңыз?

12. Маркетингтік коммуникациялардың қандай түрлері бар?

13. Интеграцияланған маркетингтік коммуникациялардың қанша элементі бар?

14. Менеджерлерге қойылатын талаптар қандай?

15. Баспасөз қызметінің қоғамдағы рөлі қандай?

16. Баспасөз қызметі маманына қандай талаптар қойылады?

17. Мемлекттік құрылымдардың баспасөз қызметіне тоқталыңыз.

18. Мемлекеттік PR-дың негізгі мақсаты қандай?

19. Банк PR-ның өзге салалардағы PR-дан айырмашылығы қандай?

20. Банк туралы PR ақпартын жеткізушілерін атаңыз.

21. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеудің басты талабы қандай?

22. Жарнаманың қоғамдағы әлеуметтік рөлі қандай?

23. Қазақстанда бүгінгі жарнама туралы не білесіз?

24. Жарнаманың тұтынушылары кімдер?

25. Жарнаманы таратушылары деп кідерді айтамыз?

26. Жарнаманың қандай түрлері бар?

27. Жарнаманың тарату құралдары нешеге бөлінеді?

28. Маркетинг негізгі әдістерінің түрлері?

29. Белсенді, бәсең маркетинг дегеніміз не?

30. Жарнама коммуникациясының негізгі мақсаты қандай?

31. Жарнама коммуникациясына қатысушылар кімдер?

32. Жарнама коммуникациясының кезеңдерін атаңыз?

33. Насихаттың жарнамадан айырмашылығы неде?

34. Насихаттық науқанды әзірлеп өткізуге не жатады?

35. Астротурфинг дегеніміз не?

36. Ғаламтордың қазіргі заманғы жұмыс істеу ерекшеліктері, мүмкіндітері , артықшылықтары және кемшіліктері қандай?

37. Жарнама тиімділігін болжаудың қанша тәсілі бар?

38. Жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттар қандай?

39. Клиенттермен және жұмыс берушілермен өзара қарым-қатынас қағидаттарын білесіз?

40. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Халықаралық Ассоциацияның кәсіби мінез-құлық кодексі (IPRA кодексі) туралы не білесіз?

41. Жеке және кәсіби адалдықты қалай түсінесіз?


Сөйлесімнің емтихан сұрақтары:

1. Алма апортының бағасы қанша тұрады?

2. Сатып алушыға жылқының жаясы ұнады ма?

3. Кілем саудасы қалай өтті?

4. Алматыдағы орталық базар не деп аталады?

5. «Көк базарда» не сатылады?

6. «Көк базарды» бұрын қалай атаған?

7. Журналист пен тұтынушының әңгімесі не туралы?

8. Қуат көзін қалай үнемдеуге болады?

9. Сіздің жалпы төлейтін сомаңыз қанша?

10. Сәлеметсіз бе, Не үшін келдіңіз?

11. Түбіртекті кім толтырады?

12. Қандай мереке туралы ақпарат бар?

13. Өзбек халқы наурызда не дайындадыңдар?

14. Біздің елде наурыз мерекесінде не пісіріледі?

15. Тұтынушының берген кеңестерін қолдануға болады ма?

16. Неліктен жаяу жүргіншілер жол жүру ережесін бұзады?

17. Жүргізуші міндетіне не кіреді?

18. Қандай жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындауы керек?

19. Алғашқы бағдаршам қай жылы, қай жерде орнатылды?

20. Қай жылдан бастап бағдаршамның 3 түрлі түсі қолданыла бастады?

21. Кеңес Одағы бойынша қай қала көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылды?

22. «Discovery» каналынан қандай ақпараттық бағдарламалар көресіз?

23. Қазақстандық қай газетте саяси жаңалықтар көптеп беріледі?

24. Медиапорталда қандай жаңалықтар берілген?

25. Бильярд ойыны адам бойынан нені талап етеді?

26. Бильярд ойыны ең алғаш қайда пайда болған?

27. Бильярд ойнаудың қандай ережелері бар?

28. ’Каравай” әні қай кезде айтылатын болған?

29. Мәтінде қандай қызық дәстүрлер туралы айтылады?

30. Жапон халқы туған күнін қалай тойлайды?

31. Наурыз тойы қай кезде өтеді?

32. Қазақ халқы наурыз мейрамын қалай тойлайды?

33. Наурыз көже қалай жасалады?

34. Үйді сатып алу тиімді ме, әлде өзің салғаның тиімді ме? Себебі неде?

35. Үй салу қадамын неден бастау керек?

36. Үй салуда мамандар қандай кеңестер береді?

37. Үйдің тұғыры деп оның қай бөлігін айтамыз?

38. Үйдің ішкі құрылысына қандай жұмыстар жатады?

39. Сіз болашақ үйіңіздің қайда орналасқанын, қандай болғанын қалайсыз?

40. Адамның «нағыз адам болып қалыптасуына» үйдегі тәрбие, әлде орта көбірек әсер ете ме?

41. Адам өмірін тек оқуға арнағаны дұрыс па, сіз қалай ойлайсыз?

42. «Жас балаға тәрбиені бесікте жатқанда-ақ бере беру керек» дегенге пікіріңіз қандай?

43. Кибернетика ғылымның маңыздылығы неде? Ол арқылы не іске асырылады?

44. Жасанды интеллектінің негізінде пайда болған нәтижелерді атаңыз.

45. Адам өмірі неге компьютермен тығыз байланысты?




Ф-ПР-02.3.2-05-2014-02Жұмыс бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет