ЖҰмыс бағдарламасы 0516000 «Қаржы» (жіктеуші бойынша мамандықтың коды мен атауы) 0516053 «Қаржы жұмысы бойынша экономист»

Loading...


жүктеу 234.21 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі234.21 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ақтау есеп-технологиялық колледжі

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары

____________Чилимбаева Г.А.

«______»_______________2016 ж.



«Философия негіздері»

(мамандық бойынша пән атауы)

курсы бойынша

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

0516000 «Қаржы»

(жіктеуші бойынша мамандықтың коды мен атауы)



0516053 «Қаржы жұмысы бойынша экономист»

(жіктеуші бойынша біліктіліктің коды мен атауы)



Актау қ.

Жұмыс бағдарламасының құрастырған тарих пәнінің оқытушысы Ж. М. Кожирбаева, пәндік-циклдік комиссиясында қаралды және бекітілді.


Хаттама № ____ от «___»_________________ 2016 ж.

ПЦК төрағасы _________________________


Жүмыс бағдарламасы 0516000 «Қаржы» мамандығы үшін жалпы орта білім базасында әзірленген 2015 жылдың Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Философия негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасақталды

Мазмүны

  1. Түсіндірме жазба _______________________________________________4

  2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі _______________________________5

  3. Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны _______________________6

    1. Пәннің тақырыптық жоспары_____________________________________6

    2. Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны ____________________________7

  4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау ______________________9

  5. Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі ________________________17



  1. Түсіндірме жазба

Ұсынылған жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына (ҚР үкіметінің 23.08.2012 ж. №1080 қаулысы) сай әзірленді. Жалпы көлемі – 36 сағат, барлығы теориялық.

Баағдарламаның мақсаты – философиялық білімнің базалық құндылық құрылымын – адам мен қоғам өміріндегі ролін, адамның әлемге деген танымдық қатынасын, әлемнің ғылыми және діни көрінісін философиялық негізде оқыту, адам өмірінің мәні мен мағынасын көрсету, философияның типтері арқылы білім алушылардың мәдениетінің құрылымы мен дамуына көмектесу, тез өзгеретін қарама-қайшылықты әлемде құндылықтарды бағалауға үйрету. Пәнді оқытудың міндеттері:

-философиялық тұжырымдамалар мен заңдылықтарды қалыптастыру;

-философиялық білімнің дамуының маңызды кезеңдерін, оның мектеп бағыттарын, тұжырымдамалар көздерін еңгізу маңызын оқып үйрету;

-әлемді тану, дін мен ғылыми таным, антропология мен философия арасындағы байланыстарды анықтау;

-өркениттің дамуымен байланысты әлеуметтік және этникалық мәселелерді, ғылым мен техниканың рөлін түсіну;

-замануи қоғамда адам өміріне қажетті философиялық шешу мен жалпы бағдарға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру;

-адам құндылығын рухани, биологиялық және әлеуметтік қарым-қатынас мағынасын білуге үйрету;

-табиғат пен адамның философиялық көзқарасын талдау;

-философиялық жоғары моральдік сапаларды, белсенді азаматтық ұстанымдар мен патриоттық сезімді қалыптастыру;

-этникалық, толерантталық пен тұлғааралық қарым-қатынастарды құрметтеу;

-адам құқықтары мен еркіндігін, философиялық құндылықтардың маңыздылығын бағалау қабілеті.


  1. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі

Білім беру бағдарламасының жоспарланған стандарты бойынша құзыреті

Оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі

-Пәнді оқу барысында білім алушылар бекітілген базалық нақты білімді білуі қажет;

-Философияның қоғамдағы орны. -Философиядағы адамгершілік мәселелері.

-Философияның тарихи типтері.Материя және қозғалыс.Сана табиғаты.


Пәнді меңгеру барысында білім алушылар

біледі:

-қоғам мен адам арасындағы қарым қатынастарды реттейтін адамгершілік нормаларды;

-қоршаған ортадағы жеке тұлғаның өмірін сақтау, еркіндігі мен жауапкершілігі, мәдениетіне жағдай қалыптастыру;

-философиялық білім эволюциясының негізгі тарихи түрлерінің мазмұны мен маңызы;

-қоғам өмірінің сфералары, тарихи дамудың қозғаушы күші мен заңдылығын;

меңгереді:

-жеке көзқарасы арқылы өзінің пікірін дәделдеп, адам өмірінің мағынасындағы ғылыми, дәни, философиялық әлем көрінісін анықтап, ажыратады;

-негізгі философия түсініктерін еркін басқару;

-әр түрлі құбылыстар шындығындағы ьайланысты ашу;



дағдысын қалыптастырады:

-адам жіне азаматтың құқығы мен міндетін;

-өз ойын сауатты жеткізіп, қоғамдық өмірдің құндылық нормаларын түсіріп ажыратады;

құзыретті:

-өмірдің көріністерінің кең көлемде ойлау қабілеті арқылы түсіну;

қоғам мен адамдар арасындағы қарыс қатынас нормаларын сақтауды.




3. Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары





Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Семестр

Бақылау формасы


Оқу сағатының саны

барлығы

Тео-рия-лық

Прак-тика-лық

1







36

36

-

2




3 семестр

36

36

-

3

1 бөлім. Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы













4

Тақырып 1.1. Философия дүниетанымның өзегі ретінде




2

2

-

5

Тақырып 1.2. Ежелгі Шығыс философиясы




2

2

-

6

Тақырып 1.3. Антик философиясы




2

2

-

7

Тақырып 1.4. Ортағасырлық философия




2

2

-

8

Тақырып 1.5. Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа заман философиясы




2

2

-

9

2 бөлім. Қазақ философиясы













10

Тақырып 2.1. Қазақ философиясының қалыптасуы мен ерекшеліктері




4

2

-

11

Тақырып 2.2. Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық




4

2

-

18

3 бөлім. Философияның теориялық және методологиялық негіздірі













19

Тақырып 3.1 Болмыс. Материя. Сана ұғымдары




2

2




20

Тақырып 3.2 Диалектиканың негізгі категориялары




2

2

-

21

Тақырып 3.3. Философиядағы қоғам мәселесі




2

2

-

22

Тақырып 3.4. Таным теориясы




2

2

-

27

4 бөлім. Әлеуметтік философия













28

Тақырып 4.1. Философиядағы адам мәселесі




2

2

-

29

Тақырып 4.2. Құндылықтар философиясы. Адамгершілік бастауы




2

2

-

30

Тақырып 4.3 Жеке тұлғалық. Бостандығы және жауапкершілігі




2

2

-

33

5 бөлім. Философияның өзекті мәселелері













34

Тақырып 5.1. Қазіргі қоғамның сипаты мен бірлігі




2

2

-

35

Тақырып 5.2. Ғылым мен мәдениеттің даму ерекешеліктері. Прогресс




2

2

-

36

Тақырып 5.3. Адамзат болашағы




2

2

-

41

Пән бойынша барлығы:




36

36

-


3.2. Оқу бағдарламасының мазмұны
1 бөлім. Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы. Философияның қоғамдағы ролі. Дүниетанымның тарихи түрлері – миф, философия. Материализм және идеализм – философияның негізгі бағыттары. Ежелгі Қытай философиясы. Конфуций ілімі – гуманизм, Дао ілімі – даосизм. Қытай философиясын негіздері. Ежелгі Үндістандағы касталық жүйе. Буддизм және джайнизм. Ведалар кітабы.Антикалық философия – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит, Парменид, Зенон, Демокрит, Платон, Аристотель, Эпикур. Рим тарихнамасының қалыптасуы. Грек, Рим философиясының сабақтастығы. Ежелгі Грек мәдениетінлегі мүсіндеу мен сәулет өнері, ғылымның дамуы. Араб-парсы философиясы философиясы. Патристика, схоластика – ортағасырлық философияның негізгі ағымдары. Ислам діні. Ф. Аквинский, Р. Бекон, У. Оккам, О. Хайям, Аль-Фараби, Ибн Сина, Аль Бируни ілімдері. Қайта өрлеу дәурінің философиясы. Геоцентризм (Н. Коперник, Г. Галилей, Д. Бруно). Жаңа заман философиясы – таным әдісі. Ресей философиясының дамуы. Ресейдегі позитивизм.

Бөлімді меңгеру барысында білім алушылар



біледі:

-қоғам мен адам арасындағы қарым қатынастарды реттейтін адамгершілік нормаларды;

-қоршаған ортадағы жеке тұлғаның өмірін сақтау, еркіндігі мен жауапкершілігі, мәдениетіне жағдай қалыптастыру;

меңгереді:

-жеке көзқарасы арқылы өзінің пікірін дәделдеп, адам өмірінің мағынасындағы ғылыми, дәни, философиялық әлем көрінісін анықтап, ажыратады;



2 бөлім. Қазақ философиясы. Қазақ халқының дуниетанымы. Мүсылмандық Ренессанс (Қоркыт ата, Жүсіп Баласағұн, Махмут Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Асан Қайгы, Мұхаммед Хайдар Дулати және т.б.). 19 ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарастары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөнкеұлы, Бұқар Жырау, Ақтамберді жырау). Антропоцентризм және гуманизм (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев). 20 ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси ой-пікірі (Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, А. Бокейханов, М. Шоұай, Халел және Жаханша Досмухамедовтар, М.Дулатов және т.б.).

Бөлімді меңгеру барысында білім алушылар



біледі:

- қазақ философиясының қалыптасуы;

- қазақ халқының дуниетанымы;

меңгереді:

- адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мәні мен бағдарын;



3 бөлім. Философияның теориялық және методологиялық негіздері. Болмыс категориясы және негізгі формалары. Субстанция мәселесі. Заттардың мәні туралы негізгі ілімдер. Материя туралы басты ілімдердің типологиясы. Материя ұғымының философиялық мәні. Материяның құрылысы,оның ұйымдық формалары. Материяның өмір сүру тәсілдері мен формалары. Кеңістік және уақыт ұғымдары. Адам санасы және рухани әлемі туралы ғылыми түсініктер. Адам психикасының құрылымы:сана, санысыздық, өзіндік сана. Сана - адама миының функциясы. Диалектика- дамудың жалпылама концепциясы. Диалектиканың тарихи формалары, диалектика заңдары. Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер. Қоғамдық болмыс, сана. Әлеуметтік философия түсінігі және негізгі принциптері. Рухани қоғамдық өмірдің мәні. Өндірістік қатынастар,өндіргіш күштер. Танымның объектісі мен субъектісі. Агностицизм түсінігі. Сезімді және рационалды танымның диалектикасы. Ақиқаттық түрлері. Практика (тәжірибе). Дүниені танып білудің мәні.

біледі:

-философиялық білім эволюциясының негізгі тарихи түрлерінің мазмұны мен маңызы;

-қоғам өмірінің сфералары, тарихи дамудың қозғаушы күші мен заңдылығын;

меңгереді:

-негізгі философия түсініктерін еркін басқару;

-әр түрлі құбылыстар шындығындағы ьайланысты ашу;

4 бөлім. Әлеуметтік философия. Адам проблемасы, адамға берілген анықтамалар. Адамның пайда болуы туралы түсініктер. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық алғышарттары. Адамның әлеуметтік мәні және ұлттық тұрпаты. Адам бойындағы табиғи және қоғамдық сипаттың үйлесімділігі. Құндылықтар проблематикасы. «Аксиология» игілік, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік, ізгілік, ар-ұят, беделділік, заңдылық, тәуелсіздік, зұлымдық ұғымдары. Адамның рухани байлығының өлшемі. Құндылықтар типологиясы. Адамның қажеттіліктері мен мүдделері. Дара тұлға, даралық түсініктерінің мазмұны. Жеке тұлға – өз болмысының субъектісі. Ерік, еркіндік түсініктері.

біледі:

-әлеуметтік білімнің құрылымын;

-қазіргі қоғамдағы мәселелерді әлеуметтік әрекеттердің ролін түсінеді;

меңгереді:

-табиғат және адамның басты теориялық ынтымақтастығының негізін;



5 бөлім. Қазіргі философияның өзекті мәселелері. Халық санының өсуі. Биосфера, экология мәселелері. Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері. Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі. Ғылым және ғылыми көзқарас, мәні мен ерекшелігі. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы. Қоғамдағы прогрестің тарихи типтері. Дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен өзгешеліктері.Ғылыми- техникалық революция, ғылыми прогоностика. Компьютердік модельдеу.Тарихи аналогия. Адам және адамзаттың ауқымды проблемалары.Жаңаша ойлау.

біледі:

-ғылыми ақпаратты талдау, өндеу, жинақтауды;



меңгереді:

-өз ойын сауатты жеткізіп, қоғамдық өмірдің құндылық нормаларын түсіріп ажыратуды.



4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

1. Тестілеу сұрақтары пәннің барлық тақырыптарын қамтиды және оқушылар білімдерінің тақырыптық тексеруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Дұрыс жауаптардың саны

Баға

1-ден 15-ке дейін

2 (қанағатсыз.)

16-дан 22-ке дейін

3 (қанағат.)

23-тен 27-ге дейін

4 (жақсы)

28-ден 30-ға дейін

5 (өте жақсы)


«Философия» пәнінен тест сұрақтары

1 тест

1. Философия қай елде пайда болды ?

1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде;

2) Еуропада;

3) Ежелгі Үндістанда;

4) Ежелгі Грекияда;

5) Ежелгі Қытайда.



2.Философияның негізгі сұрағы:

1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы;

2) Әлем қалай құрылған ?

3) Өмірдің мәнісі неде ?

4) Жерден тысқары өркениет бар ма ?

5) Экологиялық мәселенің себептері неде ?



3.Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі:

1) Конфуцийшылдық;

2) Буддизм;

3) Суфизм;

4) Перипатетизм;

5) Жайнизм..



4. Көне Грек ойшылдарының қайсысы бәрі де сан деп жорыған ?

1) Пифагор;

2) Анаксагор;

3) Гераклит;

4) Сократ;

5) Аристотель.



5. Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ:

1) Аристотель;

2) Фалес;

3) Демокрит;

4) Сократ;

5) Платон.



6. Аристотель қай мектептің түлегі ?

1) Платон академиясының;

2) Милет мектебінің;

3) Элея мектебінің;

4) Атомистикалық;

5) Пифагоршылар мектебінің.



7. Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай?

1) «Метафизика»;

2) «Жан туралы»;

3) «Никомахтың этикасы»;

4) «Топика»;

5) «Физика».



8. «Мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп айтқан Көне Грек философы кім ?

1) Сократ;

2) Анаксагор;

3) Эмпедокл;

4) Парменид;

5) Демокрит.



9. Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды ?

1) Әл-Фарабиді;

2) Әл-Ғазалиді;

3) Ибн-Синаны;

4) Ибн-Рошты;

5) Әл-Киндиді.



10. Араб-мұсылман орта ғасырларының көрнекті философы әрі дәрігері, «Дәрігерлік ғылым тағылымының» авторы:

1) Ибн-Сина;

2) Әл-Бируни;

3) Ибн-Рошт;

4) Ибн-Туфайл;

5) Ибн-Баджжы.



11.Төменде аты аталған философтардың қайсысы француз ағартушылығының өкілі болып табылады?

1) Руссо;

2) И. Кант;

3) Дж. Локк;

4) Д. Юм;

5) Гердер.



12.XVIII ғасыр ағартушылық философиясының негізгі идеясын көрсетіңіз:

1) Ғылымға табыну және адамзат прогресі;

2) Бәріде Құдайдан;

3) Тұтас бірлік идеясы;

4) Дүниелердің көптігі туралы идея;

5) Коммунизм идеясы.



13. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы:

1) Кант;


2) Фихте;

3) Гегель;

4) Фейербах;

5) Шеллинг.



14. Тарихтың материалистік түсінігін философия тариында алғаш жасап берген кім?

1) К. Маркс;

2) Г.В. Плеханов;

3) Л. Фейербах;

4) Ф. Вольтер;

5) П. Гольбах.



15. «Үш анық» атты философиялық шығарманың авторы кім?

1) Шәкәрім Құдайберді ұлы;

2) Ы. Алтынсарин;

3) Абай;


4) А. Байтұрсын ұлы;

5) С. Торайғыров.



16. Абылай ханның жәрдемші серігі, ойшыл ақын, жырау өнерінің көрнекті өкілі:

1) Бұхар жырау;

2) Асан Қайғы;

3) Махамбет;

4) Қазыбек би;

5) Шортанбай.



17. «Диуани хикмет» атты философиялық-теологиялық поэманың авторын көрсетіңіз:

1) Қожа Ахмет Иассауи;

2) Әл-Фараби;

3) Әл-Ғазали;

4) Х. Дулати;

5) Ж. Баласағұн.



18. Абай философиясының басты мәселесі:

1) Адам мәселесі;

2) Табиғат мәселесі;

3) Сұлулық мәселесі;

4) Таным мәселесі;

5) Экологиялық мәселе.



19. Сана дегеніміз не?

1) Субъективтік реалдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы;

2) Сезімділік сферасы;

3) Жалпы алғандағы психикалық;

4) Ойлау сферасы;

5) Құдай сыйлаған өзіңді және қоршаған шындықты сезіну қасиеті.



20. Ақиқат дегеніміз не?

1) Білімнің реалдылықтың өзіне сайлылығы;

2) Заттар мен құбылыстардың өздерінің объективтік жағдайы;

3) Пайдалы табысқа жеткізетін білім;

4) Ғалымдардың шартты келісімнің нәтижесі;

5) Авторитетті пікір.



21. Сиддхартха Гаутама негізін салған философиялық ілім:

1) Буддизм;

2) Даосизм;

3) Кинизм;

4) Конфуцийшылдық;

5) Джайнизм.



22. Кім отты барлық тіршіліктің түпнегізі деп санады ?

1) Гераклит;

2) Платон;

3) Сократ;

4) Аристотель;

5) Фалес.



23. Ежелгі Грециядағы идеализмнің негізін салушы ?

1) Платон;

2) Гераклит;

3) Парменид;

4) Аристотель;

5) Эпикур.



24. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы ?

1) Әл-Фараби;

2) Әл-Әазали;

3) Әл-Кинди;

4) Ибн-Рушд;

5) Ибн-Сина.



25. «Қара сөздердің» авторы кім ?

1) Абай;


2) Әл-Фараби;

3) Әл-Кинди;

4) Ы. Алтынсарин;

5) Ибн-Сина.



26. Қазақ ағартушылығының атақты қайраткері, педагогі және жазушысы:

1) Ы. Алтынсарин;

2) Ш. Уәлиханов;

3) Абай;


4) М. Әуезов;

5) Шәкәрім.



27. Психоанализдің негізін салушы ?

1) З. Фрейд;

2) Д. Дьюи;

3) О. Конт;

4) А. Тойнби;

5) О. Шпенглер.



28. Ежелгі грек философиясында адамға тұңғыш рет бет бұрған кім:

1) Сократ;

2) Демокрит;

3) Платон;

4) Зенон;

5) Аристотель.



29. Құдай болмысы дүниені жасаушы ретінде ... қарастырады ?

1) Теологиялық философия;

2) Мәдени философия;

3) Софистика;

4) Эклектика;

5) Дұрыс жауап жоқ.



30. Дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерттейтін ғылым қалай аталады?

1) Логика;

2) Психология;

3) Физиология;

4) Социлогия;

5) Қоғам мен байланыс.


2 тест

1. Философия дегеніміз не ?

1) Дүниенің бар мазмұны дамуының жалпы заңдары туралы ғылым;

2) Қоғам туралы ғылым;

3) Жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім;

4) Табиғатты тану;

5) Аспан денелері қозғалысының теориясы.



2. Философиядағы негізгі екі бағыт:

1) Материализм мен идеализм;

2) Скептицизм мен стоицизм;

3) Апологетика мен патристика;

4) Реализм мен номинализм;

5) Позитивизм мен идеализм.



3. Көне Үнділік қазір бүкіл әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім:

1) Буддизм;

2) Йога;

3) Брахманизм;

4) Жайнизм;

5) Чарвака-локоята.



4. Антикалық философия:

1) Ертедегі гректер мен римляндықтардың философиясы;

2) Орта ғасырлар философиясы;

3) Көне Үнді философиясы;

4) Ертедегі мысырлықтардың ілімі;

5) Көнешығыстық даналық.



5. Платон философиясының ілкі тұрағы қандай ?

1) Идеализм;

2) Материализм;

3) Дуализм;

4) Плюрализм;

5) Эклектицизм.



6. Сократикалық диалогтардың авторы кім ?

1) Платон;

2) Парменид;

3) Демокрит;

4) Аристотель;

5) Плотин.



7. Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім?

1) Платон;

2) К.Маркс;

3) Сократ;

4) Эпикур;

5) Конфуций.



8. Александр Македонский патшаның ұстазы болған көне грек ойшылы кім?

1) Аристотель;

2) Демокрит;

3) Сократ;

4) Платон;

5) Эпикур.



9. Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін «еретик» аталып, өртеліп жіберілген Қайта Өрлеу заманының көрнекті өкілі:

1) Дж. Бруно;

2) Л. Да Винчи;

3) Н. Кузанский;

4) Л. Валла;

5) Т. Кампанелла.



10. «Білім – күш» деген афоризмнің авторы кім ?

1) Ф. Бэкон;

2) Г. Лейбинц;

3) Дж. Беркли;

4) Дж. Локк;

5) Д. Юм.



11. Алғашқы француз энциклопедиясын өз басшылығымен шығарған атақты француз философ-ағартушысы:

1) Дидро;

2) Вольтер;

3) Ламетри;

4) Гольбах;

5) Руссо.



12. Диалектикалық-материалистік философияның негізін қалаушылар?

1) К. Маркс мен Ф. Энгельс;

2) Левкипп пен Демокрит;

3) Ф. Бэкон мен Р. Декарт;

4) Г.В. Плеханов пен В.И. Ленин;

5) П. Гольбах пен К. Гельвецкий.



13. З. Фрейд философиядағы қай ағымның өкілі?

1) Психоанализдың;

2) Экзистенциализмнің;

3) Позитивизмнің;

4) Неотомизмнің;

5) Герменевтиканың.



14. XIX ғ. Қазақ ағартушылығы философиясының өкілі:

1) Ы. Алтынсарин;

2) Махамбет;

3) Құрманғазы;

4) Бұхар Жырау;

5) С. Торайғыров.



15. XIX ғ. Ұлы қазақ ағартушысы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы:

1) Ш. Уәлихан ұлы;

2) А. Байтұрсын ұлы;

3) Ы. Алтынсарин;

4) М. Шоқай;

5) Ә. Бөкейхан ұлы.



16. XIX ғ. қазақ ағартушыларының қайсысы «О мусульманстве в степи», «Записки о судебной реформе», «Предания и легенды киргиз-кайсакской орды» және т.б. шығармалардың авторы әрі қырғыздың «Манас» эпосын алғаш болып орыс тіліне аударған?

1) Ш. Уәлихан ұлы

2) Ы. Алтынсарин

3) Абай


4) Дулат Бабатайұлы

5) Мұстафа Шорманов.



17. Қазақтың Ұлы ақыны, XIX ғ. соңы –XX ғ. басы кезіндегі философ ағартушы, «Қара сөздердің» авторы:

1) Абай;


2) Шәкәрім Құдайберді ұлы;

3) С. Торайғыров;

4) М.Дулатов;

5) М. Жұмабаев.



18. Диалектика – философиялық ілім:

1) Дамудың жалпы заңдары туралы;

2) Күн жүйесінің шығу тегі туралы;

3) Әлемнің өзгермейтіндігі туралы;

4) Болмысты танып-білу туралы;

5) Кеңістік пен уақыт.



19. Даму туралы философиялық ілім:

1) Диалектика;

2) Метафизика;

3) Релятивизм;

4) Догматизм;

5) Эклектика.



20. Құдайшылдық идеясын, жаратылыстан тысқары әлдененің, Құдайлардың (бір немесе бірнеше) бар екеніне сенімді білдіретін қоғамдық сананың формасы:

1) Дін;


2) Ғылым;

3) Философия;

4) Өнер;

5) Құқық.



21. Ежелгі Греция мен ежелгі Римнің тарихы мен мәдениеті ?

1) Антика;

2) Ағартушылық;

3) Ортағасыр;

4) Жаңа заман;

5) Қайта өрлеу.



22. Теология дегеніміз ?

1) Құдай туралы ілім;

2) Космос туралы ілім;

3) Логос туралы ілім;

4) Құдайлардың шежіресі;

5) Құдайдың өмірі.



23. Кімді Шығыста Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атады ?

1) Әл-Фараби;

2) Әл-Ғазали;

3) Әл-Кинди;

4) Ибн-Рушд;

5) Ибн-Сина.



24. «Медицина канонының» авторы кім ?

1) Ибн-Сина;

2) Абай;

3) Аристотель;

4) Ш. Уәлиханов;

5) Ы. Алтынсарин.



25. Неміс классикалық философиясының негізін салушы ?

1) И. Кант;

2) К. Маркс;

3) Л. Фейербах;

4) Г. Гегель;

5) И. Гете.



26.«Рух феноменологиясы», «Ғылым философиясы», «Құқық философиясы» шығармаларының авторы:

1) Г. Гегель;

2) И. Кант;

3) Ф. Шеллинг;

4) И. Фихте;

5) Л. Фейербах.



27. Ш. Уәлиханов өз заманындағы қазақ қоғамына мынадай анықтама берді:

1) Патриархалды-феодалдық қоғам;

2) Құлиеленушілік қоғам;

3) Капиталистік қоғам;

4) Коммунистік қоғам;

5) Социалистік қоғам.



28. «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық келісім туралы» еңбектердің авторы кім ?

1) Жан-Жак Руссо;

2) Дидро;

3) Вольтер;

4) Аристотель;

5) Платон.



29. Қоғами процестер жөніндегі ғылым... деп аталады ?

1) Социология;

2) Политология;

3) Логика;

4) Экономика;

5) Софистика.



30. Абай философиясының басты мәселесі ?

1) Адам мәселесі;

2) Таным мәселесі;

3) Экология мәселесі;

4) Табиғат мәселесі;

5) Дұрыс жауап жоқ.


2. Реферат – оқу курсы бойынша студенттің белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндамасы. Реферат оқу орындарында студенттерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Рефератты бағалау барысында оның жаңашылдығы (макс. 20 балл), мәселенің мәнін ашу дәрежесі (макс. 30 балл), қайнар көздерін таңдау негізділігі (макс. 20 балл), реферат жазуға қойылатын талаптарды сақтау (макс. 15 балл), сауаттылық (макс. 15 балл) есепке алынады.

Рефераттардың тақырыбы:

1.Адам өмірі мен қоғамның философиядағы ролі

2.Ежелгі Қытай философиясы

3.Қазақ философиясының құрылымы мен қалыптасуы

4.Қазіргі заман философиясы

5.Қазақ философиясындағы ерекшелік пен жаңашылдық

6.Диалектиканың тарихи формалары

7.Рухани қоғамдағы өміірдің мәні

8.Дүниені танып білудің мәні

9.Қоғамның тарихи типтері, қозгаушы күштері

10.Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы

11.Дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен өзгешеліктері

12.Ғылым мен мәдениеттің даму ерекшеліктері.
5. Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі

Негізгі әдебиеттер:


  1. Сыбанбаев К. У. Философия. Алматы; Экономика, 2013

  2. Кішібеков Д. Философия. Алматы; Карасай, 2011

  3. Раес Д. Қазақ шешендігі философиясы: Оқулық. Алматы, 2011

  4. Науанова К. М. Философия. Оқу-әдістемелік құрал. Орал, 2011.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Соврушева М. Философия бизнеса. Омск, 2013

  2. Степин В. С. Философия ғылымының тарихы. М: 2011

  3. Гаспарян Д. Э. Неклассикалық философияға кіріспе. М: 2011

  4. Огородников В. П. Философия ғылымының тарихы. Сан-Петер, 2011.


Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары:

1.Мультимедиялық кабинет

2.Электронды оқу құралдары

3. Электронды әдістемелік жүйе



4.Әдістемелік көрнекі құралдар (схемалар, таблицалар).



: uploads -> doc -> 0cb1
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар
0cb1 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы көне түрік қағанаты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...