Живопись туралы түсінік және шығарманың КӨркемдік тілі м. Т. Отаров



жүктеу 89.52 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі89.52 Kb.
ЖИВОПИСЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАНЫҢ КӨРКЕМДІК ТІЛІ
М.Т. ОТАРОВ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университінің аға оқытушысы

Живопись – ең бір ежелгі өнер. (Дальдің айтуы бойынша «живо»-жанды, «писать»-жазу, бейнелеу) – жазық бетіне бояумен жазылатын бейнелеу өнерінің бір түрі.

Живопись шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне-көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдалануына тікелей байланысты. Яғни бұл суретшінің талғамы мен, сол өмір сүрген дәуірге байланысты болды. Мәселен, Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай бояудың қалай жағылғаны, қыл қаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін негізгі бояу кепкеннен кейін үстіне жұқалап, үстеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті «лессировка» дейді.

Леонардо да Винчи: «Кез келген дене еш уақытта өз түсін таза көрсетпейді... Оның олай көрінуі табиғат қоршаған ортаға байланысты, көз бен нұсқа аралығындағы қосылыстардың өзгерістердің қасиетінен» дейді (1).

Кейін суретшілер қыл қаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қыл қаламның ұшын тиер тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңкті бірте-бірте сатылы емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.

Живопись шындықты бейнелеуде көрерменнің ойы мен ақыл-ес сезіміне тікелей әсер беретін әлеуметтік мағынаға және түрлі идеологиялық функцияға ие көркем өнер. Мұнда бояу түсі – нұсқаның материалдық сапасын ғана білдірмейді, сонымен қатар көркем образ қалыптастырушы негізгі құрал. Қолданылатын бояу материалдарына байланысты живопись бірнеше түрге бөлінеді: акварель, майлы бояу, темпера, құрғақ бояу-пастель.Сонымен бірге атқаратын қызметіне қарай да бірнеше түрге бөлінеді: монументті, көрнекі, декоративті және таетралды, сәнді және қолданбалы т.т.

Живопись станокті және монументтік деп екіге бөлінеді. Суретші әдетте суреттің , мольберт немесе станок деп аталатын тиянақ тағанға қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. Мұндай шығармалар «станоктік» живопись деп аталады.

Ал монументтік живопиське үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығармалар жатады. Суретші живописьтік шығармасы арқылы заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәулемен көлеңкенің, қысқасы кең дүниенің сұлулыққа толы таңғажайып байлығын ашып бейнелеуге ұмтылады. Живописьтің тағы бір түрі диорама мен панорама. Сондай-ақ, белгілі бір монументті туындының шешімін табуда мозайка мен витраж да живописьпен ұштасып жатады.

Суреттің өңін келтіретін бояу түрлерімен оны салу әдістеріне қарай да живопись туындылары майлы бояулы живопись, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), темпера (әр түрлі қосындыдан, яғни жұмыртқаның сарысымен өсімдік шырынының қосындысынан немесе желіммен майды су ертіндісіне араластыру арқылы, т.б.), желімді бояумен, керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек сырды күйдіріп жапсыратын), селикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын суреттер болып жіктеледі. Суреттің мазмұнына қарай бояу түсін құбылту живописьтегі негізгі әдіс болып саналады. Әр түрлі бояулардың үйлесімін тауып, түсін құбылтудан барып живописьтің суретші қалаған нақышы шығады. Бір ғана түстегі бояумен реңін құбылту арқылы салынатын живописьтің түрін монохромды живопись деп атайды.

Живописьті қабылдау үшін оның мәнерлеу тілін түсініп, ұғынып білу қажет. Онсыз небір атақты шығарманың өзін көріп қабылдау қиынға түседі. Суретші композициялық ізденістер мен туындысының құрылысы ұтымды шешіліп, тұтастық, зандылық негізінде аяқтауын көздейді. Оның негізгі мақсаты бірден көрермендердің сезімі мен ойын билеп, мәнерлеу құралымен тілін пайдалана отырып, көркем образды шығарма тудыру болып табылады. Бұл мақсатпен суретші көркемдік шығармашылығын мәнерлеу, оны эмоционалды түрде қабылдай отырып, нәтижесінде көркем образды шығармашылықты өмірге әкеледі. Суретшінің эмоционалды қабылдауы оның ақыл-ойына, біліміне, өмірден алған тәжірибесіне байланысты болады.

Суретшінің шабытына қарай эмоционалды және рационалды қабылданған көркем образ туындаса, көрермен сол көркем образды қабыл алады. Сонымен шынайы шебер суретшілер қайталанбас көркем образдар жасап, көрермендерге сыйлайды.Үлкен шебердің шабытты жазылған пейзаждың бірінші және аса қажетті жағы- оның шынайылығы, ұқсастығы. Бірақ ол да жеткіліксіз. Табиғатың сырт көрінісінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманының, қуаныш-күйінішінің, ішкі жан дүниесін тап басып сезінуге тиіспіз.

Өмірді, адамдардың өзара қарым- қатынастарын көрсететін қандайда бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін туындыны тақырыптық картина деп атайды. Тақырыптық туындыда болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп, мәнерлейді.

Тақырып-шығармаларда өмірлік құбылыстардың суреттелуі. Сюжет-суретшінің тақырыпты неғұрлым толық ашуы үшін алған оқиға, нақты көрінісі. Бейнелеу өнерінің түрі, жанры, тақырыбын суретші қалай болса солай алмайды. Ол оның идеялық ізденісінен туындайды. Ал идея белгілі бір образдың жүйесі арқылы мәнерленеді. Образ нақтылы түрде сезіммен жеткізе алатын затты материалда, яғни пішінде белгілі бір бейнелеу өнерінде пайдаланады. Пішін-бейнелеу өнерінің барлық құралының қосындысынан туындап көркем образдың мазмұнын айқындып береді. Сондықтан көркем образдың мазмұнына талдау жасағанда образды мазмұнның басты идеясы не деген сұраққа жауап беруі керек. Суретшілердің туындыларын талдай отырып, оны біртұтас қабылдау керек. Ең бірінші туындыны қолға алғанда, бейнелеу өнерінің түрі және жанрын анықтап алу керек. Олар:

Бейнелеу түрі, жанры, идеясы, сюжеті, мәнерлеу құралы, композиция т.б.

Суретші көрермен қауымға көркем образды түсінікті етіп, жеткізу үшін бейнелеу өнерінің құралына және мәнерлеу тіліне сүйенеді. Қабылдаудың негізіне көркем образдардың мазмұны, негізгі идеясы, тақырыбы, сюжеті жатады.

Бейнелеу өнерінде айқындаушы құрал тәсілдер – шығарманың көркем мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі. Ол (жағыс, бояу түсі, колорит, кеңістік, ырғақ, таңба, сызық, сомдау тәсілі, әуен т.б.) – шығарманың образды көркем тілін құрайды.

Колорит- (итал. «сolorito», лат. «сolor» – бояу, түс, әр) – бейнелеу өнеріндегі алуан түстердің ара қатынас жүйесі, өмір көріністерін бояулардың үйлесімділігі арқылы эстетикалық тұрғыдан пайымдау.

Колорит дегеніміз- бірнеше бояу түстерінің жиынтығы, картинаның ойын, мезгілін, уақытын, оның образын ашуда бір бояу тобына (суық немесе жылы) жинақталған бояулар сыры (2).

Колорит әдебиет пен өнердегі шындықты көркемдік тұрғыдан тануда үлкен рөл атқарады. Ол шығарма мазмұнына, суреткердің ұстанған мақсатына, өзіндік шеберлігіне, дәуіріне, стиліне тікелей байланысты. Колорит айқын, өзгермейтін түстердің үйлесімінен тұруы мүмкін. Бояу түрінің басым, не кем қолдануына байланысты колорит жарқын, күңгірт, салқын (көкпен жасыл түс басым болғанда), немесе жылышырай (қызыл мен жасыл түс көбірек қолданылғанда), салмақты, шиеленісті болып келеді. Реалистік өнерде колорит болмысты неғұрлым шыншыл, жан-жақты қамтуға көмектеседі. Колорист – суретші әр бояудың жеке өзіне де, оның басқа бояулармен үйлесіміне де ерекше мән береді. Ондай үйлесімдер бір-бірімен жарасымды, көзге ұрмайтын байсалды болып келуіде, не бір-бірімен кереғар түсіп көзге ұрып тұруыда мүмкін. Колорит бізге дүниенің бояу әлемін жарқыратып жайып салады. Ол суретшіге өзі бейнелеп отырған құбылысқа байланысты туындайтын көңіл күйін жіті жеткізуге көмектеседі.

Колоритті ажырата білу - өте сирек қабілет. Орыс суретшілері арасынан бұл жағынан В.И.Суриков, К.Коровин тамаша колорист болған.

Гармония - өнерде көркем туындының барлық компо-нентерінің өзара ұнасымды байланысуы, үйлесімді жарасуы. Өнердегі гармония туралы ойшылдардың пікірлерін ескерсек. Аристотель әсемдік пен өнер – еліктеу арқылы обьективтік дүниенің қайта жасалуы (воспроизведение), ал гармония әсемдіктің негізгі белгілерінің бірі деп есептеген. Абай: «...бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көркемділігіне және қандай лайықты жарасымдылықты, оның еш бірінің бұзылмайтындығын көресің» - дейді. Оның өнердегі, өлендегі ұнасым, жарасым жайлы жазғандағы тағы бар. Қазақта «жарасым», «ұнасым», «үйлесім» ұғымдары гармония категориясына келеді. «Сәулет өнерінде гармония құрылыстың жеке бөліктерінің өзара үйлесімділігі, пропорциялық келістігі ретінде көрінсе; кескіндеу (бейнелеу) өнерінде – детальдардың тек мөлшері бойынша ғана емес, түсі мен түрі, қызметі бойынша да сәйкестену, үйлесу ретінде көрініс табады.

Суретші өз шығармасында айтпақ ойын анық және әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін нәрселерді белгілі ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнын неғұрлым айқын, нанымды, әсер лі шығуына жағдай жасайды.

Композиция (лат. «composito» – «құрастыру, шығарма») – көркем шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.

Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем форма түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасында белгілейді. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттармен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарықпен көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция «орнықты», «айнымалы», «ашық» және «жабық» болып бөлінеді.Орнықты және ашық түрі Қайта өркендеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылады, ал айнымалы және ашық типтері барокка стилінен айқын көрініс тапты.

Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылымы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді.

Бояу түсі. Ол живописьтік шығарманың басты бейнелеу құралы, дегенмен бояу түсі графика мен мүсін өнерінде сирек болса да пайдаланылады. Ал қолөнер бұйымдарында бояу түсі мәндік мағыналы рәмізге ие. Бояулар қарқыны живопистік шығармадағы бояулар екпінділігін аңғартады. Бояу түсінің гаммасы (гр. gamma) – бейнелеу өнерімен сәндік қол өнер шығармаларында бір бірімен байланысты бояу реңдерімен үйлесімділікте болады.Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңімен байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет ғұрып, салт-санасына қатысты қолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады.

Түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді.

Мысалы, жарық бірынғай түскен кезде, түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады, бұлтты күндеріне көлеңкеде түстер өзінің қанықтылығына ие болады. Мұндай құбылыстарды қоршаған табиғатта алыстан байқауға болады. Живописьтік көркем туындының бүкіл құпиясы түстік бояуда көрінеді.Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықталуымен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса, онда көлеңке суық реңге ауысады. Ал жарық суық болса көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады.

Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен бірге ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік.

Шығармадағы көркемдік болмаған жерде өнерде жоқ. Көркемдік неғұрлым жоғары болса, өнер туындысының маңызы соғұрлым арта түседі. Өнер көркемдікті өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы тілі мен әдісі – осының бәрі көркемдік заңына бағынады. Олар жеке алғанда ойға орамды, сезімге жайлы келіп, гармониялық бірлестікте шығармаға нәр береді, оны тартымды етіп, көркем дүниеге айналдырады. Шығарманың мазмұнымен түрі бірлестікте болу көркемдік заңдылық. Өнер түрлерінің форма мен жанрларының көркемдік ерекшеліктері болады. Қашанда көркемдік эстетикалық мөлшерді сақтау шығарманың сапалы шығуында үлкен рөлге ие.

Өнердің шындықты бейнелеу формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретіні мен анықталады. Өнер дүниені


адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне негізделеді. Шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ болып табылады. Көркем образ дегеніміз ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.
Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.

Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін


пластикалық өнердің бір саласы. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен бірге ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік.

Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дөп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауда негіз бар.


Әдебиеттер:

  1. Леонардо да Винчи. Трактат о живописи.-М.,1957./30/

  2. Р.Мизанбаев «Живопись»,Оқулық.-Алматы, 2005. /9/

  3. Коровкевич С.В. Анализ картина. – Л.:Знания, 1975.

Резюме
В данной работе рассматривается понятие о живописи и о художественном языке произведения. Автор раскрывает понятие о живописи и ее законы.









Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет