«Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты

Loading...


Дата19.01.2017
өлшемі25.29 Kb.
«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр қызметі (110700, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй, анықтама телефондары: 8(71435) 4-91-77, 8(71435) 4-92-22, электрондық мекенжайы: zhitikara@kostanay.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты E-G-3.

Лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты: 69  957 теңгеден 94 109 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Сайлаушылардың есебін жүргізеді. Ведомстволық мұрағатты жүргізеді және сақталуына жауап береді. Шаруашылық кітаптарын, электрондық шаруашылық кітабын, статистикалық есебін жүргізуге жауап береді. Ішкі саяси тұрақтылығын, халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерін қолдану, азаматтық қоғамның институттарын дамыту, ақпараттық – насихаттау жұмысын ұйымдастыру сұрақтары бойынша шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Ішкі саясат бағыттары бойынша ақпараттық деректер базасын (электронды, мәтіндік) жинақтау, құрастыру жөніндегі жұмысын жүргізеді. Азаматтық қоғам, филиал, өкілдік, бастамашы топтар өкілдерімен өзара әрекет етуін ұйымдастырады. Қоғамдық құрылымдық бөлімшелердің, халықтың нысаналы топтарының, аға ұрпақ өкілдерінің, жұмыс істейтін халықтың, жастардың жұмысын үйлестіру арқылы халықаралық бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін (семинарлар, кеңестер, конкурстар, акциялар, дөңгелек үстелдер және т.б.) жүргізуді ұйымдастырады. Әлеуетті тұрақсыздандыратын факторларын анықтау, ағымдағы жағдайды дамыту деңгейі мен жағдайын бағалау, әлеуметтік қауырттылық әлеуетін анықтау, қоғамның қажеттіліктерін бағалау негізінде ауыл округындағы қоғамдық пікірдің жағдайы туралы талдау анықтамаларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары бiлiм: білім (математика, физика, информатика, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, география, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі); құқық (заңтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар (журналистика, бұқарамен байланыс), экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, мұрағат жүргізу, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс, кітапхана ісі).

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары  (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 4х6 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Азаматта еңбек қызметі болмаса және конкурс жарияланған бос лауазымда жұмыс өтілі сұралмаса, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі қажет емес.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Көрсетілген құжаттар 110700, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, 65-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электронды түрде «Е-gov» Электронды үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефондары 8 (71435) 4-92-22; факс 8 (71435) 2-54-68, электрондық пошта – zhitikara@kostanay.gov.kz.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын почта арқылы не электронды түрде «Е-gov» Электронды үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылардың қатысуына болады. 

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Жітіқара ауданы әкімінің аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар Жітіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне)  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады



Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

24.05.2016 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi 111800, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Ғ. Мүсрепов көшесі 14, анықтама телефоны 8-714-44-79-0-62, электрондық пошта


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...