Жинақ шотына енгізілетін бастапқы жарнаның мөлшері қандай, ең төменгі соманың міндетті мөлшері бола ма?

Loading...


жүктеу 40.79 Kb.
Дата05.02.2017
өлшемі40.79 Kb.



Сұрақтар

Жауаптар

1

Жинақ шотына енгізілетін бастапқы жарнаның мөлшері қандай, ең төменгі соманың міндетті мөлшері бола ма?

Жинақ шотына енгізілетін ең төменгі соманың мөлшеріне қойылатын талап жоқ.

2

Салымның мерзімі қандай, депозит бойынша мерзімді ұзартуға бола ма?

Салымның мерзімі біреу – 60 ай. Мерзімді ұзарту көзделмеген.

3

Депозитті қандай валюталармен ашуға болады?

Депозит теңгемен, АҚШ долларымен және евромен ашылады.

4

СЖТМ депозит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне қарағанда неге төмен?

Жылдық тиімді мөлшерлеме уақыттағы ақша құнын есепке алады. СЖТМ дегеніміз клиенттің Банкке барлық төлемдерінің ағымдағы құны қызмет көрсету туралы шарт бекітілген күнгі Банктің клиентке барлық төлемдерінің ағымдағы құнына тең болатын дисконттау мөлшерлемесі. Бұл кезде СЖТМ төленетін сыйақы сомасына әсер етпейді, есепке сыйақының номиналды мөлшерлемесі алынады.

5

Мен қалдығы нөл болатын салымды аша аламын ба?

Жоқ, аша алмайсыз. Салым Банк бөлімшесіне өтініш білдіру фактісі бойынша стандарттық режімде ашылады.

6

Депозиттің қолданыс кезеңінде қосымша жарналарды енгізуге бола ма?

«Halyk – Легализация - 2014» депозиті Шарттың қолданылу кезеңі ішінде қосымша жарналардың енгізілуін көздемейді. Жаңа соманы енгізу үшін жаңа жинақ шотын ашу қажет.

7

Ашылатын депозиттердің саны шектеулі ме?

Жоқ, ақша жария етілетін кезеңде депозиттердің саны бойынша шектеу қойылмаған.

8

Депозит бойынша капиталдандыру көзделген бе?

Депозит бойынша капиталдандыру көзделмеген.

9

Есептелген сыйақы қалай төленеді?

Сыйақы төлеу депозит мерзімінің соңында, яғни, жинақ шотта 60 ай ақша сақталатын негізгі талаптар орындалғанда ғана жүргізіледі.

10

Ақшаның бір бөлігін мерзімінен бұрын ала аламын ба немесе депозитті мерзімінен бұрын бұза аламын ба?

Иә, депозит бойынша ішінара алу және мерзімінен бұрын өтеу көзделген. Алайда, ақшаны алу Заңнаманың 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделмеген жағдайларда алынса, Банк алынған соманың 10%-ы мөлшерінде бюджетке міндетті алымды ұстап қалады.

11

Ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда, маған депозит бойынша Банктің сыйақысы есептеліп, төлене ме?

Заңнаманың 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды ескеріп, депозит ішанара және мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда, Банк бұрын есептелген сыйақыны 0% мөлшерлемесімен қайта санайды, яғни сыйақы төленбейді.

12

Депозит ашылғаннан кейін қандай мерзімде енгізілген соманың мөлшерін растайтын анықтаманы ала аламын?

Салымшы депозитке енгізілген соманың мөлшерін растайтын анықтаманы ақшаны енгізгеннен кейін бірден Банктік салым шартымен бірге алады.

13

Ақшаның жария етілуін растау анықтамасын ұсыну ақылы қызмет пе?

Жоқ, жинақ шотына ақшаның енгізілгенін/аударылғанын растайтын анықтама тегін берілуі тиіс.

14

«Halyk – Жария ету - 2014» депозиті депозиттерге міндетті кепілдік беру объекті болып табыла ма?

Иә, «Halyk – Жария ету - 2014» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі «ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.

15

Қай сәттен бастап ақша жария етілген болып саналады.

Ақша жинақ шотына (депозитке) енгізілген күннен бастап жария етілген болып саналады.

16

Жинақ шоты қандай мерзімдерде ашылуы тиіс?

Жинақ шоты жария ету мерзімі ішінде, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан бойынша кезеңде ашылуы тиіс.

17

«Halyk – Жария ету - 2014» жинақ шотындағы ақшамды кепілге салу арқылы зайым ала аламын ба?

Жоқ, ала алмайсыз. Жария ету туралы заңнамада жария етілген ақша пайдаланылуы мүмкін нақты мақсаттар белгіленген. Бұл кезде жария етілген ақшаны кепілге салу арқылы зайым алу мүмкіндігі көзделмеген.

18

Жинақ шоты үшінші тұлғаның пайдасына ашылуы мүмкін бе?

Жоқ, мүмкін емес. Жинақ шоты оған тиесілі мүлкін жария еткен және оны ол 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алған, шоттың меншік иесінің пайдасына ашылады.

19

Заңнаманың 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ақшаны алу үшін мен қандай құжаттарды ұсынуым қажет?

Бағалы қағаздар мен жекешелендіру объектілерін сатып алу үшін ақша алынған кезде (Заңнаманың 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда), Банкке құжаттардың, номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен делдалдық және дилерлік қызметті жүргізуге уәкілетті органның лицензиясы бар делдалмен делдалдық қызметтерді көрсету туралы шарттың көшірмелерін (түпнұсқаларын бере отырып), көрсетілген деректемелерімен кепілдік берілген жарнаны төлеу үшін алдағы сауда-саттық туралы хабарламаны, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартының көшірмесін ұсыну қажет. Сондай-ақ ақша аударуға өтінішке қол қою қажет.

20

Жария етілген ақша делдалдың ағымдағы шотына аударылғаннан кейін бағалы қағаздар қандай уақыт ішінде алынуы тиіс?

Жария ету субъекті бағалы қағаздарды сатып алуға міндетті болатын мерзім делдалдың ағымдағы шотына белгіленген тәртіппен ақша аударылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.

21

Мен нөлдік қалдықпен салымды аша аламын ба?

Жоқ, аша алмайсыз. Салым Банктегі ағымдағы шотта салым сомасы болғанда ғана ашылады.

22

Үшінші тұлғалардың шот иесінің акцептін қажет етпейтін, ТТТ/ИӨ талаптары қойылуы мүмкін бе? Бұл кезде бюджетке алымдар ұсталына ма?

Иә, депозиттің бұл түріне ТТТ/ИӨ қойылуы мүмкін, бұл кезде Банк алынған сомадан 10% мөлшерінде бюджетке алымдарды ұстап қалуға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...