«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



жүктеу 183.39 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі183.39 Kb.
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру рәсiмi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтердi аумақтық әдiлет органдары (бұдан  әрi - уәкiлеттi орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттi қызметтiң аяқталу нысаны жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алуға өтiнiш берген сәттен бастап:
      1) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең  ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      тұтынушы ақпараттық қызметтi электронды түрде алуға жүгiнген кезде:
      1) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама сұрау келiп түскен сәттен бастап 30 минут iшiнде электронды түрде ұсынылады;
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең  ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең  ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орнатылады.
      10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз  және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      11. Мемлекеттiк қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн тұтынушылар мыналарды ұсынады:


      1) белгiленген нысандағы өтiнiш, онда сауал берiлетiн орган, берiлетiн ақпараттың түрi, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң түрi, оның тұрған жерi, өтiнiш берушiнiң деректерi (тегi, аты, әкесiнiң аты, паспорттық деректерi (жеке куәлiгiнiң деректерi), ал болған жағдайда - жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), жеке тұлғаның тұратын жерi, заңды тұлғаның атауы және деректемелерi, ал болған жағдайда - бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН)) көрсетiледi;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) заңнамада белгiленген жағдайларда өкiлдiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжат.
      Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретiне сәйкес өтiнiш жасаған жағдайларда және нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда талап етiлген ақпарат негiздемесi, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты көрсетiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың есеп журналына тiркелуiн және құжаттарды жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлетiн құжаттармен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн мыналарды:
      - жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және  оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес әзiрлейдi.
      - орындалған құжаттар тiзiлiмiн қалыптастырады және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiбередi.
      Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс.
      Өтiнiш берушi электронды түрде ақпараттық қызмет алу үшiн тiкелей Орталыққа жүгiнген кезде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат жазбаша сұрау негiзiнде «Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» мемлекеттiк дерекқоры» ақпараттық жүйесiн қолдана отырып ұсынылады және тiркеушi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
      Орталық қызметкерi түскен өтiнiш бойынша сұрауды өзiнiң электронды қолымен растап, тиiстi электронды дерекқорына сұрау жолдайды.
      Уәкiлеттi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қолымен расталған және сұрауға түскен электронды құжат басып шығарылады және өтiнiш берушiге берiледi.
      Уәкiлеттi органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электронды құжат басылған қағаз жүзiндегi құжатқа заңды түрде теңестiрiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      15. Тұтынушыға:
      сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi;
      сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Дайын құжаттарды тұтынушыға берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      17. Құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен тұтынушыға беру үшiн бас тартудың себептерiн көрсетiп, хабарлама жолдайды.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.


      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады.
      Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1, 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестелерiне сәйкес анықталады.


      Уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген.
      Орталықтар мен уәкiлеттi органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.

«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген


құқықтар (ауыртпалықтарды) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша         

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

қабылдау бөлмесi
40-10-63

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

қабылдау бөлмесi
56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

қабылдау бөлмесi
24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

қабылдау бөлмесi
28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

қабылдау бөлмесi
28-94-67

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

қабылдау бөлмесi
33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

қабылдау бөлмесi
43-84-14

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

қабылдау бөлмесi
23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

қабылдау бөлмесi
41-63-10

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

қабылдау бөлмесi
54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

қабылдау бөлмесi
23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

қабылдау бөлмесi
42-23-12

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

қабылдау бөлмесi
33-47-35

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

қабылдау бөлмесi
33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

қабылдау бөлмесi
30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

қабылдау бөлмесi
378-09-09

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

қабылдау бөлмесi
248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

қабылдау бөлмесi
378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

қабылдау бөлмесi
239-65-52

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

қабылдау бөлмесi
234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

қабылдау бөлмесi
37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

қабылдау бөлмесi
40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

қабылдау бөлмесi
32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

қабылдау бөлмесi
37-74-34

«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген
құқықтар (ауыртпалықтарды) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-1-қосымша         

      Ескерту. 1-1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.



Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi орган орналасқан мекенжай

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшының
телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1.

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

020000, Көкшетау қ., М. Горький көш., 37-үй

40-21-65

25-30-14
қабылдау бөлмесi

2.

Алматы облысының Әдiлет департаментi

488003, Талдықорған қ., Қабылиса жырау көш., 69 А үй

24-43-47

21-08-15
қабылдау бөлмесi

3.

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

030000, Ақтөбе қ., Әбiлхайыр хан даңғ., 51 А үй

56-30-16

56-30-80
қабылдау бөлмесi

4.

Атырау облысының Әдiлет департаментi

060006, Атырау қ., Баймұханов көш., 16 А үй

46-53-15,
46-53-12

35-75-38,
35-75-39
қабылдау бөлмесi

5.

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

070002, Өскемен қ., Ворошилов көш., 6-үй

55-59-26

22-19-83
қабылдау бөлмесi

6.

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

080000, Тараз қ., Қойгелдi көш., 158 А үй

43-67-17

43-05-05
қабылдау бөлмесi

7.

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

090006, Орал қ, Достық даңғ, 208-үй

50-82-91

51-35-45, 50-79-41
қабылдау бөлмесi

8.

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

100019, Қарағанды қ, Жамбыл көш, 11 А үй

56-64-12

42-05-33
қабылдау бөлмесi

9.

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

110000, Қостанай қ., Таран көш., 38-үй

50-65-40

54-82-23
қабылдау бөлмесi

10.

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

120014, Қызылорда қ., Әйтеке би көш., 29-үй

23-03-57

27-04-72
қабылдау бөлмесi

11.

Маңғыстау облысының Әдiлет департаментi

130000, Ақтау қ., 12-шi шағын ауд., 8-үй

50-32-20

42-05-70
қабылдау бөлмесi

12.

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

140000, Павлодар қ., Ленин көш., 18-үй

32-43-02

32-43-94
қабылдау бөлмесi

13.

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

150010, Петропавл қ., Конституция көш., 72-үй

33-27-53

33-26-35
қабылдау бөлмесi

14.

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

160012, Шымкент қ., Желтоқсан көш., 16-үй

23-31-70

23-23-76
қабылдау бөлмесi

15.

Астана қаласының Әдiлет департаментi

010000, Астана қ., Жеңiс даңғ., 15-үй

48-88-36

39-12-13
қабылдау бөлмесi

16.

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

050008, Алматы қ., Байзақов көш., 287-үй

392-16-16

392-25-75
қабылдау бөлмесi

«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген
құқықтар (ауыртпалықтарды) және
оның техникалық сипаттамалары
туралы анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша         

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










1.2. Қызмет алу үшiн кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды адам дұрыс ресiмдеген (тiркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған құжаттар % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызметтердiң, ақпараттың % (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтердiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет