Жылдар аралығында бюджеттік бағдарламалар бойынша атқарылған ғылыми жұмыстар



жүктеу 0.6 Mb.
бет3/4
Дата15.01.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4

1. Жоба атауы «Ветеринарлық қадағалау нысандарын санациялау үшін дезинфекция және дератизация әдістерін құрастыру».


2. Жоба арнылымы. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау нысандарын санитарлық-гигиеналық бағалау және препараттар мен электрохимиялық белсендірілген ерітінділердің дезинфицирлегіш және дезинвазиялағыш белсенділігін зерттеп анықтау.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Ветеринария, ет-сүт өнімдерін өндіру, өңдеу мекемелері, сауда орталықтары мен базарлар. Өнертапқыштыққа ҚР инновациялық патенті алынды, Астана, мемтіркеу № 2008/0205.1 26.02.2008 ж.

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Инвазия және инфекциямен күресу барысында экологиялық қауіпсіз дезинфектант анықталды.

5. Ендірілу көлемі. Зерттеу нәтижелері ветеринариялық инспекторлардың ветеринариялық-санитарлық қадағалау жүргізу бойынша нұсқаулықтарына енгізілді, дезинфектанттар ет-сүт кәсіпорындарына, сауда орындарына, базарларға, жартылай фабрикаттар өндіру цехтарына және қоғамдық тамақтану орындарының тәжірибесіне енгізілді.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Жоба құны -350 000 тг.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. Ветеринарлық-санитарлық қадағалау нысандары өкілдерімен электрохимиялық белсендірілген ерітінділердің алынуы мен қолданылуы жайында оқыту семинарларын өткізу.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта. Жұмакаева А.Н., в.ғ.к., доцент, Астана қ., Мостовая көшесі 22, 15 пәтер, телефон (87172-24-12-56), орындаушы Бегенова А.Б. в.ғ.к.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Экологиялық қауіпсіз дезинфектант- бейтарап анолит АНК мен жуғыш ерітінді – католит іздестіріліп табылды, олар ветеринарлық қадағалау нысандарын залалсыздандыру үшін электрохимиялық белсендіру тәсілімен СТЭЛ-АН-40 қондырғысында жасалынып алынды.

1. Жоба атауы «Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы диагностикалау әдістері мен өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру».

2. Жоба арнылымы. Эпизоотиялық жағдайды зерттеу, вирустардың далалық изоляттарын бөліп алу және олардың негізінде осы ауруларды диагностикалау мен оларға қарсы тиімді өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру.

3. Қолдану аясы, бәсекелікке қабілеттілігі мен патенттер болуы жайлы мәлімет. Құрастырылмдар нәтижелері Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы диагностикалау әдістері мен өзіндік алдын алу әдістерін құрастыру бойынша республиканың ветеринарлық тәжірибесінде қолданыс тапты. Жұмыс нәтижелері бойынша 8 авторлық куәлік пен 2 пайдалы модельге берілетін патент алынды, өнертапқыштыққа 2 өтінім жасалды.

4. Практикада жүзеге асыруға даярлық дәрежесі. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасына қарсы вирусвакцина құрастыру технологиясы өндіріске ендірілген. Қазіргі уақытта бұл препаратттар ветеринарлық препараттардың қоры ретінде пайдаланылады. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасын диагностикалау негізінде тест-жүйелерін алудың технологиялық сұлбалары құрастырылды.

5. Ендірілу көлемі. Қазіргі уақытта Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасының аттенуирленген және вирулентті штаммдары алынған, олар ҚР БжҒМ ҰБО БҚМҒЗИ микроорганизмдер коллекциясы мұражайында депонирленген. Республика аумағын шошқалар басының тығыздығы мен классикалық обаның пайда болуы потенциалды қауіпіне орай аймақтарға бөлу нәтижелері осы инфекцияға қаросы эпизоотияға қарсы шараларды өткізу барысында ескерілген.

6. Жоба құны мен оның жарамдылығының техникалық-экономикалық негізделуі. Құрастырылған диагностикумдар мен өзіндік алдын алу құралдары экономикалық тұрғыдан тиімді, себебі диагноз қою мерзімін қысқартуға, сондай-ақ қысқа мерзім аралығында иммунды жануар бастарын құру мүмкіндігін береді. Жоба құны 5 млн. теңге.

7. Жобаны табыс ету шарттары мен әдістері, қарым-қатынас жасасу түрлері. Ауески ауруы мен шошқалардың классикалық обасын диагностикалау үшін моноклоналды антиденелер негізінде тест-жүйе алудың технологиялық сұлбасы жасалынды, ИФТ тест жүйесі құрастырылды.

8. Жоба авторлары, ҒЗМ мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта. Әбдірахманов С.Қ. в.ғ.к., доцент, орындаушылар: Есенеева С.С., Асауова Ж.С., Мамадалиев С.М., Абдураимов Е.О., Қойбагаров М.А. 001011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, тел.: (7172)39-55-48, е-мail: agun@mbox.kz.

9. Жобаның қысқаша мазмұны. Қазіргі уақытта республикада шошқалар басы ұлғаю үстінде. Осыған орай мониторингтік зерттеулер өткізу аталған аурулар бойынша эпизоотиялық жағдайды анықтау үшін аса маңызды. Құрастырылған ветеринарлық препараттар эпизоотиялық хал-ахуалды жақсы ұстану мен диагноз қою үшін өз септігін тигізетін болады. Кейіннен ШКО қарсы өсінділік вирусвакцинаны құрастыру бойынша ізденістерді жалғастыру және моноклоналды антиденелер негізінде ИФТ құрастыру қажет.



  1. Жобаның атауы. «Құс тұмауы қоздырғышын анықтаудың экспресс тәсілін диагностикалық тәжірибеге енгізу және әзірлеу».

  2. Жобаның ұсынылуы. Құс тұмау вирусының А типін, Н5N1 субтиппін патологиялық материалдан анықтауға арналған иммунды ферменттік тест-жүйесін әзірлеу және олардың сезімталдығы мен телімділігін басқа балау тәсілдерімен салыстыру арқылы тексеру.

  3. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Әр түрлі деңгейдегі ветеринариялық зертханалар, ғылыми-зерттеу және ветеринария саласындағы басқада мекемелер. Бәсекеге қабілеттілігі жоғары, патентке өтініш тапсырылды.

  4. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. Құс тұмауының А типін, Н5N1 субтиппін, балауға арналған иммунды ферменттік талдаудың сэндвич қойылымы әзірленді. Зертханалық зерттеулер жүргізілді.

  5. Енгізу көлемі. Жоғары патогенді құс тұмауының А типін, Н5N1 субтиппін балауға арналған ИФТ-дың сэндвич қойылымын қолданудың нормативтік-техникалық құжаты әзірленді

  6. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Құс тұмауының А типін, Н5N1 субтиппін балауға арналған отандық тест-жүйені өндіру зерттеу жұмыстарының сапасын жоғарылатады және импорттық диагностикумдарды қолдануды қажет етпейді. Жұмыстың бағасы – 9 000,0 мың тенге.

  7. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  8. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. в.ғ.д., профессор А.Қ. Бұлашев, б.ғ.к.., доцент С.Н. Боровиков, в.ғ.к., М.А. Қойбағаров, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

  9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Зерттеу нысаны болып құс тұмауы вирусының А типі, Н5N1 субтиппінің нуклеокапсидті және матриксті антигендері және құс тұмауын балауға арналған иммунды ферменттік талдаудың сэндвич қойылымы. Зерттеу нәтижесінде құс тұмауы вирусының А типі, Н5N1 субтиппін балауға арналған ИФТ-дың сэндвич қойылымы әзірленді. Ұсынылған ИФТ-дың қойылымын басқа шетелдік ұқсас әдістермен, классикалық әдістермен және ПТР салыстырмалы түрде зертханалық сынақтан өткізілді, нәтижесінде ұсынылған әдістің сезімталдығы мен телімділігі неғұрлым жоғары болды.

Жоғары патогенді құс тұмауының А типін, Н5N1 субтиппін балауға арналған ИФТ-дың сэндвич қойылымының компоненттерін қолданудың нормативтік-техникалық құжаты әзірленді.


1. Жобаның атауы. «Ауыл шаруашылық жануарларының жұқпалы ауруларын балауға арналған ИФТ тест-жүйесін әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Зерттеу тиімділігі неғұрлым жоғары, ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезі мен туберкулезін балауға арналған ИФТ жиынтығын өнеркәсіптік жағдайда өндірудің технологиялық регламентін әзірлеу.

  1. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Биотехнологияда және ветеринарияда, әр түрлі деңгейдегі ветеринариялық зертханалар, ғылыми-зерттеу және ветеринария саласындағы басқада мекемелер. 15.04.2008 өнертабыстыққа берілген ҚР патенті №14230, №4 бюллетень «Бруцеллез қоздырғышына телімді антиденелерді анықтау тәсілі».

  2. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. Әзірленген диагностикалық препараттар ветеринариялық препараттардың мемлекеттің реестріне енгізілген.

  3. Енгізу көлемі. Ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезі мен туберкулезін балауға арналған ИФТ жиынтығын өнеркәсіптік жағдайда өндірудің технологиялық регламенті әзірленген. Отандық ИФТ-дың тест-жүйесін өнеркәсіптік жағдайда шығаруды ұйымдастырудың нұсқаулары әзірленді.

  4. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Ауылшаруашылық жануарларының бруцеллезі мен туберкулезін серологиялық балауға арналған ИФТ жиынтығын өндіру зерттеу тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді және халықаралық эпизоотологиялық бюро талаптарына сай болады. Жұмыстың бағасы – 10 000,0 мың тенге.

  5. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  6. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. в.ғ.д., профессор А.Қ. Бұлашев, в.ғ.к., Ж.Ә. Сұраншиев, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

  7. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Өткізілген зерттеулер нәтижесінде ірі қара малдың қан сарысуынан туберкулезге және бруцеллезге қарсы телімді иммуноглобулиндерді анықтауға арналған иммунды ферменттік талдау жиынтықтарының компоненттерін өндіру үрдісінің технологиялық сатылары әзірленді.



1. Жобаның атауы. «Антиидиотиптік антиденелерді қолдана отыра ветеринария саласына қажетті жаңа буынның диагностикалық және профилактикалық препараттарын әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Моноклоналды антиидиотиптік антиденелер негізінде дайындалған жануарлардың жұқпалы ауруларын балаудың жаңа әдістерді әзірлеу мүмкіндігі мен шаруашылықты сауықтыруда эпизоотияға қарсы шаралардың сапасын арттыру мүмкіндігін тудырады.

  1. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Ветеринария, атап айтқанда, әртүрлі деңгейдегі ветеринарлық зертханалар, емдеу орындары және басқа да ветеринарияға қатысты мекемелер, ғылыми-зерттеу зертханалары. Жоба бәсекеге қабілетті . ҚР аналогтары жоқ. Патент алу үшін өтініш тапсырылды.

  2. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. Антиидиотиптік моноклоналды антиденелер негізіндегі иммунды ферменттік талдаудың оңтайлы қойылу шарттары әзірленді.

  3. Енгізу көлемі. Антиидиотиптік моноклоналды антиденелердің штамм-продуценттері ҚР Ұлттық биотехнология орталығындағы Республикалық микроорганизмдер коллекциясында деполанды.

  4. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Алынған антиидиотиптік моноклоналды антиденелердің штамм - продуценті физика-химиялық қасиеттері бойынша бірдей иимуноголбулин тегіндегі антигенді алуға мүмкіндік береді. Бір штаммды алуға кететін жұмыстың құны 7 000,0 мың тенге.

  5. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  6. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. в.ғ.д., профессор А.Қ. Бұлашев, б.ғ.к., доцент, С.Г. Оспанова, б.ғ.к., доцент С.Н. Боровиков, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Антиидиотиптік антиденелер (АИАД) зерттеу нысаны болып табылады. АИАД алу үшін бруцеллез антигендеріне телімді моноклоналды антиденелер қолданылды. Моноклоналды антиденелердің және олардың фрагменттерінің көмегімен АИАД алу тәсілдері анықталып зерттелді. Моноклоналды антиденелер песин және папаин ферменттерінің көмегімен фрагментелді. Нәтижесінде нақты антиденелердің Fab фрагменттері алынды. Иммунды ферменттік талдау негізінде алынған антиидиотиптік антиденелер бруцеллез антигеннің ішкі сипатын алып жүретіндігі анықталды. Бруцеллез антигеніне телімді антиидиодиптік антиденелерді өндіретін гибридті жасушалардың штаммдары алынды. АИАД қолдану негізінде жаңа буындағы иммунды диагностикалық препараттарды құрудың негізгі технологиялары әзірленді.


1. Жобаның атауы. «Моноклоналды антиденелер негізінде картоптың вирустық ауруын балауға арналған тест-жүйені әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Моноклоналды антиденелер негізінде картоптың вирустық инфекциясын балауға арналған сезімталдығы және телімділігі жоғары тест-жүйені әзірлеу.

  1. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Биотехнологияда, өсімдік шаруашылығында соның ішінде картоп шаруашылығы және картоптың тұқымдық материалын өндіретін шаруашылықтарда қолдануға болады. Жоба бәсекеге қабілетті . ҚР аналогтары жоқ. Патент алу үшін өтініш тапсырылды.

  2. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. Картоптың вирустық инфекциясын балауға арналған ИФТ жиынтығының негізгі компоненттерін дайындаудың зертханалық регламенттері және ИФТ әдісімен картоптың вирустық инфекциясын балауға арналған жиынтықты қолдануының нормативтік-техникалық құжаттары әзірленді.

  3. Енгізу көлемі. Картоптың М вирусының антигендеріне телімді моноклоналды антиденелердің штамм-продуценттері ҚР Ұлттық биотехнология орталығындағы Республикалық микроорганизмдер коллекциясында деполанды.

  4. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Алынған моноклоналды антиденелердің штамм - продуценттерді физика-химиялық қасиеттері бойынша біртекті иммуноголбулиндерді өндіре алады. Диагностикалық зерттеулердің сезімталдығы мен телімділігін жоғарлатуды қамтамасыздандырады. Бір штаммды алуға кететін жұмыс бағасы 7 000,0 мың тенге.

  5. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  6. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. б.ғ.к., доцент С.Н. Боровиков, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде иммунологиялық тест-жүйесін әзірлеуге, тестілеуге және гибридті штаммдарды алуға қажетті картоп вирусының тазаланған препараты және қажетті мөлшері алынды. Картоптың М, Х, және Ү вирустарына телімді моноклоналды антиденелерді өндіретін гибридті жасушалардың штамдары өндірілді. Моноклоналды антиденелердің препаративті мөлшерін алу, тазалау және иммунохимиялық қасиеттерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Картоп вирустарының антигендерін анықтау үшін ИФТ-дың әр түрлі қойылымдарында моноклоналды антиденелерді қолданудың оңтайлы жағдайлары және физика-химиялық факторларға әсері анықталды. Зертханалық жағдайда моноклоналды антиденелер негізінде әзірленген ИФТ қойылымдарының сезімталдығы мен телімділігі айқындалды. «ИФТ әдісімен картоптың вирустық инфекциясын балауға арналған» жиынтықты қолданудың нормативтік-техникалық құжаттары әзірленді.


1. Жобаның атауы. «Жоғары патогенді құс тұмауының вирусына қарсы моноклоналды антиденелерді алу және олардың негізінде диагностикалық тест-жүйені әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Құс тұмауы вирусының Н5N1 штамының антигендік детерминанталарына телімді моноклоналды антиденелердің панелдерін алу. Олардың иммунохимиялық қасиеттерін анықтау және жоғары патогенді құс тұмауын анықтау арналған ИФТ тест-жүйесін әзірлеуде қолдану.

3.Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Биотехнология және ветеринарияда, атап айтқанда, әртүрлі деңгейдегі ветеринарлық зертханалар, емдеу орындары және басқа да ветеринарияға қатысты мекемелер, ғылыми-зерттеу зертханалары. Жоба бәсекеге қабілетті. ҚР аналогтары жоқ. Патент алу үшін өтініш тапсырылды.

  1. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. Құс тұмауы вирусының антигендерін анықтауға арналған ИФТ жиынтығының негізгі компоненттерін дайындаудың зертханалық регламенттері және ИФТ әдісімен құс тұмау вирусын анықтауға арналған жиынтықты қолданудың нормативтік-техникалық құжаттары әзірленді.

  2. Енгізу көлемі. «ИФТ әдісімен құс тұмау вирусын анықтауға арналған жиынтықты» қолданудың және өндірудің нормативтік-техникалық құжаттары әзірленді.

  3. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Моноклоналды антиденелер негізінде ИФТ әдісімен құс тұмауы вирусын анықтауға арналған отандық тест-жүйені өндіру диагностикалық зерттеулердің сезімталдығы мен телімділігінің сапасын жоғарлатады. Жұмыстың бағасы – 9 000,0 мың тенге.

  4. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  5. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. в.ғ.д., профессор А.Қ. Бұлашев, б.ғ.к., доцент С.Н. Боровиков, в.ғ.к. М.А. Қойбағаров, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құс тұмауы вирусының Н5N1 штамынан антигенін препаративті мөлшері алынып, олардың антигендік қасиеттері анықталды. Телімді моноклоналды және поликлоналды антиденелер алынып, олар хроматография тәсілмен тазаланды және иммунохимиялық қасиеттерінің сипаттамасы айқындалды. Жұмыс титрі жоғары иммунды ферменттік конъюгаттар дайындалды. Құс тұмауы вирусының антигендерін анықтауға арналған ИФТ жиынтығының негізгі компоненттерін дайындаудың зертханалық регламенттері және ИФТ әдісімен құс тұмау вирусын анықтауға арналған тест-жүйенің компоненттері әзірленді.


1. Жобаның атауы. «Заманауи биотехнология әдістерінің негізінде сыртқы орта нысандарынан және биологиялық материалдардан бруцеллез бен туберкулез қоздырғышын анықтау тәсілдерін ветеринариялық тәжірибеге енгізу және әзірлеу».

2. Жобаның ұсынылуы. Моноклоналды антиденелер негізінде сыртқы орта нысандарынан және биологиялық материалдардан бруцеллез бен туберкулез қоздырғышын жедел балауға арналған ИФТ-дың тест-жүйесін әзірлеу.

  1. Қолдану аясы, бәсекеге қабілеттілігі, патенттердің бар болуы. Биотехнологияда және ветеринарияда, әр түрлі деңгейдегі ветеринариялық зертханалар, ғылыми-зерттеу және ветеринария саласындағы басқада мекемелер. Жоба бәсекеге қабілетті. ҚР аналогтары жоқ. Патент алу үшін өтініш тапсырылды.

  2. Тәжірибеде қолдануға дайындық дәрежесі. «ИФТ тәсілімен туберкулез қоздырғышын анықтауға арналған жиынтыққа» нормативті-техникалық құжат және зертханалық регламенті әзірленді.

  3. Енгізу көлемі. «ИФТ тәсілімен туберкулез қоздырғышын анықтауға арналған жиынтықтың» нормативті-техникалық құжаты ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде бекітілуден өткізілуде.

  4. Жобаның бағасы, жобаның техника-экономикалық мақсатқа сәйкестілігі. Моноклоналды антиденелер негізінде ИФТ тәсілімен туберкулез қоздырғышын анықтауға арналған отандық тест-жүйені өндіру ұзақ уақытты және күрделі жұмысты қадет ететін бактериологиялық талдауды алмастыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың бағасы – 9 000,0 мың тенге.

  5. Жобаның шарттары және берілу жолдары, ынтымақтастық формалары. Келісімшарт негізінде.

  6. Жобаның авторлы, ғылыми-зерттеу ұйымның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық поштасы. в.ғ.д., профессор А.Қ. Бұлашев, б.ғ.к., доцент, С.Н. Боровиков, в.ғ.к., Ж.Ә. Сұраншиев, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, тел. 8 (7172) 38-36-57; факс 8 (7172) 31-60-72; Е-mail: nicsb_katu@ mail. ru.

  7. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Өткізілген зерттеулер нәтижесінде моноклоналды антиденелер негізінде биологиялық материалдан туберкулез бен бруцеллез қоздырғышының антигендерін анықтауға арналған иммунды ферменттік талдаудың оңтайлы қойылымдары, физика-химиялық факторларға әсері анықталды. Сонымен қатар ұсынылған ИФТ-дың қойылымдарының телімділігі мен сезімталдығы айқындалды. «ИФТ тәсілімен туберкулез қоздырғышын анықтауға арналған жиынтықты» басқа әдістермен салыстыру арқылы өндірістік сынақтар жүргізілді. Нәтижесінде әзірленген жиынтық сезімталдығы және телімділігі бойынша классикалық әдістерден жоғары болып, ПТР әдісінен кем түспейтіндігі анықталды.




АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ





1. Жобаның атауы «Топырақты өңдеу кезінле минералдық тыңайтқышты енгізетін құралды жасау»

2. Жобаның мақсаты. Топырақты өңдеу кезінле минералдық тыңайтқышты енгізетін құралды жасау.

3. Қолданылу бағдары, конкуренттілігі, патенттердің болуы. Қолданылу бағдары - ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық машина жасау заводтары. Құрал құрамында ҚР 1 патент және 1 алдын ала патент қолданылған. Қазақстан Республикасында минералдық тыңайтқыш енгізетін құрал шығарылмайды.

4. Өндіріске енгізудің дайындық деңгейі 65% құрайды.

5. Енгізілу көлемі жылына 115 құрал.

6. Жобаның құны, жобаны қолдануды техникалық-экономикалық тұрғыдан негіздеу. Жобаның құны 14,5 млн тенге. Топырақты 4-5 жылда бір рет негізгі өңдеуден өткізіп минералдық тыңайтқыш енгізу қажет, ал бұл опрецияны өткізетін құрал Қазақстанда шығарылмайды.

7. Жобаны берудің тәртібі мен жолы, қарым-қатынас үлгілері. Екіжақты келісім шарт негізінде қарым-қатынас үлгісі бойынша жүргізіледі.

8. Жобаның авторлары, ҒЗБ адресі, телефоны, факсы, электрондық почтасы. Т.ғ.д. М. А. Адуов, т. ғ. к. Е.Ж.Қаспақов. Астана қаласы, Победа даңғылы 62, т.39-55-48, факс 31-60-72, эл.почта agun@kepter.kz

9. Жобаның қысқаша сипаттамасы. Топырақты негізгі өңдеу кезінде минералдық тыңайтқыш енгізуге арналған құрал рамадан, жүріс бөлігінен, бұрандалы сепкіш аппаратты тыңайтқыш жәшігінен және вертикалдық пышақтары мен таратқыштары бар жұмыс органынан тұрады.

Теориялық және эксперименттік зерттеулер негізінде құралдың келесі құрылымдық параметрлері анықталды:

- серіппе радиусы rв = 31-32мм; винт қадамы h = 45-46мм; бұранданың көтерілу бұрышы - 17°; бұранданың ойығы ені е = 12-14мм; конустық бет пен бағыттаушы арасындағы бұрыш 60-65°; серіппе кесіндісі радиусы - 0,02 м;

- тік пышақтың биіктігі 0,4-0,45 м; ашылу бұрышы 30°; қалыңдығы 0,03-0,035 м; көлбеулік бұрышы 80-90°;

- пассивтік таратқыштың - парабола коэффициенті a = 0,9; қабырғасының ұзындығы l1 = 30мм; негізінің ұзындығы l = 35мм.

Минералдық тыңайтқыштардың берілген себу нормасын қамтамасыз ететін аппарат жетегінің беріліс саны анықтауға мүмкіндік беретін номограммалар жасалды.

Топырақты аудармай өңдеп минералдық тыңайтқыш енгізетін құралдың алым ені-2,15м; өнімділігі-1,4-2,0 га/сағ; жұмыс жылдамдығы-10км/сағ және өңдеу тереңдігі-15-25см.

Минералдық тыңайтқыш енгізетін құрал Қостанай және Ақмола облыстарының шаруашылықтарында өндіріске енгізілген.

Бұрандалы себушілі минералдық тыңайтқыш енгізетін құралдың жылдық тиімділігі 3343357,7 тенге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет