«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар



жүктеу 117.92 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі117.92 Kb.
Аудан әкімдігінің

2011 жылғы « »______№___

қаулысына 26 - қосымша
«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті
Негізгі ұғымдар
Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

Жетімдер – ата-ананың қамқорлығынсыз қалға, немесе ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың балалар;

Қамқоршылық (қорғаншылық) – кәмелетке толмағандар мен сотпен қабілетке жарамсыз (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалардың мүддесін және құқығын қорғайтын құқықтық нысан;

Қамқоршы (қорғаншы) – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша белгіленген заңның ережесінде міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;

Қорғаншылық және қамқоршылық органы – республикалық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органы, астаналық, аудандық (облыстық маңызы бар қала);

Зеленов аудандық білім беру бөлімі –2006 жылғы 24 қаңтардағы №39 Әкімдіктің қаулысымен бекітілген, заңды тұлға , мемлекеттік мекеме «Зеленов аудандық білім беру бөлімі» Ережесінің негізінде қызметтер орындалады;

алушы (бұдан әрі - тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін, жеке тұлға.


  1. Жалпы ережелер

1.1.Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы:

«Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу».

1.2. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік мекеменің атауы:

«Зеленов аудандық білім беру бөлімі» қамқоршылық және қорғаншылық органы мемлекеттік мекемесінің мекен-жайы: Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 71, 2 қабат, 10 кабинет, телефон: 23-176.

1.3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

1.4. Мемлекеттiк қызмет 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100 - 111-баптары, «Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 маусымдағы № 842 қаулысы негiзiнде және өзге де заңнамалары негізінде жүзеге асырылады.

1.5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесі белгіленген үлгідегі анықтаманы беру болып табылады.

1.6.Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне келесі мүдделі мемлекеттік органдар қатысады:

1) Зеленов аудандық білім беру бөлімі.

2) Халыққа қызмет көрсету орталығы.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
2.1.Мемлекеттік органдардың жұмыс орны мен кестесі туралы, олардың құрылымдық және аумақтық органдары туралы ақпарат:

Уәкілетті органның мекен жайы «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күнделікті жүргізіледі:

Атқарушы органның жұмыс кестесі: күн сайын сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Азаматтарды қабылдау: 9.00-ден 18.00-ге дейін.

2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі:

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ атқарушы органның жауапты тұлғасында және халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық стендiлерiнде орналастырылады.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне бірнеше мүдделі органдар қатысады.

1. ММ «Зеленов аудандық білім беру бөлімі».

2. Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін толтырылған бланктер, нысандар, өтініштер мен басқа да қажетті құжаттар білім беру бөлімінің 2-қабат, 10-кабинет, тел: 23-176 маманына тапсырылады. Білім беру бөліміне тұтынушы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні жазылған барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі. Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесі білім беру бөліміне жүгінген тәсілде ғана жүзеге асады. Анықтама тұтынушының жеке өзі жүгінгенде ғана беріледі.

Егер тұтынушы белгіленген мерзімде құжаттарын алмаған жағдайда, білім беру бөлімі дайын анықтамалар мен қаралған құжаттарды екі ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

2.4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1.Зеленов аудандық білім беру бөлімі 30 жұмыс күні ішінде.

2.Зеленов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы 30 жұмыс күні ішінде.

өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды;

өтiнiш берушi өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды.

2.5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

Бөлімге жүгінгенде - тұтынушының қажетті құжаттың біреуін тапсырмаған жағдайда;

2.6.Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаумен айналасатын ең аз адам саны: бір адам.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінде

әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау
3.1. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы бiлiм бөлiмiне мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) жеке тұлғаның аудандық білім беру бөлімінің бастығының атына өзiнiң қорғаншы (қамқоршы) болуға ниетi туралы өтiнiшi еркiн нысанда ресiмделедi;

2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;

3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиешi болуға ниет бiлдiрген адам некеде тұрған жағдайда өтiнiш берушiнiң және жұбайының (зайыбының) жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;

4) осы регламенттың 5-қосымшасына сәйкес қорғаншы (қамқоршы)
болуға ниет бiлдiрген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының
(зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
      5) егер өтiнiш берушi некеде тұрмаған жағдайда нотариалды расталған анықтама;

6) өтiнiш берушiнiң өмiрбаяны еркiн нысанда ресiмделедi;

7) өтiнiш берушiге жұмыс орнынан берiлген мiнездеме;

8) жұмыс орнынан анықтама;

9) жалақысы туралы анықтама;

10) тұрғылықты жерiнен анықтама (Тұрғын үй дапартаментiнiң


ақпараттық анықтамасы);

11) тұрғындарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) көшiрмесi;

12) неке туралы куәлiк (көшiрмесi);

13) өтiнiш берушi мен оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.

Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейiн баланы тәрбиелеуге үмiткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзiледi, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берiлетiн әр бала үшiн қорғаншылық (қамқоршылық) ресiмдеуге ниет бiлдiрген адам мынадай құжаттарды ұсынады:

1) мектеп әкiмшiлiгi растаған баланың келiсiмi (егер бала 10 жастан асса);

2) баланың туу туралы куәлiгi;

3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзiндi көшiрме;

4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi, сот үкiмi немесе шешiмi, ата-анасының ауруы немесе iздестiрiлуi туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда № 4 нысандағы анықтама және баланың ата-ана қамқорлығын жоғалтқанын растайтын басқа да құжаттар);

5) баланың бiлiмi туралы құжат;

6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кiтапшасы, алименттердi


өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi;

7) аға-iнiлерi мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлерi туралы анықтама;

8) тұрғын үйiн бар немесе жоқ екендiгi туралы құжаттар.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, кейiн олар тұтынушыға қайтарылады.

3.3. Ақпараттық қауіпсізідікке талап қойылмайды.

3.4. Құрылымдық-функционалдық бірлік (одан әрі - ҚФБ), мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушылар (ҚФБ – ақпараттық жүйе және олардың ішкі жүйесі, мүдделі органдардың жауапты тұлғалары):

1) қорғаншылық және қамқоршылық органы құжаттарды қарап өтініштерді қабылдайды, белгенген үлгіде анықтама береді – ҚФБ 1.

2) Білім беру бөлімінің бастығы анықтамаға қол қояды – ҚФБ 2.

3.5. ҚФБ-тің әрекетінің сипаты аталған «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет регламентінің 2-ші қосымшасының 1,2,3 кестесінде.

3.6 Көрсетілген сипаттамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процессінде аталған регламенттің 4-ші қосымшасы және «Жетiмдердi, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету арасындағы логикалық бірізділікті көрсететін сызбалары.


4. Мемлекеттік қызмет көрсететін, лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
4.1. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi және шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi осы регламентке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бөлiм және орталық жүзеге асырады.

4.2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым осы регламентке 1,2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету орны бойынша бөлiм басшысының атына немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмiне, қызмет орталық арқылы көрсетiлген жағдайда орталық директорының атына берiледi.

4.3. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайда шағым бiлiм бөлiмiне немесе орталыққа берiледi. Бiлiм бөлiмi басшысының жұмыс және қабылдау кестесi: белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, орталық директорының: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн түскі үзіліссіз.

4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4.5. Ресми апелляция жасау немесе шағымдану үшiн тұтынушы еркiн нысанда өтiнiш бередi, өзiмен бiрге жеке басын растайтын құжаты болуы қажет.

4.6. Қабылданған шағым бiлiм бөлiмiнiң, орталықтың кiрiс ақпаратын есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Тұтынушыға күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.

Шағымды қарау нәтижесi туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

4.7. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты аудандық бiлiм бөлiмiнен, сондай-ақ осы стандарттың 1 қосымшасына сәйкес сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.dov.kz, «Мектепке дейiнгi балалық шақ» республикалық орталығының www.predschool.kz интернет-ресурстарынан ала алады.


 


«Жетiмдердi, ата-анасының    
қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентына       
1-қосымша       

   


Зеленов ауданындағы атқарушы органның мекені мен байланысы

               



Р/с


Бөлiмдердiң атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

1

«Зеленов аудандық бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Переметное ауылы, Гагарин к-сi, 71

8 (711) 30-231-76

«Жетiмдердi, ата-анасының   


қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк  
қызмет регламентына         
2-қосымша           

  

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1.

Іс-әрекеттің №

1

2




2.

ҚФБ атауы

Бас маман

АББ-нің бастығы


ҚФБ 3

3.

Іс - әрекеттің (үдерістің,

процедураның, операцияның)

атауы және олардың сипаттамасы


Жеке тұлғалардан түскен құжаттарды, өтініштерді, қабылдап, анықтама беру

Құжаттарды қарау, анықтамаларға қол қою

Несие рәсімдеу

4.

Аяқтау нысаны (деректер,

құжат, ұйымдық-өкімгерлік

шешім)


Анықтама беру

Анықтамаға қол қою




5.

Орындау мерзімдері

Жұмыс күнінің ішінде



Жұмыс күнінің ішінде




6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі











2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.

 


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы

№1 іс-әрекет - құжаттарды қабылдау



№2 іс-әрекет- құжаттарды қарау

№3 іс-әрекет – құжаттарды алу



3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.


Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

 ҚФБ 1 немесе ҚФБ 1 тобы

ҚФБ 2 немесе ҚФБ 2 тобы

№ 1 іс-әрекет. Өтініштерді қабылдау.

№2 іс-әрекет – құжаттарды қарау




№2 іс-әрекет – құжаттарға қол қою


«Жетiмдердi, ата-анасының   


қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк  
қызмет регламентына         
3-қосымша             
Функционалдық өзара іс-қимыл сызбасы

«Жетiмдердi, ата-анасының   


қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк  
қызмет регламентына         
4-қосымша 

            



Үлгi
Аудан (қала) әкiмiнiң қаулысына қосымшадан үзiндi көшiрме елдi мекен___________________ 20__жылғы «___»_________ №____ Қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 104 және 105-баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.)_______________ өтiнiшi және аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң, облыстық, Алматы, Астана қалалары бiлiм басқармаларының құжаттары негiзiнде_______________ ауданының (қаласының) әкiмi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленсiн.


Р/с №

Қорғаншы (қамқоршы)

Қорғаншылыққа алынушы

Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi




Т.А.Ә.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған баланың Т.А.Ә., туған жылы




2. Қолда бар тұрғын үй _____________________бекiтiлiп берiлсiн

      Әкiм                               _________қолы(Т.А.Ә.)

      М.О.

«Жетiмдердi, ата-анасының   


қамқорлығынсыз қалған балаларды 
әлеуметтiк қамсыздандыруға арналған
құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк  
қызмет регламентына         
5-қосымша     

        



Жеке тұлғаға арналған үлгi

Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы қорытынды
Т.А.Ә.__________________________________________________________________________
Туған жылы_____________________________________________________________________
Үйiнiң мекенжайы_______________________________________________________________
Психиатр_______________________________________________________________________
Нарколог_______________________________________________________________________
Дерматовенеролог_______________________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы________________________________________________
Терапевт_______________________________________________________________________
Қорытынды____________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет