Жер қыртысының негізгі қҰрылымдық элементтері



жүктеу 108.98 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі108.98 Kb.
10 ДӘРІС

ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ


Жер қыртысының құрлықтық және мұхиттық түрлерінің болуы, оның көлеміндегі құрлықтық пен мұхиттық атгы негізгі құрылымдық элементтерін бөлуге мүмкіндік береді.

Құрылымдық элементтер дегеніміз жер қыртысының жеке бөліктерінің қүраушы таужъюыстарының белгілі бір үйлесімді тіркестігімен және жатыс ерекшеліктерімен бір-бірінен өзгешеленеуі. Бұл ерекшеліктерге ондағы тектоникалық қозғалыстар пәрменділігі мен әркелкілігі, магматизм мен метаморфизм процестерінің түр-сипаттары жатады.

Сонымен, жер қыртысының бірінші дәрежелі қүрылымдық элементтері құрлықтар мен мүхиттар болып табылады. Бұлар тек географиялық ұғым емес, геофизикалық түсінік екенін атауымыз керек, себебі құрлықтық құрылымдар тек құрлықтар көлемімен ғана шектеліп қоймайды.

Геофизикалық зерттеулер көмегімен анықталған мәліметтер бойынша жердің ірі облыстары өздерінің бедерімен ғана емес, ондағы жер қыртысының терендік құрылысының өзгешеліктерімен ажыратылады екен. Тереңсулы мұхит кеңістігіне төмен қалындықты (6-8 км жоғары емес) қыртыс тән, ал ол болса 1-2 км шөгінді қабаттан және бірнеше мың метрлік майысқақ қасиетті базальттардан тұрады. Оның астыңда қыртыс асты қабығы немесе құрамы, жорамалмен аса негізді жынысты жер мантиясы орналасқан. Керісінше, материктер қабаттарының жоғарғы қалындығы (орта есеппен 35-40 км), яғни 0-20 км шөгінді жамығы, 10-15 км гранитті-метаморфизм және 15-20 км базальтты қабаттарымен сипатталады. Сөйтіп, жер қыртысы геологиялық, геофизикалық қасиеттері және химиялық кұрамына байланысты шартгы түрде "шөгінді", "гранитті", "базальтты" қабаттарға бөлінеді. Шөгінді қабат көлденеңді толқындар жылдамдығы 2-5км/с салыстырмалы әлсіз қатпарланған және төменгі сатылы метаморфталған терригенді (құмтастар, гравелиттер, конгломераттар, әр түрлі саздар) карбонатты, тұзды және басқа көбінесе жер қыртысының төмендеген бөліктерін құрайтын комплекстерден тұрады. Мұнда шөгіңді жыныстармен бірге магмалық (жанартаулық, пирокластық) және метаморфтықтарда (сазды жіктастар) кездеседі.

"Гранитті" қабат — континенттік қыртысты құраушы негізгі элемент. Ондағы көлденеңді толқындардың таралу жылдамдығы 5,5-6,5км/с. Жер шарының көптеген жерлерінде ол беткі қабаттарда шығып жатады (немесе ұңғымалармен ашылған). "Гранитті" қабат қышқылды магмалық және терең метаморфталған (гнейстер, слюдалы жіктастар және т.б.) жыныстардан тұрады. Сондықтан да оны гранит-гнейсті (В.Белоусов бойынша) немесе гранитті-метаморфты (Е.Милановский мен В.Хаин бойынша) қабат деп те атайды. "Гранитгі" қабаттың ең жоғарғы қалыңдығы 40 км шейін жетеді.

Қыртыстың табаны "базальтты" қабаттан құралған. Эксперименттік жолмен алынған мәліметтерге қарағаңда көлдененді толкынның жылдамдығы 6,5-7,4км/с, яғни базальттарды ажырататын серпімділік толқын жылдамдығына тән. Бірақта мұндай жылдамдықтар жоғары (гранулитті) метаморфизм сатысына ұшыраған шөгінді мен вулканогенді жыныстарға да тән екен. Сондықтанда В.Белоусов, И.Рязанов, П.Мишо ұсыныстары бойынша бұл қабатты гранулитті-базальтті деп те атайды. Оның қалыңдығы 40 километрге шейін, табаны Мохоровичич бетіне сәйкес келеді.

Жоғарыда аталған қабаттар сипаттамасы, континенттік жер қыртысын сипаттайтын қасиеттер.

Терең бұрғылау материалдары бойынша мұхиттық қыртыстың жоғарғы қабаты шөгінді қабат. Сейсмикалық толқыңдар таралу жылдамдығы 1,5-2км/с. Оның қалындығы мұхит ортасында өте төменде, жағалауға қарай 10-15 км шейін өседі. Ал жалпы мұхит түбінің басым бөлікгерінде шегінділердің қалындығы жүздеген метрден жоғарыламайды. Мұхит шөгіңділерінің жасы төменгі юрадан голоценге шейін (мысалы Тынық мүхиттікі — Jі). Демек, олардың жасы құрлық шөгінділерінен анағұрлым жас көрінеді.

Мұхитгық қыртыстың екінші қабаты ~ базальтты қабат. Ол Тынық мүхит көлемінде толық (тереңдігі — 0,8-1,2 км), ал Атлант мұхитында жартылай қалындығына тексерілген. Құрамы біршама тұрақты, яғни төменгі калийлі толеитті базальттардан, брекчия, жанартау күлдерінен және долеритті дайкалардан тұрады. Сондықтанда сейсмикалық толқындар жылдамдығы да 2,2-5,5 км/с өзгереді, Бұл қабаттың калындығы суасты көтермелерінде 1,5-2,0 км, ең тереңсулы ойыстарда 0-500 м аспайды.

Үшінші қабаты габбро-серпентинитті, ол мүхиттық қыртыстың іргетасы болып есептелінеді. Ол қабат қалындығының тұрақтылығымен (5-6 км), сейсмикалық толқындар таралу жылдамдығы 6,4-7,2км/с мөлшерінде болуымен сипатталады.

Бұлардан басқа субконтиненттік пен субмұхиттық атты аралық қыртыс түрлері бөлінеді. Олардың ерекшелігі құраушы қабат қалындықтарының байырғьшардан төмен немесе жоғары болып келуінде.

Жер қыртысының бұл құрылымдық элементтері жеке қүрылымдардан тұрады. Оларға геосинклиндер, платформалар және орогендер жатады. Бұл құрылымдарды зерттеу геология ғылымының бір саласы геотектониканың үлесіне тиеді.

Геотектоника жер қыртысы мен жоғарғы мантияның құрылымдық ерекшеліктерін саралай отырып, олардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысы мен дамуын сипаттайды.

Геосинклиндер (грекше гео - жер; син - бірге, бірегей; клино -еңкейтемін).

Жер қыртысының аса қозғалмалы және барынша сырт аймақтарын бір-біріне қарама-қарсы қою нәтижесінде пайда болған қазіргі тектониканың аңызды түсініктерінің бірі. В.Е.Хаин бойынша геосинклин литосфераның аса қозғалмалы, кіріктіруші қасиеті жоғары, өзінің дамуының бастапқы сатысында төмендеу пәрменділігі, ал соңында — жоғарылау пәрмеңділігі басым, қатпарлы-бастырылулы деформациямен қосымшалана өтетін беддемі. Оған геодинамикалық кернеу көрсеткіштерінің құбылмалылығы, түзілімдер қабатының қалыңдығы (10-25 км), жер қыртысының магмалық пен метаморфтық үрдістер белсенділігі, дамуы терең жарылымдармен байланысты жер қыртысының сызық бойы созылуы, доғатәрізді иілуі мен көтерілуі тән. Геосинклиңдер көлемінде жер қыртысы гравитациялық пен магниттік аномаддығымен, сейсмикалық пәрменділігімен, геотермикалық градиент мөлшерімен, тік бағытты қозғалыстар амплитудасының жоғарылығымен сипатталады. Геосинклин дамуының алғашқы сатылары геосинклиндық аймақтың жаппай ойысуымен, сөйтіп, осы аймақта теңіздер мен мұхигтардың қалыптасуымен сипатталса (көдімгі геосинклиндық саты) кейінгі сатылары ойысқан аймақтың жаппай көтеріле бастауымен, яғни геосинклин орнына биік-биік тау жоталарының пайда болуымен ерекшеленеді (орогендік саты). Сөйтіп

қозғалмалы аймақтың геосинклиндық қатпарлы жүйеге айналуының соңғы сатылары бүкіл геосинклиндық үрдіс барысында қалыптасқан барша түзілім қабаттарының жаппай иіліп қатпарлануымен сипатталады.

Геосинклин ішкі құрылысы. Геосинклиңдер тектоникалық құрылысында В.Е.Хаин геосинклиндік облыстар, геосинклиндік жүйелер, орталық массивтер, жекелеген геосинклиндар мен геоантиклиндар және миогисинклин мен эвгеосинклин атты құрылымдарды бөдді. Геосинклиндық белдеулер - ұзыңдығы ондаған мың километрмен өлшенетін платформалар арасында немесе оның шетін жағалай дамып өзіндік тектоникалық режиммен сипатталатын салыстырмалы енсіз аймақ (Батыс Тынық мұхиттық, Жерорта теңіздік белдеулер).

Геосинклиндық облыстар — геосинклиндық белдеулердегі оның созылмалы бағыттарына белінетін өзіндік қазіргі құрылысы мен дамуы бар бөлігі.

Геосинклин жүйелер — аса қозғалмалы линиялы белдем, ол дамуының басында пәрменді төмендеген, ал соңғы сатысында күшті қатпарланумен, тау көтерілумен сипатталады. Көлденеңгі қимасында геосинклиндық белдеулер мен облыстар орталық массивтермен бөлінген бірнеше жүйелерден түрады.

Орталық массивтер — тектоникалық режимі жағынан платформаға ұқсас литосфераның салыстырмалы аз қозғалғыш бөлігі.

Жекеленген геосинклиндер мен геоантиклиндер геосинклиндық жүйелер ішіңдегі енсіз және жүздеген километрге созылған ойыстар мен көтермелер.

Эвгеосинклиндер. Жоғары магмалық белсенділік тән, орталық массивке жапсыра орналасқан геосинклиндық жүйенің ішкі ойысы.

Миогесинклиндер — геосинклиндық жүйенің жанартау әрекеттері өте болымсыз, тіпті мүлдем керініс бермейтін мейлінше салғырт өңірі.

Орогендер. Бұл терминнің түсінігін алғаш рет неміс геологы Л.Кобер (1921ж) геосинклиндер орнында паңда болған таулы-қатпарлы құрылыс деп берді. Л.Кобер бойынша орогеннің құрылысы желпуіш тәрізді болып орталық массивтен екі тармағы платформаға қарай бастырыла орналасады.

Алпысыншы жылдары бірқатар ғалымдар (АЛ.Яншин, В.Е.Хаин, С.С.Шульц) орогендер ішінен екі жеке типін белуді ұсынды: эпигеосинклиндік және эпиплатформалық орогендерді. Алғашқысы Л.Кобер түсінігіндегі орогенге, ал соңғысы геосинклиндер орнына емес, платформалар үстінде дамығандарға сәйкес келеді.

Әлемдік мұхитты геологиялық-геофизиқалық пен морфологиялық зертгеулер нәтижесінде мұхит түбінде үзілмейтін таулы құрылыс жүйесі — мұхиттың орта жоталары болатындығы дәлелденді. Соңғьшардың құрлықтың жүйесімен ұқсастығы мен біршама айырмашылықтары бар болса да орогендер деп аталынды. Сөйтіп, қазіргі кезде ороген терминінің анықтамасы біраз кеңейтідді. Сонымен ороген дегеніміз, тектоникалық, магмалық сейсмикалық белсенді биік таулы және қаурыт дараланған бедерімен созылған тау жүйесі. Орогендерде континенттік пен мүхиттық, ал алғашқылары ішінде эпигеосинклиндік, эпиплатформалық түрлерге бөлінеді. Орогендер де геосинклин тәрізді қозғалмалы құрылымдарға жатады.

Орогендердің негізгі құрылымдарына антиклинорий мен синклинорий жатады.

Антиклинорий — антиклин құрылысты өте күрделі иілімдер бірлестігіне


құрастыратын, ауқымы біршама ірі қүрылым. Ол жер бедері ядросында
қанаттарына қарағанда кене жыныстары орналасатын тау жотасы түріңде
байкалады. .

Синклинорий - синклин кұрылысты күрделі қатпарлы құрылым. Жер бедеріңде ойыспен немесе тау жотасымен байқалады, бірақта ядросында қанаттарына қарағанда хас тау жыныстары орналасады. Синклинорий тау аралық ойыстарда түзіледі.

Платформалар — негізінен континентке тон, тектоникалық тұрғыдан барынша салғырт аймақтық құрылымдар. Олар оз дамуын аяқтаған қатпарлы құрыдыстардың, яғни эпигеосинклиндік орогендердің өз әрекеттерін аяқтауы нәтижесінде қалыптасады. Платформалар ауданы миллиондаған шаршы километрлермен өлшенеді, ал пішіні изометрлі, көпбұрышты болып келеді. Қазіргі жер бедерінде олар көбінесе материктік жазықтармен, биік емес жазық таулармен, кұрлық іші қайранды теңіздермен сипатталады.

Платформаларға тік бағытты қозғалыстардың әлсіздігі мен амплитудасының төмендігі тән, ал ол жағдай онда қалыптасқан шөгінді қабат қалындығының аздығымен (орташа 2-3 км, бірақ 20 км шөгіңці қатқабатты ойыстар да бар) сипатталады. Мұнда неритті (қайраңды) фация басым дамыған, қабат қалындығы мен фация құрылымдар созылымына тік бағытта бірте-бірте өзгереді. Шөгінді қабаттар көлденеңді немесе соған жақын жатысты болып, олардың арасындағы құлау бұрыштары алғашқы градустардан аспайтын көлбеу қатпарлар түзеді. Белсенді жарылымдар маңында платформаның шөгінді тысының учаскілері қатпарланған болып келеді. Осылармен қоса платформа көлемінде сейсмикалық белсенділік пен геотермикалық градиенттің төмен екендігін айта кеткен жөн. Магматизм әсері геосинклиндердегіге қарағанда анағүрлым әлсіз. Магма құрамы базальтты, (сілтілі-базалыты) ете сирек жербетілік вулканизмнің қышқылды түрі байқалады.

Магматизмнің классикалық түріне көне платформалардағы траппалы формацияны жатқызуға болады. Платформа екі этаждан тұрады. Төменгісі іргетасы (фундаменті), ал оны кемкеріл жатқан құрылымдық-формациялық этажы - шөгінді жамылғысы (тысы). Платформа құрылысына әр түрлі құрылымдылық элементтер қатысады: олар пішіндері, мөлшері, тектоникалық қозғалыс режимі айырмашьшықтарымен өзгешеленеді. Олардың пішіндегі ірілері мен маңыздыларына төмендегілер жатады.

Қалқандар - платформаның жер бетіне кристаддың іргетасы шығып жатқан көлемді изометрлік облысы.

Такталар - платформаның шөгінді тыспен толық жабыңдалған көлемді аймағы (2 000-3 000 км).

Антеклиздер - қанаттарының көлбеулік бұрышы өте төмен біршама ірі көтермелер.

Синеклиздер - келемі өте ірі изометрлі көлбеу ойпандар.

Авлакоген - платформа іргетасын тікелей тіліп өтетін терең жарылымдармен шектелген мейлінше ұзын да, енсіз науа тәріздес тектоникалық ойыстар. Авлакогеннің ұзындығы жүздеген километрмен өлшенеді, ал ені ондаған километрден аспайды.

Платформаның тысын күрделендіретін бұлардан басқа да құрылымдар кездеседі.

Жоғарыда аталған жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері геотектоника ғылымын зерттейтін нысаналары болып саналады. Оларды зерттеу жер қыртысының құрылысы мен даму зандылықтарын ашуға, түсінуге көмектеседі.





Сурет. 1-су, 2-шөгінді жыныстар, 3-жер қыртысыныңгранитті-гнейсті қабаты, 4-базальттік қабат, 5-жер мантиясы, М-Мохоровичич деңгейі, 6-жоғары тығыздықты мантия учаскесі, 8-терең жарылымдар, 9-жаңартаулық конус, магмалық канал мен ошақтары

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет