Жеке тұлғаның ағымдағы шоты туралы шарт Осы Жеке тұлғаның ағымдағы шоты туралы шарт



жүктеу 159.61 Kb.
Дата05.02.2017
өлшемі159.61 Kb.



logo_kaz





Жеке тұлғаның ағымдағы шоты туралы шарт
Осы Жеке тұлғаның ағымдағы шоты туралы шарт «БТА Банкі» Акционерлік қоғамымен (әрі қарай – Банк) жеке тұлғаның ағымдағы шотын ашу мен жабудың стандарттық талаптарын, сондай-ақ ағымдағы шотты жүргізу және қызмет көрсету тәртібін анықтайды.


  1. Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар

    1. Шот иесі (әрі қарай - Клиент) – ағымдағы шотты ашатын және Жеке тұлғаның ағымдағы шоты туралы шартты жасайтын жеке тұлға.

    2. Ақша салушы – Клиент немесе Клиенттің ағымдағы шотына қолма-қол ақша енгізетін кез келген жеке тұлға немесе заңды тұлға.

    3. Сенімді тұлға – Клиенттен ағымдағы шотты басқаруға нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде оның ағымдағы шоты бойынша операцияларды жүргізу кезінде Клиенттің уәкілетті тұлғасы.

    4. Ағымдағы шот туралы шарт (әрі қарай – Шарт) – Банк пен Клиенттер арасында жасалатын келісім, оның негізінде Банк Клиенттің пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, Клиентке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы Клиенттің өкімдерін орындауға және Шартпен қарастырылған басқа қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

    5. Деребес деректер - электрондық/қағаз және/немесе басқа материалды жеткізгіште жазылған Клиентке қатысты, соның ішінде келешекте туындайтын мәліметтер, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгертулер және/немесе толықтырулар.

    6. Қазақстан Республикасы – ҚР.

    7. Келісім – Клиентпен дербес деректерді жинауға және өңдеуге ұсынылатын жазбаша келісім.

    8. Ағымдағы шот (әрі қарай - АШ, Шот)

 Клиенттің пайдасына ақша қабылдауға/есептеуге;

 Шартпен қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы Клиенттің өкімін орындауға;

 ҚР заңнамасымен және/немесе Шартпен қарастырылған негіздер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауға;

 Шартпен белгіленген тәртіпте Клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдауға және беруге;

 Банк Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ағымдағы шотқа қызмет көрсету үшін комиссияны алуға;

 Клиенттің сұрауымен шот бойынша үзінділер (жүргізілген операциялар туралы) беруге;

 шартпен және/немесе ҚР заңнамасымен қарастырылған Клиентке басқа банктік қызмет көрсетуге байланысты операциялар орындалатын Шарт негізінде банкпен Клиентке – жеке тұлғаға (ҚР резиденті немесе резиденті емес) ашылатын банктік шот.


  1. Шарттың мәні

    1. Банк ҚР қолданыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес Клиентке АШ ашады, ол бойынша операцияларды жүзеге асырады, банктік қызмет көрсетеді, ал Клиент банктік операциялар жүргізілген сәтте әрекет ететін Банктің тарифтеріне сәйкес көрсетілетін банктік қызметтерді төлеуге міндеттенеді.

    2. Банктің Клиенттен осы Шартқа қосылу туралы өтінішті (әрі қарай – Өтініш) қабылдауы Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді. Банк Өтініште Өтінішті қабылдау туралы белгіні қойғаннан кейін және ашылған Шоттың деректемелерін көрсеткеннен кейін Өтініш қабылданған, ал Шарт жасалған болып есептеледі.

Өтініштегі Клиенттің қолы Клиенттің Шартты толық көлемде, қандай да бір ескертулерсіз және наразылықтарсыз алғандығын, оқығандығын, түсінгендігін және қабылдағандығын куәландырады. Осыған байланысты Клиент одан әрі, егер Банкте Клиент қол қойған Өтініштің данасы болса, Шарт онымен алынбағандығына/оқымағандығына/түсінбегендіне/қабылдамағандығына дәлел ретінде оның қолы осы Шартта болмауына сілтеме жасауға құқығы жоқ.

Клиент өтінішке қол қоя отырып, Шотты ашу, жүргізу, жабу және осы Шартқа қосылу бойынша барлық талаптарды өзіне қабылдайды, сондай-ақ осы Шарттың барлық талаптары (ережелері) толық көлемде Клиентке түсінікті екендігін және оның мүдделеріне және ерік білдіруіне сәйкес келетіндігін растайды.


3. Банкпен депозитке кепілдік беру

3.1 Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады және депозиттерге міндетті кепілдік беретін уәкілетті органмен берілген куәлік негізінде әрекет етеді.

3.2 Жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру шарттары ҚР қолданыстағы заңнамасының ережелерімен анықталады.
4. Шотты жүргізу

4.1. Шотты жүргізу ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Банкпен жүзеге асырылады.

4.2. Банк Шот бойынша келесі операцияларды жүзеге асырады:

4.2.1 Клиенттің қолма-қол ақшасын қамтамасыз етеді.

4.2.2 Клиенттің пайдасына ақшаны қабылдайды (есепке алады).

4.2.3 Валюталық заңнаманың талаптарын сақтаумен осы Шартта қарастырылған тәртіпте үшінші тұлғалардың пайдасына Клиенттің ақшасын аудару туралы өкімді орындайды. Ақша аударымдары ағымдағы валюталау күнімен және 7 күнтізбелік күннен аспайтын Клиенттің өтінішінде көрсетілген болашақ валюталау күнімен жүзеге асырылады. Валюталау күні жұмыс емес күнге сәйкес келген жағдайда, осындай күн жұмыс күнінен кейінгі күн саналады.

4.2.4 ҚР заңнама актілерімен және (немесе) Шартпен қарастырылған негіздемелер бойынша Клиенттің ақшасын алу туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындайды.

4.2.5. Клиенттің және/немесе үшінші тұлғаның Шотты толықтыруы қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз, оның ішінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа банктерден аудару арқылы және осы Шартпен бекітілген тәртіпте Клиентке қолма-қол ақшаны беру арқылы жүргізіледі.

4.2.6. Клиенттің талабы бойынша оның АШ ақша сомасы және ол бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты ұсынады.

4.2.7. ҚР заңнамасымен қарастырылған Клиентке өзге банктік қызметтерді көрсетеді.

4.3 Банк Шот бойынша барлық операцияларды ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген Клиенттің нұсқаулары негізінде жүзеге асырады.

4.4. Шот бойынша барлық шығыс операциялары Шоттағы ақша қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

4.5. Клиент Банкке осы Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қойғанға дейін осы Шарт бойынша Банк алдында өз міндеттемелерін тиісті түрде орындау мақсатында, сондай-ақ ҚР заңнамасының талаптарына және халықаралық нормаларға сәйкес Дербес деректерді жинау және өңдеу қажеттілігі туындайтын/бар болған басқа жағдайларда, электрондық, қағаз және кез келген басқа жеткізгіште жазылған мәліметтерді қоса өзінің Дербес деректерін барлық көздерден Банкпен жинауға және кез келген өңдеуге өзінің шартсыз және кері шақыртусыз келісімін береді.

Клиент қажет болған жағдайда, дербес деректер немесе Дербес деректер мазмұндалған құжаттар қосымша келісім алусыз, осы Шартпен және осы Шартқа қосылу туралы өтінішпен және Банк пен Клиент арасында жасалған басқа шарттармен, сондай-ақ ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен қарастырылған негіздер бойынша клиенттің салық резиденттігіне қатысты мәліметтерді жинау және беру бойынша заңнаманың талаптары, соның ішінде АҚШ «Шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы» (FATCA) Заңымен белгіленген талаптар Банкпен орындалу аясында уәкілетті органға/үшінші тұлғаларға, Банкке қатысты жүргізілетін аудит аясында аудиторларға; Банк кеңесшілеріне; коллекторлық компанияларға осы Шарт бойынша талап ету құқығын ақылы/ақысыз беру нәтижесінде Банкпен берілуі мүмкін екендігін мойындайды және растайды.

4.6. Банктік құпия: Клиенттің өзіне, сондай-ақ осы Шартта, ҚР «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңында қарастырылған тәртіпте және негіздер бойынша басқа тұлғаларға; ҚР Ұлттық Банкіне; ҚР «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік органға; клиенттің салық резиденттігіне қатысты мәліметтерді жинау және беру бойынша заңнаманың талаптары, соның ішінде АҚШ «Шетелдік шоттарды салықтық бақылау туралы» (FATCA) Заңымен белгіленген талаптар Банкпен орындалу аясында уәкілетті органға/үшінші тұлғаларға, Банкке қатысты жүргізілетін аудит аясында аудиторларға жария болуы мүмкін. Одан басқа, банктік құпия Клиент сөзсіз келісетін банктік құпия болып табылатын ақпаратты сұраған тұлағаның/органның қызметін реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылған негіздер бойынша ҚР «ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілмеген тұлғаларға, сондай-ақ осы Шарт бойынша талап ету құқығын ақылы/ақысыз беру нәтижесінде немесе басқа негіздер бойынша басқа үшінші тұлғаларға, соның ішінде коллекторлық компанияларға, Банк кеңесшілеріне жария болуы мүмкін.

5. Банктің құқықтары мен міндеттері

5.1. Банк құқылы:

5.1.1. Клиент өз шоты бойынша операцияларды жүргізген кезде (Шоттың ағымдағы жағдайы туралы мәліметтер алу/Шотты толтыру/Шоттан ақшаны алу/Шоттан ақша аудару (айырбастаумен/айырбастаусыз)/Шотты жабу) Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттағы қолдарының сәйкестігін салыстыра тексеруге, сонымен қатар «Код сөзін» талап етуге. Қолдар және/немесе «Код сөзі» сәйкес келмегенде, жағдайды анықтағанға дейін Шот бойынша операциялар жүргізілмейді.

5.1.2. Клиенттің Шотынан Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссияларды ұстауға: оның Шоты бойынша операцияларды жүргізу үшін; Шоттан қолма-қол ақшаны беру үшін.

5.1.3. Шотта 1 жыл бойына ақша болмаған жағдайда, Клиенттің Шотын бір жақты тәртіпте жабуға.

5.1.4. Банктің банктік қызметтер көрсету тарифтеріне бір жақты тәртіпте өзгерістер енгізуге;

5.1.5. ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Шотқа ұсынылатын үшінші тұлғалардың нұсқаулары негізінде ақшаны акцептсіз алуға.

5.1.6. Осы Шарттың 7-бабына сәйкес сенімхат бойынша сараптамаларды жүргізуге;

5.1.7 Осы Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қоя отырып, Клиент Банкке банкте және ҚР аумағында және одан тыс жерлерде әрекет ететін кез келген басқа банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған Клиенттің кез келген банктік шоттарынан, соның ішінде жинақ шотынан (төмендетілмейтін қалдықты қоса) Банк алдында Клиенттің міндеттемелері бойынша барлық берешек сомасын акцептсіз алуға (есептен шығаруға) шартсыз құқығын береді.

Клиенттің банктік шотында ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда, Банк оның алдындағы Клиенттің міндеттемелері бойынша Берешек сомасы шегінде картотекадағы төлем құжаттары (төлем ордері, төлем талаптары – тапсырмалары, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған акцептсіз тәртіпте орындалатын өзге төлем құжаттары) бойынша міндеттемелерді толық өтегенге дейін оларды аккумуляциялау арқылы Клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

5.1.8. ҚР «Заңсыз жолмен алынған пайданы заңдастыруға (ізін жасыру) қарсы әрекет ету және лаңкестікті қаржыландыру туралы» Заңымен қарастырылған іс-шараларды орындау мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде келесі жағдайларда, бірақ олармен шектелмей:



  • Банкпен Клиентті тиісті түрде тексеру немесе Клиент жүргізетін банктік операцияларды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда;

  • Клиент күдікті/күмәнді операцияларды жүзеге асырған жағдайда;

  • Банкте жүргізілетін банктік операциялар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген талаптарға қайшы келетін/бұзатын негіздер туындайтын басқа негіздер бойынша операциялар жүргізуден бас тартуға және (немесе) банктік шотты жабуға;

5.1.9. Себептерді түсіндірусіз Клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға, клиенттің шотын жабуға және Клиенттің ҚР «Заңсыз жолмен алынған пайданы заңдастыруға (ізін жасыру) қарсы әрекет ету және лаңкестікті қаржыландыру туралы» Заңымен қарастырылған негіздер бойынша Шот бойынша операциялар орындау туралы өкімдерін орындаудан бас тартуға.

5.1.10. Егер бұл операцияның бір тарабы (тараптары) төмендегілердің бірі болса, операция жүргізуді кідірте тұруға және/немесе бас тартуға:

- терроризм мен экстремизимді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне кіретін ұйым немесе тұлға;

- терроризм мен экстремизимді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енген ұйымдардың немесе тұлғалардың меншігіне немесе бақылауына тікелй немесе жанама қатысты заңды тұлға;

- терроризм мен экстремизимді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енген ұйым немесе тұлғаның атынан немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға.

- терроризм мен экстремизимді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енбеген, бірақ терроризм мен эсктремизмді қаржыландыруда күмәнді немесе терроризм мен экстремизммен байланысты жеке немесе заңды тұлға.

5.1.11. Осы тұлғаның мәмілеге қатысына (тікелей немесе жанама) қарамастан, мәміленің тарабы Иран резиденті (жеке және заңды тұлға да, оның ішінде заңды тұлғалардың қатысушылары/құрылтайшылары) болған жағдайда, шот бойынша операция жүргізуден бас тартуға. Бұл ретте осы талап халықаралық шығыс төлемдеріне және (немесе) ақша аударымдарына ғана таралады, ал Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын төлемдерге/ақша аударымдарына таралмайды.

5.2 Банк міндетті:

5.2.1 Клиент тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда оған Шот ашуға.

5.2.2 Клиентпен немесе Клиенттің пайдасына үшінші тұлғалармен қолма-қол ақшаны салу немесе қолма-қол ақшасыз аудару арқылы түсетін ақшаны Шотқа есептеуге, бұл ретте Клиент Банкке үшінші тұлғалармен енгізілген ақшаны оның Шотына есептеу құқығын ұсынады.

5.2.3 ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте АШ-тан ақша аудару туралы Клиенттің немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның заңды өкілдерінің тапсырмаларын орындауға.

5.2.4 Клиенттің немесе оның өкілдерінің талабы бойынша ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте ақшаны төлеуге.

5.2.5. Банкке жеке келген немесе телефон соққан кезде Клиенттің сұрауы бойынша оған танысу үшін Банк тарифтерінің әрбір өзгеруі кезінде олар туралы ақпаратты Банк филиалдарында орналастыруға.

5.2.6 Клиенттің ақшасына тыйым салу және Шоттар бойынша операцияларды тоқтату, салынған тыйымды алу және Шоттар бойынша операцияларды қалпына келтіру туралы уәкілетті органдардың заңды нұсқауларын орындауға.

5.2.7 Клиент жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке қорғаушы, жеке сот орындаушысы ретінде есепте тұрған жағдайда, Салық қызметі органдарына Клиенттің банктік шотының нөмірі туралы ақпарат ұсынуға.

5.2.8. Клиенттің ақшасын сақтауды және Клиенттің шоттары бойынша жасалған операциялардың қатаң құпиялылығын қамтамасыз етуге. Клиенттің банктік шоттары бойынша операцияларға қатысты мәліметтер үшінші тұлғаларға ҚР заңнамасында және/немесе осы Шартта белгіленген тәртіпте ғана белгілі бола алады.

5.2.9. Аударымдарды орындау валюталау күні туындаған кезде жүргізілетін болашақта валюталау күнімен ақшаны аударудан басқа, Клиентке қызмет көрсету бойынша барлық операциялар Банкпен белгіленген операциялық күн ішінде жүзеге асыруға.

5.2.10. Клиентке қызмет көрсету кезінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға.

5.2.11. ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте Клиенттің немесе нотариалды куәландырылған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкілдерінің өтініші негізінде Шотты жабуға.



6. Клиенттің құқықтары мен міндеттері

6.1 Клиент құқылы:

6.1.1 ҚР қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте және шекте Шоттағы ақшаға дербес билік жүргізуге.

6.1.2 Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде Шотты толықтыруға, қолма-қол ақшаны алуға, осы Шоттағы ақша қалдығы шегінде Шоттан қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асыруға, сонымен қатар Шотқа Клиенттің басқа шоттарынан қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асыруға, ҚР қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте ақшаны айырбастауға.

6.1.3 өз Шотының ағымдағы жағдайы туралы ақпарат алуға.

6.1.4 ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте сенімхатты ресімдеу арқылы өзге тұлғаға шотқа билік жүргізуді сеніп тапсыруға.

6.1.5 Банкте бірнеше ағымдағы шоттарға ие болуға.



6.2. Клиент міндетті:

6.2.1 Өз Шоты бойынша операциялар жүргізген кезде (АШ ағымдағы жағдайы туралы мәліметтер алу/АШ толтыру/ АШ ақша алу/АШ-тан ақша аудару (айырбастаумен/айырбастаусыз)/АШ жабу) Банкке Клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға және «Код сөзін» хабарлауға.

6.2.2 ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалды қызметтерге, сонымен қатар жеке сот орындаушысының қызметіне байланысты АШ бойынша операцияларды жүзеге асырымауға.

6.2.3. Банкке 1 000 000 (бір миллион) теңгеден немесе шетел валютасына балама артық сомада өзінің Шотынан қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар туралы болжанған мерзімге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын міндетті түрде хабарлауға.

6.2.4. Банкпен көрсетілген қызметтер үшін барлық комиссияларды, соның ішінде Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес осы Шартта және оған қосылу туралы өтініште қарастырылмаған комиссияларды төлеуге.

6.2.5. ҚР заңнамасымен бекітілген Шот бойынша операцияларды жүзеге асыруға арналған нысанда нұсқауларды ұсынуға.

6.2.6. Банк тарифтерінің өзгеруі туралы Банк филиалдарынан немесе анықтама қызметінің телефондары бойынша өз бетінше біліп отыруға.

6.2.7. Банктің талабы бойынша шоттағы ақшаға қатысты кез келген ақпараттарды және құжаттарды ұсынуға.



7. Сенімхат негізінде Шот бойынша операцияларды жүзеге асыру

7.1. Банкпен сенімхат бойынша операцияларды жүргізу ҚР қолданыстағы заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.2. Сенімді тұлға АШ бойынша операцияларды жүргізген жағдайда, Сенімді тұлға Банкке Сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, шотқа билік жүргізуге Клиентпен Сенімді тұлғаға берілген нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға және «Код сөзін» хабарлауға міндетті. Клиенттің Мұрагерімен Шоттар бойынша операциялар жүргізілген жағдайда (Клиент қайтыс болған жағдайда), Мұрагер Банкке Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжатты және мұрагерлікке құқық беретін куәліктің түпнұсқасын ұсынуға міндетті.

7.3. Клиент тиісті сенімхат өзгертілген немесе нотариуспен тиісті түрде куәландырылған бас тартылған құжаттың түпнсқасын ұсыну арқылы сенімхат негізінде Шотқа билік жүргізуге құқылы тұлғалардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Банкке 1 (бір) күн ішінде жеке өзі хабарлауға міндетті.

7.4. Клиент Банкке келесі жағдайларда Сенімді тұлғамен шот/шоттар бойынша операцияларды жүргізуден бас тарту құқығын береді:


  • сенімхат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделмеген немесе нақты өкілеттіктер мазмұндалмаған жағдайда;

  • Сенімді тұлға «Код сөзін» хабарламаған жағдайда, бұл ретте Сенімді тұлға «Кодын сөзін» ауыстыруға құқығы жоқ;

  • сенімхатта Клиенттің қолтаңбасы Банктегі қолтаңбалар үлгісі бар құжатқа сәйкес болмаған жағдайда;

  • Сенімді тұлғамен сенімхаттың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда.

7.5. Осы Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қоя отырып, Клиент Банкке Клиентпен сенімхатты беру фактісін анықтау бойынша шараларды жүргізу, сонымен қатар АШ бойынша операцияларды Сенімді тұлғамен Банкке сенімхат ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырмау құқығын береді.

7.6. Егер Банкке Клиенттің қайтыс болуы туралы факті белгілі болмаса, сонымен қатар Клиент осы Шарттың 7.3 тармағының талаптарын орындамаса, Банк Клиент қайтыс болған жағдайда сенімді тұлғаның шоттарынан сомаларды сенімхат бойынша беру үшін жауап бермейді.



8. Валюталық операцияларды орындау тәртібі

8.1. Шот бойынша валюталық операцияларды жүргізу ҚР қолданыстағы валюталық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

8.2. Ақшаны аудару ҚР валюталық заңнамасына сәйкес келуін валюталық бақылаудан кейін жүзеге асырылады.

8.3. Шотқа түсетін ақшаны есептеу ҚР қолданыстағы валюталық заңнамасының талаптарына және шарттарына сәйкес Банкпен жүзеге асырылады.

8.4. Клиенттің пайдасына тіркеу куәлігін талап ететін валюталық операцияларды жүргізу барысында алынған ақша түскен жағдайда, Банк ақшаны Клиенттің арнайы банктік шотына есептейді және талап етілетін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы Клиентке хабарлайды.

8.5. Клиентпен Банкке талап етілген құжаттарды ұсынғанға дейін ҚР заңнамасының ережелеріне сәйкес ақша Банкпен арнайы банктік шотта шектеледі.


9. Дауларды шешу тәртібі. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Осы Шартты және оған қосылу туралы өтінішті орындау барысында Банк пен Клиент арасында пайда болуы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді ерікті түрде және өзара келісім принциптерінде реттеу үшін Тараптар барлық қажетті мүмкіндіктерді қолданады. Банк пен Клиент арасындағы келіспеушіліктер келіссөздер барысында реттелмеген жағдайда, осы мәселелерді шешу ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ҚР сот органдарының қарауына берілуі мүмкін.

9.2. Осы Шартпен қарастырылмаған барлық қалған жағдайларда, Тараптар ҚР заңнамасын басшылыққа алады.

9.3. Соғыс, әскери іс-әрекеттер, террорлық актілер, табиғи апаттар, ереуілдер, электр қуатының сөнуі, байланыс желілерінің бұзылуы және басқа да Тараптардың еркіне байланыссыз жағдайлар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін заңдарды, жарлықтарды, қаулыларды және нұсқауларды қабылдауы міндеттемелердің орындалуына кедергі жаса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе түрде орындамаған үшін жауап бермейді.



10. Қорытынды ережелер

10.1. Клиент өтінішке қол қойған сәттен бастап және Банк өтінішті қабылдау туралы өтінішке белгі қойғаннан және онда ашылған Шоттың деректемелерін көрсеткеннен кейін күшіне енеді, егер Тараптармен өзгесі белгіленбесе, белгісіз мерзімге дейін әрекет етеді.

10.2. Банк пен Клиент арасындағы қолданыстағы немесе болашақта жасалатын шарттар бойынша талап құқықтары кез келген нысанда Банкпен шеттетілген жағдайда, Клиент осы Шартқа негізделген Банкке қарама-қарсы біркелкі талаптарды есепке алу арқылы осы шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін тоқтатуды талап етпейді.

10.3. Банкпен қабылданған Салымшының барлық өтініштері Шарттың және осы Шартқа қосылу туралы өтініштің ажырамас бөлігі болып табылады.

10.4. Осы Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар, Банктің тарифтерін және осы Шартпен белгіленген комиссиялар бойынша өзгертулерді қоспағанда, Банктің ресми сайтында орналасқан жағдайда жарамды болады

10.5. Банк бір жақты тәртіпте, Клиентпен алдын ала келіспей Шартқа өзгерістер енгізуге құқылы. Шарттың өзгертілген басылымы осындай өзгертулер күшіне енгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей www.bta.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында Банкпен орналастырылады. Өзгертулер енгізгеннен кейін Шарт жаңа басылымда әрекет етеді. Клиент Шарттың өзгертілген басылымымен Банк бөлімшелерінде немесе www.bta.kz мекенжайы бойынша Банктің веб-сайтында өз бетінше танысады.

Клиенттің Банкке Шартқа өзгертулер енгізу туралы Банк хабарлама жариялаған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде енгізілген өзгерістерді есептеумен Шарттың талаптарын қабылдамау туралы өтініш ұсынбауы Клиенттің Шарттың жаңа (өзгертілген) басылымымен келіскендігін және енгізілген өзгерістерді есептеумен оған қосылғандығын білдіреді.

10.6. Осы арқылы Клиент Банк оның ресми WEB-сайтында тиісті ақпараттарды орналастыру және Банктің бөлмелеріндегі жарнама стенділерінде көрнекі ақпараттарды орналастыру арқылы Шот бойынша комиссия мөлшерінің өзгерістері, банктік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуы туралы хабарлайтындығына келіседі.



10.7. Тараптар Шот бойынша комиссиялардың мөлшері өзгерген жағдайда, тиісті өзгерістер Банк оның ресми WEB-сайтында және Банктің бөлмелеріндегі жарнама стенділерінде орналастырған күннен бастап Шартқа енгізілген болып саналатына келісті.

10.8. Осы Шартқа қосылу туралы өтінішке қол қоя отырып, Клиент шарттың барлық талаптарын қандай да бір наразылықтарсыз және ескертулерсіз қабылдай отырып осы Шарттың барлық талаптарымен келіседі.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет