Жеке тұЛҒА Қасиеттерін зерттеу жолдары андатпа



жүктеу 112.71 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі112.71 Kb.
ӘОЖ 145: 10(2)

Г.А.Бахрамова

п.ғ.к., доцент
ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Андатпа/Аннотация

Мақалада жеке тұлға қасиеттерін зерттеу жолдары қарастырылған. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зертеу өте күрделі процесс екендігіне анықтама берілді. Тәжірибелік психиологиялық зерттеу негізін қалаушы ғалымдардың пікірінше зерттеу анықтамалары қарастырылған. Зерттеу жұмыстарының кезеңдері негізделген. Нақты психодиогностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатқандығы туралы мәлімет берілді. Қазақстан, Ресей, шетел ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген.



Кілттік сөздер/Ключевые слова

Жеке тұлға, психикалық қасиеттер, психодиагностика, психокоррекция, нормадан ауытқушылық, жәрдем көрсету, темперамент, интеллектуал, көпаспектілік.


Практикалық психология – психикалық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологитялық ғылымдардың бір саласы.

Жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін зертеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиетерін, күй- жағдайларын, таным процестерін зертеп, олардың даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.

Психологиялық қызмет көрсету – балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады. [1]

Практикалық психологиялық зертеулер адамзат қанша өмір сүрсе, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады. Өйткені адам адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болды. Дегенмен нақты психодиогностикалық зерттеулерді жүргізу әдістері анықталып, жекелік психикалық қасиеттер ерекшеліктерін анықтау 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші пиходиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.

Тәжірибелік психиологиялық зерттеу негізін құрушылардың айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анық байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсеткен. Осындай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. Практикалық психология дамуындағы бұлкезең клиникалық деп аталады.

19 ғасырдың екінші жартысында жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты темпераментке жан-жақты сипаттама берілді. Сеченов, Павлов жүргізген зерттеулер нәтижесінде олар екінші сигналдық жүйенің, нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезді, практикалық психологияның дауына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады. [2]

Жекелік психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон тест деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зерттеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылды. Гальтонның ұсынысы бойынша тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялық зерттеулерде математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер дисперсиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен корреляциялық байланысы өте төмен көрсеткіштер анықталып, байқалуын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г. Айзенк және Р. Кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық бөліп психологиялық кескіннін жасауға, барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып анықтауға жол ашылды. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу тестері кеңінен қолданыла бастады. 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интелектуалдық тест жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине-Симон шкаласы деп қолданыла бастады. [3]

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған тестердің көптеген түрлері құрылды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиетттерін жан-жақты талдауа мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтаға адамдардың өзара қарым-қатынасын зерттеуге арналған Я.Морренонның социометриялық зерттеу әдісі, К.Левиннің өлшеу әдістемелері, Я.Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейін бағалау тесттілері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психалогиялық зерттеу орталықтары, мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шараларын ұйымдастыратын орталықтар ашылады. Тәжірбиелік психалогияның дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуда. Психалогиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психалогиялық қызметті білім беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күнің талабы деп айтуға әбден болады.

Соңғы жылдардағы педагогикалық практикаға байланысты зерттеулердің бірі К.Әбдімажитұлы педагогикалық практика барысында студенттерді ауыл мектептерінің тәжірибесі негізінде болашақ мамандығына, оның ішінде тәрбие жұмысын жүргізу ісіне даярлаудың жалпы мәселелеріне арнаған.

Қазақстан Республикасы көлемінде А.К.Меңжанова, Ж.А.Әбішева, Ж.А.Исмаилова, С.Н.Жиенбаева, Б.О.Арзанбаева, т.б. ғалым мамандар мектепке дейінгі тәрбие мамандарының педагогикалық практикасы туралы зерттеулер жүргізіп, практика мазмұнын ашып, әдістемелік қүралдар дайындаған. Соның ішінде ғалым Ж.А.Әбішева «Педагогика және психология» (мектепке дейінгі тәрбие) мамандығы бойынша "Мектепке дейінгі тәрбие факультеті студенттерінің қоғамдық-педагогикалық практикасында кәсіби бағыттануын қалыптастыру" атты ғылыми зерттеуінде қоғамдық-педагогикалық практиканың құрылымы мен мазмұнын айқындау жолын ұсынып, мектепке дейінгі тәрбие факультеті студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру практика барысындағы алғышарттар, педагогикалық практиканы ұйымдастыруды жетілдіру туралы әдістемелік нұсқаулар ұсынады.

Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.

Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность).

Адам деген ұғымды пайдаланғанда – ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.

Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.

Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:


1. Мәдени-тарихи даму концепциясы

2. Іс-әрекет теориясы.

3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.


4. Үйрету теориясы

5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.

Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:


  1. Л.С.Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.

  2. Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А.Н.Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы – барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету).

А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек. [4]

Таным процестері қызметі іскерліктерді үйренумен толықтырылады. Адамның үйренуі — әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы процесс. Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі — сенсомоторлық үйрену — қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады.

Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде жүзеге асады, бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы басқарылады. Бір жағынан, когнитивтік деңгейде тиісті сыныптардың есептерін шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен практикалық іс-әрекеттерге үйрену (бұл орайда түсініктер мен практикалық іскерліктер қалыптасады), екінші жағынан, қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс-әрекеттерін үйрену болады (мұнда ұғымдар мен ойлау қалыптасады).

Үйренудің аталған бұл деңгейлері мен түрлері белгілі бір шамада жасанды түрде бөлінген. Іс жүзінде адамның үйренуі барысында олар тығыз ұштасып, өзара байланысып жатады. Алайда олардың әркайсысының белгілі бір ерекшеліктері бар. Бұған қоса бұл деңгейлер үйренудің генетикалық сатылары болып та көрінеді. Алайда мұның алдындағы деңгейлер ғайып болмайды және өз маңызынан да айрылмайды, олар бар болғаны қайта құрылып, келесі деңгейді үйренуге бағынады да, оның құрылымына кіре бастайды. Мысалы, когнитивтік үйренудің ең жоғары деңгейлерінде (жоғары математиканы оқып үйренуде) оған нақты білімдерді меңгеру де, жаңа практикалық амалдарды меңгеру де, қабылдаудың жаңа бейнелерінің (фигуралардың, графиктердің, белгілердің) қалыптасуы да, сондай-ақ моторлық жіктеулер де (формулалар жазу, қисық сызықтар сызу) кіреді.

Бірақ білім мен іскерліктерді осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар үйрену көптеген жағдайларда нысаналы процесс ретінде арнайы ұйымдастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Үйренудің бұл мақсатқа сай ұйымдастырылуын оқыту деп атайды. Оның неғұрлым көп тараған түрі —мектепте оқыту. Бірақ ол басқа көптеген мекемелерде, мәселен балабақшада балаларға сурет салуды, музыканы, өзіне қызмет көрсету дағдыларын және т. б. арнайы үйреткенде жүзеге асырылады. Оқыту элементі семья тәрбиесінде (балаларды үлкендердің арасында өзін қалай ұстауды арнайы үйретеді), сондай-ақ адамдардың өзара қарым-қатынастары басқа да жағдайларда байқалады.

Дегенмен үйрену процесі тек қана арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана емес, сонымен қатар бала өмір сүретін әлеуметтік ортаның көптеген факторлары әсерімен, басқа адамдардың тәжірибесінен үйрену, немесе жол-жөнекей үйрену үлкен орын алады.

Жол-жөнекей үйрену және мақсат қойып оқу арақатынасы өте күрделі. Оқыту барысында оқушының нақ қандай белсенділігі немесе іс-әрекеті үйренуге жеткізеді? Зерттеулер мынаны көрсетеді: мәселен, бөбектің затты ұстауы, онымен ойнауы, еңбектеуі мен жүруі оны қозғалыстарды үйлестіруге, айналадағы ортаны бағдарлауға үйретеді, оған заттардың қасиеттерін таныстырады, қабылдауын қалыптастырады. Заттарды практикалық пайдалану мен сөйлеу балаға айналадағы заттардың неге арналғанын, олардың функцияларын және онымен не істеу керек екенін анықтап, жүзеге асырады. Екінші жағдайларда, мәселен, машинаны басқарушыда тікелей мақсат белгілі сапасы бар, белгілі бір өнім алу болмақ. Ал бұл орайда болатын өндірістік дағдыларды жетілдіру болса, онда мұның өзі іс-әрекеттің қайсыбір қосарлас нәтижесі ретінде пайда болады. [5]

Оқу процесі барысында балалар өздерінің айтқандары мен іс-әрекеттерін біртіндеп дәлелдеуге және негіздеуге үйренеді. Мұндай негіздеудің көптеген тәсілдерін мұғалім көрсетіп береді. Пайымдау үлгілерін меңгеріп, оны өз таным процестерін ұйымдастыруға кеңінен пайдалана бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының оқу еңбегінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Баланың таным процестерінің дамуы олардың іс-әрекеттерінің түрлерімен тығыз байланысты жүред және баланың танымдық әрекетінің және жалпы барлық іс-әрекеттерінің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыратынына түсініп мотивациялық жүйесі қалыптасады.


Әдебиеттер


  1. Алдамуратов К. Жан тану негіздері. – Алматы, 2001.

  2. Бектенгалиева С.Х., ЯдгароваН.К. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. –Алматы, 2003.

  3. Жарықбаева Қ. Жан тану негіздері. –Алматы, 2001.

  4. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. –Алматы, 2003.

  5. Нұрмұхамбетова Т.Р. Практикалық психология. 1 том. -Шымкент, 2006.


Сведения об авторах
Асем Мубарекова – студентка 1 курса группы ФК-14-3к, специальности 5В010300-«Педагогика и психология» факультета «Физическая культура и спорт» ЮКГУ им.М.Ауезова, г.Шымкент,

Гульмира Абдурасуловна Бахрамова – научный руководитель, кандидат педагогических наук, доцент кафедры «Психология и дефектология» факультета «Физическая культура и спорт» ЮКГУ им.М.Ауезова, г.Шымкент, сот. 8 778 212 34 00, e-mail: gulia1966@list.ru
Резюме

В статье рассматриваются пути исследования качества личности. Дается понятие о том, что исследование личностных качеств – это глобальный процесс. Расскрывается сущность научных исследований основоположников. Так же дается логично-поэтапное построение исследований личностных качеств индивида. Раскрываются пути психодиагностических исследований казахстанских, российских, зарубежных ученых, на что можно основываться для дальнейшего его совершенствования.



Information about the authors
Asem Mubarekova – 1nd year student group FC-14-3K1, specialty 5V010300- ‘ Pedagogics and psychology’ faculty ‘ Physical Culture and Sports’ SKSU named M. Auezov, Shymkent7

Gulmira Abdurasulovna Bahramova- the supervisor, Ph.D. Associate professor ‘Psychology and defectology’ faculty ‘Physical Culture and Sports’ SKSU named M. Auezov, Shymkent.сот. 8 778 212 34 00, e-mail: gulia1966@list.ru

Resume

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет