«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі87 Kb.


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы " ____ " _________

№ _____ қаулысына 1- қосымша

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚО);

  3. «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы басып шығарады – 10 (он) минут. Нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жіберу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қояды – 10 (он) минут. Нәтижесі – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қою;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 (он) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) ХҚО қызметкері.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы танысу және қол қою үшін құжаттарды басшылыққа жолдайды – 10 (он) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы танысады, қол қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 10 (он) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы мөрмен куәландырылады және береді – 10 (он) минут.

8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. ХҚО-на үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:

1) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдайды және тексереді, 5 минуттан артық емес.

Көрсетілетін қызметті алушы стандартының 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚО-ның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

2) ХҚО қызметкері құжаттар топтамасын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, мемлекеттік қызметті алу мерзімі және тіркелген мерзімі көрсетілген қолхатты береді, 5 минуттан артық емес;

3) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, пайдалануға жазбаша келісім алады, 5 минуттан артық емес;

4) ХҚО қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 минуттан артық емес.

10. ХҚО-на үндеу тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.

11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы тіркеуді (авторизациялау) жекеше сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы порталда жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электронды мемлекеттік қызметін тандауы, электронды өтініштің жолын толтыру және Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қоса берілуі;

3) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызметін көрсету үшін электронды сұрау салу куәлігі;

4) көрсетілетін қызметті берушіге электронды сұрау салуды (тексеру, тіркеу) өндеу;

5) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинет" порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі және электронды сұрау салу мәртебесі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушымен алу;

6) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушімен жіберу;

7) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушымен алу.

12. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
   

Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы


Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдауды, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы басып шығарады – 10 (он) минут








Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 (он) минут

«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

ХҚО-на хабарласу тәртібінің сипаттамасы




«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша


Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы






















«Жеке қосалқы шаруашылықтың


болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 4-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы

Тіркеуді (авторизациялау) жүзеге асырады



Тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолхатты береді– 5 минуттан артық емес

Құжаттарды қабылдауды, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы басып шығарады – 10 (он) минут





Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаға қол қояды – 10 (он) минут







Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы қол қойылған анықтаманы мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 10 (он) минут




Шартты белгілер:




- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




- құрылымдық - функционалдық бірліктің атауы




- рәсімінің (іс-қимылының) құрылымдық - функционалдық бірліктің атауы




- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

Каталог: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...