Жаттықтырушы тұЛҒасының КӘсіби маңызды сипаттары

Loading...


Дата09.09.2017
өлшемі87.88 Kb.
ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ СИПАТТАРЫ
Альгожина А.Р.
Жаттықтырушының шеберлігі оқушыларымен қарым-қатынасына өзгешелікті беретін, оның әр түрлі үйренулерді меңгеру деңгейін мен жылдамдығын анықтайтын ондағы бар қасиеттерімен анықталады.

Жаттықтырушының барлық кәсіби маңызды қасиеттерін келесі топтарға бөлуге болады: дүниетанымдық, адамгершіліктік, коммуникативтік (педагогический тактіні қоса отырыперіктік, интеллектуальды, — перцептивті, аттенционды қоса (зейін қасиеттері), мнемикалық (ес қасиеттері), — қозғалыстық (психомоторлы).

Жаттықтырушының дүниетанымы оның өз халқына, мемлекетіне қызмет ету сияқты барлық педагогикалық іс-әрекетін бағыттайды, оқушыларында өмірлік ұстанымдарын тәрбиелеуге мықты негізді береді.

Жаттықтырушының қоғамдық дүниетанымның бейнесі болып қоғамның белсенді мүшесі ретіндегі әр оқушының болашағы үшін жауапкершілік сезімі, жалпы қоғам бойынша жауапкершілік болады. Патриотизмді тәрбиелей отырып жаттықтырушының өзі патриот болу керек. Жаттықтырушының патриотизмі халықаралық аренада отандық спортшылардың жетістіктері және бұқаралық физикалық мәдениетінің, өнердің, әдебиеттің, ғылымның дамуындағы елдің жетістіктері үшін мақтанышында көрінуі қажет. Сол арада, ол интернационалист болу керек, халықтар арасында достыққа шақыру керек, барлық ел халықтарының арасындағы өзара түсінушілік пен бейбітшілікті бекіту құралы ретінде спортты қарастыру қажет.

Адамгершіліктік қасиеттер жүріс-тұрыста, инабаттылықта көрінеді. Адамгершілік немесе мораль – бұл адамның жүріс-тұрысын реттеуші қызметін атқаратын қоғамдық сананың формасы.

Жаттықтырушы гуманизм, сыпайылық, шынайылық, талап қоюшылық, оптимизм және т.б. адамгершіліктік қасиеттердің толық жиынтығына ие болу қажет, себебі оқушылардың адамгершіліктік тәрбиесі тек сөздік формада әсер етуде ғана емес, сонымен қатар, жеке бас мысалында негізделуі керек.

К. Д. Ушинский былай жазады: «тәрбие беретін тұлғаның жас жанға әсері оқулықтармен, моральды ұстанымдармен, қолдау мен жазалау жүйесімен ауыстыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды» [1]. Сондықтан, жеке басты мысал - ең салмақты насихат. Жаттықтырушы әрдайым өз-өзіне қарап жүру керек, өзіне жоғары талаптар қою керек және мұғалім – бұл дұрыс тәрбие беретін адам екенін ұмытпау керек.

Жаттықтырушының аса маңызды қасиеттердің бірі педагогикалық оптимизм болып табылады (Макаренко А.С. бойынша). Ол өзіне мейірімділікті, жаттықтырушының сезгіштікті, оның көпшілдігі және ашықтығын, өмірге разылығын, әзіл сезімін, оқушыға сенім білдіруді кіргізеді [2].

Балаларға эмоциональды жағымды қаынасы, ашық мейірімділік, жақсылықты көруге ұмтылыс оқушыларды жаттықтырушымен қарым-қатынасқа түсуге итермелейді, оларды шанайы, белсенді қылдырады, топта достық атмосфераны қалыптастырады. Ал, эмоционалды тұрақсыз және оқушыларға жағымсыз қарайтын, себепсіз қолдайтын, не сентиметальды жаттықтырушының оқушылары бір-біріне шиеленістік қатынаста болады.

Көптеген дәлелдемелерге сәйкес жаттықтырушының көңіл-күйі оқушыларға жағымды не жағымсыз әсер етеді. Жаттықтырушы көтеріңкі көңіл-күйде болған кезде, оқушыларға сәтсіздіктерді жеңу оңай, қиыны тезірек меңгеріледі, жаттығу беталды көрінбейді, оқушылар аз шаршайды.

Жаттықтырушының келесі маңызды қасиеттердің бірі шынайылық болып табылады. Оқушылар олардың жаттықтырушыларінің мақсаттарының шынайы болуында күмәнділік болмау керек. Егер оқушы теренрдің сөзінде, тәрбиесінде өтірік мақсатты байқаса, ол оны алдайтынын сезінуі мүмкін, оның жаттықтырушыға деген сенімі төмендейді. Жаттықтырушы мен оқушы арасында сенбеу кедергісі қалыптасады.

Жаттықтырушының жетекші қасиеттерінің бірі гуманизм болып табылады. Жаттықтырушының гуманды қатынасы оқушының жеке тұлғасына қызығушылығында, оған жанашарлықты көрсетуінде, керек жағдайда оған іс немесе сөз ретіндегі көмек беруінде (қиын өмірлік жағдайда), оқушының жетістіктерін мақұлдауында, оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуында талап қоюшылықта көрінеді. Оқушылар жаттықтырушының осы сияқты қасиеттерін көре отырып оларға сондай қатынаспен жауап беруге тырысады. Сөйтіп жаттықтырушыдегі гуманизм оқушыларда гуманизмнің дамуына үлес қосады [3].

Жаттықтырушы сонымен қатар, басқа да адамгершіліктік қасиеттерге ие болу керек: ұстанымдылық, өз-өзін сынау, еңбекқорлық, әділдік сияқты қасиеттер. Сухомлинский В.А. бойынша оқытушының әділдігі— бұл баланың тәрбиешісіне сенімнің негізі, бірақ та әділ болу үшін әр баланың рухани өмірін білу қажет.

Көпшілдік, сыпайылық, мейірімділік және басқа сияқты коммуникативті қасиеттер жаттықтырушыға оқушылармен қарым-қатынас барысында контактыны орналастыруына және соған байланысты жаттықтырушының тәрбиелік жұмысының жетістікті болуына себепші болады. Бұл қасиеттерге педагогикалық такт та кіреді.

Еріктік қасиеттер жаттықтырушының жетістікті іс-әрекеті үшін үлкен рөл атқарады. Оларға шыдамдылық, табандылық, шешімділік, төзімділік, қайсарлық сияқты қасиеттер жатады.

Төзімділігі жоқ жаттықтырушы балалармен жақсы тәрбиелік жұмысты жүргізе алмайды, себебі олардың көздерінше ол авторитетке ие болмайды. Шыдамсыз жаттықтырушылар өз оқушыларынан тез арада нәтижелерді көргісі келетіндіктен оқу жүктемелерін асырады, соған қарай оқушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Өзін-өзі ұстай алмайтын жаттықтырушы кенеттен болатын және шиеленістік жағдайларда басын жоғалтады, жағдайға сәйкес дәлелсіз және адекватты емес шешімдерді қабылдайды. Табандылыққа ие болмай жаттықтырушы оз оқушыларына талаптар қоя алмайды және жаттықтыру процесінің материалды жағын дұрыс орната алмайды.

Алайда, жаттықтырушының төзімділігі мен қалыпты болуы оның өз жұмысына немқұрайлығымен, алаң болмаушылығымен алмаспауы керек. Жаттықтырушы қуануға, ренжуге, ашулануға, өкпелеуге құқығы бар және соларды сезіну керек. Бірақ ұнатпайтын кезде де ол өз-өзін ұстай білу қажет, өзін басқару қажет, дөрекі және ұсқынсыз екпінге ауыспауы керек.

Спорттық іс-әрекетте қарым-қатынас құралының, әсіресе жарыстарда қолданылатын құралдардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тілдік қарым-қатынас құралдарының арасында төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:



  • зейін аудару;

  • белгілі бір комбинацияны белгілеу;

  • белгілі бір жағдайда өзінің әрекет етуге дайындығын нақтылау;

  • әріптесті белгілі бір жағдайда әрекет жасауға ұмтылдыру [4].

Тілдік құралдар сезімді, идеяны, ұмтылу мен шешімдерді дәл көрсетуге көмектеседі. Спортта тілдік құралдар жиі арнаулы терминдер түрінде болады. Мүндай тіл бөгде адамдарға түсініксіз.

Спортық тәжірибеде тілдік емес құралдарда кеңінен қолданылады: ым-ишара (бас,саусақ,қол), дыбыс сигналдары, мимикалық сигналдар (көзбен, қаспен, ерінмен).

Арнаулы тілдік және тілдік емес қарым-қатынас құралдарын пайдалануда жаттықтырушы мынандай принциптерді сақтауға міндетті: үнемділік принципі, артықшылық принципі.

Өзінің бағыттылығына қарай қарым-қатынасты былай жіктеуге болады:



  1. Әлеуметтік-бағытталған қарым-қатынас(әріптеске, командаға үндеу);

  2. Жеке бастық-бағыттылық қарым-қатынас(жеке әріптеске, команда мүшелеріне назар аудару);

  3. Тақырыптық қарым-қатынас. Мысалы: жаттықтырушының команда капитанына ескерту жасауы [5].

Қарым-қатынастың мазмұны түсінігін ажыратып көрсетуге болады.Бұл яғни ішкі топтық қарым-қатынас мазмұнына талдау жасау, жаттықтырушыға спортшылардың біріккен іс-әрекетін жақсы ұйымдастыруға, олардың өзара әрекет немесе жеке бас аралық жанжалдардың себептерін анықтауға көмектеседі. Спорттық іс-әрекет спортшылардың кейбір қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға, қимыл міндеттерін шешуге көмектеседі.

Мұндай ерекшеліктерге мыналар жатады:



  • орындалатын функцияларға сәйкес спортшылардың өзара қарым-қатынасы;

  • қарым-қатынас деңгейінің спортшылардың арасындағы біріккен спорттық іс-әрекет тәжірбиесіне тәуелділігі;

  • қарым-қатынастың мазмұны, бағыттылығы және қолданылатын құралдары спортшылардың бір-бірі туралы білім деңгейлеріне тәуелділігі;

  • спорттық – ролдік қатынастарға байланысты спортшылардың өзара қарым-қатынас тәуелділігі;

  • қарым-қатынасқа өзара әрекет етуші споршылардың дене және техника тактикалық дайындық деңгейі.

Жаттықтырушы үшін маңызды қасиеттердің бірі – іздемпаздылық. Жаттықтыру кезінде тез арада шешім қабылдауды қажет ететін жағдайлар жиі туындайды. Кейде бала жаттықтырушы тез арада жауап бере алмайтын немесе тез белгілі бір жаттығудың техникасын көрсете алмайтын жағдайда байланысты сұрақ қоюы мүмкін. Егер жаттықтырушы жалтақтап қызарып кетсе оқушылар оны білімсіз екен деп түсініп қалуы мүмкін. Шешімді таба алатын жаттықтырушы оның ішкі қалыпының сыртқы белгілерінің көрінуіне жол бермейді. Ол өтірік жауап беріп оқушыларды алдамайды. Егер сұрақ оның пәніне сәйкес болмаса ол «Білмеймін» дегенді айтуға болады. Басқа жағдайда «Ол туралы мен сендермен келесі сабақта сөйлесем деп» құтылып кетуі мүмкін, бирақ сол сұраққа байланысты келесі сабақта жауабын беру керек [6].

Жаттықтырушының педагогикалық тәжірибесі үлкен болған сайын, іздемпаздылықты, тез бейімделушілікті талап ететін жағдайлардың кенеттен болу мүмкіндігі азаяды. Алайда тәжірибесі мол теренрлерге де кенеттен жағдайлар кездесуі мүмкін, соған байланысты осы қасиеттердің рөлдері азаймайды.

Жаттықтырушының міндетті қасиеттердің бірі оның талап қоюшылық болу қажет. Оқушылар (әсіресе ұл балалар) дөрекі сөзсіз, қысымсыз өз дегеніне жететін жаттықтырушыларді құрметтейді. Балалар бәрі босаңдықты, езушілікті, аңқаушылықты қабылдамайды. Талаптарды орындауға бас тартушылықты олар жаттықтырушының еріксіздігінен көреді.

Интеллектуальды қасиеттер жаттықтырушының дидактикалық үйренулерін қатайтады, тәрбиелік жұмысында дұрыс шешімдерді табуға көмек береді, жаттықтырушының шығармашылығының тиімділігін анықтайды, тәрбие мен оқыту кезінде жаңа зерттелмеген жолдарды табуға итермелейді. Осы қасиеттерге ойлаудың анық болуы мен логикалығы, сыншылдығы, қиял, ойлап табушылық, өткір ой жатады. Жаттықтырушының іс-әрекетінде пайда болатын педагогикалық міндеттерге оптималды шешімдерді тез табу қабілетін сипаттайтын ойлаудың оперативтілігі ерекше рөл ойнайды.

Интеллектуальды қасиеттер қабылдау мен зейіннің қасиеттерін сипаттайтын перцептивті және аттенционды қасиеттерге негізделеді. Сеченов И.М. қабылдаудың жылдамдығы мен көлемімен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысқан кенеттік алдын алу реакция туралы айтқан. Бұл қасиет жаттықтырушыға үнемі өзгеретін жағдайларда тез бейімделуге мүмкіндік береді [7].

Ерекше рөлге зейіннің бөлінушілігі сияқты қасиеті ие болады. Жаттықтырушы бір уақытта өз іс-әрекетінде көптеген объектер мен мезеттерді: материалды беру формасы мен мазмұнын, көрсететін жаттығу сапалығын, түсундіру деңгейін, өзінің позасын, жүру ырғағын, мимикасын бақылау қажет және бір уақытта бүкіл топты бақылау аясынан шағармау тиіс.

Соның барысында ол оқушылардың көңіл-күйі мен қалпын (қозушылық, апатия, шаршау) нәзік сезіну керек, оқушылар оның түсіндірулерін ұғып жатыр ма соны көру керек, дисциплина бұзуларын аңғару керек, жаттығу кезінде оқушылардың қателерін анықтау керек.

Тұлға өміріндегі кездесетін ішкі қарама-қайшылықтарға байланысты дамып отырады. Қарама-қайшылықтар тұлғаның жаңа сапалар мен қасиеттерін қалыптастыратын іс-әрекет арқылы шешіледі. Тұлға дамуының әр түрлі кезеңдерінде көрінетін негізгі қарама-қайшылықтардың бірі тұлғада пайда болатын жаңа қажеттіліктер, ұмтылыстар мен соларды қанағаттандыруға қажетті құралдарды пайдалану деңгейінің арасындағы айырмашылық болып табылады. Пайда болатын айырмашылықтар тұлғаны белсенділікке бағыттайды. Жаттықтырушыға психомоторлы қасиеттер аса қажетті болады. Оқушыға көрсететін көптеген жаттығулар үлкен физикалық күшті, икемділікті, реакцияның тездігін талап етеді. Жас ұлғайған сайын физикалық қасиеттер регресске бейімділікке ие болады, сондықтан, жаттықтырушы оларды сәйкес деңгейде ұстауы қажет. Ал, бұл өз қозғалыс, тамақтану режимін ұстауымен, денсаулығына қарауымен тығыз байланысты.



Психомоторлы қасиеттер перцептивті және аттенционды қасиеттермен: алдын алу жылдамдығымен, объект пен сигналдарға жауап беру кезіндегі зейіннің концентрация дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан, жаттықтырушының кәсіби маңызды қасиеттерін топтаға бөлуді догма ретінде қарастырмау керек.
Әдебиеттер:

  1. Николаев А.Н. Психологическая специфика деятельности тренера ДЮСШ //Физическая культура. – 2003. - №4. – С. 28 -31.

  2. Прохоров В.Н. Педагогическая позиция тренера как воспитателя /Вопросы становления и самореализации специалиста: психопедагогический аспект. – СПб., 1997. – С. 27 -29.

  3. Психология спорта высших достижений /Под ред. А.В. Родионова. – Москва: ФиС, 1979. – 144 с.

  4. Яковлев Б.П. Психология физического воспитания и спорта: Учебно-метод. пособие. – Сургут, 2003. – 104 с.

  5. Уэйнберг Р., Гоулд Д. Основы психологии спорта и физической культуры. – Киев: Олимпийская литература, 2001. – 335 с.

  6. Григорьянц И.А. Психолого-педагогическая помощь в деятельности спортсменов // Теория и практика физ. культуры. – 2006. - №6. – С. 36 -38.

  7. Жмарев Н.В. Управленческая и организаторская деятельность тренера. – Киев: Здоровъя, 1986. – 128 с.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...