Құжаттар тізімі «Б» корпусының лауазымдарын алу үшін тестілеуден өтуге қажетті қҰжаттардың тізімі



жүктеу 23.73 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі23.73 Kb.
Құжаттар тізімі
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДАРЫН АЛУ ҮШІН ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

 

1. нысандағы өтініш;



2. бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);

3. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);

4. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Егер азамат еңбек қызметін атқармаған болса немесе оның өтінішінде көрсетілген лауазым санаты бойынша жұмыс өтілі талап етілмесе осы тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.



* қосымшасымен диплом («Болашак» бағдарламаның бітірушілері нотариатта куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аударылған дипломды сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалардың орталығы» АҚнын анықтамасын тапсырады)

 

 



 «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына

орналасуға конкурсқа қатысу үшін

        


1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

 

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік кадр резервiне алыну үшiн:

 

1) өтiнiш және нысан бойынша толтырылған сауалнама;



2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;

3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiленген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;                    

5) шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың көшірмесі;

6) 3x4 см көлемдегi бір фотосурет;

7) БОЛАШАҚ» бағдарламаның бітірушілеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ашық қоғамнан  анықтама.



Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және  3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет