Жатақханаға орналасу және конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: Жетім студенттерге және ата-анасының қарауынсыз қалған студенттерге, мүгедек студенттерге және жалпы конкурстан өткен студенттерге



жүктеу 20.8 Kb.
Дата07.04.2017
өлшемі20.8 Kb.
Жатақханаға орналасу және конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Жетім студенттерге және ата-анасының қарауынсыз қалған студенттерге, мүгедек студенттерге және жалпы конкурстан өткен студенттерге:


  • белгіленген үлгідегі өтініш;

  • флюраграфия анықтама;

  • 086-У анықтама;

  • егу картасы (063-форма); (1-курс студенттері үшін)

  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • отбасы құрамы туралы анықтама;

  • ата-анасының жеке куәлік көшірмеcі (нотариалды куәландырылған). ата-анасының жұмыс орнынан анықтама, жұмыссыз ата-аналар үшін жұмыс істемейтіндігін растайтын анықтама (түпнұсқа);

  • балалар үйінен анықтама (түпнұсқа), ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырылған) немесе қамқоршылық туралы анықтама (нотариалды куәландырылған);

  • студенттің мүгедектігі туралы анықтамасы (түпнұсқа) немесе мүгедектігі туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • мемлекеттік білім беру гранты сертификатының көшірмесі; (1-курс студенттері үшін)

  • егер әкесі (шешесі) мүгедек болса, онда мүгедекті растайтын анықтаманы тапсыру қажет немесе мүгедектік туралы куәліктің көшірмесі, ата- анасының жеке куәлік көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • егер әкесі немесе шешесі болмаған жағдайда, онда қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және отбасы құрамы туралы анықтама, ата-анасының жеке куәлік көшірмесін тапсыру қажет (нотариалды куәландырылған );

  • егер әкесі немесе шешесі зейнеткер болса, зейнеткерлік кітапшасының көшірмесін және ата анасының жеке куәлік көшірмесін тапсыру қажет;(нотариалды куәландырылған);

  • көп балалы отбасынан шыққан студенттерге, отбасы құрамы туралы анықтама (көшірме) және барлық отбасы құрамының туу туралы куәлігі, ата- анасының жеке куәлік көшірмесі, неке қию куәлігі(көшірме) (нотариалды куәландырылған);

  • егер әкесінің немесе шешесінің Семей полигонына, Чернобыль жарылысына, адам өміріне зиян келтіретін зиянды өндіріске қатысы болса, онда қажетті анықтамаларды тапсыру керек (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);



- шетел азаматтары үшін:

  • белгіленген үлгідегі өтініш;

  • шетел мемлекетінің студентінің және ата- анасының паспортының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • мемлекеттік білім беру гранты сертификатының көшірмесі; (1-курс студенттері үшін)

  • миграциялық карточка көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

Өтініште деканның қолы және мөрі болуы тиіс.
Комиссияға тапсырылған құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келмесе, комиссия шешімі бойынша конкурсқа қатыстырылмауы мүмкін.

Сұрақтар бойынша 51 корпус, 206 кабинет «Студенттер қалашығы» бөліміне хабарласыңыз, байланыс телефоны: 539520

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет