«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»

Loading...


жүктеу 1.71 Mb.
бет1/9
Дата06.02.2017
өлшемі1.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕБИНАР


МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ

РЕСПУБЛИКАНСКОГО ВЕБИНАРА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ




«Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков»
Шымкент, 2016
ӘОЖ 371

ББК 74.00

Ж33
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының («Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ) шешімімен баспаға ұсынылған.
Рекомендовано к изданию Филиалом Акционерного общества «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» института повышения квалификации педагогических работников по Южно-Казахстанской области (ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО).

«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін



Ж33 қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері»Педагогикалық қызметкерлердің республикалық вебинар

материалдары. -Шымкент: «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2016. - 83бет.


Материалы республиканского вебинара педагогических работников

«Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков» -Шымкент: ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО, 2016. – 83


ISBN 978-9965-876-52-3
Білім берудің қауіпсіз ортасын қалыптастыру жолдарын қарастыру, алдын-алуға мүмкіндік беретін тәрбие беру үдерісінде психологиялық қолдаудың тиімді жүйесін құру арқылы мектеп мұғалімдері, педагог-психологтар және сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алумақсатында ұйымдастырылып отырған «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы педагогикалық-психологиялық қызметкерлердің республикалық вебинар жинағына білім беру жүйесінде пайдаланатын заманауи әдіс тәсілдер қамтылған.

Жинақ жалпы білім беру саласының мамандарына, ұстаздар қауымына арналады.


В сборник включены материалы республиканского вебинара психолого-педагогических работников по теме «Эффективные формы и методы обеспечения безопасной образовательной среды и профилактики суицида среди подростков», в ходе которой рассматривались проблемы формирование профессиональной компетентности педагогов школ, педагогов-психологов по созданию эффективной системы психологической поддержки воспитательного процесса, способствующего созданию безопасной образовательной среды, предотвращению насилия в школе, профилактике суицида среди подростков.

Сборник адресован педагогам, работникам, педагогам в сфере образования.

ӘОЖ 371

ББК 74.00



ISBN 978-9965-876-52-3

© «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, 2016

© ФАО НЦПК «Өрлеу» ИПКПР ЮКО, 2016

ЖАСӨСПІРІМДЕР СУИЦИДІНІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Арзымбетова Салтанат Жаксылыковна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушы

Хасанова Айгуль Садыргалиевна

Алматы қаласы №65 ЖББМ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамдағы бізді алаңдататын өте өзекті пробеламалардың бірі – оқушылардың өз-өздеріне қол жұмсауы.

Бұл жалпы ғалымдардың пікірінше, «суицид»( латын тілінде sui caebere – «өзін өлтіру», суицидент-суицидтік әрекет жасаған немесе суицидтік мінез-құлық байытқан адам) деген термин XVII ғасырда пайда болған. Бертін келе XX ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап, адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы кең етек ала бастады. Осылайша ғылымда «суицидология» (суицид туралы ілім) атты дербес зерттеу саласы қалыптасты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидті болдырмау күні деп белгіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 20% балалардың жеткеншек және жасөспірім кезеңдерінде өз- өзіне қол жұмсау көптеп кездеседі.

Жасөспірімділік кезең – алуан түрлі қарама-қайшылыққа толы, ата-аналардың көпшілігін алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі осы шақта жеткеншектер өздерін отбасының, сыныптың, қоғамның тең құқылы мүшесі, яғни тұлға ретінде сезіне бастайды. Олар өздерін қоғамдық қарым–қатынастар жүйесінде сезінумен бірге, болашақтағы ересек өмірге жоспар құра бастайды. Олардың бұл жоспары тәжірибесінің аздығынан көмескі болып келеді. Әлі ақыл тоқтатпаған шалалық пен балалық аңғалдықты аңғартады. Бірақ осы жоспар өздері үшін өте маңызды, сондықтан ересек адамдардың араласқанын жақтырмайды, қызғанады себебі олар өз қиялдары жетегінде өмір сүреді.

Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды,бірақ олар бала болғысы да келмейді. Сондықтанда жеткіншекке ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі аса қажет.

Суицидтік іс-әрекетке итермелеудің тікелей себебі – дау-дамайдың пайда болуы. Бұл дегеніміз – белгілі бір адамның маңызды, құнды ұстанымына әсер етуші жағымсыз әрекет, күйзеліс тудыратын жағдай. Суицид қаупі туатын жеткеншектерде жалғыздықты сезіну, ешкімнен көмек күтпеушілік, қайғырушылық, менмендік көріністерінің тереңдеуі басқаның қуанышы мен қайғысына ортақтасуға құлқы болмаушылық жиі кездеседі. Сондықтан кез-келген шағын түсінбеушілік дау-дамайдың өзі суицидтік әрекеттің алғы шарты болуы мүмкін.

Осындай жағымсыз түсінбеушілік әрекеттердің алдын алу үшін ең бірінші бағыт тек дұрыс тәрбие беру болып табылады.

Елімізде білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары шын мәнінде өзекті бағыттардың бірі болып отыр. Білімді, адамгершілікті таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адам тәрбиелеудегі мемлекеттің тапсырысы – Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында, Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық тәрбиесі бағдарламасында және т.б. маңызды құжаттарда көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға, соның ішінде балаларға, өмір сүру құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді, денсаулықты қорғауға және білім алуға кепілдік береді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 19 қыркүйекте «Мерейлі отбасы» Ұлттық сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде балалардың құқығын қамтамасыз ету және олардың сапалы білім алуы – болашақтың маңызды инвестициясы деп атады. Мемлекет пен баланың жақындасуында оқу мекемелері маңызды орын болып табылатынын ескере отырып, әлеуметтік саясаттың осы бөлімін жүзеге асыруда білім беру мекемелері басты рөл атқарады. Баланың бойындағы ең басты, ең маңыздылар балалық шақта қаланады, сондықтан да адамның алдағы өмірі мен тағдыры көбінесе осыған байланысты болады. Одан кейінгі уақытта, мектеп қабырғасында болатын, шартты түрде алдын алу, түзету деп аталады, себебі жұмыс бала санасының деңгейінде ғана емес, түйсік бағдарламаларымен жүргізілуімен де маңызды. Мектебімізде оқу жылының басында бекітілінген жоспар бойынша жасалынған жұмыстар барысында оқушылармен сынып ұжымын қалыптастыруға, оқушыларды әлеуметтік маңызы бар қызымет түрлеріне баулуға, өзін-өзі басқару ұйымын ұйымдастыруға, әлеуметтік тұрғыда мәдениет, спорт, өнер, ғылым және т.б әрекеттерге тарту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып отырылады. Осы тақырыпта әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстар көбірек жүргізілініп тұрады.

Балалардың суицидтік мінез-құлқының алдын алуда отбасы, мектеп, педагог, психолог, әлеуметтік педагог басты рөл атқарады, олар жасөспірімдерді суицидтік әрекетке жеткізетін көңіл-күймен күресуде ата- аналармен жұмыс атқарады және оларға көмек береді. Ата-аналарды өз баласына сауатты көмек көрсетуі үшін, оны түсінуі мен қолдау көрсетуінде қажет жеткілікті біліммен қаруландыру керек. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті неғұрлым мол болған сайын, олар өз балаларына жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарды соғұрлым көп меңгертеді. Тұлға қауіпсіздігі – қазақстандық қоғамда басты құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Ендеше отбасы құндылықтарынан бастау алатын тәрбие діңгегінің негізі –тұлға қауіпсіздігі деп айтуға болады. Олай болса ата-аналар балалардың жабығуының алдын алуда үлкен рөл атқарады. Егер жасөспірімнің көңіл-күйі күрт құлазыса немесе жабығудың басқа да белгілері байқалса, төмендегі шараларды орындау қажет:

Баламен сөйлесу қажет, көңіл-күйінің неліктен түсіңкі болу себебін анықтау үшін сұрақтар қойып, оның арман-тілектері жайында сөз қозғап, болашаққа жоспар құруға бағыттайтын әңгімелерге жетелеу қажет. Балаға оптимистік серпін беріп, жарқын болашаққа «сендіру», алдына қойған мақсаттарына қол жеткізе алатынына қабілетті екенін, жүрегіне сенімділік отын қондыруға барынша әрекет жасау қажет. Оның «өкпелегіштігін», «күңкілдектігін» кінәламай, керісінше, оның тұлғасындағы жақсы жақтарын көрсетуге тырысу керек. Оны табысты, ақкөңіл, кішіпейіл және сергек балалармен салыстыруға болмайды, себебі бұл онсыз да төмен бағалауын тереңдетіп жібереді. Атасы мен әжесіне, туыс- туғандарға қонаққа, ауылға бару, дала жұмыстырына көмектесу. Сонымен қатар, ит, мысық, алақоржын, тотықұс, балық сияқты жануарларды қолға үйрету, оларға қамқорлық жасау. Қорғансыз үй жануарына қамқорлық жасау баланы іске жұмылдыртып, позитивті күйге шақырады. Жеткіншек күн тәртібін сақтауы қажет. Оның жақсы, мезгілімен демалуын, дұрыс тамақтануын, таза ауада жеткілікті уақыт өткізуін, спорттың қандай да бір түрімен айналысуын қадағалау қажет. Балаға дұрыс ұстаным беру, оның өз-өзіне сенімді болуына көз жеткізу және алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті екендігіне сендірген абзал. Ата-ана баланы үнемі «қабағын ашпай, нашар мінез көрсеткендігі» немесе шектен тыс жиіркеншектігі үшін сөкпей, оның жақсы жақтарын көбірек атап, жеке басы мүмкіндіктерінің бар екендігіне сендіре алғаны дұрыс.

Сонымен қатар психолог-маман мұғалімдер мен ата-аналарға суицидтің не екендігін, оның көрініс беру факторларын, күйзелісте, жабығуда жүрген балалардың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруде қажет. Ата-анасына қарсы шығып, темекі тартқан, төбелескен кез-келген жасөспірімнің күйзелісті күйде жүруі әбден мүмкін.

Суицидтік әрекеттердің алдын алу үшін психолог-мамандар:

1. психологиялық жарақат алу жағдаяттарын жеңілдетуі;

2.суицидтік әрекетке жетектеген себептен психологиялық тәуелділікті азайтуы;

3.іс-әрекетті қалпына келтіру мүмкіндіктерін қалыптастыруы;

4.баланың өмір мен өлімге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыруы қажет.

Баланың болар-болмас психикалық ауытқуы байқала бастаған сәтте-ақ ата-ана өзара ақылдасып, психиатрдың кеңесін алған жөн.

Ендеше, болашақ ұрпақ тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, ата-аналарға жүктеп қоймай, жалпы қоғам болып, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей бірлікпен мойнымызға алуымыз керек. Оларға өздерін сүйетін, сенім артатын жандар бар екендігін сезіндіріп, жер бетінде ұстап қалып, өлімнен гөрі өмір сүру үшін батырлық көбірек керек екен деген ойларын шыңдау керекпіз. Ол үшін ұлт болашағын тәрбиелеудегі қазақтың ақыны М.Жұмабаевтың

Жас қырандар-балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан.

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер.

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер-

Мен жастарға сенемін! Өлеңі арқылы жастық жігерді жанып, ұрпақ жүрегіне үміт пен сенім шырағын жағуға асығайық ағайын!

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазіргі мектеп оқушысының социологиялық портреті (Социологиялық

зерттеу). - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 141 б.

  1. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу. (Оқу-әдістемелік

басылым).Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2012 ж. К.Ғ. Елшібаева.

ЖАН КҮЙЗЕЛІСІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ.
Адырбекова Улдана Карбозқызы

ОҚО, Шымкент қаласы №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасының тәрбиеші

Стресс – ( ағылш. – ыза буу, булығу, күйзелу) – адамда немесе жануарларда шектен тыс тітіркенуден, төтенше күшті әсерленуден пайда болатын жалпы булығу күйі, яғни күгелектік. Қатты шаршап, зорығу кезінде, өзара қарым-қатынастардағы қолайсыз жағдайлар әсерінен не жолы болмай жаны қиналған кездердегі көңіл-күй, психофизиологиялық құрысумен ширыққан жағдай. Егер адам стресс күйін жеңуге дағдыланса, оның тірлігі жемісті болады. Ал оны жеңе алмаса, жүйке, тән, психикалық ауруларға ұшырайды. Сыртқы ортаның әсеріне әрбір адам өзінше жауап береді. Егер жер планетасында 6 млрд.-тан астам адам болса, сонша түрлі жауап беру реакциясы бар деген сөз. ХХ ғасырдың даусыз аурулары стресс және оның зардаптары. Американ психологтары жан күйзелісіне жеткізетін оқиғалар мен олардың әсер ету шамасын есептеу бірлігіне ұсақ кикілжіңді ала отырып (1- ұсақ кикілжің әсері 1- жүйке тозу бірлігіне теңдеп алынған), егер тәулік ішінде бір адам пешенесіне 700 жүйкелеу бірлігі әсер ететін болса оның өлімге апаратындығын анықтаған. Жақын адамның қазасы – 100 ж.б. ерлі-зайыптардың ажырасуы – 73 ж.б.

Ағзаның дамуы барысында алдыңғы ми жарты шарларының ми қыртысы жетіліп, оның үйлестіруші рөлі дамиды. Эмоциялық қалыптасу орталығы алдыңғы мидың маңдай бөлігіндегі қыртысты қабатта орналасқан. Ол гипоталамус, лимбикалық ми, таламус және ретикулярлы формациямен бірігіп қызмет атқарады. Бас миы қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктеріне қарай үш деңгейге жіктеледі. Бірінші – «жоғарғы» деңгей. Оның негізгі құрамдастары; алдыңғы мидың ми қыртысы, базальдық түйіндер, ми қыртысы астындағы қабат, иіс сезу жүйкесі, диэнцефальдық бөлік (аралық ми). Екінші – «орташа» деңгей мидың ортаңғы бөлігі. Үшінші – «төменгі» деңгей мидың артқы бөлігі, яғни варолиев көпірі, мишық және сопақша ми бөліктері. Жоғарғы деңгей бас қолбасшы ретінде шешім қабылдап бұйрық береді. Орта және төменгі деңгей орындаушылар. Мысалы: үлкен ми сыңарларының ми қыртысы иесіне орныңнан тұр деп әмір берсе, бұйрықты еттерге, еттердің әрбір талшығына дейін өткізетін ортаңғы және төменгі деңгейге болады. Кейде «шығасыға иесі басшы» оймен атқаруға уақыт тапшылығы мүмкіндік бермейтін қорғаныш қимылдары ми сыңарларына бармай-ақ орта және төменгі деңгейде тұйықталып шешімін таба алады. Себебі, ол реакциялар ағаның эволюциялық дамуы барысында төменгі ми деңгейлерінің жадында жатталып қалған. Мысалы: көзге шаң-тозаң түсірмеу, т.с.с.

Адамда ми қыртыстары түзілген соң, ми барлық мінез-құлық көріністерін ұйымдастырады. Олар 1) инстинкт – ата-бабадан жеткен, ми қыртысының астыңғы аймақтарында сақталып қалған, тіршілікті қамтамасыз етудің алғашқы күндерінде байқалатын мінез-құлықтар (жылау, ему, қорғану т.с.с.); 2) өсу мен даму барысында қалыптасатын жеке адамға ғана тән дербес мінез-құлық; 3) екінші белгілер арқылы қалыптасқан, яғни сөз арқылы адам мен адамның пікір алмасуы, еңбек ету кезіндегі дағды мен әдет қалыптасуы сияқты ұжымдық мінез-құлық.

Адамның сыртқы орта әсеріне жауап беруі төмендегідей сатылар арқылы өтіледі. Кез-келген стресстік әсер жүйке жүйесінің сезімтал рецепторлары арқылы қабылданып гипоталамустың арнаулы нейроэндокриндік жасушаларын белсенді күйге көшіреді. Ол жасушалар кортикотропты релизинг фактор (КРФ) – деп аталатын гормонды бөле бастайды. Ал КРФ гормоны гипофиздің алдыңғы бөлігінде орналасқан жасушаларға қозғау сала әсер етеді. Нәтижесінде, гипофиз жасушалары адренокортикотропты гормон (АКТГ) жасап шығарып, таратады. АКТГ әсерінен бүйрек үсті безінің қабығы белсенді күйге көшіп кортикостероидтар (КС) бөліп шығарады. Міне, осы КС гормоны ағзаның сыртқы орта әсеріне бейімделуіне өте қажет. Егер адам ашуланса қанға нодреналин көбірек бөлініп, ағзада агрессиялық күш артады, сондықтан нодреналин «арыстан» гормоны деп аталады. Ал, үрейлену сезімі басым болса, адреналин қанға көбірек араласып қашып құтылу қимылы басым болады. Сондықтан, адреналин «қоян» гормоны деп аталады.

Стрессті ауыздықтау жүйесінің іске қосылуы зат алмасу үрдістері есебінен жүретіндіктен ағзада липидтер, көмірсулар, электролидтердің жалпы мөлшері азайып ағзаның жинақ қор көзі зиянға ұшырайды. Стресстік әсер ету көзі неғұрлым ұзақ әсер етсе ағзаның қорғаныш қорлары тым азайып, стресске бейімделуге күш-қуат жетіспесе, ағза психосоматикалық аураларға немесе жүйке ауруларына душар болады (невроз). Мысалы, жүректе ет талшықтарының өлі еттенуінің (миокард инфаркты) дамуы қалай жүреді? Стресс әсері өте күшті шамадан асып кетсе, жоғары вегатативтік орталық басқарушысы ретінде гипоталамустың реттеу күшін тежейді. Гормондық медиаторлық жүйе реттелмегендіктен жүректің өз еттерін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар (короналық тамырлар) жиырылған күйінде қалып қояды. Ал, ол тамырлар бітеліп қалған болса, жүрек ет жіпшелерінің (миокард) қанмен жабдықталуы толық бұзылып, оттегі мен қоректік заттар жетіспегендіктен жүрек еттері бірте-бірте жансызданады.

Стресстің алдын-алу үшін немесе стресстік жағдайларда ағзаның қорғаныш реакциялары дұрыс жүруі жүйке жүйкесін шынықтыру қажет. Ол үшін жеткілікті ұйықтап тынығу, тиімді ырғақты еңбек, жалпы дамытушы жаттығулармен айналысу, барлық жағдайда сабырлық сақтауға дағдылану қажет. Жағымсыз жағдайларды қайталап еске алу, ренішті күйді жаңғырту аса зиянды. Мазасыз ойды бөліп, жүректі жеңілдету міндет. Қазақтың көңіл сұрау, көңіл айту, қайғыға ортақтасу салттарында осы ескерілген. Стресс ілімі негізін қалаған Г.Селье «стресс-қандай да болмасын стресс туғызатын факторға байланысты ағзаның маманданып қалыптаспаған жауап беру реакциялары жиынтығы» – деп анықтайды. Шындығында жалпы стресс атаулы сыртқы ортаның әлдебір факторы әсеріне ағзаның жауабы. Адам ағзасын стресс жағдайына әкелетін қолайсыз әсерлер: салқын, аштық, психологиялық және тәни жарақаттар, сәулелену, инфекция, қан кету.

Жұмылдыру (мобилизация) сатысы – стрессордың бастапқы әсер ету сәтінде ағзада алаңдау пайда болуына байланысты жүреді. Ағза қажеттілігін сараптамастан өзінің барлық ашық және жасырын мүмкіндіктерін жұмылдырып қорғанысқа не шабуылға шығуға немесе қауіппен тікелей бетпе-бет кездеспес үшін қашуға дайындалады. Тыныс жиілеп, қан айналысы жылдамдап, қан қысымы көтеріліп, ас қорыту бездері жұмысын азайтып не тоқтатып, еттерді қанмен жабдықтау күшейіп, ағза әдеттегі қалыпты жағдайда мүмкін емес жұмыс көлемін атқаруға дайын болады. Құтырған бұқадан қашқан адамның екі метрлік дуалдан қарғып кеткенімен, кейін ерегіс үстінде оны қайталау мүмкін болмаған. Келесі саты – қалпына келу сатысы. Ол қарсыласу сатысы ұзақ қарсыласу барысында, энергия шығыны шектен асып, стрессорға төтеп бере алмайтын жағдайға жеткенде үшінші саты – титықтау сатысына ұласады. Бұл кезде адамның иммундық жүйесі қалжырайды, тән және психикалық денсаулығы толық бұзылады.

Стресс әсері шамадан асып кетпеген жағдайда денсаулыққа пайдалы. Жұмылдырылған күш стрессор әсеріне толық әлі келетін жағдайда, ағза жүктемеге артық жауап бере отырып, дененің тұрақты белсенділігі қалыптасады, осы кезде адам тәні мен ақыл ойы өте үйлесімді. Және дәл өлшеммен қызмет ете бастайды. Селье ағза қызметінің бұл шырақтау күйін айстресс (грек аі -нағыз, тамаша) – деп аталады. Стресстің мұндай тиімді шаттандыру кезеңі ұзаққа бармайды. Аз ғана уақыттан соң ағза күйі төмендеп екінші, содан соң үшінші сатыға өтеді, яғни дистресс басталады. Дистресс (ағылшын distress- шамадану, қорлану) – көңіл-күйдің жағымсыз жағдайы. Дистресс адам денсаулығына талқандаушы әсер етеді. Қазіргі таңда, жеке адам психикасына тәуелсіз, көпшілікке ортақ стресс факторы жұмыссыздық пен жұмыс берушінің осы жағдайы арзан жұмыс күші көзі ретінде пайдалануы. Ал адамның жеке өзіне байланысты стресс факторлары; жұмысқа жиренішті көзқарас, ұйымдастырушы мен басқарушының тәжірибесіздігі, қимылы аз тұрмыс қалпы, дене және ой қызметіне қабілеттіліктің төменгі деңгейі, дене қалыптасуы мен дене тәрбиесіндегі кемшіліктер , өзін-өзі бағалаудағы қорыну, өзін кем санау, зиянды әдеттер дағдысы, тіл табыса білмеу, адамдармен жақындасуға қорқу, ұялу, демалыс тәртібі туралы құқықтық сауатсыздық, жұмыстан өзге қызметке дұрыс алмаса білмеу, жұмыстан басқа ешнәрсеге мойын бұрмау, қызығатын өзге ісінің болмауы.

Американдық психологтар стресс дамуының бес сатысын айқындаған:

Елеңдеу, елегізу, алаңдау.

Азадаған шаршау сезімі пайда болуы, қызметке сырт қарай бастау.

Физиологиялық өзгерістердің басталуы.

Адам ауыра бастағанына көз жеткізу.

Адамға ауыруы туралы нақтама қойылып, оның стресс факторы байланысыны айқындалуы.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Мектептегі психология. Журнал. 2008 № 9

  2. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен түзетушілік-педагогикалық

жұмыс атқару” К.М. Арымбаева. Шымкент.

  1. Профилактика подростковой девиации: Теория и практика А.Н.Тесленко М.С.Керимбаева. А. 2005г.


ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Ахунова Эльмира Рысбаевна

ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы «Айдана» бөбекжайының тәрбиешісі

Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Оған жасөспірімдік «өтпелі» шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыса алмау, бала психологиясының толық қалыптаспауы, т.б. жағдайлар себеп болуда.

Суицидтің себептері. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдайды екен және осындай жолмен үлкендердің селқостығы, парықсыздығы, арсыздығы мен қатыгездігіне қарсылық білдіреді.

Суицид (өзін-өзі өлтіру) – бұл қашып кетумен теңелетін жай, проблеманы шешуден қашу, біздің өміріміздің әралуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық, қорлану және үмітсіздіқ, түңілуден, қазадан, көңілі қалғандықтан, өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан қашуды білдіреді. Өзіне қол жұмсауды таңдаған жасөспірімдердің көпшілігі шын мәнісінде өлгісі келмейді екен (бұны ажалдан құтқарылып қалған жасөспірімдер растады).

Суицидтің түрлері.


  1. Өзіне назар аударту. Өзіне-өзі қол жұмсауды ойлаған адамдардың көпшілігі

шын мәнінде өмірден кеткісі келмейді. Өз-өзіне қол жұмсау – бір нәрсеге қол жеткізу тәсілі ретінде ғана қаралады. Мысалы, басқалардың өзіне көңіл бөлуіне немесе жақсы көруіне осындай жолмен қол жеткізгісі келеді. Өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі маңыйындағыларға мұндай ойы барын сездіруге тырысады. Көбіміз оған мән бере қарамай, сөз астарын түсінбей қалуымыз мүмкін. Дегенмен де олардың көбі өлімнен қорқады, қорқа тұра соған барады, себебі, жүрек түкпірінде біреу-міреу құтқарып қалар деген үміттері бәрібір болады. Жасөспірімдер арасында дайындалып жүріп шын мәнінде өмірмен қоштасатындар өте аз.

  1. Проблеманың көптігі. Жасөспірім басына түскен азғана қиындықтың жолын

таба алмауы мүмкін. Мысалы, жасөспірім қылмыс жасағанда немесе қыз оң босағада отырып жүкті болып қалса, шарасыздықтан осындай қадамға барып жатады.

  1. Біреуге қасірет әкелу арқылы кек алуды мақсат ету. «Олар әлі өкінеді»,

«Оларға мен әлі-ақ қайғы тауып беремін» деген сияқты ойлардың болуы.

  1. Өз-өзіне қол жұмсауды ерліктің және күштіліктің белгісі деп қарау.

Суицидтік қауіпті топ. Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін, ішімдік немесе есірткі қолданатындар. Өзін тым қатты сынауға алатындар. Жеке басы қорланған немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар. Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар.

Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы, «мен одан да өзімді өлтіремін». Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану. «Менің ешікімге керегім жоқ», «Бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы. Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы. Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі. Бір сөзбен, мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімінен, өзінің керексіздігінен күйзеліске беріліп, өмірден түңілген жасөспірімдер барады.

Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек, суицидтің ең жиі кездесетін кезі – 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы, т.б.

Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға дайындалып жүргенін мына белгілерге қарап білуге болады:

1. Өз істерін реттеу – құнды заттарын тарату, байлап, түю. Күнделікті тіршілікпен қалай болса солай жүрген адам бір сәтте барлығын ретке келтіре бастайды, яғни, бұл оның соңғы дайындықтарды жасағандығы болуы мүмкін.

2. Қоштасу – өмірінің әр кезінде көмектескен адамдарға алғыс айтуы мүмкін.

3. Сыртқы қанағаттанушылық – күш-қуаттың пайда болуы. Өзіне қол жұмсау жоспары толық жасалса, ол туралы енді ойланбайды, шамадан тыс күш бітіп, көп нәрсені бірден атқаруы не көп сөйлегіш болып кетуі мүмкін. Бұл терең депрессияға қарағанда аса қауіпті.

4. Әдеттегіден тыс қағазға шұқшиып, бірдеңелерді жазуы. Өзіне қол жұмсауды ойлаған адам артына әсер қалдырарлықтай хат жазу үшін көп ойланып, хат мәтінін күніне бірнеше мәрте өзгертуі үмкін.

7. Ұйқысыздық.

Суицидтің алдын алу шаралары.

Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау жасөспірімді қайғылы жағдайдан аман алып қалған болар еді. Сондықтан, суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни ең алдымен алдын-алу жұмыстары жасалуы қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.

Ең бастысы, осындай сұмдық қадамға баруды ойға алған адамды байқасаңыз, мүмкіндігінше жанында көбірек бірге болуға тырысыңыз. Оның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

Қиын да қызықты өмір жолында қандай жағдайлар болмайды, адам ғұмыры қуанышты сәттер мен қайғылы оқиғаларға толы. Өмірде кездескен қиындықтарды жеңе білу табандылықты қажет етеді. Адам алдынан шыққан қиындықты өмір тәжірибесі арқылы, осыдан мен сабақ алуым керек деп саналы түрде ұғынса, жіберілген қателіктерін екінші рет қайталамайтындай етіп ғұмыр кешуге бейімделсе, міне сонда мәнді де мағыналы өмір кешкені. Мұндай кезде барлық нәрсе адамның ерік-жігеріне және психикалық дағдарыс кезінде өзін қалай ұстай білуіне байланысты болады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, үлгі-өнегелілікке жетелеуде, ересектер, міне осыны ұмытпағандары жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Изард К.Э. «Эмоциялар психологиясы» 1999 жыл

  2. Кобалев В.В. «Балалар жасындағы психотрея» 1979 жыл

  3. Елшібаева К.Ғ. «Суицидтің алдын алу» Алматы 2008 жыл

  4. «Білім беру мекемелеріндегі суицидтің алдын алу жолдары» Алматы

облыстық білім басқармасы, Алматы облыстық мамандарды кәсіби дамыту институты 2011 жыл


: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2016 -> АҚпараттық хат 5 мамыр 2016 жылы
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 -> Силлабус пән: Психология тарихы Курс
2016 -> Силлабус пән: Практикалық психология Курс
2016 -> Мамандық бойынша оқУ – Әдістемелік кешен
2016 -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
2016 -> «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...