Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және

Loading...


Дата30.01.2017
өлшемі18.81 Kb.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 664 қаулысымен   
бекітілген      
«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері, сондай-ақ www.e.gov.kz      «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      есепке алу нөмірін алу кезінде:
      аудандық аумақтық инспекцияға:
      аудандық аумақтық инспекция өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өндіріс объектісін қарап тексеруді жүзеге асырады;
      облыстық аумақтық инспекция құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде есепке алу нөмірін беру туралы шешім шығарады;
      аудандық аумақтық инспекция растау сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық инспекциясына:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық инспекциясы өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде есептік нөмір беру туралы немесе есептік нөмір беруден бас тарту туралы шешім береді;
      есептік нөмірдің телнұсқасын алу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аумақтық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде есептік нөмірді қайта ресімдейді және растама береді;
      өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмір берудің қайталама рәсімінен өтеді;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмір беру және оның телнұсқасын (бұдан әрі – растама, телнұсқа) беру немесе берілген есептік нөмірді қайта ресімдеу.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
      Растама немесе телнұсқа электрондық форматта ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, мөрмен расталады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» растаманы немесе телнұсқаны алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісі үшін) жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша айқындалған бланктің құнын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) есептік нөмір беру үшін:
      2) есептік нөмір беруге еркін нысандағы өтініш;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      4) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.
      Есептік нөмір беру туралы растаманың телнұсқасын беру үшін:
      растама телнұсқасын беруге еркін нысандағы өтініш.
      Атауы және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде есептік нөмірін қайта ресімдеу кезінде:
      1) есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш;
      2) бұрын берілген есептік нөмірді беру туралы растама;
      порталға:
      1) есептік нөмір беру үшін:
      2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы электрондық құжат түрінде еркін нысанда жасалған ақпарат.
      Есептік нөмір беру туралы растаманың телнұсқасын беру үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      Атауы және (немесе) ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде есептік нөмірін қайта ресімдеу кезінде:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      бұрын берілген есептік нөмірді беру туралы растама.
      Жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап тексеруді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:
      1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;
      2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.
      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәледі жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеті» арқылы қолжетімді болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> БАҒдарламасы «Кәсіпорын менеджменті»
2014 -> Ойындарды өткізу мерзімі
2014 -> Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық
2014 -> «Бекітемін Ректор, ҰҒА ҚР академигі А. М. Ғазалиев 2014 ж
2014 -> Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді. Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді
2014 -> «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін
2014 -> 1 тақырып. Информатикаға кіріспе Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...