Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін елдің бірлігі



жүктеу 56.08 Kb.
Дата23.06.2017
өлшемі56.08 Kb.
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ӨМІРШЕҢ ЕТЕТІН - ЕЛДІҢ БІРЛІГІ
Узенбеков Ш.Б.,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Түйін. Бұл мақалада автор жаһандану кең етек алған бүгінгі таңда көптілділік және көптілді білім беру, соның нәтижесінде көптілді тұлға қалыптастыру әлем елдерінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың, соның ішінде тіл саясаты мен білім беру үдерісінің маңызды тармағы болып отырғанын, Елбасымыз көптілді білім беру жүйесін дамытуға үлкен назар аударып, Қазақстандағы адами қапиталды дамытуда «көп ұлттылық пен көптілділік біздегі құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсеткенін тілге тиек еткен. Тәрбие беру мәселесінде көптілділікті меңгеру арқылы көпмәдениеттілікке жол ашу екені, түсінігі терең, танымы жоғары ұрпақ - елімізді қандай тығырықтан болсын алып шығатыны айтылған. Бабалар тілегін ақиқатқа айналдырған Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентінің сындарлы саясатын қолдай отырып, «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолда» нық ңадамдар жасауда көп тілді меңгерудің маңызы ерекше, ол - заман талабы, жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі, сол бірлікті нығайтатын, Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде жолында топтастыратын - тіл құдіреті екені мақтанышпен айтылған.
Жаһандану кең етек алған бүгінгі таңда көптілділік және көптілді білім беру, соның нәтижесінде көптілді тұлға қалыптастыру әлем елдерінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың, соның ішінде тіл саясаты мен білім беру үдерісінің маңызды тармағы болып отыр. Қазақстан үшін де аталған мәселе өзінің өзектілігін танытып отырғандығына еліміздегі тіл саясаты мен білім беру салаларындағы алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен көптілділік үшін жасалып жатқан іс-шаралар айқын дәлел бола алады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы көптілді білім беру жүйесін дамытуға үлкен назар аударып, Қазақстандағы адами қапиталды дамытуда «көп ұлттылық пен көптілділік біздегі құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш кезеңге бөлініп отыр. 2011-2013 жылдар аралығында (бірінші кезең) тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар кешенін өткізу жоспарланған. 2014-2016 жылдарда (екінші кезең) мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен әдістерін енгізу, практикалық шаралар кешенін жүзеге асыру және тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары көзделіп отыр. 2017-2020 жылдар аралығында (үшінші кезең) өзге тілдердің қолданысын сақтаумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нәтижесін шығару белгіленген.

Ана тілімен немесе екінші тілмен шектеліп қалмай, бірнеше тілді меңгеру - бүгінгі жаһандану заманының талабы болып отырғаны белгілі. Сондықтан да көптілді білім беру, соның нәтижесінде мультимәдени тұлға қалыптастыру - мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамьггуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдени қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Біз өмір сүріп, еңбек етіп отырған кезең - адам әрекетінің барлық салаларында жаһандану жүріп жатқан кезең. Бұл білім берудің артықшылықтарын қайта қарастыруды қажет ететін үдеріс. Сондықтан да ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктің қатарында тұрған көптілдік және мультимәдениеттілік әлемдік білім беру қауымдастықтарында білім берудегі базалық құзіреттілік және әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастырудағы магистральды бағыттардың бірі ретінде анықталып отыр.

Ел Президенті Н. Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары деңгейдегі қадағалуды қажет ететін жоспар ұсынды. Яғни, қазақстандық мектептердің түлектері шетелдік ЖОО-ында өз білімдерін жалғастыра алатындай, Қазақстандағы білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс. Сондықтан білім берудегі маңызды стратегиялық міндет, бір жағынан алдыңғы қатарлы Қазақстан білім берудің дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп түлектерін, жалпы азаматтарды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ете отырып, олардың лингвистикалық санасын дамыту болып табылады. Осының негізінде әрбір жеке азамат - мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілдерін еркін меңгеруге қарқынды ұмтылыс жасауда. Елбасы 2015 жылға арналған кезекті Жолдауын күрең күзде, яғни 11 қарашада жариялады. Үнемі жаңа жылға санаулы күндер қалған кезде немесе жаңа жылдың алғашқы күндерінде жариялантын Жолдау биыл халыққа өз мезгілінен ерте жолданды. Неліктен? Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті.

Білім беру саласын барынша дамыту, біліктілік сапасын арттыру, заманауи тұлға қалыптастыру шаралары Елбасының барлық Жолдауында маңыздылығын жойған емес. Білім беруді жетілдіру - қазіргі кездегі оқу-тәрбие процесін оқытулардың патриотизмін, мораль және адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыруына бағьггтайды. Бұл құндылықтар қазіргі тәрбие жүмысының негізі болуы тиіс.

Ғалымдардың пікірінше: «кептілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Ынтымақтастықтағы халықаралық өзара қарым- қатынастар көптілдік білім берудің дамуына түрткі болды. Ел мен елдің арасындағы мәдени ықпалдастық болмайынша, ол ел дамудың жоғарғы сатысына көтеріле алмайтындығы да анық».

Тіл мен мәдениеттің ара-қатынасы бұдан бұрынырақ та айтылып, бүгінгі ғылымдар тоғысындағы антропоцентрлік зерттеу нысандарының аясында қайтадан өзінің өзектілігін танытып отыр.

Демек, көптілді білім берудің түптамыры мультимәдени тұрғыдан білім беру дегенге саяды. Ал мультимәдени білім берудің мазмұны көп аспектілі және жоғары дәрежедегі пәнаралықтықпен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде мультимәдени білім беру мәселелерін гуманитарлық, жаратылыстану оқу пәндерінің, көркем-эстетикалық циклдердің және жекелеген халықтардың тарих пен мәдениет бойынша арнайы курстардың құрамында қарауға мүмкіндік береді.

Біздің ойымызша, көптілді білім беру рефлекция тетіктерін дамытуға себепкер болатын өзін өзі тану, өзін өзі дамыту үдерістерін белсендіреді; оқытушылардың қызметін білім беру субъектілерімен олардың қажеттіліктерін және әрбір адам өмірлік тұлғалық мәнді мақсаттарын айқындауға құқылы (өзін өзі дамытудың индивидуалды саласы) педагогикалық өзара әрекеттестік үдерісін ұйымдастыру бойынша мәселелерді бағыттайды; сабақтастық, ақпараттық және практикалық сипаттағы тұлғалық бейімделудің, қорғаудың және қолдаудың құралдары мен формасын іздеуді өзектілендіреді.

Көптілді білім берудің оңтайлы ұстанымдары мен оны ары қарай дамытудың тетіктерін жетілдіре түссек, Қазақстанда білім алған әрбір адам көп тілде еркін сөйлей, ойлай алатын, өзін өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге, ізденуге қабілетті тұлға болып шығары сөзсіз.

Қорыта келгенде айтарымыз, тәрбие беру мәселесінде көптілділікті меңгеру арқылы көпмәдениеттілікке жол ашу. Түсінігі терең, танымы жоғары ұрпақ - елімізді қандай тығырықтан болсын алып шығатыны анық. Бабалар тілегін ақиқатқа айналдырған Тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентінің сындарлы саясатын қолдай отырып «Нұрлы жол - болашаққа бастар жолда» нық ңадамдар жасауда көптілді меңгерудің маңызы ерекше, ол - заман талабы.

Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Сол бірлікті нығайтатын, Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде жолында топтастыратын - тіл құдіреті...
Әдебиеттер
1. Полиязычное образование в Республике Казахстан: стратегия и развитие.

2. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 ж.



3. «Жаһандану жағдайындағы білім беру контекстіндегі көптілділік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақалаларының жинағы, Алматы 2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет