Жалпы білім беретін мектептер арасында «Ғылыми-әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі» атты аудандық байқауды өткізу туралы ереже



жүктеу 48.89 Kb.
Дата28.05.2017
өлшемі48.89 Kb.
«Бекітемін»

білім бөлімінің басшысы

................ Л.Ш.Утеулиева
Жалпы білім беретін мектептер арасында

«Ғылыми-әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі»

атты аудандық байқауды өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ереже

1. Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.


Байқаудың мақсаты

Байқаудың мақсаты – педагог кадрлармен жүргізілетін әдістемелік жұмысты жетілдіру, шығармашылық әлеуетін көтеру, білім беру жүйесіндегі мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларының белсенділігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды анықтау, тарату.



Байқаудың міндеттері:

  • Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік қызметке енгізуге байланысты мектептің жаңашылдық бағытын қалыптастыру;

  • Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру деңгейін көтеруді әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  • Әдістемелік және ғылыми ізденушілік жұмыстардың дамуына қолдау көрсету;

  • Үздік әдістемелік жұмысты анықтау, озық іс-тәжірибені тарату;

ІІ. Байқауға қатысушылар

Байқауға жалпы білім беретін мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысады.



ІІІ. Байқауды өткізу реті:

Байқау екі кезеңде өткізіледі.

І-кезең:


  1. Аудандық сәуір айының 3 күні М.Горький орта мектебінің базасында сағат 10 00 де өткізіледі;

ІІ-кезең:

  1. Облыстық – сәуір айының 24-30 күндері аралығында

Байқаудың облыстық кезеңіне ауданнан 1 жалпы білім беретін мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының материалдары ұсынылады.

IV. Байқау тәртібі мен өткізілу уақыты.

Байқауға қатысу туралы сұраныс хатын, байқау материалдарын электронды (компакт дискіде) және баспа түрде 2015 жылдың 01 сәуіріне дейін аудандық білім бөліміне ұсынылуы тиіс (Қосымша 1.1).

Байқау материалдарын рәсімдеу параметрлері:

1. Парақ бетінің параметрлері: жоғарғы – 2см, төменгі жағы – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 2,5 см.

2. Шрифт: Times New Roman, кегль -12.

3. Жоларалық интервал – 1.

4. Жаңа жол: 0,9 см.

5. Материалдың тақырыбы бас әріптермен, қалың шрифтпен жазылады.

6. Автордың аты-жөні, мекеме атауы, қызметі 1 интервалдан кейін жазылады.

7. Материалдың мәтіні 1 интервалдан кейін жазылады.

8. Байқау материалдары 3-5 бет аралығын қамтиды және тапсырмалар мәтіні толық көрсетілуі шарт.

V. Аудандық байқаудың мазмұны.

І-тур. Мектеп әдіскерінің моделі.

Мектеп әдіскерінің іс-тәжірибесінің презентациясы.

Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарларының қызметін толық көрсететіндей жүйелі түрде орындалады. Байқауға қатысушы өзінің әдістемелік қызметінің нәтижесімен, инновациялық идеяларымен таныстырады (7 минут).

Бағалау өлшемдері:



  • Жалпы мәдениеті, эрудициясы, ғылыми-әдістемелік ой-өрісі, мазмұндылығы, жаңашылдығы.

  • Регламент ұстануы.

Презентация мазмұны:

-Қатысушының фотосуреті;

-Білім беру мекемесі, еңбек өтілі, қызметі;\

- Білімі, санаты, пәні туралы мәлімет;

- Марапаттары

- Әдістемелік жұмыстың ұсынымы;

- Нәтижелері;

- Әдіскердің байқауларға конференцияларға қатысуы, шеберлік сыныптар көрсетуі;

Басылымдары, әдістемелік құрал, мақалалары;

ІІ-тур. Әдістемелік портфолио


  • Жоспарлау құжаттары

  • Білім сапасын көтеру мақсатындағы мектептегі инновациялық бағыттағы жұмыс жүйелері;

  • Әдістемелік бірлестік жұмыстары (түрлері, әдістері, бірлестік мәжілісінде қарастырылатын сұрақтардың сипаттамасы, әдістеме бірлестігі мүшелерінің белсенділігі, тиімді шешім қабылдауы, әдістеме бірлестігі хаттамасының мазмұны);

  • Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану туралы ақпараттық материалдарды сараптау, оларды оқу үрдісіне енгізу дәрежесі, тәжірибе маңызы;

  • Озық педагогикалық тәжірибелері туралы банк мәліметтерінің мазмұнын сараптау;

  • Педагогтарда ғылыми-ізденушілік іскерлікті қалыптастыру;

  • Жас мамандармен жүргізілетін жұмыс түрлері;

  • Педагогикалық іс-әрекетке мониторинг жүргізу.

ІІІ-тур. Әдістемелік іс-шаралар презентациясы (әдістемелік семинар, әдістемелік кеңес, тренинг, пәнаралық сабақтар т.б.) (10 минут).

  • Іс-шараның атауы және өткізу түрі;

  • Іс-шараның ғылымилығы, өзектілігі, жаңашыл әдістері;

  • Әдістемелік қызметтің іс-әрекеттеріне педагогикалық инновацияны енгізуі;

  • Материалдар құндылығының нақтылығы;

  • Материалдарды қағаз және электронды түрде көркемделу мәдениеті.

Байқауға қатысушыларды марапаттау:

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес анықталады.

Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және номинациялармен марапатталады.
Қосымша 1.1.

СҰРАНЫС ХАТ
«Ғылыми-әдістемелік жұмыстың үздік үлгісі» атты аудандық байқауға төмендегі мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарын қатыстыруыңызды сұранады.


1

Қатысушының аты-жөні, суреті




2

Мектебі




3

Туған жылы, күні, айы.




4

Білімі




5

Жұмыс орны




6

Жалпы еңбек өтілі




7

Оның ішінде:

Педагогикалық еңбек өтілі

Әдіскерлік қызметте





8

Біліктілікті арттыру курсынан өткен мерзімі




9

Санаты




10

Әдістемелік жұмыстың тақырыбы




11

Жеке басының жетістіктері




12

Байланыс телефондары




13

Электрондық поштасы




Мектеп директоры: ............................................

орын:


тел:

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет