Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін » І республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі



жүктеу 29.47 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі29.47 Kb.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі


  1. Жалпы ережелер

Осы ережелер Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында өткізілетін І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының (бұдан әрі – Байқау) облыстық кезеңінің өткізу ретін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.

Байқаудың мақсаты мен  міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында қазақ халқының батырлық эпосын насихаттау;

- елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерді сезіндіру, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- қазақстандық патриотизмге, халық поэзиясына, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, тарихи танымдарын қалыптастыру.

Байқауды Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырады.




  1. Байқауды ұйымдастырушы комитеті

Байқауды ұйымдастыру мен өткізу үшін ұйымдастырушы комитет (ары қарай – Ұйымдастыру комитеті) құрылады;

Ұйымдастыру комитеті:

- байқауды әзірлеу мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын құрып жасайды және бекітеді;

- байқауға қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- байқауға талдау жасап, қорытындылайды;

-байқаудың өткізілуі мен нәтижелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз етеді.




  1. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

Байқау 3 кезеңде өткізіледі:

І кезең – аудандық (қалалық) – сәуір/мамыр;

ІІ кезең – облыстық – 8 маусым;

ІІІ кезең -  республикалық (қыркүйек).

Байқаудың облыстық кезеңіне оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, облыстық білім мекемелерінің  5-11 сыныптарының оқушылары қатысады.

Облыстық кезеңге әрбір аудан/ қала, облыстық білім мекемелерінен әр бөлім бойынша 1 оқушыдан (дуэтпен жырласа 2 оқушы) 2 қатысушыны ұсынады.

Байқаудың облыстық кезеңі екі бөлім бойынша өткізіледі:



- «Қайратты туған ер еді...»- қазақ батырлық эпостарын жыршылар мақамымен жатқа оқу сайысы. Қатысушы орындыққа отырып, өзі білетін батырлар жырын нақышына келтіріп, жыршылар мақамымен екпіндетіп, төгілдіріп, жатқа жырлайды. Қажет жерлерінде жыр мазмұнына қарай ым-ишара жасап отырады (қолын сермеу, қозғалу, орнынан тұрып адымдап жүру, мимикасы арқылы). Жырлау кезінде өзінің қалауына қарай қазақ күйлерінен музыкалық фон қосуына рұқсат береді. Өзі жатқа білетін батырлар жырлары атауларының тізімін (үзінді болса, қай жолдан басталады, қай жолмен аяқталады, барлығы қанша жол екендігі көрсетіледі) қазылар алқасына ұсынады;

- «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» - қазақ батырлар жыры бойынша білім сайысы. Қатысушы ұйымдастырушылар дайындаған конвертті алып, сондағы қазақ батырлар жырларына қатысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» және «Қамбар батыр» жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері, аталған эпостарды жырлаған белгілі жыршы, жыраулар, әдебиет теориясы, т.б. мәселелер бойынша қойылады. Конверттер екі нұсқада: 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптар үшін даярланады.

Қазақ батырлық эпосын көбірек жатқа білетін және білімін дәлелдей алған оқушыға жоғары баға қойылады.


  1. Жеңімпаздарды марапаттау

Қазылар алқасы Байқаудың қорытындысы бойынша әр бағытта І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін анықтайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.




  1. Байқауды қаржыландыру

Байқауды қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.



Қатысушылардың іссапар шығындары (жол жүру, тамақтану, жатын орын) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет