Жаңаша оқыту-заман талабы Бір ғұлама : «Бір елдің болашағын болжағың келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара»



жүктеу 39.82 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі39.82 Kb.
Ақлепесова Жадыра Дарябайқызы

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

№9 орта мектеп

Талдықарған қаласы


Жаңаша оқыту-заман талабы

Бір ғұлама : «Бір елдің болашағын болжағың келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара»,-деген екен.Олай болса Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауында білім саласын дамытуға ерекше назар аударуы тектен-тек емес. Білімді ұрпақ - мемлекеттің құламас тірегі.Ал осы ұрпақты тәрбиелеу-ұстаздың басты міндеті.

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты мәселе-білім берудің жаңаша оқыту жолын табу, оны дамыту.Қазіргі заман талабына сай білім беру мен озық технологияларды игеру, оны оқу үрдісінде тиімді пайдалану- кезек күттірмес мәселе.

Жаңа технология үрдісінің талабы- оқушыға білім беруде мақсатқа жету,оқушының дербес ізденіс әрекетін ұйымдастыру арқылы оның ойлау дағдысы мен таным белсенділігін арттыра отырып, сабақта алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу.

Мектебіміздің «Оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологиясы мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттырудың тиімді жолдары »атты тақырыпты өзекті мәселе етіп алуы да сондықтан.

Инновациялық қызмет-пәннің мазмұнын тереңдетуге, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға негізделген. Бүгінгі таңда оқу үрдісінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың біразы ұстаздар қауымына белгілі.Олар: «Дамыта оқыту жүйесі», «Даралап саралап оқыту», «Ұжымдық оқыту», «Модульдік оқыту»технологиялары және т.б.

Осыған байланысты инновациялық технологиялардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, тәжиірбеде қолданудың тиімділігімен бөлісуді жөн көрдім.

Сабақ- ұстаздың жан-жақты ізденуінен , еңбектенуінен туындайтын педогогикалық шығарма.

Әдебиет-сөз өнері.Сөз өнерін меңгеруге көп ізденіс пен біліктілік, қалыптасқан дағды қажет.Қазақ әдебиеті сабағында жаңа технологияларды тимді қолдана білу- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,танымдық белсенділігін,шығармашылық ізденісін дамытуға мол мүмкіндік береді.Сондай технологиялардың бірі – «Сатылай кешенді талдау» технологиясы.

Сатылай кешенді талдау-оқушыларға білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ,ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық қасиеттерінің үйлесім табуына септігін тигізеді.

Оған дәлел ретінде аталған технологияның мынадай ерекшеліктерін айтуға болады:

-Оқушыларға білімді ғылыми негізде, жүйелі, комплексті меңгертеді;

-Оқушының берілген тақырыпты дербес талдау дағдысы қалыптасады;

- Жеңілден қиындыққа қарай, жоғары қиындықта оқытады;

-Шеберлік пен дағдыны қалыптастырады(есте сақтау,ойлау,елестету т.б.дамытуға бағытталған әдіс).

-Оқушының өз бетінше ізденушілік, тақырып бойынша зерттеушілік әрекетін арттырады.

Нәтижесінде, оқушы жоғары саналы,терең білімді, өзіндік ой-пікірі бар,шығармашыл,ұлттық құндылығы мол тұлға ретінде қалыптаса, мұғалім –сабақта жобалаушы, ұйымдастырушы,бақылаушы, оқушымен әріптестік қарым-қатынас жасаушы ретінде танылады.

Аталған технологияның әдебиет сабағында прозалық шығармаларды оқытуда шығарманың тақырыбы,идеясы, композициясы және жазушы тілінің ерекшелігін танытуда тигізер пайдасы мол.Ол үшін мұғалім, ең алдымен,оқушыға композицияның негізгі элементтері(экспозиция, байланыс, дәлелдеу, ситуация, шиленісу, шарықтау шегі,шешуі) туралы терең теориялық білім беруімен қатар әдебиет теориясы тұрғысынан да жүйелі білім беруді дұрыс жолға қоюы қажет.

Сондан кейін ғана белгілі шығармаға кешенді талдау жүргізу арқылы жетістікке жетуге болады.Прозалық шығармаларға талдау жүргізгенде ,ең бірінші, шығарманың тақырыбын, жанр түрін анықтап, идеясын ашуға тырысу керек.Келесі кезекте шығарманың композициясы бойынша талдау жүргізу арқылы шығарма мазмұнын меңгерте отырып,кейіпкерлер бейнесін ашумен қатар, әдебиет теориясы бойынша жазушы тілінің ерекшелігін таныту қажет.

Поэзиялық шығармаларды талдауда әдебиет теориясы бойынша (тақырып,идея,жанр түрлері,өлеңнің құрылысы(буын,бунақ,тармақ ,шумақ ,ұйқас түрлері), троптың түрлері ) жүйелі түрде талдау жүргізген дұрыс.

Оқушыға талапқа сай жан-жақты білім беруде «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту » бойынша құрылған сабақтар оқушылардың тақырыпта жан-жақты терең ашуға , өзіндік ой-пікірін , көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.Бұндай сабақтарды өтуде мақсат-міндеттерді нақтылап,шығармашылық тұрғыдан баланың қызығушылығын оятып, өзін-өзі еркін ұстауға,ой-өрісін дамытуға ерекше назар аударамын. Оқушының өзіндік дербес ізденісі жаңа тақырыпты өз белсенділіктерімен игеру әрекетіне негіздеуге үйретеді.

Мысалы, әдебиет сабағында Қ.Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесін ұғындыру мақсатында С.Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» әңгімесін, М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын, С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасымен ,мысал өлеңдерді өткенде Хәкім Абайдың, Ахмет Байтұрсынұлының, Спандияр Көбеевтің жасаған аудармаларын бір-бірімен салыстыру арқылы мазмұнын меңгертемін.

Жұмыстың осы түрі оқушы тілін дамытуға,ақын-жазушылардың шығармаларындағы кейбір мәселелерді салыстыруға, сөйтіп, ізденіс әрекетін қалыптастыруға көп әсер етеді.Осы бағытпен берілген тапсырмалар біртіндеп күрделене береді.Бұл жұмыстың бәрі оқушы ізденісі арқылы жүзеге асыды.Осылайша ол өз біліміне сараптама жасай отырып, нені білетіндігін, нені білмейтіндігін және нені білу қажет екендігі айқындалады.

Сонымен, қорыта айтқанда,аталған жаңа технологиялар:



- оқушының пән бойынша терең де жүйелі білім алуына;

  • оқушыны өз қабілетіне ,болашағына сенуіне;

  • оқушыны ынталандыруға;

  • оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынасына;

  • оқушының өз білімін бағалай білуіне;

  • өзіндік ой-пікірінің қалыптасуына;

  • білім көрсетуде баға әділдігіне сенуіне мүмкіндік береді.

Мектепте оқытылатын кез-келген пәннің өзіндік орны бар. Әйтсе де халықтың рухани қазынасы, ұлттық діл қалыптастырудың бірден-бір қайнар бастауы болып саналатын ана тілі мен төл әдебиеттің білім мен тәрбие беру жүйесінде мәні мен маңызы ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет