Жаңартылған білім беру мазмұны -бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі



жүктеу 80.5 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі80.5 Kb.
Жаңартылған білім беру мазмұны -бәсекеге қабілетті ұрпақ келешегі

Садыкова Калия Тиллаевна

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі

Мақтарал ауданы

М.Әуезовтың «Халық пен халықты ел мен елді теңестірген білім» деп айтқан сөзі адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері білім жүйесін енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымыздың жарқын бейнесі.Себебі қай мемлекет болмасын оның дамуы білімді,білікті азаматтарға иек артады.Яғни,болашақта бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да,жауапты міндет болып отыр.Бүгінгі жастар -ертеңгі мемлекетті дамытушы білімді,білікті маман,ел тағдырын шешуші азаматтар.

Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жастарға білім беретін ұстаздардың қолында.Қазір жаһандану әлемі,технология әлемі.Қазіргі таңдағы еліміздің өзгерістер дамудың жаңа стратегиялық бағыттары жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.Тек қана сол өзгеріске тез бейімделіп,бәсекеге қабілетті болу,ел көшінен қалмауға әрекет ету.Әрекет ету бұл жаңа заманауи білім-беру жүйесіндегі өзгерістерден хабардар болып,игеру деген сөз.Алдымызға қойған баяғы игі істер ескірді ме, әлде олар тиімсіз бе?Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі сабақ» арқылы алынған білім оқушылар білуімен шектеліп,сол білімді қай жерде,қалай қолдану керектігі туралы ойланып жатпайды,сондықтан үстірт білім алу жағдайлары орын алуда деп ойлаймын.Сондықтан мен алдыма бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеп, оқу мен оқытудың әлемдік деңгейге көтерілген әдіс-тәсілдерін үйренсем деген мақсатты қойдым.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Кез келген ата-ананың көкейінде «Бұл бізге не береді?» деген жаңартылған білім беру мазмны жайлы сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «Мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Қыркүйек айынан бастап 1 сынып сабақтарына ену барысында, мұғалімдердің оқушыларға бағдарламадағы оқу мақсаттарын игертуге қарқынды жұмыс жасап жатыр.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу - ұстаздың қолында. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.

Жас ұрпақ жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр ұстаздың шығармашылық ізденіспен жаңаша жұмыс істеуін қажет етеді.

Бастауыш білім –берудің алғашқы басқышы. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолымен ұстап , көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан менің алға қойған мақсатым - оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру ,балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту . Яғни бұл - бүгінгі күннің талабында.

Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.

Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. 
Сабақ барысындағы немесе атқарылған барлық жұмыстарға кері байланыс беріп отырумыз керек.Себебі менің мектебімде, менің немесе әрітестерімнің сабағында оқушыға не тиімді болды,не тиімсіз болғанын білу келесі сабаққтың мақсаттары мен міндеттерін шешуге көмегін тигізетіні анық деп шештім. Біздің пайдаланып жүрген кері байланысымыз қаншалықты тиімді? Біздің кері байланысымыз қандай? Ұтарымыз не? Дәптердегі қып-қызыл сиямен түзетілген қателер, күнделіктегі бастырыла қойылған 3 немесе 2 деген сандар. Оқушыға осы қателерді түзету жолдарын көрсетпек түгілі не үшін 2 немесе 3 қойғаны туралы түсінік те берілмейді. Ал ондай дәптерлер мен күнделікті ашуға ешкімде құштар бола қоймас. Осы тұста мұғалімнің іс-әрекетін мектептегі мұғалімдерге егжей-тегжейлі түсіндіріп, оны күнделікіті сабақта пайдалану керек. Кері байланыс жасаудың түсініктеме беру әдісін менің мектебіме ендіру керек деп ойлаймын. Өйткені, түсініктеме беру арқылы оқушыларды тек қана ауызша тиянақты жауап берумен қатар, жазбаша да тапсырмаларды дұрыс орындауға бағыт -бағдар алып отырады деп ойлаймын. Өзара бағалау және өзін- өзі бағалауды біз мектепте ішінара қолданып жүрміз, бірақ үнемі емес. Бағдарлама барысында өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жәй ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың маңызы зор екендігін білдік. Осындай зерделеуден кейін мен өз мектебімде сындарлы оқытудың теориясын толық енгізу керек деген ой түйдім. Мұғалімнің білім деңгейінің түрлі дәрежедегі оқушыларды зерттеу арқылы оларға оқытудағы әсер етуші кедергілер факторын анықтап, оқушыны ілгері дамуға ынталандыру, бағыт беру, алға жылжуға итермелеу. Бұл мұғалімдердің міндеті бірлесіп сабақ жоспарын жасай отырып бір - бірімен тәжірибе алмасу, сабақтың өтілу деңгейін жақсарту, өз әдістерін тарату.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс.Бағдарламаның мақсаты:  Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды.

Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

Үйреніп жатқан әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетті. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетін курстың берері көп екен.
Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Әр мұғалім әзірленіп жатқан жаңа мазмұнды бағдарламаны игеруі маңызды.Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.

Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі — пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті тірек сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақта қолданылуы жүзеге асады. Оқу мақсаттарының белгіленіп беріліп, сол мақсаттар бойынша оқушылардың оқу жетістігін «жетті», «талпынды» деп бағалау жүргізіледі. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылады. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша қиындықтар да кездесіп жатқаны рас. Атап айтсам, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен кезекші сөздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан оқушыларда тілге төселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды алға жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының орны ерекше екенін ұмытпай, қоғамның әр мүшесі жан-жақты қолдау көрсетуі қажет деп ойлаймыз.

Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.



2.  Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.

3.  ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.

4.  ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

5.  ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.



«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет